Материалдар / жеңіл атлетика. Төменгі сөреден жүгіру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

жеңіл атлетика. Төменгі сөреден жүгіру

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2018
763
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Жеңіл атлетика. Төменгі сөреден, қысқа қашықтыққа жүгіру тәсілін жетілдіру

Тақырыбы: Төменгі сөреден, қысқа қашықтыққа жүгіру тәсілін жетілдіру.
Мақсаты:
1. Білімділік: Жүгіру әдісін үйрету.
2. Дамытушылық: Сөрелік екпінді жүгірісті жетілдіру.
3. Тәрбиелілік: Оқушылардың шыдамдылығын және жылдамдығын
дамыту.

Сабақ түрі: Оқыта - дамыту.
Қолданатын жабдықтар: Баскетболдық доптың сырттары, велосипед шындары, жалаушылар, кедергілер, ысқырғыш.

1. Дайындық бөлімі. 10 мин
Сапталу, сәлемдесу, сабақтың мақсатымен таныстыру.
Жүріс, бірқалыптық жүгіріс

Жүгіріске арналған ерекше жаттығулар.
1. Тізені алға көтеріп жүгіру. – 3 рет
2. Өкшені артқа сермеп жүгіру. – 3 рет
3. Бір аяқтан, бір аяққа секіріп жүгіру. – 3 рет
4. Тікке аяқты жа-жаққа сермеп жүгіру. – 3 рет
5. Тыпырлап жүгіру. – 3 рет

Жалпы дамыту жаттығулар:

А) Қимылда.
1. 1 - жоғарыға қол көтеріп дем алу
2 - қол төменге дем шығару. – 6 рет
2. Б. қ.- оң - қол үстінде, сол қол астында -
аттам сайын қол ауыстыру. 6 – рет
3. 1 - 4 - алға енкею, 5 - 8 - секіріп керілу. 6 - рет

Б) Орында:
1. Б. Қ - Н. Т: 1 - 2 алға еңкею, 3 - 4 - артқа шалқаю. 6 - рет
2. Б. Қ - Н. Т: қолды жоғарыға көтере - аяқты ауыстырып қою. 6 - рет
3. Б. Қ - Н. Т: 1 - 2 - оңға денені ию, 3 - 4 солға ию. 6 - рет
4. Б. Қ - Н. Т: оңға, солға аттап түсу, денені бұрып. 6 - рет

2. Негізгі бөлім. 30 мин
Әр түрлі қалыптан сөрелік екпінді жетілдіру.
1. Биік сөреден жүгіру.
2. Аттап түсу сөреден.
3. Жүрістен жүгіріске көшу.
4. 180гр бұрылып жүгіру.
5. 360гр бұрылып жүгіру.
Тосқауылдан жүгіру. Әр бала өз жолында жасайды.

Спорттық жүріспен кедергілерді өту.

Жүріс түрлері:
1. Қол желкеде.
2. Қол артқа алшақтатып.
3. Қолды алға, артқа айналтып жүру.

3. Аяқтау бөлім. 5 мин.
1. Жеңіл атлетикалық ойын “сандар жарысы. ”
2. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың тақырыбы: Гимнастика

Сабақтың мақсаты: 1. акробатикалық жаттығулар элементтерін жетілдіру
2.күштілігін,икемділігін, ептілігін дамыту

Сабақтың міндеті: 1. батылдыққа,алғырлылыққа тәрбиелеу
2.Оқушыларды өзара достыққа, жақсы қарым- қатынасқа баулу
Сабақтың өтетін орны: Спорт зал
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: Гимнастикалық төсеніш,гим.скамейка,ағаш ат, арқан, ысқырық, секундамер.
Сабақтың мазмұны мөлшері Әдістемелік нұсқаулар

Дайындық бөлім:
1.Сапқа тұрғызу,сәлемдесу, сабақтың мақсатымен таныстыру, оқушыларды түгендеу. Саптық жаттығулар 12- мин Сабаққа әзірліктерін байқау, берілген бұйрықтардың орындалуына назар аудару. Ара қашықтықты сақтау.
2.Жүру бағытында орындалатын жаттығулар:
Жай жүріспен жүру.
Қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру
Қол белде өкшемен жүру
Отыра жүру, секіре жүру. 
Қолды бүкпеу, денені тік ұстау, кеудуні тік ұстау, жоғары секіру, ара қашықтықты сақтау.
3. .Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар:
Жеңіл бір қалыпты жүгіріс
Тізені жоғары көтере жүгіру
Оң және сол қапталмен жүгіру
Қашықтыққа жоғары көтеріле секіріп жүгіру 
Ара қашықтықты сақтау, денені тік ұстау, аяқты жоғары көтеру, барынша жоғары секіру.
4.Жалпы дамыту жаттығулары:
а)Б.Қ.(Бастапқы қалып) аяқ иық деңгейінде басымызды оңға, солға айналдыру
ә)Б.Қ. аяқ иық деңгейінде қол иық үстінде, иығымызды алға артқа айналдыру.
б)Б.Қ. аяқ иық деңгейінде, оң қол жоғары, сол қол төменде қайшылау әдісімен жаттығу жасау. 
5-6 рет
5-6 рет
5-6 рет 
Денені тік ұстау

Қолды толық айналдыру
в)Б.Қ. екі аяқты алшақ ұстап, қолымыз белімізде, белді оңға солға айналдыру.
г)Б.Қ. екі аяқты алшақ ұстап, қолымыз белімізде, екі жаққа кезек иілу
д)Б.Қ. екі аяқты қосып қолды белде ұстап секіру 
5-6 рет

5-6 рет
5-6 рет

Қолды белде ұстау


Жоғары секіре айналу
Негізгі бөлім
Оқушыларды екі топқа бөлу:
1ойын: Қолдың, аяқтың көмегімен алға артқа жүгіру
2 ойын:Оң және сол аяқпен секіре жарысу
3 ойын:Қос аяқпен секіре жарысу
4 ойын:Гимнастикалық скамейкада жүгіру
5 ойын:Қапшықпен секіріп жарысу
6 ойын:Кедергілерден өтіп жарысу
7 ойын:Алға артқа домалай жарысу
8 ойын:Арқан тартыс
30 мин 
Ойын ережелерін түсіндіру
Ойын ережелерін дұрыс сақтауды бақылау.

Қортынды бөлім
Сапқа тұрғызу, тыныс алу жаттығуларын жасау.
Сабақты қортындылау, баға қою, үйге тапсырма беру. 3 мин 
Оқушыларды залдан саппен шығарып салу.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!