Жер бедерінің қалыптасу заңдылықтары.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жер бедерінің қалыптасу заңдылықтары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жер бедерінің қалыптасуына әсер ететін ішкі және сыртқы күштермен танысу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін---------------- 03.10.2017ж

Пәні: География Ж/мб

Сыныбы: 10 Ә

Күні: 03.10.2017ж

Сабақ № 9

1.Сабақтың тақырыбы: Жер бедерінің қалыптасу заңдылықтары.

2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Жер бедерінің қалыптасуына әсер ететін ішкі және сыртқы күштермен танысу.

3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: жеке жұмыс, жұппен жұмыс, топтық жұмыс.

4.Сабақтың нәтижесі:

Білу: жер бедерінің қалыптасуына әсер ететін ішкі және сыртқы күштер жайлы біледі, түсінеді.

Қолдану: Өздерің тұрған жерге тән сыртқы күш әсерінен түзілген жер бедерінің пішіндерін анықтайды. 5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: критерий бойынша бағалау

6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.

Реурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, постер,суреттер, интернет материалдары.

Сабақ барысы

Уа-қыт

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

5 мин

Кіріспе

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды

2. Мұғалім сыныпты стикер арқылы топқа бөледі.

3. Үй тапсырмасы бойынша оқушылардың жұмысын сұрайды.

1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.

2. Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді.

10 мин

Тұсаукеср

1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды. 2.Тақырып айқындағаннан кейін мұғалім INSERT әдісі бойынша әр топқа тапсырма береді.

3.Мұғалім оқушыларға пилот және навигатор әдісі бойынша тапсырмаларды бөліп береді.

1.Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын берілген сұрақтарға жауап бере отырып, айқындайды.

2.Топтар «түсіндім», «түсінбедім», «мені қызықтырды» деген бағаналаға өз ойларын жазады.

3.Оқушылар жұпқа бөлініп жұмыс жасайды.

20

мин

Негізгі

бөлім


1. Өздерің тұрған жерге тән сыртқы күш әсерінен түзілген жер бедерінің пішіндерін анықтау.

2. Үгілудің әсерінен жүзеге асатын әрекеттерге талдау жасау.

Термин сөздермен жұмыс

"эндогендік", "экзогендік",""эолдық",

"бедленд","трогты аңғарлар",

"морена","карст"

(ғаламтор,оқулық,энциклопедия)

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін келесі тапсырмаларды береді.

1. Жер қыртысының құрылысы картасы мен физикалық картаны салыстыра отырып, материктер мен мұхит табанындағы жер бедерінің неғұрлым ірі пішіндерін анықтап, олардың жер қыртысының қандай құрылымдарына сәйкес келетінін нақты мысалдармен дәлелдеңдер.

2. Үгілудің, ағын судың, желдің, жер асты судың, мұздықтардың, теңіздің, соқпа толқынның, адам әрекетінің жер бедерінің әсер ететініне мысалдар келтіріңдер.

3. Көрсетілген объектілердің қайсысы тауға, қайсысы жазыққа жататынын анықтап, бөліп жазыңдар: (Альпі, Тибет, Орта Сібір, Анды, Арабия, Ұлы Қытай, Гималай, Скандинавия, Кавказ, Орта Сібір).


1.Оқушылар өздері тұратын жерге тән сыртқы күш әсерінен пайда болған жер бедерінің пішінін анықтайды.

2. Оқушылар Үгілудің әсерінен пайда болатын жер бедерінің пішіндерін карта бойынша анықтайды.

5

мин

Қорытынды

1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.

2.Үйге тап-ма:

1) §7 оқу, Өздерің тұрған жерге тән сыртқы күш әсерінен түзілген жер бедері пішіндерін анықтап, оларға қысқаша сипаттама әзірлеу.

1.Оқушылар критерий бойынша бірін-бірі бағалайды.

2.Оқушылар екі жұлдыз бір тілек арқылы бүгінгі сабаққа кері байланыс жасайды.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.03.2018
509
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі