Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жеті санының қасиеті
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы Жас ауылы
Жас негізгі орта мектебі
Жоба тақырыбы:
Жеті санының қасиеті
Бағыты: математика
/бастауыш сынып/
2-сынып
Жобаны дайындаған: Cалауат Иса Мұхитұлы
Жетекшісі: Хайруллина Римма Бакытовна
2024-2025 оқу жылы
Мазмұны
-
Кіріспе………………………………………………………………………6
-
Негізгі бөлім………………………………………………………………..8
2.1. 7 саны қасиетті сан………………………………………………………8
2.2. 7 санына байланыс және ұлттық аспаптары…………………………...11
3. Қорытынды…………………………………………………………………13
4 .Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………..14
Аңдатпа
Бұл жоба қазақ халқының бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап ,өзіне тән ерекшелігін саралай білген,орнына,маңызына сай қолданған.Әр санда өзіндік кие болатынын,мақсаты мен мағынасы болатынын сезе,түйсіне білген.Әр санның өзіндік қасиеті шариғатқа қатысты,тәрбиелік мәні,саналы орны болған.
Ұлы ғұлама,әлемнің екінші ұстазы Әбу-Насыр Әл-Фараби бұдан мың жылдан аса уақыт бұрын«адамға ең бірінші білім емес,тәрбие керек.
Тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы»,-деген қағидасын ұстанамын.
Ал Пифагор болса «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен.Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену-сенбеу әркімнің өз еркінде.Басқа ғалымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін.Дейтұрғанмен,әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз иеленетін жоққа шығара алмаспыз.
Математика өмірді сан арқылы бейнелейді.Тіршілік ете бастаған алғашқы кезеңде адам баласы жазу-сызудың бұрын-ақ санауды үйренгені хақ.
Сен сандарды жалықтыратын нәрсе деп ойлайсың ба?Тағы да ойланып көр.Адамдар қалай санай бастаған?Адамдар санай бастаған кезде,сірә,санау үшін қол саусақтарың пайдаланған болар.Барлық адамдарда он саусақтан болғандықтан,ондықтармен санау ыңғайлы болған.
Біздің қазіргі заманда санаудағы ондық жүйесі осылай туындаған.Адамзат баласы сандардың атауын ойлап тапқанға дейін саусақтар есептеудің ең қолайлы тәсілін табуға көмектескен. Сен бірдеңе санау кезіңде саусақтарынды пайдалансаң,ешқашан да жаңылыспайсың.Саусақтарыңа қарап-ақ,сандарды атамастан оларды көз алдыңа елестете аласың.Саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне замандардан бері бар.Тіпті қазір де біз “cан”сөзін пайланамыз.Ол “саусақ”деген ұғымды білдіреді.Міне біздің зерттеу тақырымызға арқау болып отырған да осы сандар арасындағы 7 саны және оның қасиеті.
Қазақ халқы тілге бай.Әр сөзін талдай білген,әр сөзіне мән берген халық.
Қазақ үшін әр сөздің ғана емес,әр санның өзіңдік қасиеті,шариғатқа қатысты,тәрбиелік мәні,саналы орны болған.Расында қазақ бір санынан бастап,әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап,өзіне тән ерекшелігін саралай білген,орнына,маңызына сай қолданған.Әр санда өзіндік ие болаынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе,түйсіне білген.
Аннотация
В этом проекте казахский народ изначально взвешивал значение и качества каждого числа, выделял свои особенности и использовал их по месту и значению. Они чувствовали, что каждое число имеет свое предназначение и значение, имеет осознанное значение. место. Великий учёный, второй учитель мира Абу-Насир аль-Фараби ещё более тысячи лет назад сказал: «Первое, что нужно человеку, — это образование, а не воспитание». Я придерживаюсь принципа, что образование, данное без образования, является злейшим врагом человечества. А Пифагор говорил, что «Каждое число имеет свою уникальность». Верить или нет в эти выводы учёных — дело каждого. Другие учёные и религиозные принципы могут не соответствовать предположениям. Однако мы не можем отрицать, что каждое число. имеет определенное значение в жизни человека. Математика представляет жизнь через числа. Это правда, что на первом этапе жизни люди научились считать, прежде чем писать и рисовать. Вы думаете, что цифры — это скучно? Подумайте еще раз. Как люди начали считать? Когда люди начали считать, они, вероятно, использовали для счета пальцы. Поскольку у всех людей десять пальцев, было удобно считать десятками. Так родилась десятичная система счета в наше современное время. До того, как человечество изобрело названия чисел, пальцы помогали найти наиболее подходящий способ счета. Если вы будете считать что-то пальцами, вы никогда не ошибетесь. Вы можете посмотреть на свои пальцы и представить их, не называя их. Связь между пальцами и числами существует с древних времен. Именно понятие «палец». Вот число 7 среди этих чисел и его свойств составляет основу темы нашего исследования. Казахский народ богат языком. Люди умеют анализировать каждое слово и обращать внимание на каждое слово. Для казаха не только каждое слово, но и каждое число имело свои особенности, связанные с шариатом, воспитательным значением, сознательным местом. Фактически, казахи, начиная с одного числа, взвешивали значение и качества каждого числа, выделяли свои особенности. и использовал его согласно его месту и значению. Он знал, что у него будет цель и значение.
Or sanda ozіndіk ky bolatinynn, maksaty men magynasy bolatinyn sez, tuysіne bilgen.Әr sannyn ozіndіk kasiyeti sharigatka katysty,tarbielik mani,sanaly orna bolgan.
Uly gulama, alemnің екінші ұstazy Әbu-Nasyr Әl-Farabi budan we zhyldan asa uaqyt buryn «adamga yen birіnshі bilіm emes, tәrbiye kerek.
Tarbiesiz Bergen bilim adamzattyn kas zhauy,”-degen kaqidasyn ustanamyn.
Al Pythagoras bolsa “Or san ozіndik erekshelikke iye” degen eken.Galymdaryn bul tuzhyrymdaryna senu-senbeu arkimnіn oz erkinde.Baska galymdar men din kagidalaryn yes Bolzhamdarga sai kele bermeuі mүmkіn.
Mathematics omіrdі san arkyly beineleidі.Tirshіlіk ete bastagan alғashқky kezende adam balasy zhazu-syzudyn buryn-ak sanaudy үyrengenі hak.
Sen sandardy zhalyktyratyn nәrse dep oylaysyn ba?Taғy da oylanyp kөr.Adamdar qalay sanay bastagan?Adamdar sanay bastagan kezde,sіrә,sanau үshіn kol sausaktaryn paydalangan bolar.Barlyk a Damdarda he sausaktan bolgandyktan, ondyktarmen sanau yngaily bolgan.
Bizdin kazirgi zamanda sanaudagi ondyk zhuyesi osulay tuyndagan. komektesken. September sanau kezinde sausaktaryndy paidalansan,eshkashan da zhanylyspaisyn.Sausaktaryna karap-ak,sandards atamastan olardy koz aldyna elestete alasyn.Sausaktar men sandar arasyndagy baylanys kone zamandardan take bar.Tipti kazir de biz “san”sozin paylanamyz.Ol “sausak”degen ugymdy bildired.Mine bezdin zertteu takırymyža karkau bolıp otyrgan da wasps sandar arasyndagy 7 sana zhane onyn kasieti.
Kazakh khalky tіlge bay.Әr sozіn talday bilgen,әr sozіne man bergen halyk.
Please contact us bastap, sunnyn qadiri men kasietin salmaktap, ozine tan ereksheligin saralay bilgen, ornyna, manyzyna sai koldangan.or sanda ozіndik Ie bolayynyn maksaty men magynasy bolatynyn sese, tuysine bilgen.
Кіріспе
«Математика» ғылымдардың ішіндегі ең ерте шыққаны,оның тарихы ғасырлар түкпірінде жазу мен сызу жоқ кезде басталған.адамзат тағылымының даму дәуірінің табалдырығын аттап басқан заманда «артық», «кем», «үлкен», «кіші» ұғымдары туған.Қарап отырсақ,әркімнің өзі сенетін бақытты және бақытсыз сандары болады.Біреудің бақытты саны 13,бақытсыз саны -9 делік. Мұндайға шын көңілмен сенетіндер айдың 13-і күні кез келген тірлігін сенімділікпен іске асырады. Ал 9-ы күні әр қадамын абайлап басып,тіпті үйден шықпай,төрт қабырғаның ішінде күн ұзаққа қамалып отырып алатындар да бар.Сан атаулының бәрі қолданылмайды.
Атап айтсақ,ерекше мәнде қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз»,
«қырық» сандары. Бұл туралы көптеген аңыз-әңгімелер бар. Соның
ішінде мені өте қызықтырған жеті саны болды. Осы алғашқы таңдап алған
тақырыбым “Жеті санының қасиеті ”. Мен бұл жұмысымда жеті саны туралы
көптеген деректер таптым десем болады. Әлем бойынша жеті саны туралы
өте ерте заманда қалыптасқанын байқадым.. Көптеген халықтардың ауыз
әдебиетінде айтылатын көне бейне. Айдаһар, жалмауыз кемпір бейнесінде
көрінеді. Қазақ халқының 7 санына деген көзқарасы ерекше екенін ауыз
әдебиетіндегі кейіпкерлер арқылы, мақал-мәтелдердің туғандығынан білеміз.
7 саны қазақ халқымыз үшін өте қастерлі, қасиетті сан екенін анықтаймыз.
Мысалы:
1) Жетіге келгенше,
Жерден таяқ жейсің.
2) Жеті қазынаға жеткенше асық.
3) Текті болу тегін емес.
4) Жеті атасын білген ұл,
Жеті жұрттың қамын жер
Зерттеудің мақсаты :
Жеті санының сиқырлы сырын аша отырып, ата-бабаларымыздың жеті саны туралы таным-түсінігін айқындау. Халқымыз ертеде 7 санының қасиетін аша отырып, әртүрлі топтастырған. Сол таныстыруды жинап, өзімше түсінуге ден
қойдым.
Жобаның міндеттері:
-
Қасиетті 7 санымен танысу
-
Қасиетті сандардың өмірде алатын орынын түсіндіру.
-
Киелі 7 санының сандар қатарында орнын көрсету.
Зерттелетін зат: Халықтық педагогика элементтерін кеңінен пайдалану,ұрпақ бойынша адамгершілік қасиетін дамытуда пайдасы бар екенін зерттеу.
Мәселе:Білім беруде және тәрбие саласында қасиетті сандардың алатын орнын зерттеу.
Негізгі бөлім
Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлы күш бар деп санаса,оны киелі,қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар.
Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп,бірқатар таным түсінігі мен табиғат құбылыстарын,аспан денелері мен заң,жүйелерді жеті санымен атайды.Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі Тауаратта жеті саны 500 рет қайталанады.Қазақтардың таным-түсінігінде Жеті ата бұл қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі.Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты жөнін білуге міндетті.Мұны әке-шеше,ата-әжесі үйретіп,жаттатуға тиіс.Өйткені қазақтар жеті атаға дейін қыз алыспай,оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады.
Қазақтар негізінен жеті ата былайша таратады: 1.Бала.2.Әке.3.Ата.4.Үлкен ата.5.Баба.6.Түп ата.7.Тек ата.
Ал менің өзімнің жеті атам: 1.Мұхит.2.Салауат.3.Қанатқали.4.Әбуғали.5.Әбдіреш.6.Әубәкір.7.Бүркебай.
Сондай-ақ,адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады:ата,әке,немере,шөбере,шөпшек,немене.Мұнан соң туыстық атаулары әрі қарай:жүрежат,туажат,жұрағат,жат жұрағат,жегжат,жамағайын болып кете береді.Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың,бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие.Ата-бабамыз: «Ата тегін айтқанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет,аманат етіп айтып кеткен.
Алайда қазақтар жеті қазынаға мыналарды жатқызған:
1.Ер жігіт.2.Сұлу әйел.3.Ілім білім.4.Жүйрік ат.5.Құмай тазы.6.Қыран бүркіт.7.Берен мылтық.
Жеті ырыс: 1.Адамның ақыл ойы.2.Денсаулық.3.Ақ жаулық (ердің жары).4.Бала (өмір жалғасы).5.Көңіл. 6.Жер.7.Ит.
Жігіттің жеті қазынасы:
Жүрдек аты-жігіт қаны,қанаты
Қыран бүркіт-қарым күші,қуаты.
Құмай тазы -бастан берік сенімі,
Ақ мылтығы-сөнбес оты серігі
Алмас кездік-жігіт суы,һәм мысы
Ау жылымы-амал,айла,әдісі
Қара қақпан серті себі тірліктің
Осы жеті қазынасы жігіттің.
Ал,Ислам аңызы бойынша,жеті қазынаға мыналар жатады:
1.Қыдыр.(қызыр)Қыдыр дарыған адам бай болады.
2.Бақ.Бақ дарымайды,қонады.
3.Ақыл (Байлық пен бақыттың тірегі).
4.Денсаулық.
5.Ақ жаулық.
6.Тұз.(Ол Алланың адамдар мен жан-жануарларға берген несібесі,таусылмайтын кені.
7.Ит.(Адам Ата мен Хауа Ананың алғашқы серігі)
Грек аңыз әңгімелерінде жеті қазынаға мыналар жатады: 1.Көк аспан.2.Күн (барлық зат оның шуағынан нәр алады.)3.Ай (түнгі тіршілік нәрі).4.От (От Күннің жердегі сүлдесі) 5.Су (сусыз тіршілік жоқ).6.Жер (тіршілік анасы).7.Ит.
Жетіқарақшы.Ол аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдыздың сыртқы пішіні шөміш тәрізді.Оның шеткі екі жұлдызы бойынша Темірқазықты айнала қозғалтатын жетіқарақшы арқылы жер тараптары мен түнгі мезгілді айыруға болады.
Жетіқарақшы наурыз,сәуір айларында жақсы көрінеді.Темірқазықты айнала қозғалатын жетіқарақшы арқылы жер тараптары мен түнгі мезгілді айыруға болады.
Аптаның жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Кемпірқосақтың жеті түсі.Жарық мынадай жеті түстен тұрады: қызыл, қызғылт сары,сары,жасыл,көгілдір,көк және күлгін.Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде,жарықтың жеті түсі сынып,тамшы арасынан көрініп, кемпірқосақ пайда болады.
Жеті жарғы (Сұхбат).Ол -Тәуке хан (1678-1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет ғұрп заңдарының жинағы.Тәуке хан «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын»одан әрі жетілдіру арқылы осынау заң жүйесін өмірге әкелген. «Жеті жарғыда»жер дауы,отбасы,неке заңы,қылмыс пен құн дауы,куәлік ету,ант беру,тағы басқа рәсімдерге байланысты әдет ғұрып,заң шаралары өз көрінісін тапқан.
Жеті жұт.Бұлар:
1. Құрғақшылық
2.Жұт (мал қырылу)
3. Өрт
4. Оба (ауру).
5. Соғыс
6. Топан су.
7. Зілзала (жер сілкіну)
Жеті жоқ.Ол былай:
1. Жерде өлшеуіш жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ.
4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ.
7. Жылқыда өт жоқ.
Жеті жетім.Бұл жөнінде мынадай даналық сөздер бар:
Тыңдамаған сөз жетім.Киюсіз тозған бөз жетім.Иесіз қалған жер жетім, Басшысы жоқ ел жетім. Аққу, қазсыз көл жетім. Жерінен айырылған ер жетім. Замандасы қалмаса – Бәрінен де сол жетім.
Жеті ғашық. Халықтың ән – жырында жеті ғашық мынандай екі нұсқада кездеседі:
а) Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиха, Фархад – Шырын, Тахир – Зухра, Арзу – Қамбар, Уәлик – Ғарра, Уәки – Күлшаһ.
Әлемнің жеті кереметі Алғашқы жеті керемет:
1. Мысыр пирамидасы.
2. Вавилонның аспалы бағы.
3. Эфестегі Артемида ғимарат.
4. Олимпиядағы Зевстің мүсіні.
5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы.
6. Жерорта теңізі аралығындағы Родос алабы (Күн Құдайы) қолдан жасалған мүсіні.(биіктігі 45 біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған,біздің заманымыздан бұрын 224 жылы
7. Александрия шамшырағы. (біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған,мұнара биіктігі 160 м)
Жеті континент. Олар: Африка, Антарктида, Австралия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка.
Гептатлондағы (жетісайыс) спорттың жеті түрі. Олар: тосқауылдармен 100 метрге жүгіру, биіктікке секіру, 200 метрге ату, ұзындыққа секіру, 800 метрге найза лақтыру.
Жеті нота : до,ре,ми,фа,соль,ля,си,до
Жеті септік: Атау септік,Ілік септік,Барыс септік,Табыс септік,Жатыс септік, Шығыс септік,Көмектес септік.
Наурыз көжеге қосылатын жеті дәм: бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс.
«Жеті саны – бақытты сан, ол - адамзаттың сүйікті саны». Көп халықтың түсінігі осындай.
Жеті ішекті қазақтың музыкалық аспаптары Сылдырмақ.
Қазақ ерте заманда көшпенді халық болғандықтан, түрлі музыкалық аспаптарды тұрмыста кеңінен қолданған. Ағаш, қыш, темір, мүйіз сияқты күнделікті өмірде пайдаланатын шикізаттан алуан түрлі аспаптарды жасап шығарған. Алғашында ол шаруашылыққа қажет бұйым болса, кейіннен ырғақты ұстап тұратын музыкалық аспапқа айналған. Соның бірі сілкімелі аспап – сылдырмақ.
Әрбір ұрып ойнайтын аспаптың өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың сыр-сипаты мен ерекшелігі тембрлік және динамикалық дыбысталуына қарай айқындалады. Сондай-ақ Орта Азия халықтары мен латын америкасы елдерінде бір-біріне ұқсас аспаптар көп кездеседі. Соның бірі - маракас аспабының қазақи формасын музыканттар өзі ойлап тапқан. Халқымыз төрт түлік малдың етін жеп, көлік ретінде пайдаланудан бөлек, оның сүйегін де кәдеге жаратқан. Соның бірі - ат тұяғының дүрсілі сияқты малдың жүрісін білдіретін аспап - мүйізше. Ол ерте заманда әуенді сүйемелдеуші аспап ретінде қолданылған.
Шеберлер немесе музыканттар аспаптың дыбысталуына қарай оның санын қасиетті 7 санына дейін жеткізген. Ал оларға қолданылған шикізатты Қазақстанның әр аймағындағы және әр түрлі жастағы ірі қараның сүйектерінен жинайтын болған.
Жетіген - қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген — жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне Жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған. Жетігеннің ноталық жүйесін анықтаған ғалым - зерттеуші Б. Сарыбаев болды. Жетіген аспабына байланысты оны ертеде жеті ұлынан айырылған күйші - өнерпаз жасап, “Жетігеннің жеті күйін” шығарыпты дейтін аңыз бар. Аспаптық-фольклорлық музыкамызда ерекше орын алатын бұл аспап 1970 жылдан бері Т. Сарыбаев, Е. Құсайынов, С. Мерекеев, т. б. музыкашылардың орындауында жаңаша сипатқа ие болды. Жетіген аспабының қазіргі шеберлер жасаған үлгісінің дыбыс ауқымы 2 — 2, 5 октаваға дейін жеткізілді. Қазақ халық музыка аспаптары мұражайында Жетіген аспабының этнографиялық сипаттамалар бойынша жасалған көне үлгісі мен жетілдірілген үлгілері сақталған.
Қорытынды
Қазақ халқында 7 саны - ерте замандардан киелі сан болып есептеледі. Ол дегеніміз - 7 қазына, ұлттық тағамдардағы 7 түрлі қоспалар, әлемнің
7 кереметі, аптаның 7 күні, кемпірқосақтың 7 түсі, Жетіқарақшы жұлдызы т. б. Ертегілерде 7 батыр, 7 ағайынды, 7 ұл, 7 қыз...т. с. сияқты болып кездеседі. Бастапқыда балалар қазақ тілінде аптаның жеті күнін еске түсірді. Халқымыздың ежелгі дәстүрінің бірі, бала туғаннан кейін 7 күннен кейін тойлап, адам дүниеден өткеннен кейін 7 күннен кейін жетісін өткізеді.
Егер адам 7 ұлттың тілін білетін болса – дана адам болып есептеледі. Қазақтарда мынадай ырым бар, кімде-кім өз жанында жайсыздық сезінетін болса, өзінің немесе жақындарының өміріне қауіп төніп тұрғанын сезініп, киелі жұма күні - 7 шелпек пісіреді. Бұл 7 шелпекті 7 үйге таратып беру керек. Сондай-ақ шелпекті жеген адам «Қабыл болсын» деп, ал берген адам «Әумин» деп айту керек. Осы тұрғыда қазақтарда «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген мақал бар. Яғни, осылай аруақтарды еске алып отырса адамның өмірде жолы болып отырады, аруақтар қолдап, қоштап жүреді деген мағына береді. Сол себепті де 7 саны сәттілік, ырыс-береке әкелетін киелі сан болып есептеледі.
Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша, аса зор денелі де күшті құрылысшы кетпенімен жеті жерге тастаған топырағынан жеті төбе пайда болған. Ал,
«Алпамыс батыр» эпосында Байбөрі мен Аналық бір бала көтеру үшін дүниенің жарымын аралап, жеті әулиенің зираттарына түнеп жүріп армандарына жеткен...
Иә, шынында да біздің әлемде қызықты әрі жұмбақ жайттар өте көп кездеседі. Ал, тарих дәстүріміздегі құпиялар мен ашылымдар қаншама десеңізші!
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Бәрі де сандар туралы, Алматыкітап 2008 жыл
2. Қазақ энциклопедиясы 3-том, Алматы 2011
3. Жеті қазына, Сейіт Кенжеахметұлы, 1 кітап
4. Интернет материалдарынан алынды.
https://www.zharar.com/kz/science/770-gylymi.html
13