Жердің ауа қабаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жердің ауа қабаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Жердегі ауаның қабаты және негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау;
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп: Ш.Уалиханов атындағы мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :Аханова Бибигул

Сынып: 2

Пән: Жаратылыстану

Қатысқандар:

Қатыспағандарсаны:


Сабақ тақырыбы


2-бөлімЖануарлар



Жердің ауа қабаты



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.2.3.4 Жердегі ауаның қабаты және негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау;

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Оқушыларға ауаның құрамы және қасиеттері туралы білім қалыптастыру.

Оқушылардың басым бөлігі: Олардың ойлау дағдысын қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Күтілетін нәтиже

 Оқушыларға жалпы табиғаттың адам үшін маңызы шексіз екенін түсіндіру және жаратылыстанушы ғалымдармен таныстыру

Бағалау критерилері

Ауа туралы түсініктерін қалыптастырады.

Табиғат пен адам үшін ауа қандай рөл атқаратынын зерттейді

Тілдік мақсат

Оқушылар «жер», «ауа, «табиғаттың маңыздылығы қатыстыра отырып, сөйлемдер құрайды.





Құндылықтарды дарыту

Сымбатты болып өсуінің маңыздылығы жайлы айта келе салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Алдыңғы меңгерілген білім


Мөлдір денелер және материалдар


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстарқағаз, желім, фломастер

Сабақтың басы


. Ұйымдастыру кезеңі.


Қызығушылықты ояту.

«Көрінбейтін сиқыршы »


Бар ма жоқ па оны анық білмейсің.

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

(ауа)




Сабақ ортасы



Ауа туралы не білесіңдер?

Ол туралы не білгілерің келеді?

Ауа көзге көрінбейді. Біз оны көрмейміз. Бірақ айналамызда екенін білеміз. Біз сабын көпіршіктерін ұшырғанда немесе желпуішті желпігенде ауаның қозғалысын байқай аламыз. Ауа - физикалық дене. Балалар, жердің айналасын ауа қабаты қоршап тұр. Бос кеңістіктің бәрінде ауа толып тұрады. Ауа көзге көрінбейді, оны сезім мүшесімен ғана білеміз. Жел – ауаның қозғалысы. Біздің ғаламшарымызды қоршап тұрған ауа қабатын атмосфера деп атайды.

Атмосфера – бұл жүздеген километрге созылған алып ауа қабаты. Атмосфераның қалыңдығы ғаламшардың әр жерінде әртүрлі. Атмосфера жер шарын зиянды күн сәулелерінен қорғайды.

Ауаның құрамы мен оның қасиеттерін алғаш Джозеф Пристли мен Антуан Лавуазьн зерттеді.

Ауаның құрамы мен қасиеттері.


Тақтаға «Ауаның құрамы» деген кесте ілінеді.

Көмірқышқыл газы 1%

Оттегі 21%


Азот 78%


Ғалымдар ауаның көптеген газдардан тұратынын осыдан екі ғасыр бұрын ғана білді.

Ауа – көптеген газдардың қоспасы, оның құрамында азот – 78%, көмірқышқыл газы - 1%, оттегі – 21%.

Жардың ар жағындағы көрші сыныпты көре аламыз ба?

- Ал сыныптағы заттарды көре аламыз ба?

- Иә.

- Бұл ауаның қандай қасиетін көрсетеді?

- Ауа мөлдір. Бұған айналамыздағы заттарды көзге көре алатынымыз дәлел. Таза ауаның иісі жоқ. Ауа иіссіз. Ауа серпімді, сығылады. Допты алайық. Оны қолыммен қысамыз. Бүйірі қабысады. Бұл кезде ішіндегі ауа сығылады. Қолымызды жіберсем, серпіліп қайта орнына келеді. Серпіліп тұрған - ауа.

«Ауаның қасиеттері» деген кестемен жұмыс.

Негізгі сөз

Ауаның қасиеттері

Ауа

Мөлдір, түссіз, салмағы жоқ, иісі жоқ, жылы, суық, қыздырғанда кеңейеді, суықтан сығылады.


1.Пікірталас.

-Ауа таза болу керек пе?

-Адам ауаны неге ластамау керек? Осы пікірді қалай түсінесіңдер?


2.Рөлдік ойын.

Әр топ мүшелері өздері үшін ауаның маңызын түсіндірулері керек.

1-топ адамдардың атынан сөйлейді.

2-топ экологтардың атынан сөйлейді.

3-топ жануарлар атынан сөйлейді.


сазды аспаптар;

«Адамныңдене мүшелері» бейнекөрінісі;


Сабақтың соңы




Оқушыларды сөйлету.

Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрі адамның іс-әрекетіне тәуелді. Сондықтан ауаны қорғау керектігін түсіндіру.

Топпен жұмыс.

«Ауаны қорғаңдар!» тақырыбында сурет салу.

«Кез келген бала, ересек адамауаны таза қалпында сақтау үшін не істейді?» деген басты ойды дәлелдеу.



Қорытынды.

-Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?

-Сендер үшін не маңызды болды?

-Сабақтың басында айтылған мақсатымызға жеттік пе?

- Дене мүшелерінің барлығы сау болу үшін не істеуіміз қажет деп ойлайсыңдар?

(ҚБ)Бүгінгі сабаққа барлығымыз жақсы қатыстық. Бас бармақ арқылы озімізді бағалайық.

Рефлексия: Балалар алған білімдері бойынша өздерін өздері бағалайды. Бағалаудың үш сатысына стикерлер жапсырады.

1.Барлық дене мүшелерін атай аламын және олардың атқаратын қызметін білемін дегендер жетістік баспалдағының ең жоғарғы бөлігін таңдайды

2. Атауларын білемін, бірақ кейбір дене мүшелерінің қызметін білмеймін дегендер одан төменгі бөлігін таңдайды.

3. Білемін, бірақ шатастырамын дегендер төменгі бөлігін таңдайды.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2018
813
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі