Жер ғаламшарының көрінісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жер ғаламшарының көрінісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән: жаратылыстану


Мектеп: Д.Сенбин атындағы орта мектебі


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Г.К.Байгараева

Сынып: 2


Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Жер ғаламшарының көрінісі


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;

1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;

1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау

1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау

Сабақ мақсаттары

Жердің шарға ұқсайтынын анықтай алады; шардың физикалық қасиетіне бақылау жүргізе алады;

жеке және топтық жұмыста өзінің сезімдерін жеткізе білуді әрі елестете алуды үйренеді.

Тілдік мақсаттар


  • Жер, шар.

Бағалау критерийі:

  • Ғарыштық денелерді атайды.

  • Ғарыштық денелерді сипаттайды.

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, өнер

Алдыңғы меңгерілген білім


Жер, ғарыш

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-2









2-5


I.Ұйымдастыру бөлімі

(Ұ) Балалар шеңберге жиналады. «Айна» тәсілін қолданамын. Шеңберде балалар өздерінің қай ғаламшарда өмір сүретіндіктері жайлы әңгімелейді.Оқу мақсатымен таныстыру.Жер ғаламшарының шарға ұқсайтынын білетін боласыңдар!(Күн, ай, жұлдыз топтарына бөлу)

ІІ. Сабақтың тақырыбын анықтау.

Ребус шешу

Жер туралы не бәлесіңдер?

ІІІ. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтады. Оқушылар бағалау критериіне тоқталады.

ІҮ. Өткенді қайталау.

«Ішкі,сыртқы шеңбер» Оқушылар өткен тақырыптар бойынша бірін-біріне сұрақтар қояды.

Таныстырылым

Сабақ ортасы

5-12



























12-20























21-35




Ү. Жаңа сабақ:

Жер туралы мәлімет.


Жер шамамен 4,5 млрд. жыл бұрын пайда болған. Жер дегеніміз Күн жүйесіне кіретін 8 планетаның бірі.Сегіз планетаның ішінде Жерде ғана тіршілік бар. Жер - қатты, сұйық заттармен газдардан тұратын алып шар. Жер Күнге жақын 3 – ші ғаламшар. Жер өз осін әрбір 23 сағ. 56 минутта, ал Күнді 365 күн 6 сағатта айналып шығады. Жер бетінің 3/4 бөлігін су, 1/4 бөлігін құрлық алып жатыр.

Глобус деп Жердің кішірейтілген моделін айтамыз.


«Мұны білу маңызды»...

Глобус(лат. globus–шар) – Жердің, Айдың, планеталардың және аспан сферасының контуры мен геометриялық пішіндік ұқсастығы сақталып, картографиялық әдіспен бейнеленген көлемдік модель. Мазмұны жағынан жалпы географиялық , саяси, тектоникалық , климаттық, т.б. болып бөлінеді.

Глобус — картографиялық бейнелер түсірілген, кескіндердің геометриялық ұқсастығы мен аудандардың арақатынастары сақталған Жердің, Айдың, планеталардың және аспан сферасының шар тәрізді үлгісі. Жер Глобусы тақырыбы (жалпы географиялық, саяси, тектоникалык, климаттық, тағы да басқалары), масштабы және арналу мақсаты бойынша бөлінеді. Ең көп қолданылатын Жер глобусы 1:30 млн — 1:80 млн масштабта болады. Көбінесе көрнекті құралдар ретінде қолданылады. Ең бірінші Глобусты неміс географы және саяхатшысы М. Бехайм жасаған (1492) деп саналады.


Балалар, біз қай елде тұрамыз?


Қазақстан Республикасында тұрамыз.


Глобустан Қазақстан Республикасын тауып бере аласыңдар ма?


Балалардың жауабы.

Топтарға тапсырма беріледі.

Берілген сөздердің ішінен Жер планетасын сипаттайтын сөздердің астын сызү

Жердің пішіні төртбұрыш тәріздес.

Жердің пішін үшбұрыш тәріздес.

Жердің пішін шар тәріздес.

Жер Күнді айналады.

Күн Жерді айналады.

Жердің серігі Күн.

Жердің серігі Ай.

Жерді кейде «Көгілдір планета» деп атайды.

Жерді кейде «Сары планета» деп атайды.


(Ұ,МК)Ойлан! Жақындап келе жатқан кемені ең алдымен кім көре алады: теңіз жағасында тұрған адам ба, әлде биік ағаштың басында отырған адам ба?(Оқушылар пікірін тыңдау)
Тәжірибенің соңында оқушыларға Жердің шар тәріздес екенін дәлелдеу үшін ғарыштан түсірілген фотосуретті көрсету. Өздігінен тұжырым жасауға ұмтылған балаларды мақтау.

Дәптермен жұмыс:

Жердің пішініне ұқсас затты белгілеу.

ҚБ жұмысын жасау.

Презентация,

шар, майлық, кеме, тәрелке, жануарлар, доп, глобус





https://www.youtube.com/watch?v=U54TJz6aaXI




















Сабақтың соңы

5 минут

  • Рефлексия

«Мен саған, сен маған» ойыны

Оқушылар екі шеңбңр құрып, бір-біріне қарама –қарсы тұрады. Бүгінгі сабақта қандай жаңалық ашқанын айтады.


Доп

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Топтық жұмыстағы тапсырмалар деңгейі

Мұғалімнің бақылауы, оқушылардың өзара бағалауы, өзін-өзі бағалау.


Денсаулық сақтау технологиялары.

Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері

Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.




Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.








































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.04.2018
505
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі