Ашық тәрбие сағаты 2 «Г» сыныбы 5.12.2016ж
Тәрбие сағатының тақырыбы: Жерұйықты аңсаған Асан қайғы
Мақсаты: Асан қайғы Сәбитұлының өмір жолын оқушыларға таныстырып, оның шығармалары туралы мәлімет беру арқылы оқушыларды Отанын сүюге , елжандылыққа тәрбиелеу. Асан қайғының жер жаннаты жерұйықты іздеуі жолында кездескен жерлердің байлығы жайында таныстыру. Тәуелсіздіктің 25 жылдығының маңызын түсінуге , тәуелсіздік жолында еңбек еткен , құрбан болған тарихи тұлғаларға құрмет көрсетуге үйрету.
Көрнекілігі: Слайдтар, бейне материалдан үзінділер
Барысы:
-
Кемал Нұрила :Асанқайғы Сәбитұлының шығармашылығынан дайындалаған көрме туралы мағлұмат беру
1-ж.Қайырлы күн халайық!
2-ж.Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар!
1-ж.«Жерұйықты аңсаған Асан қайғы» атты кешімізге қош келдіңіздер!
2-ж.Бүгінгі кешіміз бабалар рухын ардақтап,кейінгі ұрпаққа мол мұра қалдырған
1-ж.Қазақ халқының біртуар перзенті
2-ж.Мемлекет қайраткері
1-ж.Ақын, жырау, би, философ
Хормен: Асан қайғы Сәбитұлына арналады.
1-ж.Асан қайғы Сәбитұлының өмір сүрген тұсы Алтын орда және қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді.
2-ж. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады.
1-ж. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш.Уәлиханов, Г.П.Потанин, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М.Әуезов, тағы басқалар айналысты.
2-ж. Асан Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды.
1-ж. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» атанған Асан Қайғы «өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік-дерек береді»
2-ж. Асан Қайғы Сәбитұлы 14 ғасырда ғұмыр кешкен.
1-ж. Қазақтың данышпаны Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған "дала философы", осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін "қайғы" сөзі қосылып аңыздалып кеткен.
2-ж. Олай болса Асанқайғының есімі жайында дайындалған бейне материалға кезек берейік.
Видио : /Қасенханның Асанқайғы атануы/
/5оқушы/
Хормен: Аңыз адам Асанқайғы
1-оқушы
Ел қамын жеп, қайғы қасірет кешкен
2-оқушы
Ел басқаруда хандық үкіметті қалаған
3-оқушы
Елдің қорғаныс қабілетін қамдаған
4-оқушы
Желмаяға мініп, жер кезген данышпан
5-оқушы
Тәуелсіздік таңын аңсаған баба
Хормен: Аңыз адам Асан ата
1-ж. Асан қайғы сөзге шешен , өткір тілінің арқасында талай би,хандарды райынан қайтарып, төрелік сөз айтқаны белгілі
2-ж. Олай болса сөз патшасы Асан қайғының шешендік өнерінен үзінді тыңдап көрейік
1-оқушы. Жәнібек ханның ел басқарудағы әрекетін Асан би жақтырмай, оған былай деп сын айтады:
Қырында киік жайлаған,
Суында балық ойнаған,
Оймауыттай тоғай елінің,
Ойылдан елді көшірдің,
Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген,
Екі семіз қолға алып,
Ерлер жортып күн көрген.
Еділ деген қиянға,
Еңкейіп келдің тар жерге.
Мұнда кеңес қылмасаң,
Кеңестің түбі нараду...
Ақылды белден алдырдың,
Көңілді жаман қалдырың...
Нәлет біздің жүріске!
Еділ менен Жайықтың,
Бірін жазға жайласаң,
Бірін қысқа қыстасаң,
Ал, қолыңды маларсың,
2-оқушы. Бір жазда Әбілқайыр ханның тұңғыш ұлы қайтыс болып, ас береді. Бұл асты басқару еншісі Асан қайғыға беріледі.
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады, -
деп бастаған екен .
3-оқушы. Халық арасынан енді біреулер"Қалай еткенде елге әділдік орнайды?" дегенде ол:
Әділдіктің белгісі,
Біле тұра бұрмаса.
Ақылдының белгісі,
Өткен істі қумаса.
Жамандардың белгісі,
Жауға қарсы тұрмаса;
Залымдардың белгісі,
Бейбіттің малын ұрласа.
Надандардың белгісі,
Білгеннің тілін алмаса.
Шамаңша шалқып көре бер,
Қабірге әзір қоймаса.
Артыңда қалар атақ жоқ,
Тіріде данқың болмаса,-
деп термелепті.
4-оқушы. Енді бірі "Не жетіспейді, не ғаріп?" деп сұрапты.
Сонда қарт абыз:
Бұ заманда не ғаріп?
Ақ қал алы боз ғаріп.
Жақсыларға айтпаған,
Асыл шырын сөз ғаріп.
Замандасы болмаса,
Қария болар шын ғаріп.
Қаз, үйрегі болмаса,
Айдын шалқар көл ғаріп.
Ата жұрты бұқара
Өз қолында болмаса,
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғаріп.
Ғалымды хатим еткендер,
Мақсатына жеткендер,
Жас кәрілер отырып,
Алдынан сабақ алмаса,
Қарамаса жүзіне,
Ғалым да болса ол ғаріп, -
1-ж. Иә, бар өмірін елінің қамы үшін күресуге арнаған
2-ж. Шешендік сөздері арқылы шындықты шарықтатқан
1-ж .Ол әрине Асан қайғы болатын.
2-ж. Оның ойынша жер үстінде адамзат тіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ бар, оның аты - "Жерұйық". Бұл елді жау алмайтын, малға жұт келмейтін, шөбі шүйгін, суы мол қоныс. Онда жұрттың бәрі тең, бәрі де шат-шадыман тіршілік кешеді, ел ал асы, ру таласы жоқ. Малға жай, елге ырыс осындай мекен барын ғайыптан болжап білген, Асанкайғы енді сол жерді іздеп табу үшін желмаяға мініп, төңіректің төрт бұрышын кезеді. Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге, халыққа пайдалы жағын есептеп, тиісті бағасын беріп отырады".
Ертісті көргенде: "Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен", - депті.
Түндікті өзенін көргенде: "Он екі қазылық Ой Түндік, маңырап жатқан қой Түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен", - деп тастап кетуге қимай, артына үш қараған екен. Сонан "Үш кара" атанған екен таудың аты.
Баянауыл тауын көргенде: "Ат ерін алмайтын жер екен. Бауырында тұзы бар, ол тұзы ауыр екен; бір түн түнеп кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы жібермейді екен", - депті.
Қаратауды көргенде: "Көкектен басқа құсы жоқ, көкпектен басқа шөбі жоқ, жер азғыны мұнда екен", - депті.
Есіл өзенін көргенде: "Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен", - депті.
Торғай өзенің көргенде: "Ағар суы бал татыған, ақ шабағы май татыған жер екен", - депті.
- Ерейментауына қарап тұрып "Қыс болса жылқы тұрмас, жылқы тұрса ішінде кұлын тұрмас... панасы жоқ сары дала сықылды тау екен" дейді.
Шу өзенін көргенде: "Ей, Шу, атыңды теріс койыпты... мынау ну қамысың еліңді жұтқа бермес" депті.
Сыр бойын көргенде: "Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен, Қаратауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен", - депті.
1-ж.Сөйтіп, Асан туралы аңыз "шұрайлы қоныс, нұрлы өлке - Жерұйықты таба алмапты" дейді. Ол туған жерін аттап кетпейді. Жиделібайсынды бөтен елден іздемейді, қазақ топырағынан іздейді.
2-ж. Аңыз Қаһарманы болған Асан қайғының жерленген жері туралы дайындалған бейне сюжетке кезек берейік
1-ж
Елім деп соққан жүрегі
Дара туған ұл едің
Жер қадірін білетін
Ұлы дала перзенті
2-ж.
Асан қайғы бабамыз
Мәнгі есімін ардақтап
Ұмытпайды ел сені
Жерұйық деп аңсаған
Арманы еді бүгінгі
Тәуелсіз ел Қазақстан!
1-ж -Асан қайғының арманы -елінің Тәуелсіздік алғанына да биыл 25 жыл толып отыр.
2-ж - Осы мерейтой қарсаңында сынып оқушыларының тартуына кезек берейік:
Бірге: Тәуелсіз ел
Қазақстан
1.Ғасырларға жеткен бүгін жыр
үні
Тәуелсіздік ұлылықтың ұлығы
2.Шаңырағы биік болып
қазақтың
Қисаймасын берік болсын уығы.
3. Тәуелсіздік бас арманы болған екен,
Атамыз бен бабамыздың сол етеден
4.Арманына жету үшін күрескені
Тарихта шежіре боп қалған екен.
5. Қазағымның рухы сол заманда сынға түскен,
Жаулары сырттай оны сынап жүрген.
Осы күнге жеткен ұрпақ
еңселі
Құтты болсын тәуелсіздік
мерекең!
1-ж. Ел қамын ойлаған Асан қайғының ізбасары біздің алғашқы Президентіміз Нұрсұлтандай елбасымыз қазіргі таңда тәуелсіздіктің берік туын ұстап отыр.
Хор: Нұраға
1-ж.Құрметті қонақтар! Біздің Аты аңызға айналған Асан қайғы бабамыз жайында зерттеуіміз өз жалғасын таппақ.
Олай болса бүгінгі кешіміздің қонғы мектеп-лицей әкімшілігіне сөз кезегі беріледі.
2-ж. Бүгінгі дайындаған «Жерұйықты аңсаған Асан қайғы» атты кешіміз өз мәресіне жетті.
Хош сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ЖЕР ҰЙЫҚТЫ АҢСАҒАН АСАНҚАЙҒЫ

шағым қалдыра аласыз