Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жер бетіндегі судың маңызы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
|
|
|||||||||||||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||||||||||||
Оқытушы: |
||||||||||||||||||||||
Топ: |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||||
Пән: Биология |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Жердегі тіршілік үшін судың маңызы. Көмірсуларды жіктеу: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер. Химиялық құрылымы. Көмірсулардың қасиеті және қызметтері |
|||||||||||||||||||||
Оқыту мақсаттары: |
10.4.1.1- жердегі тіршілік судың іргелі маңызын түсіндіру. |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары: |
10.4.1.2- көмірсулардың құрылымы, құрамы және атқаратын қызметтері бойынша жіктеу. |
|||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: |
Бейорганикалық және органикалық заттардың тіршілікке маңыздылығы мен қызметін бағалау |
|||||||||||||||||||||
Құндылықтарды қалыптастыру: |
Суды үнемдеу және қорғау |
|||||||||||||||||||||
Пәндік байланыс |
Әдебиеттік оқу, дүниетану |
|||||||||||||||||||||
Ресурстар |
Презентация оқулық, әдістемелік әдебиеттер, жұмыс дәптері, флипчарт, электрондық оқулық, интернет желісі |
|||||||||||||||||||||
|
Сабақ жоспары
|
|||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекет |
Студенттің іс-әректі |
Оқытушының іс-әрекеті |
Бағалау |
||||||||||||||||||
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңі: Білім алушылармен амандасу Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру Психологиялық ахуал (М) «Қуаныш сезімі» тренингі. Оқушылар шеңберге тұрып көрші оқушының бас әрпінен басталатын комплимент айтады.Анар-ақылды,Болат-батыл,...
|
Білімалушылар бір-біріне тілектерін айтады |
|
|
||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы |
Жаңа материалға шолу Су жер бетінде тірі ағзалар пайда болғанға дейін болды және олардың мекендейтін алғашқы тіршілік ортасы еді. Эволюция барысында ағзалардың түрі өзгерді, бірақ олар әлі де зат алмасудың басты компоненті ретінде су қорын ұдайы толықтырып отыруды қажет етеді. Тірі ағзалардағы химиялық реакциялардың басым бөлігі сулы ерітінділерде жүреді. Полюсті иондық қосылыстардың құрамында зарядталған бөлшектер бар, олар су молекулаларының әсерінен ерітінді түзе отырып ажырайды. Бұған мысал ретінде топырақтағы минералды тұздардың еруі мен фотосинтез өнімдерінің өсімдік бойымен тасымалдануын алуға болады. Бұдан бөлек, су өсімдіктердің басқа да көптеген тіршілік үдерісіне қатысады. Өсімдіктер үшін судың маңызы: фотосинтез, транспирация, жасуша тургоры, ұрықтану, тұқымның таралуы мен өнуі, осмос. Су молекулаларының арасында тартылыс күшінің әсерінен тізбектесу немесе когезия болады. Су молекулаларының басқа заттармен тізбектесуінен жабысқақтық (адгезия) пайда болады. Судың бетінде беттік керілу құбылысы пайда болады, бұл жәндіктердің су бетінде өзін ұстап тұруына мүмкіндік береді. Сұйықтықтың буға айналуы үшін жылу энергиясы жұмсалады, ол салқындаумен аяқталады. Үлкен көлемдегі булану жылуының арқасында ағза суды аз шығындайды. Адамның тер бөлуі және жануарлардың жиі алқынып тыныстауы олардың жоғары температураға бейімделуіне көмектеседі. Көмірсулар организмді энергиямен қамтамасыз етеді, сонымен қатар адамдарда, жануарлар мен өсімдіктерде басқа да маңызды функцияларды атқарады. Көмірсулардың формуласы бар – CX(H2O)Y немесе молекулалардың құрамына мыналар кіреді: OH – гидроксил тобы және C = O немесе C = O\H\ – карбонил тобы. Көмірсулар формуласында көмірсулардың молекулаларындағы көміртектің сутегі мен оттегіне қатынасы 1:2:1 болады. Моносахаридтер – көмірсулардың қарапайым тобы. Моносахаридтер әдетте түссіз, суда еритін, мөлдір, қатты заттар болып келеді. Кейбір моносахаридтер тәтті дәмге ие. Моносахаридтердің жалпы формуласы – (СН2O) n, мұндағы n екіден үлкен сан болуы мүмкін. Мысалы, глюкозада n 6, ал формула:C6 H12 O6 Моносахаридтердің мысалдары – глюкоза, фруктоза, рибоза және басқалар. C6 H12 O6 глюкоза молекуласы Олигосахаридтер – суда еритін күрделі қант, олар гидролизденгенде бірдей немесе әртүрлі моносахаридтердің 2-ден 10-ға дейін молекулаларын шығарады. Моносахаридті қондырғылар гликозидті байланыс арқылы байланысады. Дисахаридтер дегеніміз – молекулалары конденсация реакциясымен байланысқан екі моносахаридті қалдықтардан тұратын сахаридтер. Табиғатта кең таралған дисахаридтер, мысалы сахароза (қамыс қант), мальтоза (уыт қант), лактоза (сүт қант). Трисахаридтер – рафиноза, рабиноза. Полисахаридтер – күрделі суда ерімейтін көмірсулар, олардың молекулалары гликозидті байланыстармен өзара байланысқан көптеген моносахаридтерден тұрады. Оларды «гликандар» деп те атайды. Полисахаридтер құрамында 10-нан астам моносахаридтер бар және қант құрамында жүздеген бірлік болуы мүмкін. Полисахаридтер гидролиз нәтижесінде пайда болатын молекулалардың түріне қарай жіктеледі. Бұл – құрамында бір типті моносахаридтер болуы мүмкін гомополисахаридтер немесе әртүрлі типтегі моносахаридтер болуы мүмкін гетерополисахаридтер. Гомополисахаридтер: крахмал, гликоген, целлюлоза, пектин. Гетерополисахаридтер: гиалурон қышқылы, хондроитин. Көмірсулардың кейбір қызметтері:
Бекіту тапсырмалары 1-тапсырма: Су байлықтарының табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын талдау «Мозайка» әдісі Мәтінмен жұмыс
2-тапсырма: Көмірсулардың құрылымын, қасиеті және қызметін кестеге толтырыңдар. Жеке жұмыс.Графикалық кесте әдісі
3-тапсырма: Тәжірибедегі шүмекті жіңішке ағынмен ағып тұрса 10 минутта канша және 24 сағатта (тәулік бойы) қанша су ағатынын есептеңдер. Тәжірибе жасау. Эксперимент тәсілі 30 мин. Жеке, жұптық жұмыс
4-тапсырма: Көмірсулардың тірі организмдегі рецепторлық құрылыстық метаболизмдік энергетикалық қызметтерді ажыратып айырмашылығын табыңыз Жеке жұмыс
5-тапсырма: «Сөйлемді аяқта» әдісі арқылы берілген сөйлемді толықтырыңдар. Жеке жұмыс
Молекуласындағы көміртек атомының санына байланысты моносахаридтер ...................................... деп аталады. ....................................... бұл көмірсулар өздерінің атауларына сәйкес гликозидтік байланыстар арқылы байланысқан екі немесе бірнеше моносахарид қалдықтарынан құралады. ........................... өте көп моносахарид қалдықтарынынан құралған жоғары молекулалы заттар. ................................................. жемістердің (алма, алмұрт, цитрустық) тамыр-жемістердің (қызылша, сәбіз) құрамында болады.
|
Жаңа материалды меңгеру үшін мұқият тыңдайды
Дескриптор:
Дескриптор: Көмірсулардың құрылымын атайды Көмірсулардың қасиетін талдайды Көмірсулардың қызметін бір-бірімен салыстырады.
Дескриптор: Суды үнемдеу тұжырымын тәжірибеде түсіндіреді Судың тіршіліктегі маңызын тұжырымдайды
Дескриптор: Көмірсулардың тірі организмдегі рецепторлық ажыратып айырмашылығын табады Көмірсулардың тірі организмдегі құрылыстық ажыратып айырмашылығын табады Көмірсулардың тірі организмдегі метаболизмдік ажыратып айырмашылығын табады Көмірсулардың тірі организмдегі энергетикалық қызметтерді ажыратып айырмашылығын табады
Дескриптор: -бос орынды керекті сөздермен толықтырады
|
Жаңа тақырыпты түсіндіреді |
|
||||||||||||||||||
Сабақ соңы |
Үй жұмысы: «Көмірсулардың адам өміріндегі маңызы» тақырыбына эссе жазу Рефлексия : «Білім кемесі» әдісі Жасыл түс: егер саған сабақ ұнаса, барлық тапсырма ұнаса; Сары түс:егер сабақта белгілі бір қиындыққа кезіксең; Қызыл түс:егер саған сабақ барысында тапсырма орындау қиын болса |
|
|
|