Материалдар / "Жергілікті жерде қара сабын жасау әдісі және оның пайдасы" тақырыбындағы шығармашылық жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жергілікті жерде қара сабын жасау әдісі және оның пайдасы" тақырыбындағы шығармашылық жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жергілікті жерде қара сабын жасау әдісі және оның пайдасы" тақырыбындағы шығармашылық жұмыстың негізгі мақсаты жергілікті қазақ халқының ескі қара сабын жасау әдісін жаңғырту, оның пайдалы жағын зерттеу және қолдан қара сабын жасау болды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2022
815
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


КММ «Өкпеті» орта мектебі









Секциясы: валеология, экология

Тақырыбы:

Жергілікті жерде қара сабын жасау әдісі және оның пайдасы











Жоба авторы: Асқарқызы Гүлайым

Тарбағатай ауданы «Өкпеті» орта мектебі КММ

5-сынып оқушысы



Жоба жетекшісі: Искакова Толеухан

Тарбағатай ауданы «Өкпеті» орта мектебі КММ

жоғарғы санатты химия пәні мұғалімі



ғылыми жетекшісі: Сатиева Калия Рамазановна

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы

мемлекеттік университеттің

«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар»

факультетінің профессор м.а.

биология ғылымдарының доценті, аграрлық

бөлімнің аға оқытушысы







МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе

1.1. Сабынның шығу тарихы..........................................................................3

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Қазақтың қара сабыны.............................................................................4

2.2. Сабын алуда қолданылатын өсімдіктер....................................................5

2.3. Жергілікті Үштөбе ауылында қара сабын алу әдісі...................................7

2.4. Қара сабынның емдік қасиеті....................................................................8

ІІІ. Қорытынды..............................................................................................10

ІҮ. Қолданылған әдебиеттер.............................................................................11











































Мақсаты: Ұлтымыздың жергілікті жердегі сабын жасау дәстүрін жаңғыртып, күнделікті тұрмыста қолдану. Қазақ халқының ерте заманнан қолдан жасап, тұрмыста қолданған сабынның жасалу тәсілін меңгеру, оның емдік қасиетін, пайдасын анықтау. Сақардан қара сабын дайындау.

Міндеттері:

1.Сабын алатын өсімдіктерді танып біліп, кеппешөптер жасау.

2.Сабын жасау процесін үйрену, меңгеру.

3.Тәжірибе арқылы табиғи өнімнен сабын жасау.

Зерттеу болжамы: егер тұрғындар қара сабынның пайдасы мен емдік қасиетін білетін болса, оны қолдан жасай алады, себебі, практика жүзінде оның пайдасын біледі, экологиялық таза өнімді пайдалануға мүмкіндіктері болады.

Тақырып өзектілігі:

2015 жылғы мамырдағы Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» -ның

87-қадамында: Азаматтық біртектілікті нығайтудың «МЕНІҢ ЕЛІМ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, оның аясында технологиялық жобалар серияларын іске асыру қарастырылатын болады. Соның бірі – «ҚАЗАҚСТАН ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ» КЕҢ КӨЛЕМДІ ИНТЕРНЕТ ЖОБАСЫН ҚҰРУ. МҰНДАҒЫ БАСТЫ МАҚСАТ – ӘРБІР АЗАМАТҚА ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТУРИСКЕ ЕЛ ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛУГЕ КӨМЕКТЕСУ”- деп көрсетілген. Осы себеппен мен жергілікті жерде кезігетін қара сабын жасауға қолданылатын өсімдіктерді анықтап, сабын жасау жолдарын қарастырып, сондай-ақ жергілікті жердегі қара сабынды жасау туралы деректер жинақтап, оны “Қазақстан энциклопедиясы” интернет жобасына ұсынуды мақсат етіп қойдым.

Зерттеу нысаны: қара сабын

Зерттеу пәні: алабота өсімдігінен қара сабын жасау

Зерттеуде қолданылған әдіс-тәсілдер: бақылау, сұқбат, тәжірибе, бейнебаян түсіру, ақпарат жинау, танысу, жоспарлау, талдау, салыстыру, іздену.

Зерттеу жаңашылдығы: Сабын жасау дәстүрін зерттеу жұмысы арқылы жаңғыртып, жетілдіру.

Зерттеудің практикалық құндылығы: Ізденіс жұмыстарының нәтижесінде:

  • өсімдіктердің бағалы қасиеттерін оның табиғаттағы, адам өміріндегі алатын орның анықтап, табиғатты аялай білудің маңызын түсіну.

  • алаботаның тек арамшөп ретінде ғана емес, оның адам өміріндегі маңызды қасиеттерін жан-жақты түсіну.

  • алған білімді күнделікті тұрмыста, өмір тәжірибесінде пайдалана білу.









І КІРІСПЕ

1.1. Сабынның шығу тарихы

Сабын – тілімізге арабтың «сабун» деген сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе қоймалжың сұйық зат. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабын өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқанын археолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Сабынның адам баласына ертеден белгілі екендігі туралы Рим дәрігері Гален шығармаларында жазылған. Оны көп мөлшерде өндіру ХІХ ғасырда сода тәсілі табылғаннан кейін жедел өркендеді. Орта ғасырларда сабын өндіру жөнінен Марсель портты қаласының аты шықты. Ресейде сабын І Петр дәуірінде пайда болып, ХІХ ғасырдың ортасына дейін ақсүйектерге ғана белгілі болды. Қазақ арасында сабын сөзі одан әлдеқайда ертерек пайда болғанын мына мысалдардан аңғаруға болады. Мәселен, Бұқар жырау (1668-1791 жж) өлеңдерінде мынандай жолдар бар екен: Қара қойдың терісін,

Сабындап жусаң ағармас…

Одан кейінірек Шал ақын Құлекеұлы (1748-1818 жж) былай депті:

Сабының сақар болды дені келін,

Көрмедің шыбын құрлы мені келін

Сабын — жоғары май қышқылдарының тұздары. Тарихта сабын туралы мәліметтер ерте кезден белгілі. Мысалы, римдіктердің сабын қайнатқаны туралы дәрігер Галеннің шығармаларында жазылған. Әбу Әли ибн Сина өз қолжазбаларында шығыс елдерінде сабын қолданылғаны және Византияда сабын жасалғандығы туралы мәлімет берген. Ал скифтердің жуғыш заттар қолданғандығы туралы Геродот жазған. 9 — 10 ғасырларда Орта Азияның Асбара (Исфара), БахиТермез қалаларында сабын сатылып, моншалар салынған. Сабынды көп мөлшерде өндіру 19 ғасырда сода алу әдісі ашылған соң өркендей бастады. Сабын — кристалл қатты заттар, 220 — 270°C-та балқиды; ыстық суда, органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Судағы ерітінділерінің беттік актив заттар ретінде жуғыш қасиеті бар, себебі сабын әлсіз қышқыл және күшті негіздің тұзы болғандықтан гидролизге ұшырайды. Қарапайым сабын — карбон қышқылдарының тұздары. Оларды  глицерин мен әр түрлі май қышқылдарының эфирлері болып саналатын табиғи майлардан (өсімдік, жануар, балық майлары) алады. Қазақтар жануар майын алабұта, балаты қурайы, сексеуіл шырпысы немесе басқа өсімдік күлімен (сақар) араластырып, қайнату арқылы қолдан сабын жасаған. Өнеркәсіптік жолмен сабын алу үшін көптеген шикізаттар (өсімдік майы, жануар майы, KOH, сода, NaOH, сақарконифольнафтен,т.б.)қолданылады.Майдың гидролизінен алынған ерітінді қатайғанда, глицерині бар сабын түзіледі. Оған ас тұзын қосқанда қатты сабын алынады. [1]



3

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Қазақтың қара сабыны

Бағзы халқымыз көшіп - қонып, жаз жайлау, қыс қыстауда күнелтіп жүріп, өзінің кір - қоңын, киім - кешегін, көрпе - жастығын мұнтаздай таза ұстаған. Даласы қалай таза болса, үй - іші де сондай ретті, оюлы сырмағы қағулы, түскиіз, шымылдығы жуулы тұратын. Әсіресе, халық өзі қолдан жасайтын қара сабыны кірді кетіруімен, емдік қасиетімен, үнемділігімен ерекше. Бүгіндері ұмыт болып бара жатқан бұл сабынды жасаудың өзі оңай шаруа емес. Бұрынғы апаларымыз күз келсе болды, алаботаны өртеп, неғұрлым көбірек сақар жинауға ұмтылатын. Себебі, алған сақары бір жыл бойы сабын жасауға жетуі керек. Сақар – сабын құрамының негізгі қоспасы. Сақар алу барысы бір күннің шаруасы емес. Бір қазанмен үш - төрт күн қатарынан нілді суды қайнатып, үлкен бір әулеттің бір жылдық сабынына қажетті қоспаны даярлайтын болған. Мұны үш - төрт түтін бірігіп, бірге алабота өртеп, күлдің нілін ағызып, одан сақар жасаған. Есесіне, үш - төрт жерошаққа қара қазан асып, сақарды да көбірек алуға тырысады. Сақардың сабын жасаудан бөлек, өзіндік емдік істерге қолдануға тұрарлық қасиеттері де жетерлік. Соның бірі – әртүрлі ауруға шалдыққан малдарды емдеуге жарамдылығы. Әсіресе, бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын осы сақармен емдеп, тұяқтарын сақарлы суға малып, жазып алған. Мен қара қазанда қайнаған сабынға қажетті ең негізгі қоспаны алу және сабынды қалай жасауға болатынына тоқталсам деймін. Ауыл - аймақта сабын жасау үрдісі үш - төрт ақ жаулықты аналарымызға ғана бұйырған. Өйткені, сабынды көрінген адам қайната алмайды. Мұнда халқымыздың түсінігінше, сабыны дұрыс қайнамаса, тасып - төгіліп кетсе, дұрыс жасалынбаса, сабын қайнатқан адамның жолы ауыр болады деп пайымдаған. Жақсылыққа жорымаған. Мұндай кезде сабын жасайтын адам қазан маңына бөгде кісіні жолатпаған. Көбінесе, оңаша, қалтарыс жерде қасындағы от жағып, ошақтың күлін төгіп, қолғабыс ететін адамнан басқаларға қазанға қарауға рұқсат бермейді. Бұл – ырым. Оны бұлжытпай орындау өте маңызды.

Бұзаушық 

Сабын жасаған күн отбасы үшін үлкен мереке сынды. Бұл өзі михнаты көп жұмыс болғандықтан, әрі кім көрінген жасай бермейтіндіктен, ауыл жұртшылығы кім сабын жасаса соған сәлем айта келіп, сабын қалап – сұрайтын болған. Қазандағы сабынды үлкен шүберектерге әртүрлі деңгейде ораған соң, қазанның түбінде қалған азырақ бөлігін кішкентай ғып, әдемілеп домалақтап, балаларға сақтайды. Мұны бұзаушық деп атайды. Бұзаушық баланы шомылдырғанда істетіледі. Мынау сенің бұзаушығың деп, қыз балаларға меншіктеп беретін де дәстүр болған. Кейде көрші - қолаңның келіндері қасына жас баласын ертіп келетіндіктен, баласына арнайы бұзаушық жасап та беретін болған. Ауыл - аймақ сабын сұрап келсе, өзінен артылғанын беру- дағдылы іс. Бірақ үлкен сабынды ортасынан бөліп, жартысын беру дәстүрі жоқ.

4

Ондай кезде сабыннан берекет, үйден құт кетеді деп ырымдайды.[2]

2.2. Сабын алуда қолданылатын өсімдіктер

Алабота тұқымдасына бүкіл жер шарына тараған бір жылдық немесе көп жылдық сортаң топыраққа төзімді өсімдіктер жатады. Сабақтарының түрлеріне қарай ағаш (сексеуіл); бұта (баялыш); жартылай бұта(изен, итсигек); шөптесін (алабота) болып бөлінеді. .[2]

Қ азақстанда бұлардың 47 туысы, 218 түрі бар. Бұлардың көпшілігінің сабағы бұтақты болып келеді, жапырақтары кезектесіп, немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері түссіз, ұсақ гүлшоғырына жиналып, масақ құрайды. Жемісі – жаңғақша. Тұқымының сақиналы немесе оралма ұрығы болады. Алабота – бір үйлі, дара жынысты гүлді өсімдік. Көріксіз майда гүлдері шоқ-шоқ болып топтанып масақ тәрізді гүл шоғырын құрайды. .[4]

Гүлсерігі – бес тармақты, жеміс қабы- үлпекті. Аталығы – 5, аналығы – 1. Тұқымы тығыз қабықты бозғылт, қара түсті, жылтыр болып келеді. Бозғылт тұқымдары ерте, түсі қарасы кеш піседі. Алабота – бұл кәдімгі арамшөп, жол жегінде, егістіктерде кездеседі. Алабота тік сабақты, жапырақтары өте жиі тармақталған сабаққа кезектесіп, кейбіреулерінде қарама-қарсы орналасады, жапырақтарының пішіні әр түрлі, Жапырақ бетінде ақшыл дақтары болады. Оны халық медицинасында және бояу дайындауда пайдаланады.

Алабота тағамдық өсімдік ретінде ертеден бері белгілі. XIX ғ. дейін оны бақтарда дақылдармен бірге өсірген. Ежелгі грек дәрігері Гален алабота өзге тағамдардай-ақ тойымдылық беретінін айтқан. Содан кейін алаботада көп мөлшерде протеин бар екені анықталды. Алаботаның иісі, дәмі жоқ, бұл оны басқа өнімдермен қосып дайындауға таптырмас құрамдас бөлік екенін көрсетеді. Бауырды қуаттандырып, көзді нұрландырады. Сабын жасайды, жер тыңайтады, маңызды мал шаруашылық қоректік шөбі.[2]

Ғылыми көпшілік әдебиеттермен жұмыс істеу барысында алаботаның арамшөп ретінде зиянынан гөрі адам өмірінде емдік, азықтық қасиеті басым екенін анықтадым.

1. Қышыма ауруына

1 л суға 40-60 г ұнтақталған алаботаны 10-15 минут бұқтырып, бөлме температурасында суытып, сүзіп алып, қотырды жуады.

2. Алаботаның асқазан, шек, өт жолдары қызметінің бұзылуына, үлкен дәретті дұрыс жүргізуге пайдалы емдік қасиеттері бар. Үлкен дәреттің дұрыс жүрмеуінің басты себебі - өт пен бауырдың, ұйқы безі қызметінің бұзылуы. Асқазан, ішек қуысы, әсіресе үлкен дәрет жүрмей қалған да балалардың мешел ауруына, зәр, өт жүрмей қалғанда мынадай қайнатпаны пайдаланады: 4 ас қасық кептіріліп, жанышталған алаботаны 1 стакан қайнаған суға 10 минут бұқтырып, бөлме температурасында суытып, сүзіп алып, бір стаканнан аш қарынға күніне 3 рет ішеді.

5

3. Жас өспірімдердің тік ішегіндегі паразит құрттарды (аскарида) түсіру үшін алаботаның 1- 2,5 грамын 1 стакан суға бұқтырып, аш қарынға тамақ ішуден 1 сағат бұрын 2 ас қасықтан күніне 3 рет ішкізеді. Бұл емді ежелгі грек дәрігері Гиппократтың өзі ұсынған.

4. Халықтық медицинада жас алаботаны жаныштап, сөлі шыққан соң денеге шыққан сыздауық пен шиқанның ауызына тартса, ішіндегі ірің мен соқтасын тартып алады дейді. Бұдан жас алаботаның құрамындағы қосылыстардың ерігіштік, сорғыштық қасиетінің бар екені бар екені туралы қорытынды жасадым.

5. Бұрыңғы кезде, әсіресе, соғыс уақытында халқымыз алаботаны нан пісіргенде пайдаланған. Пісіп жетілген жемісін сүтке араластырып, дәмді, жұғымды ботқа дайындаған. Ерте кезде рауғашты қосып, көже және жұмыртқамен қосып қуырып, өте дәмді ас дайындаған.[3]

Жусан (лат. Artemisia) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер тегі, көбіне шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Же

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!