Жеңіс күні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жеңіс күні

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жеңіс күнін тойлаймыз.


Бастауыш: Құрметті ата-аналар, балалар, әріптестер. Бүгінгі Жеңіс күні мерекелерің құтты болсын. Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын! Күндіз күлкі, түнде ұйкымыз тыныш болсын.


Аружан: Тоғызыншы мамырда,

Гүл қоям алау-қабырға!

Еске алып атамды,

Ұн қосамын дабырға.


Мансұр: Отан үшін мерт болғанды танып біл,

Оларды есте, ұмытпайды халық бұл!

Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді.

Батырлардың жүрегі от боп жанып тұрі.


Арайлым Т: Олар сенің таңғы шапақ, нұрын ғой,

Олар сенің мәнің аскақ жырын ғой!

Мәнгі алауға жиі барып, әрдайым

Бас киімді қолыңа алып, гүлің қой!


Олжас: Қара бұлтқа оранбасын Күн көкте,

Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте!

Отанының бақыты үшін мерт болған

Батырларды есінде ұста, құрметте.

Соғыста қаза тапқан жауынгерлерге бір минут үнсүздік жарияламын.


Ән «Жеңіс күнін тойлаймыз»

Дастан: Сен бұл күнді қадірле, жан немерем,

Сен ерген соң жарқылдап алда келем..

Жауыздықты әділет жендідағы

Қанатында бақыттың самғады әлем.



Абылайхан: Сен бұл күнді аяла,осы күнде,

Сенің балам,түзелген бесігін де.

Өзің атаң қуанып,қолына алып,

Қойған сенің Жеңіс деп есіміңді.


Аружан: Сен бұл күнді ардақта,өз атаңдай,

Жүрер ол да өміріңде аз аталмай.

Әрбір үйдің әйнегін нұр боп сүйіп,

Жадырайды ұлы күн жазғы таңдай.


Асанали: Жеңісті елге әкелген ағалар да,

Тіпті азайып кетті ғой амал бар ма?

Барларына гүл сыйла,ал жоқтарын

Дайқ бол деп табыста замандарға.


Айдия: Оққа тасты кеудесін біз деп халық,

Ұл да аттаңды майданға,қызда аттанып.

Сол жеңісті әкелген әжелердің,

Тірісіне басынды іздеп барып.


Би: “Катюша”

Бастауыш: Ешкім де ұмытылған жоқ,еш нәрсе де үміт қалған жоқ Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі. Ерлікпен қаза тапқан ерлердің ескерткіштерінде бұл сөздер тастан қашалып,ойылып жазылған.


Мади : Жеңіс деген- жақсылықтың сынары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы


Ән: “Ұланы еркін елімнің”

Бастауыш: Кеңес халқы бүкіл күш жігермен,қажыр қайратымен Отанын қорғады.Жаудың түпкі мақсаты-Мәскеу қаласын басып алу болды.Мәскеу түбінде Қазақстандық 28 батыр бір табан кейін шегінбей,отанымыздың жүрегі Мәскеу қаласын қорғап тұрды. Олар төрт сағатқа созылған соғыста жаудың 44 танкісін қиратты. “Артымызда Москва шегінуге жер жоқ”- деген ұранды ұстанды. Бұлар 28-панфиловшылар еді.


Тамирис: Тастар көкке атылды,

Орман шулап,тау құлап

Жиырма сегіз батырды

Жеңе алмады жау бірақ...


Әділхан: Жамылды жер тұманды,

Өрт ішінде қалды бақ.

Жиырма сегіз қыранды

Жеңе алмады жау бірақ.


Ясмина: Оқ астында зулаған

Туған жермен бір болып,

Жау алдында тұрды олар,

Жиырма сегіз мың болып.


Санжар: Жау жеңілді ақыры,

Атты бейбіт таң күліп,

Жиырма сегіз батырды

Ұмытпайды ел мәңгілік.


Ойын: “Туды тігу”


Бастауыш: Осы сұрапыл шайқаста талай батыр апаларымыз бен ағаларымыз жаумен шайқасып,ерлікпен қаза тапты.

Олар кімдер кім айтады?

Балалар:Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова,Бауыржан Момышұлы,Төлеген Тоқтаров,Талғат Бигельдинов.

Бастауыш: Бұл кісілердің есімі ешқашан ұмытылмайды. Кеңес одағының батыры атанған бұл кісілердің есімі мәңгі жадымызда сақталады.

Динара: Әлия,Мәншүк апамыз,

Бауыржандай атамыз

Фашистерден Отанды

Қорғап батыр атанды.


Рауан: Біз еліктеп өсетін

Батырларың десе кім,

Әлия,Мәншүк апамыз,

Бауыржан біздің атамыз,



Аяжан: Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі.

Әлия аты көңілде,

Әпкеміз деп жүреді.

Нұрымжан: Қосамыз біз өлеңге

Айтамыз біз ән қылып,

Мәншүк әпке ерлігі.

Ұмытылмас мәңгілік.


Дастан: Қазақтың қамы үшін,

Жүрегі ауырған

Елінің намысын

Қорғаған Бауыржан!

Өр бабам-Бауыржан!


Би: “Моряктар


Шұғыла: Алаулап гүл тұрады,

Туған жер құлпырады,

Бейбітшілік болса

Түрленіп бақша, бағы,

Түрлікте жақсарады,

Бейбітшілік болса.


Тамерлан: Үйлер де құламайды,

Ешкімде жыламайды,

Бейбітшілік болса,

Балалар болады аман,

Бейбітшілік болса.


Арсен: Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз-бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан.


Ән: “Дос болайық бәріміз”


Бастауыш: Міне,бүгін ұлы мереке жеңіс күніне арналған тематикалық сабағымыз осымен аяқталды. Бүлдіршіндеріміз еш уақытта қиындық көрмендер.Ел тыныш, халқымыз аман болсын,бейбіт күніміз жарқын болсын.Әрқашан аспанымыздан күн сөнбесін.

































Білім басқармасы

5 «Ақбота» балабақшасы









Жеңіс күнін тойлаймыз”

Даярлық «Қарлығаш» тобының

Тематикалық іс-әрекеті


















Астана-2012 ж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
504
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі