Материалдар / Жеңіс рухы мәңгілік!

Жеңіс рухы мәңгілік!

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауылымыздың тарихы ауылымыздың атақты адамдармен танысса екен деймін
Авторы:
28 Қырқүйек 2018
473
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Жеңіс рухы мәңгілік!


Адамзат тарихында жақсылығымен де, қайғы-қасіретімен де, дүниені дүр сілкіндірген оқиғалар аз емес.

Солардың ішінде қасіретті оқиғалардың ең ірісі Екінші дүниежүзілік соғыс, яғни екінші жиһан соғысы болды. Бұл соғысқа 72 мемлекет тартылып,110 миллион адам қатысты. 35 миллион адам опат болды. Оның ішінде біз құрамында болған КСРО-дан 20 миллионнан астам шейіт кетті. Бұған майданнан мүгедек болып оралып, соның салдарынан көз жұмғандар қаншама! Қаншама отбасының шаңырағы ортасына түсті, әйелдер жесір қалды, балалар жетім қалды. Біздің халқымыз үшін де 1930-1932 жылғы аштықтан кейінгі осы уақытқа дейін азшылықтың азабын тартып келе жатқан ең үлкен қасірет осы еді.

Мінеки, осы кезеңде біздің ауылымыздан 160 азамат соғысқа аттанса, соның 123-і хабарсыз кеткен екен. Республикамыздың басқа жерлерінде дәл осылай күй кешкенін шамалауға болады. Біздің әке-аталарымыздың майдандағы асқан ерліктері, тылдағы еткен қажырлы еңбектері айтып жеткізгісіз. Қазақ жауынгерлері КСРО құрамындағы өзге халықтардың бірге бүкіл Еуропа елдерін гитлершіл фашизмнің апатынан азат ете отырып, Берлиндегі фашизм ордасын да талқандады. Олардың ішінде жерлесіміз Рамазан Елебаевты асқан ерліктіктің үлгісін көрсетіп екі мәрте "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталды. Қазір біз осы Рамазан Елебаев атындағы орта мектепте оқушыларға білім беріп жатырмыз.

Рамазан Елебаев Құдықағаш ауылының күнбатыс жағындағы қалың қарағайлы Өтей деген жерінде 1910 жылы дүниеге келген. Домбыра, баян, балалайка сияқты аспаптарда шебер ойнап, ән салған.

Мәскеудегі А.В.Луначарский атындағы Мәдениет институтының композиторлық бөлімін бітірген соң, 1941 жылы майданға аттанады. Қас дұшпанмен аяусыз шайқасқан жерлесіміз 1944 жылы 10 сәуірде Псков облысының Новосокольники қаласы төңірегінде қаза тапты. Пушкин тауында жерленді.

2 мамыр күні мектеп оқушылары мен мұғалімдерімен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен жауынгерлерді еске алуға арналған ғибратты кездесу өткізілді. Кездесу ауылымыздың тумасы, мамандығы дәрігер болса да, жаны тарихқа құмар Ұлы Отан соғысынан қайтып оралмаған жауынгерлер жайлы іздестіру жұмыстарын жалғастырып жүрген біртуар азамат Қайыргелді Қиықовпен өтті. Бұл жұмысты өзінің міндеті деп санайды. Қапшағай қаласында тұрған, бүгінгі күні дүниеден ерте озған қызы Жанар да көп еңбек сіңіріп, көмегін тигізді.Хабарсыз кеткен боздақтардың 43-ның дерегі негізінен, Ресейдің Қорғаныс Министрлігінің "Мемориал" сайтынан табылып отыр, 30-ның нақты құжаты бар. Іздестіру жұмыстары әлі де жалғаса бермекші. Бәлкім, қалған 50 жауынгердің деректері табылар деген үміттеміз.Кездесуде оқушылар өздерінің аталары туралы мағлұмат алып, сұрақтар қойылды, слайд көрсетілді.

Соғыстың қиямет, қиындығы қандай да болмасын шаңырақты айналып өтпегені баршамызға аян.Сондықтан да көзі тірі ардагерлерімізді аялап, құрмет тұтып, ілтипат көрсету-біздің баршамыздың міндетіміз.

Ауылымыз майдан даласынан шалғай жатса да, тыл еңбеккерлері Жеңіс күнін жақындатуға орасан еңбек сіңірді.Аналар мен балалар ерлердің ауыр жүгін мойындарына артты.Сондықтан да соғыс пен тыл ардагерлері әрдайым біздің қоғамның мақтанышы және ең белсенді тобы болып қала береді.

Кешегі соғыста ерлікпен отаншылдықтың жанқиярлық пен елдіктің, бірлік пен адамгершіліктің, татулықтың өнегесін көрсеткен бабалар үлгісі келер ұрпақ санасына мәңгі сақталуы тиіс.

Қайыргелді Ақылбекұлы Қиықов ағаймен кездесу барысында оқушыларға өздерінің ата-аналарының ерліктерін дәріптеп айтып жеткізу- кездесудің басты мақсаты болатын.

Республикамызда салтанат құрып келе жатқан тыныштығымыз сол ата-аналарымыз қол жеткізген Ұлы Жеңістің жалғасы, бейбітшілікті, ауызбіршілікті қасиетті дәстүр етіп қалыптастырған сол ата-әжелеріміз бен ұрпақтары.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сара саясатының арқасы деп білемін. Тәуелсіз еліміздің қиыншылықтардың бәрін артта қалдырып, жылдан-жылға қарыштап дамып, алға қарай алшындай басып келе жатқанының өзі де- Жеңіс.

Ендеше, Ұлы Жеңіс күні мерекесімен бірге сол Ұлы Жеңістің немере-шөберелеріндей бүгінгі еңбек жеңістері де құтты болсын дегім келеді.

Биыл Жеңіске 73 жыл толып отыр.Міне сол сұрапыл соғыс аяқталып бейбіт күннің шуағына шомылып жүрсек те, қанқұйлы соғыс уақыты ұмытылмақ емес.

Неменеге жетістің,бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр.

Бірі мініп келместің кемесіне,

Бірі күтіп, әнекей жағада тұр,- деп тебірене жырлаған Мұқағали ақынның мөлдіреген мұңының ар жағында сыйластық пен қимастықтың, құрмет пен қошеметтің тұрғаны айдан анық. Бізде сол сезім маздап тұр....



Раушангүл Шарипова

Р.Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі.







Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі