Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университеті
«Дене мәдениеті және информатика кафедрасы»
Реферат
-
Тақырыбы: “Ауыр атлетика спортының адам ағзасына әсері”
Орындаған: Жолдығалиев М.С
Тексерген: PhD, қауымдастырылған профессоры Мендигалиева А.С
Орал, 2024 жыл
1.Кіріспе ............................................................................................................................3
2.Негізгі бөлім ....................................................................................................................4
3.Қазақстандағы жеңіл атлетика .......................................................................................6
4.Батыс Қазақстан облысындағы жеңіл атлетика ............................................................8
5.Жеңіл атлетиканың адам ағзасына әсері .......................................................................9
6.Қорытынды .......................................................................................................................10
7.Қолданылған әдебиеттер .................................................................................................11
1.Кіріспе
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаныңжемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі туындайды. Ғылым, техника, мәдениет және білім дамуының өзара байланыстылығы мен өзара сабақтастығы тарихи сипатта екендігін ескере отырып, жүргізген теориялық зерттеулердің қорытындылары, озат тәжірибелерді оқып үйрену мен жүйелеу, көп жылдық тәжірибені көрсетіп отырғандай. Сонымен болашақ кәсіби әрекетінде оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды. [1]
2. Негізігі бөлім
Жеңіл атлетика спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру,спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке , командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық Әуесқойлық Жеңіл Атлетика Федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиадалық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиадалық ойын ), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген.

1-сурет Жеңіл атлетикадан алғашқы Олимпиада ойындары(1896 жыл)
Жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған. Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті. 1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың дамуына үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды. 1880-90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды. 1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орасан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен | Олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды. 1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928 жылдан бастау алады. Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және 2000 жылы Сидней олимпиадасында жақсы нәтиежеге қол жеткізеді. 1968 жылы Мехикода өткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон - 8 м 90 см ұзындықтан секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем 21 ғасырдың ең биік көрсеткіші деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада 100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриффит- Джойнер рекорттық көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды. [2]
2
-сурет Флоренс Гриффит-Джойнер 
3-сурет Боб Бимон
3.Қазақстандағы жеңіл атлетика
Қазақстанда жеңіл атлетика ХХ ғасырдың 20-жылдарының аяғынан бастап дамып келеді. Жеңіл атлетика негізгі спорт түрі ретінде барлық республикалық спартакиадалардың бағдарламаларына енгізілді. Сонау 30-жылдардың ортасында дарынды жеңіл атлеттер пайда болды.
Қазақстан тарихындағы тұңғыш
олимпиадашы Евгений Кадяйкин болды, ол 1956 жылы М
ельбурн қаласында өткен ОИ-ге
қатысты.
4-сурет Евгений Кадяйкин
1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасының спортшылары барлық халықаралық жарыстарға тәуелсіз мемлекет атынан қатысатын тәуелсіз команда ретінде қатысты. Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО- ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Олар : Е.Кадяйкин, Ұ.Қосанов, Ә.Тұяқов, В.Савинков, Л.Кононова, С.Исабаев, Б.Күреңкеев, В.Муравьев, В.Савин, В.Солдатенко, Л.Микитенко, А.Бадранков, т.б.
Қазақстанның жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпиондары:
О
льга
Шишигина: 2000 жылы Сиднейде өткен Жазғы Олимпиада ойындарында
әйелдер арасындағы 100 метрге кедергілермен жүгіру сайысында алтын
медаль жеңіп алды.
5-сурет Ольга Шишигина
О
льга Рыпакова: 2012 жылы Лондонда өткен Жазғы
Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы үш қарғып секіру сайысында
алтын медаль иеленді. Сонымен қатар, 2008 жылы Бейжіңде күміс, 2016
жылы Рио-де-Жанейрода қола медальдарға қол
жеткізді.
6-сурет Ольга Рыпакова
Бұл екі спортшы Қазақстанның жеңіл атлетика тарихында Олимпиада ойындарында алтын медаль алған бірегей тұлғалар болып табылады. [3]
4. Батыс Қазақстан облысындағы жеңіл атлетика
Батыс Қазақстан облысында жеңіл атлетика қарқынды дамып келеді. Облыстағы жеңіл атлетика федерациясын Қапсатова Бибінұр Бердіғалиқызы басқарады.
Сонымен қатар, облыстың аға жаттықтырушысы ретінде Жалиденов Найбек Изғалиұлы қызмет атқарады.
Облыстағы спорт мектептері мен клубтар жеңіл атлетиканы насихаттап, жас спортшыларды даярлауда белсенділік танытуда. Мысалы, №1 ОРМБЖМ жеңіл атлетика бөлімінің жаттығу сабақтары мен жарыстары туралы ақпараттарды әлеуметтік желілерде бөлісіп отырады. Сонымен қатар, облыстық деңгейде жеңіл атлетикадан түрлі жарыстар мен чемпионаттар ұйымдастырылып, спортшылардың шеберлігін арттыруға мүмкіндік берілуде. Мысалы, Батыс Қазақстан облысының жеңіл атлетика спортының ресми парақшасында облыстық чемпионаттар мен оқушылардың демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында ұйымдастырылған іс-шаралар туралы мәліметтер жарияланады. Жалпы, Батыс Қазақстан облысында жеңіл атлетиканың дамуы оң қарқын алып, болашақта жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. [4]
5. Жеңіл атлетиканың адам ағзасына әсері
Жеңіл атлетика – денсаулықты нығайтып, физикалық және психологиялық жағдайды жақсартатын спорт түрлерінің бірі. Оның адам физиологиясына пайдасы көп:
-
Жүрек-қан тамырлары жүйесін нығайтады
Жеңіл атлетикамен айналысу жүрек пен қан тамырларын күшейтеді, қан айналымын жақсартады. Бұл инфаркт, инсульт және гипертония секілді аурулардың алдын алуға көмектеседі.
-
Бұлшықеттер мен сүйектерді дамытады
Жүгіру, секіру және лақтыру сияқты жеңіл атлетика жаттығулары бұлшықеттерді нығайтып, сүйектердің тығыздығын арттырады. Бұл остеопороздың алдын алады.
-
Тыныс алу жүйесін жақсартады
Жеңіл атлетика өкпе көлемін арттырып, тыныс алу тиімділігін жақсартады. Бұл жасушаларға оттегінің жеткізілуін жақсартады, нәтижесінде жалпы энергия деңгейі көтеріледі.
-
Метаболизмді жақсартады
Белсенді жаттығулар зат алмасу процесін жылдамдатады, дененің артық майдан арылуына және салмақты тұрақтандыруға ықпал етеді.
-
Иммундық жүйені күшейтеді
Тұрақты жаттығулар иммундық жүйенің жұмысын жақсартады, ауруларға төзімділікті арттырады.
-
Психологиялық пайдасы
Жеңіл атлетика стресс деңгейін төмендетіп, эндорфин (бақыт гормоны) бөлінуін ынталандырады. Бұл көңіл күйді жақсартуға, ұйқының сапасын арттыруға және депрессияның алдын алуға көмектеседі.
-
Координация мен тепе-теңдікті дамытады
Жеңіл атлетиканың техникалық элементтері дене қимылын үйлестіруді жақсартып, дене қозғалысының икемділігін арттырады.
-
Төзімділікті арттырады
Тұрақты жаттығулар ағзаның төзімділігін арттырып, күнделікті өмірде шаршау сезімін азайтады.
Жеңіл атлетика денсаулықты сақтап, ұзақ өмір сүруге және өмір сапасын жақсартуға көмектеседі. Бірақ жаттығуларды денсаулық жағдайына сай жүргізу маңызды. [5]
6. Қорытынды
Жеңіл атлетика – дене шынықтыру мен спорттың іргетасы болып саналатын, адам қабілеттерін жан-жақты дамытатын спорт түрі. Бұл спорт түрі негізінен жүгіру, секіру, лақтыру және спорттық жүріс сияқты жаттығулардан тұрады. Жеңіл атлетика өзінің қарапайымдылығымен және кез келген жерде қолжетімді болуымен ерекшеленеді.
Жеңіл атлетика Қазақстанда үлкен әлеуетке ие спорт түрі болып табылады. Оған мемлекеттің қолдауы, спортшылардың жетістіктері және халықтың қызығушылығы ықпал етеді. Бұл спорт түрінің дамуы жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, халықаралық аренада Қазақстанның беделін арттыруға мүмкіндік береді және ол спортшылардың жан-жақты дамуына ықпал ететін маңызды өмірлік тәжірибе. Бұл спорт түрі қоғамды біріктіріп, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосады.
Жеңіл атлетика – физикалық және рухани дамуға ықпал ететін, әлем бойынша миллиондаған адамды біріктіретін спорт түрі. [6]
7. Қолданылған әдебиеттер
1) «Қазақ энциклопедиясы», 3 том
2) «Қазақ энциклопедиясы», 8 том
3) «Дене тәрбиесі» Б.Төтентай.
4) «Дене тәрбиес» С.Тайжанов, Б. Төтенай.
5) Есмағамбетов З.А. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. -Қарағанды, 2007.
6) Сагымбаев Т.Ж., Есмағамбетов З.А. Мектептегі дене тәрбиесі ғамалиясын ұйымдастыру. - Қарағанды, 2009.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жеңіл атлетиканың адам ағзасына әсері

шағым қалдыра аласыз