Жеңісімді еліме арнаймын.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жеңісімді еліме арнаймын.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі спорттық жетістіктері бар оқушыларды марапаттауға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жеңісімді еліме арнаймын!»


І жүргізуші :

Қайырлы күн, Құрметті ұстаздар, оқушылар, спорт сүйер қауым!

Спорт - көркі өмірдің, 

 Спорт - досың, серігің,  

Жаттықсаң шымыр боларсың, 

 Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші,  салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік еткен қауымға жалынды сәлем!


ІІ жүргізуші:

Намыстың найзағайы жарқылдаған,

Шыңдалып шырайлы қыз, мәрт ұлдары.

Ішінде бұл мектептің сыңғырлап тұр,

Болашақ Олимпиада жұлдыздары!


І жүргізуші:

Киелі де қасиетті Қазақстан Республикасы күні мерекесіне орай өткізіліп отырған «Жеңісімді еліме арнаймын!» атты кездесу кешімізді ашық деп жариялаймыз. Бірге: Қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші:

Тани біл елдік таңбаңды.

Елтаңба, Туың, Әнұран

Қасиетті осы рәміздер.

Шырқатты биік арманды

Тәуелсіздікке тән белгі –

Еліме рух, мән берді.

ҚР мемлекеттік Әнұраны орындалсын!



«Томирис» би тобы ...........


І жүргізуші:

Жаса, батыр!
Жасындайын жарқылда!
Жас та болсаң, сенсің нағыз нар тұлға.
- дей келе бүгінгі спорт мерекесінің құрметті қонақтарын қошеметпен таныстырайық.



ІІ жүргізуші: Бүгінгі кешіміздіҒаламдық Таеквондо Федерациясының жаттықтырушысы Серікұлы Дидар Қош келдіңіз!


Жүргізушілер кезекпен:

  1. Ерділдә Бексұлтан 11 кл


  1. Шагирова Дильназ 10 кл, Таеквондодан Ақтөбе облыстық ашық біріншілігінде ІІ орын 2022 жыл; Таеквондодан хьенг бойынша Республикалық чемпионатта І орын иегері 2022 жыл Астана (12-14 жас); 2023 жылы Шымкент қаласында өткен Халықаралық чемпионаттың ІІІ орын иегері.


  1. Рамазанов Нұрасыл 9 кл оқушысы, Таеквондодан қалалық, облыстық, республикалық жарыстар иегері. 2023 жылы Шымкент қаласы, Халықаралық чемпионатта ІІІ орын (12-14 жас), 2022 жылы Спарринг бойынша Республикалық чемпионаттың ІІ орын жүлдегері



  1. Октябрева Жанель 8 кл оқушысы, волейбол спорты бойынша түрлі қалалық , облыстық, республикалық жарыстарға қатысып жүр. Алдағы 28 қазан күні Орталық Стадионда өтетін спорттық шараға шақырту алған, марапатталатын болады.


  1. Орысбаев Аманат 8 класс оқушысы, Таэквондодан жасөспірімдер арасында қала чемпионатында І орын иегері (20кг), 2023жылы Ақтөбе облыстық чемпионатында ІІІ орын жеңіп алған.



  1. Елібай Азамат 7 кл оқушысы, дзюдо күресі бойынша көптеген жарыстарға қатысып жүлдегер атанып жүрген оқушы, «Сұңқар» спорт клубының ашық біріншілігінде жүлделі І орын, т.б.

  1. Елеусіз Мадияр 4кл оқушысы, 2023 жылы таеквондодан спарринг бойынша клубаралық турнирде 8-9 жас аралығында ІІІ орын; 2023 ж.мамыр айында Ақтөбе қаласының қорытынды турнирінде ІІІ орын иегері атанған (23 кг)


  1. Бахыткерей Бақытжан 6 кл оқушысы, Ақтөбе облыстық пенчак силаттан ІІ орын иегері.



  1. Жаңабай Айзере 6 кл.оқушысы, 2023 жылы Таеквондодан облыстық чемпионатта ІІ орын (38кг), Қызылорда қаласында өткен Республикалық чемпионатта ІІ орын алған (10-11 жас аралығы)


  1. Ибрашов Алихан 6 кл оқушысы, 2023 жылы Бейнеу қаласында өткен грек-рим күресінен ІІІ орын


  1. Алтынбек Айша 6 кл оқушысы, Таеквондодан спарринг бойынша Республикалық чемпионатта ІІ орын алған (9-10 жас)



  1. Серікқали Нұрлы 4 кл оқушысы, Қ.Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған бокс байқауында І орын (2023 жыл), облыстық «Абдрахман боксинг»клубының ашық біріншілігінде бокстан ІІ орын (32кг) 2023 жыл.


  1. Темірхан Жансерік 4 кл оқушысы, 2022 жылы кіші жасөспірімдер арасында өткен еркін күрестен облыстық турнирде (27кг) ІІІ орын ; «2022 жыл балалар жылына» орай ұйымдастырылған клубаралық еркін күрестен ІІ орын алған.



  1. Абай Мирас 4кл таеквондодан облыстық турнирде І орын иегері


  1. Елібай Мансур 4кл , 2023 жылы Республика күніне орай қазақ күресінен Ақтөбе қалалық біріншілігінде ІІ орын иегері атанған(29 кг).

  2. Қалабай Нұрасыл 4 кл массоги, хьенги бағдарламалары бойынша облыстық, республикалық, халықаралық чемпионаттар жеңімпазы.

Республикалық дарынды оқушыларға арналған «Қазақстан жарық жұлдыздары» журналына енген.

  1. Жаңаберген Нұрай 4 кл Таеквондодан спарринг бойынша Республикалық чемпионатта ІІ орын, 2023 жылы Шымкент қаласында өткен Халықаралық чемпионатта ІІІ орын алған (22 кг)

  2. Берік Ханали 3 кл , Таеквондодан «Аktobe open» ашық турнирінде ІІІ орын алған (2013-2014 жж аралығында)

  3. Махаш Жанарыс 3 кл, Таеквондодан 2023 ж Ақтөбе қаласының қорытынды турнирінде ІІІ орын алған.


  1. Мәжит Қыдырәлі 2 кл , Таеквондодан қалалық жарыстардың жүлдегері, 2023 жылы Ақтөбе қаласының қорытынды турнирінде спарринг бағдарламасы бойынша І орын иегері


.


І жүргізуші:

Адам әлдебір жарысқа аттанар алдында не күміс, не қола аламыз деп шықпауы қажет, белгілі бір мақсат қоюы керек, сонда ғана босаңсуға жол жоқ, - деген қағиданы ұстану қажет екендігін үйрететін жаттықтырушы Дидар ағайымызға сөз кезегін береміз.



Құрметті Ағай , сізге бірнеше сұрақтар қойсақ жауап беруге қалай қарайсыз? 

Құрметті оқушылар, Ағайға қояр сұрақтарыңыз болса, дайындап отыруға болады.

/Жүргізушілер кезекпен Ағайға сұрақ қояды/

  • Спортқа келуіңізге, әсіресе таеквондоны таңдауыңызға кім қолдау білдірді?

  • Дидар ағай, адамның бойындағы қандай қасиеттерді бағалайсыз?

  • Жетістікке жету үшін талант керек пе, әлде еңбек керек пе?

  • Дидар ағай, спорт пен өнер егіз дейді, сол рас па?

- Егер де өз балаларыңыз спортшы боламын десе қолдар ма едіңіз?

- Спорттан басқа хоббиіңіз бар ма?

  • Өміріңіздегі есте қаларлық ерекше сәтіңізді баяндап берсеңіз.

  • Рахмет!



Таеквондодан шоу бағдарлама.



20 оқушыға тапсырма. «Ойлан тап» ойыны. Нақыл сөздер мен спорт атауларын құрастыру.


«Томирис би тобы» би «Шашу»


І жүргізуші: Сөз беріледі..................................................Марапаттау сәті



ІІ жүргізуші: Әлемнің әр қиырында өтетін додаларда, дүбірлі бәсекелерде, жауапты жарыстарда елдің елдігін танытатын жастарды тәрбиелеу , оларды еңбекке, шеберлікке, жігер-қайраттылыққа, батылдық пен қайсарлыққа баулитын Ұстаздарымыз аман болсын!





І жүргізуші:

Байрағың биікте желбірей жайнасын,

Бұлбұлың орманда сескенбей сайрасын...

Уа , халқым, қуаныш құтты боп жасай бер,

Басыңнан мәңгілік бақытың таймасын!


ІІ жүргізуші:

Құрметті Ұстаздар, оқушылар, Болашақ Олимпиада жұлдыздары! Осымен «Жеңісімді еліме арнаймын» атты кешіміз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп, жас спортшыларға ақыл-кеңес беріп, жақсы көңіл-күй сыйлағандарыңызға көп-көп рахмет! Еліміз аман, бейбітшілік заман болсын! Сау болыңыздар!





Сценарий құрушы: Абдирова Минзада Турегельдиевна



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2025
80
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі