"Жер әлемі" тәрбие сағаты 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жер әлемі" тәрбие сағаты 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды жер әлемінің құдіретімен және ғаламшармен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жер әлемі»

Мақсаты: Балаларды жер әлемінің құдіретімен және ғаламшармен таныстыру.

Міндеттері:

Білімділік: Су мен ауаның қасиеттерін тәжірибелер жасау арқылы көрсетіп табиғат құбылысының сырын байқай білуге баулу.

Дамытушылық: Тілін, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: Балаларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Қапшық, су, мұз, қайнаған су, түтікшелер, түрлі-түсті гүлдер, желім.

Шаттық шеңбері:

Адал жақсы ниетпен,

Бар адамға бақ тілеп.

Жарып шыққан жүректен,

Сөздің бәрі- Ақ тілек! Бір - бірімен амандасады.

Бүгін біз оқу қызметімізді жұмбақ шешуден бастаймыз.

Жұмбақ:

Су ағып сай саладан,

Тасып өзен толады.

Құстар кеп ән салады,

Бұл қай кезде болады? Көктемде.

- Көктем мезгілінің ерекшеліктерін білесіңдер ме?

- Күн жылынады, қар ериді, ағаштар бүршік атады. Құстар жылы жақтан ұшып келеді.

- Балалар, табиғат дегеніміз не?

- Бізді қоршаған орта.

- Оған не жатады?

- Бізді қоршаған ортаға жер, су, аспан, тау, жануар, адам, өсімдік жатады.

Ғажайып сәт:

Есік қағылып өзі жүретін сиқырлы қапшық келеді.

- Ой, балалар, бізге қонаққа сиқырлы қапшық келіпті, кәне ішінде не бар екенін көрейік.

Қапшықтың ішінен ғаламшар шығады.

- Мына бір шарға ұқсас нәрсенің не екенін білесіңдер ме?

-Бұл ғаламшар

Біздің жеріміз де осы сияқты домалақ. Ал осы ғаламшардағы түрлі - түстер жер

әлемін, ондағы қалаларды, өзен көлдерді бейнелейді.

- Осы ғаламшардағы көк түс нені білдіреді?

- Жер әлеміндегі сулар.

- Ал, қоңыр түс таулар мен тастар.

- Сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Жұмбақ:

Бір зат бар дүниеде құшағы кең,

Адамзат, жан-жануар арасында.

Мәңгілік өсіп,өніп өмір сүрген.

Бұл не?

-Бұл жер.

  • Осы жер ананың екі ұлы бар екен. Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақтарды шешу арқылы жер ананың ұлдарын табуға көмектесесіңдер.

Сол кезде сылдырлап аққан судың дауысы естіледі.

Жұмбақ:

Жылт-жылт етке,

Жылғалардан өткен.

- Бұл не екен? -Су.

- Қане су, төрлет біздің балалар өлең-шумақ айтады.

Өмірдің өзегі,

Өңірдің өзені!

Сусыз жер өмірсіз.

Сусыз жер өңір тұз.

-Осы су туралы не білеміз?

- Суды ішеміз, жуынамыз, өсімдік пен жануарларға да қажет.

  • Су қандай болады?

- Су ащы және тұщы болады.

- Суды ластауға болмайды.

- Үйдегі кранды ашық қалдыруға болмайды.

Судың дәмсіз, түссіз, иіссіз екенін айтады.

Өте жақсы, су сендерге риза болып отыр.

Енді тәжірибе жасау арқылы судың қасиеттерімен танысамыз.

Қауіпсіздік шараларын ұсынады.

1. Тәжірибе: - Мынау ыдыстағы кәдімгі су. Мұны шалпылдатуға, ыдыстан - ыдысқа құюға болады. Бұл судың сұйық күйі.

2. Тәжірибе: - Күн суық болғанда су қатты күйге ауысады. Оны мұз дейміз. (Балаларға мұзды беріп, еруін бақылату, су болатынын көрсету.)

3. Тәжірибе: - Су бу түрінде де болады.

Ыдыстағы қайнап жатқан судың қақпағын ашамыз, мынау шығып жатқан бу бұл да су, енді бұған тақтайшаны ұстап көрсек мұнда су тамшылары пайда болады.

Сергіту сәті:

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау менің басым,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Осы кезде желдің дауысымен, ауа келіп амандасады.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

- Жұмбағымды шешсеңдер менің кім екенімді айтпай ақ білесіңдер.

Жұмбақ:

Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,

Ол жоқ болса өмір сүріп жүрмейсің.

-Ол не? -Ауа.

-Кәне ауа, сіз судың жанына жайғасыңыз.

Жер шары дәу әлем,

Қоршаулы ауамен.

Ауасыз кім шыдар,

Ауасыз тұншығар.

- Осы ауаның қандай пайдасы бар?

- Ауамен дем аламыз.

- Ауаны нелер ластайды?

- Машиналар, зауыттар, фабрикалардың түтіндері.

- Ауаны тазалау үшін не істеу керек?

- Көп етіп ағаштар мен гүлдер егу қажет.

- Зауыттарды, фабрикаларды қала шетіне салу керек.

- Жарайсыңдар балалар, осы жер, су, ауаны ортаға алып ойын ойнайық.

Дидактикалық ойын: «Жер, су, ауа»

Бұл ойынымыздың шарты мынандай.

Мен жер дегенде жерде жүретін жануарлар немесе өсімдіктердің суретін көрсетесіңдер.

Жерде жүретін жануарлар, ауада ұшатын жәндіктер, суда жүртін балықтардың суретін көрсетеді.

Ал, енді балалар бізді қоршаған ортамыз су мен ауаға сыйлық тарту етейік. Ол үшін арнайы дайындап қойған ғаламшарға әдемі гүлдерді жапсырып берейік.

Гүлдерді жапсырмас бұрын, арнайы стакандарға дайындап түтікшелерді үрлеу арқылы, гүлдерге көпіршіктерді орналастырайық.

Түтікшелерді үрлеу арқылы гүлдерге көпіршіктерді орналастырады. Ол гүлдерді ғаламшарға жапсырып су мен ауаға тарту етеді.

Қорытынды:

- Бүгін біз не туралы әңгімелестік?

- Жер,су, ауа туралы әңгімелестік.

Су неше күйде болады екен?

- Су үш күйде болады екен.

- Табиғатты қорғау үшін не істеу керек?

- Табиғатты ластамау керек

«Жүректен-жүрекке»

Ризамыз, Табиғат-Анамыз,

Өзіңнен денсаулық аламыз.

Ризамыз, Табиғат-Анамыз,

Қашанда қорғаушы панамыз!








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.10.2020
975
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі