Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Жер ғаламшарының көрінісі "
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бөлім: |
Жер және ғарыш |
Педагогтің аты-жөні: |
Камиясова Г.С. |
Күні: |
17.02.2023 |
Сыныбы: 1 «Д» |
Қатысушылар саны: 20 Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Жер ғаламшарының көрінісі |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау. 1.1.1.1 Қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру |
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар үшін: Білім алушылар Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтай алады Көпшілік оқушылар үшін: Білім алушылар Жер ғаламшарының шарға ұқсайтынын біледі |
Құндылықтарға баулу: |
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту |
І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу Күннің суретін көрсету, оның не үшін қажет екенін сұрау. Күн бізге жарық, жылу береді екен олай болса бүнінгі сабағымызды жақсы көңіл күймен, жақсы тілек айтудан бастайық! Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі. |
|||
Жаңа сабаққа кіріспе |
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұсынады, ол сұрақтар планеталардың моделінде жасалған карточкалар арқылы жүзеге асырылады. . 1. Ғарыш әлемін зерттейтін орталық? 2. Аспан әлемін зерттейтін ғалым? 3. Аспан денелерін зерттеуге арналған құрал? 4. Ең суық ғаламшар? 5. Күнді неше ғаламшар айналады? 6. Жер күнді айнала ма, әлде күн жерді ме? 7. ғарышта дыбыс естіле ме? 8. жер серігі? Тақтада не пайда болды балалар? Ал біз қай планетада тұрамыз? Олай болса бүгінгі сабағымыз «Жер ғаламшарының көрінісі»
. |
Обсерватория Астроном Телескоп Уран 8 Күн жерді Жоқ, ауа жоқ Ай Күн жүйесі Жер |
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. |
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. |
Тапсырма 1 Пазлды құрастыр, құрастырғандағы шыққан сурет туралы не білесің? 1-топ: телескоп 2-топ: ғарышкер 3-топ: глобус |
Оқушылар пазлды құрастырып, суреттегі бейнеленген заттар туралы өз ойларын айтады. |
Дескриптор: пазлдарды дұрыс құрастырады, олар туралы мәлімет айтады. Оқушыларды ынталандыру мақсатында «мадақтау» арқылы бағалау |
Пазлдар |
|
Тапсырма 2 «Суретті боя» әдісі арқылы жүзеге асады. Мен сіздерге қазір әр түрлі суреттерімен постер беремін, сіздер осы суреттің ішіндегі бүгінгі сабаққа қатыстысын ғана бояп, не себепті екенін түсіндіріп өтесіздер. Сергіту сәті: «Көңілді күн» |
Берілген постерден тек қана сабаққа қатысты суреттерді бояп, себебін түсіндіреді. |
Дескриптор: Берілген суреттерді дұрыс табады, оларды бояйды. «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау |
Постер |
|
Тапсырма 3 «Ой толғаныс» әдісі арқылы «Шатасқан әріптер» ойыны Берілген әріптердің ішінен сөздер табу |
Ғарыш Жер Ғарышкер Глобус шар. |
Дескриптор: 1.берілген әріптерден сөздерді табады. Топтарды «Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалау |
Постер |
|
Тапсырма 4 «Сөзжұмбақ»
|
табиғат
Сатурн астроном суық шар |
Дескриптор: 1.берілген сұрақтарға дұрыс жауап береді Мадақтау арқылы бағалау |
Сөзжұмбақ |
Рефлексия 7 мин.
Қорытынды |
Ғарыш дегеніміз не? Ғарышқа не үшін ұшады? Жер не тәрізді? Жердің дәл үлгісін ата Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. Жер шарын аралау үшін тілек тілеп ұшақтарды ұшыру |
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
Арман тілектерін айтып ұшақтарын ұшырады. |
Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». бойынша бағаланады. |
Ракетаға стикерлер жабыстыру |