Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жер серіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырып өте қызықты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Мектеп: 137 орта мектебі

Күні: 25.12.2020

Машықкердің аты-жөні: Табынбайқызы Аяжан

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жер серіктері

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына

сілтеме)

8.1.3.1 мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;

8.2.2.1 публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

- мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды;

- публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

- мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжай отырып, өз пікірлерін білдіреді;

- публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды, тілдік құралдарды ажыратады;

Кейбір оқушылар орындай алады

- мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені өмірмен байланыстыра отырып дәлелдейді;

- публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды, дәлелдейді;

Бағалау критерийлері

мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды;

- публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды;

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

- мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжай алады;

- публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тани алады;

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Ғарыш, Ай, жер серіктері, жасанды жер серіктері

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жасанды жер серігі дегеніміз не?

  • Ғарыш обсерваториялары туралы не білесіңдер?

Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастық, Қазақстандық патриотизм, тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Пəнаралық байланыс

Тарих, әдебиет, өзін-өзі тану

Алдыңғы білім

Ғарышқа жол жерден басталады. Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжай алады; Публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тани алады;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


Тарау бойынша не білеміз? «Бір сөйлем» әдісі арқылы тарау бойынша мәліметтер айта отырып шеңберге жиналу.

Ширату: «Жылы лебіз» әдісімен жүргізіледі.

Ай, Күн, Жұлдыз сөздерін қатыстырып, көршісіне тілек айту.

«Тірек сөздер» әдісі арқылы топқа бөлемін.

Матасу: Елдің мақтанышы, Қазақстанның ғарышкері, Айдың беті, Жердің серігі, Ғарыш стансылары

Меңгеру: Жұлдыздарға қарау, Байқоңырмен мақтану, Айды зерттеу, ғарышты игеру, Ғарыш кемесімен ұшты

Қабысу: Тұңғыш ғарышкер, мөлдір ауа, жарқыраған жұлдыз, ең ірі ғарыш айлағы

Тақырыпты болжау

С. «Стоп-кадр» әдісімен Білімлэндтен «Ай-жер серігі» бейнеролигін көрсету арқылы жаңа тақырыпты болжатамын.

  • Бейнеролик не туралы?

  • Жер серігі деген не?

  • Ай неге жер серігі деп аталады?

  • Тағы қандай жер серіктерін білесіңдер?

  • Жер серіктері не үшін керек деп ойлайсыздар?

(Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушыларға хабарлаймын)

Білімлэнд бейнежазба

Сабақтың ортасы

(25 минут)

5 минут




































5 минут








7 минут






































5 минут

















3 минут













































Тыңдалым алды тапсырмасы

Суреттер арқылы тыңдалым мәтінін болжау

Тыңдалым тапсырмасы

Ж. Бейнеликтен мәтінді тыңдайды, тірек сөздер мен дәйексөздерді жазып алады.

ЖЖ. «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі арқылы жұпта талқылап бірін-бірі толықтырады, топпен бөліседі.

ТЖ. «Айтарым бар...» әдісі арқылы бір оқушы топтан тірек сөздер мен дәйексөздерді оқиды.

Дескриптор:

  • Бейнеролик бойынша тірек сөздер мен дәйексөздерді жазады;

ҚБ: жасыл, сары, қызыл түсті зымырандар арқылы жүргіземін.

Жасыл – өте жақсы жауапқа;

Сары – жақсы жауапқа;

Қызыл – орташа жауапқа беріледі.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

ТЖ. ПОПС» әдісі («4 сөйлем» әдісі) арқылы тыңдалым мәтінінде көтерілген мәселені болжайды

1-топ.

Байқоңыр – ғарышқа бастар жол

2-топ

Қазақстан – ғарышты игеруде әлемдегі озық мемлекеттер қатарында

3-топ.

Қазақстан – ғарыш кіндігі.

Дескриптор:

  • мәтіннен алынған тірек сөздер мен дәйексөздерді қолданады

  • тыңдалым мәтінінде көтерілген мәселені болжайды

ҚБ: жасыл, сары, қызыл түсті зымырандар арқылы жүргіземін.

Оқылым алды тапсырмасы

«Сұрақ-жауап» әдісі

  • Тыңдалым тапсырмасында берілген мәтінде қандай стиль қолданылды.

  • Публицистикалық стиль қайда қолданылады?

  • Мәтін жанры қандай деп ойлайсыңдар?

  • Қазақ тіліндегі стиль түрлері

Дескриптор:

  • Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді

ҚБ: жасыл, сары, қызыл түсті зымырандар арқылы жүргіземін

Оқылым тапсырмасы

Ж.

1. Мәтінді көз жүгіртіп оқу

2. Сканерлеп оқу

Мәтіннен тірек сөздер мен дәйексөздің астын сызып оқу

І топ

Ғарыштың кілті – ғылымда

Бүгінде ғарыш айлағына саусақпен санарлықтай елдер ғана ие. Халықаралық сарапшылардың дені «сол санаулы ғана елдердің ішінде Қазақ елінің мәртебесі биік, шоқтығы жоғары» деседі. Тіпті қайсыбір сарапшылар тарапынан «2020 жылға қарай Қазақстан ғарыштық державаға айналуы мүмкін» деген жорамалдар да айтылып қалады... Жалпы, ғарыш айлағы жөнінде сөз етер болсақ, әлемде француздық – Куру, бразилиялық - Алькантра, американдық Си-Лонч ғарыш айлақтары көшбасшы болып саналады. Отандық ғалымдар «солардың ішінде біздің «Байқоңырдың» беделі бәрінен асқақ» дейді.

Жалпы, ғалымдардың айтуынша, ғарыштағы белсенді үрдістердің физикасы, ғарыштану мен жұлдыздардың қозғалысы, ай мен ғаламшарлардың физикасы, спутниктерді бақылау және ақпараттық жүйелер қызметі бүгінде біздің елде біртіндеп дамып келеді. Осы мақсатта отандық ғалымдар АҚШ, Германия елдерімен тығыз байланыс орнатып, маман біліктілігін арттырып келеді. Соңғы кездері отандық ғалымдар ғарышта жиналған қоқыстардың ауқымын бақылайтын және оны зерттейтін қабілетке қол жеткізген. Институт ғалымдарының қазіргі таңдағы ең жоғары ғылыми жаңалықтары ретінде 42 сейферттік галактиканың ашылуын айтуға болады.

http://alashainasy.kz/economica/garyishtyin-klt--gyilyimda-21310/

Алаш айнасы.kz

ІІ топ

Астрономия

Астрономия грекше астрон-жұлдыз, ал номос – заң деген ұғымды білдіреді. Астрономия — ғарыштық денелердің құрылысы, дамуы, олар құрайтын ғарыштық жүйелер және тұтас Ғалам туралы ғылым. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерді немесе денелер жүйелерін, олардың құрылысын, пайда болуын және динамикасын, сондай-ақ, оларда болып жатқан құбылыстарды зерттейді. Аспан денелеріне жұлдыздар, планеталар, планеталардың серіктері, сондай-ақ кометалар, метеориттер жатады.

Астрономия - табиғат туралы көне ғылымдардың бірі. Оның дамуына ертедегі адамдардың тұрмыс тіршілігіне байланысты қажеттілік себеп болды. Ол кезде уақытты

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.01.2021
1125
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12