Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жемістерде дәрумендер көп екенін білемін
Пән: Әдебиеттік оқу Күні: 30.01.2019 жыл |
Мектеп: 32 мектеп – гимназия ММ Мұғалімнің аты-жөні: Утебаева Гүлзина Жақсылыққызы |
|||||
Бөлім: Дені саудың –жаны сау |
Сабақтың тақырыбы:Жемістерде дәруменнің көп екенін білемін |
|||||
СЫНЫП: 2 «Қ» |
Қатысқан оқушылар саны: 21 |
Қатыспаған оқушылар саны:0 |
||||
Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты |
2.2.9.1 - сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан, жинақтардан, сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгі кестеге салу |
|
||||
|
Оқушылардың бәрі: мәтінді оқиды,түсінеді,бағалауға қатысады,дереккөздермен жұмыс жасайды,жұптық,топтық жұмыстарда тапсырмалар орындайды,диалог құрас -тырады. Оқушылардың көпшілігі:тақырыпты болжайды,қажетті ақпаратты тауып оқиды. Кейбір оқушылар:ойын әсерлі жеткізеді. |
|
||||
Бағалау критерийлері |
Мәтінді оқиды,түсінеді,бағалауға қатысады,дереккөздермен жұмыс жасайды,жұптық,топтық жұмыстарда тапсырмалар орындайды,диалог құрас -тырады. Тақырыпты болжайды,қажетті ақпаратты тауып оқиды,кестені толтырады. Ойын әсерлі жеткізеді. |
|
||||
Сөздік қор |
«Керқұлақ» - «Цинга» |
|
||||
Құндылықтарды дарыту |
Жеке,жұпта,топта ынтымақтастықпен,құрмет
көрсете тырып жұмыс жасай алу |
|
||||
Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы |
Балалардың партада дұрыс отыруын, ғаламтор желісімен дұрыс жұмыс жасауын, берілген басқа да құралдарды дұрыс қолдануларын қадағалау. |
|
||||
Пәнаралық байланыстар |
қазақ тілі,биология |
|
||||
АКТ қолдану дағдысы |
Осы сабақ барысында оқушыларға тақырыпқа қатысты көрнекі құралдар интербелсенді тақта арқылы көрсетіледі |
|
||||
Алдынгы меңгерілген білім |
Көңіл сұрауды білемін |
|
||||
Сабақ барысы |
||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы 5 минут |
Қызығушылықты ояту: Сыныпты қалыпқа келтіру. Үй жұмысын сұрау «Микрофон» әдісі бойынша ертегі желісіне байланысты дайындап келген сұрақтарына бір-бірінен жауап алады. |
|
||||
Сабақтың ортасы 30мин. |
Мағынаны ажырату Ой қозғау Жемістердің адам денсаулығына пайдасы туралы ой бөлісу.Тақырыпты болжау. https://www.youtube.com/watch?v=nLHlxaUiEr0 «Дәрумендердің адам денсаулығына пайдасы қандай?» бейнекөрініс көру арқылы тақырыпты болжау. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Жетістік критерийін оқушылармен анықтау.
|
Интербелсенді тақта.Бейне көрініс Анықтамалар. Ғаламтор желісі Кесте |
||||
Түсіну. Топтық жұмыс Жұптық жұмыс Сергіту сәті |
«Аурудың себебі» мәтіні тыңдалады. Мәтін бойынша қойылатын сұрақтар: 1.Теңізшілер неліктен лимон жеуді әдетке айналдырады? 2.Лимонның қандай пайдасы бар? 3.Керқұлақ ауруы туралы естіп пе едің? «Керқұлақ» - «Цинга» - С дәруменінің жетіспеушілігінен пайда болатын ауру. 4.Мәтін неліктен осылай аталған екен? Жетістік критерийі:сұрақтарға толық жауап бере алады; Бағалау:жетістік критерийі бойынша мынадай қосымша ақпарат беріледі:Бұл дерт адамның организмінде С витаминінің,яғни аскорбин қышқылының жеткіліксіздігінен пайда болады.Көп адамдар «цинганы» қызыл иектің ауруы деп біледі,қызыл иектің қанағыштығы мен тістердің түсуі,негізінен,ауыр дерт белгілері болып табылады.Цингамен ауырған адамның тамаққа тәбеті болмайды.,салмағы азаяды, әрқашанда шаршап және әлсіздікті сезіп тұрады.Цинга ауруымен ауырмау үшін тамақпен бірге адамға С дәрумені түсіп тұру керек.Сау организмнің С дәруменіне тәуліктік қажеттілігі100 мг. С дәрумені көптеген көгөністерде,жем іс-жидектерде,қырыққабатта,көк пиязда,қызанақта,сармысақта көп болады. 4.Өлең шумақтарын оқы (өлең шумақтары оқылады) Алма Тісің тиер-тиместен, Тырс етер де,жарылар. Шықпас мәңгі бір естен, Хош иісті дәмі бар.
/Мұзафар Әлімбай/ Теремін жазда қарақат, Қарақат теру-рақат. Себетім қолда тоқыма, Мен- бір құс дәндер шоқыған. / Мұзафар Әлімбай/
Өрік Әкеледі бағымызға көрікті, Көктем шыға гүлдегені өріктің. Аппақ гүлдер жауып өткен ақ қардай, Сәл маужырап күн көзіне еріп тұр. /Тұманбай Молдағалиев/ Өс,өс, қиярым! Су әкелдім тағыда, Іше қойшы,қиярым. Жаз айында томпиып, Пісе қойшы қиярым. Тегін кетпей еңбегім, Піскенінде қиярым, Дәмді салат жасауға Себетіме жиямын.
/Жәнібек Кәрбозин/. *мәнерлеп оқи алады. Бағалау: «Басбармақ»
арқылы бағалайды. Топ ішінде ой бөлісу. Өзің қандай жеміс-жидектерді ұнатасың? 3 топтан 3 оқушы
берілген мәтінді баяндайды, 3 сыншы олардың қаншалықты дұрыс әрі
толық айтқанына сын айтады,әрине, сын айту үшін ол мәтінді сыншылар
да жақсы білу керек, бұдан соң 3 бақылаушы 3 оқушының жауабын
сыншылар дұрыс сынай алды ма,олардың өздері қаншалықты білетінін
бақылап баға береді. бақылаушы да дұрыс бақылау жасап,әділ баға қоя
алды ма оны әр топ мүшелерінен сұрастырып талдаймыз.Балалар да
қайта -қайта талданған соң тақырыпты жақсы меңгеріп
шығады “Қожанасыр қоржыны” әдісі Дәруменге бай 5 жеміс-жидек пен көгөністі ата және оған қатысты 3 сөз жаз. Мысалы: сәбіз-сарғылт,қызыл,бақша,палау. “Қожанасыр қоржыны”ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Ойынның шарты: тақтаға қоржын ілінеді. Бұл қоржын Қожанасырдың қоржыны, оның іші сыйлықтармен толы екенін айтып, оқушыларға тапсырмаларды тарату. Егер оқушы тапсырманы дұрыс орындаса, қоржыннан сыйлық ұтып алады. Ойынның алдында сергіту сәтін өткізуге болады: Кел, балалар, келіңдер, Тамашаны көріңдер. Бізде қызық ойын бар, Барлығың ден қойыңдар. Бағалау: «Қол соғу» арқылы бағалау Ой толғау (топтық жұмыс түрінде) Дәрумені бар тағамдарға тағы не жатады? Дәруменнің адам денсаулығына пайдасы қандай? Түрлі дереккөздерден
ақпарат алып,ойларыңды ереже түрінде
жүйелеңдер. Ойын жеткізе алады; Дереккөздермен жұмыс жасай алады; Бағалау:жетістік критерийі бойынша бағалайды. |
Оқулық Қима қағаздар Қоржын, жемістер и/б тақта, аудиожазба |
||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс "Дұрыс*Бұрыс" Жұптық, топтық, жеке жұмыстар бойынша оқушыларға ауызша кері байланыс беріп кету. Жақсы тұстарын атап өтіп, жетілдіретін тұстарына ұсыныс білдіру.
Рефлексия. «Қоржынды кім тез шешеді?»
Шеңберде тұрып бір-біріне доп лақтыру
арқылы дәрумендер туралы өзіне қажетті не алғанын
айтады. |
Ерекше белсенді оқушыларға «жұлдызша» стикерін беру. Доп. |
||||
Қосымша мағлұматтар |
|
|
||||
Үйге тапсырма |
Қалаған өлеңді жаттау, эссе жазу. |
|
||||
Дифференциация *Сіз оқушыларға көбірекқолдау көрсету үшін не істейсіз? *Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Бағалау - * Оқушылардыңақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||
А,А + дереккөздермен жұмыс жасап,ойын әсерлі жеткізу |
Жетістік критерийлері арқылы;«Басбармақ»
әдісі;«Қол соғу»;«Ой толғау» арқылы; 1. Мәтінді түсініп оқып, дереккөздермен жұмыс жасай алады; Тақырыпты болжай алады, қажеттіақпаратпен жұмыс жасай алады; Өз
ойын, түсінгенін дәлелдер келтіре отырып әсерлі айтып бере
алады; |
Балалардың партада дұрыс отыруын, ғаламтор желісімен дұрыс жұмыс жасауын, берілген басқа да құралдарды дұрыс қолдануларын қадағалау. |
||||
|
|
|
||||
|
|
|
||||
|
|
|
Рефлексия. Ойлану Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкескелетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
|
Сабаққа қойылған мақсат қолжетімді, балалар сабаққа белсене қатысты,сабаққа бөлінген уақытқа сай тапсырмаларды орындап үлгерді. |
|
|
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты): 1:2:Қандай екі нəрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1:2:Сабақ барысында мен сынып немесе жеке оқушылыр туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
|
ТЖ 3 оқушы,3 сыншы, 3 бакылаушы
Әдебиет сабағында 3 оқушы,3 сыншы, 3 бакылаушы әдісін жиірек қолданамын.
3 топтан 3 оқушы берілген
мәтінді баяндайды, 3 сыншы олардың қаншалықты дұрыс әрі толық
айтқанына сын айтады,әрине, сын айту үшін ол мәтінді сыншылар да
жақсы білу керек, бұдан соң 3 бақылаушы 3 оқушының жауабын сыншылар
дұрыс сынай алды ма,олардың өздері қаншалықты білетінін бақылап
баға береді. бақылаушы да дұрыс бақылау жасап,әділ баға қоя алды ма
оны әр топ мүшелерінен сұрастырып талдаймыз.Балалар да қайта -қайта
талданған соң тақырыпты жақсы меңгеріп шығады
ЖЖ “Қожанасыр қоржыны”
“Қожанасыр қоржыны”ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру. Ойынның шарты: тақтаға қоржын ілінеді. Бұл қоржын Қожанасырдың қоржыны, оның іші сыйлықтармен толы екенін айтып, оқушыларға тапсырмаларды тарату. Егер оқушы тапсырманы дұрыс орындаса, қоржыннан сыйлық ұтып алады. Ойынның алдында сергіту сәтін өткізуге болады:
Кел, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Бізде қызық ойын бар,
Барлығың ден қойыңдар.
Тапсырмалардың үлгілері:
сөздерді қазақшаға аудар: Кошка, дом, школа, библиотека, наш, большой, мы, огород, овощи, рыба.
Кері байланыс "Дұрыс*Бұрыс"
Мен үй жұмысын сұрағанда
уақытты ұту үшін көбіне "Дұрыс*Бұрыс"ойыны арқылы сұраймын. Ойын
шарты бойынша өткен сабақ туралы бірнеше дұрыс және қате мәліметтер
жазамын, сыныпты екі топқа бөліп тұрғызып, екі орындық қоямын,
дұрыс мәлімет оқылса дұрыс орындығына немесе керісінше жылдам отыру
керек, кім бірінші соған смайликтер беремін, соңында қай топтың
смайликтері көп санаймыз
Рефлексия
«Қоржынды кім тез шешеді?»
Үлкен бір модульді аяқтаған
кезде нәтиже сабақта «Қоржынды кім тез шешеді?» деген ойын
ойнаймыз. Үш қатар болса (немесе 3 топ) үш қоржын дайындайсыз. Әр
қоржында сөз тіркесін құру, буынға бөлу, модулға сәйкес
грамматикалық тапсырма, мәнерлеп оқу, диалог болады. Қай топ тез
дайындалып, дұрыс айтып шығады (7-10 минут). Бұл ойынды мұғалім
белгілі бір модуль бойынша оқушының қандай деңгейде меңгергенін
тексере алады.

