Материалдар / Жеңіл және тамақ өнеркәсібіндегі кәсіби қызмет. Сауда саласындағы мамандықтар.

Жеңіл және тамақ өнеркәсібіндегі кәсіби қызмет. Сауда саласындағы мамандықтар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
537
0 рет жүктелген
770 ₸ 770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облысы,Зеленов ауданы,Мичурин ауылы ,
Мичурин жалпы орта білім беретін мектеп- балабақша КММ
І санатты технология пән мұғалімі Бекбаева Э.Д.
Технология 9 сынып
Сабақтың тақырыбы:Жеңіл және тамақ өнеркәсібіндегі кәсіби қызмет. Сауда саласындағы мамандықтар.
Сабақтың мақсаты:
1.Тамақ өнеркәсібі саласындағы және жеңіл өнеркәсіп саласындағы мамандықтар туралы оқушыларға мәлімет беру.
2. Кәсіби қызметтер туралы түсіндіріп, болашақ мамандығынтаңдауда қателеспей өтуге бағыттау.
3. Сабақ барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығынарттыру, елімізге өз үлесін қоса білетін маман иесі болуға
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: презентация
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу, зейіндерін сабаққа аудару, психологиялық дайындық жасау.
Тренинг арқылы топтарға бөлу. Карточкада мамандықтар түрлері жазулы, сол мамандық бойынша жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсібі бойынша 2 топқа бөлінеді. Топ басшысын сайлау.
ІІІ. Миға шабуыл.Берілген мамандықтарды Климов ұсынған типтерге бөліп жазу.Мамандық үлгілері:Агроном, фермер, токарь, дәрігер, шахтер, биолог, сатушы, бағбан, мұғалім, жолсерік,бағдарламашы, суретші, кассир, дизайнер, инженер, банкир, ғалым, жазушы, фотограф.1. Адам – табиғат: агроном, фермер, биолог, бағбан.2. Адам – техника: токарь, шахтер, инженер.3. Адам – адам: дәрігер, сатушы, жолсерік, мұғалім.4. Адам – белгілі жүйе: бағдарламашы, банкир, кассир, ғалым.5. Адам - өнер: фотограф, жазушы, суретші, дизайнер.
IҮ. Негізгі бөлім. Ой қозғау.
Топтық жұмыс.
Бірінші топ тамақ өнеркәсібі,
Тамақ өнеркәсібі саласына халықты азық - түлікпен қамтамасыз ететін өндірістер жатады. Тамақ өнеркәсібі саласындағы мамандықтарға: кондитер, инженер - технолог, технолог мамандықтары жатады. Технолог мамандығы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ол шикізатты қабылдап алудан бастап, орап дүкенге жібергенге дейінгі жұмыстарға жауап береді. Технолог жан - жақты білімді болу керек. Макарон өнімдерін өндіретін технолог кондитерлік фабрикаларда, наубайханаларда, зауыттарда жұмыс істейді.Екінші топ жеңіл өнеркәсіп.Жеңіл өнеркәсіпке мынадай мамандықтар жатады: иіруші, тоқымашы, конструктор - модельер, суретші - модельер, пішуші, тігінші, ал салаларына: тігін, тоқыма, трикотаж, аяқкиім өндірісі, былғары галантереясы бұйымдары жатады.Постермен жұмыс. Сауда саласындағы мамандықтар.
І топқасұрақ – Сатушы кеңесші, сатушы, сауда өкілі.
Сауда – бұл өндіріс сферасы мен тұтыныс сферасында тауар айналымын жүзеге асыратын шаруашылықтың бір саласы. Сауда саласындағы мамандықтарға: сатушы - консультант, азық - түлік сатушысы, сауда өкілі, мерчендайзер, сауда агенті, сатылым менеджері, контролер - кассир т. б жатады. Сатушы - консультант тауар түрлеріне, оның қасиеттеріне сипаттама береді. Сатып алынған заттың жалпы бағасын шығарып, чегін тексереді. Босаған сөрелерді дер кезінде тауарлармен толықтырып тұрады. Сауда өкілінің міндеті – шағын көтерме тауарларды дүкендерге, дәріханаларға, супермаркеттерге жеткізу туралы келісімшарт жасау.
ІІ топқасұрақ – Мерчендайзер, сауда агенті, көтерме сауда менеджері.
Мерчендайзерлер өнімдерін және жарнамалық материалдарын фирмалар мен дүкендерге орналастырумен айналысатын қызметкер. Сауда агенті – жылжымайтын мүлік саудасымен немесе сақтандыру қызметімен айналысады. Яғни тауарды тікелей адамдарға сатумен айналысады.Көтерме сауда менеджері – тауардың өте үлкен партиясын сатумен айналысады. Мысалы: құрылыс материалдары, металлопракаттар, дәндік дақылдар, бөлшектер т. б.
Сөздікпен жұмыс.1. Кондитер – конфет, торт т. б тәтті тағамдарды даярлайтын маман.2. Трикотаж – жіптің тұзақталып, өзара айқасуы арқылы тоқылған тоқыма мата.3. Галантерея – ұсақ-түйек бұйымдар шығаратын фабрика.4. Конструктор – бір нәрсенің конструкциясын жасаушы, құрастырушы.5. Модельер – сәнді модельді заттың үлгісін жасайтын маман.6. Иіруші – жүннен, мақтадан жіп есуші, ширатушы.
Y Қорытынды сұрақтар.
Тамақ өнеркәсібі саласындағы мамандықтар түрлерін атаңдар.(кондитер, инженер-технолог,технолог және т.б)
Тамақ өнеркәсібі технологының бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар? (Ол жан-жақты, білімді,өз ісінің шебері болу керек және мықты химикте болу керек.)
Технолог неге жауап береді? (Технолог өндірістегі жалғасып жатқан операциялар тізбегіне жауап береді.)
Жеңіл өнеркәсіпке қандай салалар жатады? (тігін,тоқыма,трикотаж, аяқ киім өндірісі, былғары галантерея бұйымдары салалары және тоқымашы, иіруші, конструктор-модельер, суретші-модельер, пішуші, тігінші мамандықтары да жатады.
Жеңіл өнеркәсіп қандай өнімдер өндіреді? (Трикотаж киімдер, аяқ киім, киім, галантереялық бұйымдар өндіреді.)
Жеңіл өнеркәсіпке тән қандай мамандықтарды білесің? (суретші-модельер, конструктор-модельер, пішуші, тігінші, тоқымашы.)
ҮІ.Оқушыларды бағалау.
ҮІІ. Сабақты қорыту.Тест.1. Мамандықты меңгерген адамды қалай атайды?а) маман; б) мамандық; в) кәсіпкер.2. Ұстамдылық қандай кәсіп иесіне қажет?а) суретші; б) сатушы; в) әнші.3. Тауар түрлеріне, оның қасиеттеріне сипаттама беретін маман:а) маклер; б) контролер - кассир; в) сатушы - консультант.4. Жүннен, мақтадан жіп есуші, ширатушыа) тоқымашы; б) иіруші; в) тігінші.5. Адам өнеріне жататын маман:а) сатушы; б) агроном; в) дизайнер.6. Сатушыға қандай талап қойылады?а) шеберлік; б) шыдамдылық; в) күш иесі.ҮІІІ. Бағалау.ІХ. Үй тапсырмасы.&42, 43.
. Мен таңдаған мамандық тақырыбына эссе жазу.






Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!