400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЖИ кезіндегі цифрлық этикетті сақтау ережелері

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖИ кезіндегі цифрлық этикетті сақтау ережелері туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Киберкеңістікте міндетті түрде сақталуы керек цифрлық этикеттің негізгі ережелері

https://digitaletiquette.kz/news/132

Цифрлық революция жеке және қоғамдық өмірді жақсартуға үлкен мүмкіндіктер береді. Оның артықшылықтары көп болғанымен, ол сондай-ақ біршама этикалық мәселелер тудырады. Мұндай мәселелерді адам құқықтары мен құндылықтарын құрметтеуді қамтамасыз ете отырып, ашық, плюралистік және толерантты ақпараттық қоғамды қалыптастыратын цифрлық инновацияларды әзірлеуге және қолдануға жәрдемдесу арқылы шешуге болады. Инновациялардан бөлек біз — интернет желісінің әдеттегі пайдаланушылары да өз кезегінде сәйкес шараларды қабылдауымыз керек. Бұл дегеніміз біз өз тарапымыздан мүмкіндігімзше цифрлық этикетті сақтауымыз жөн.

Цифрлық этикет — онлайн-ортада тиімді қарым-қатынас жасау бойынша ұсыныстар жиынтығы. Әлеуметтік жағдайлардағы бетпе-бет қарым-қатынас жасау кезіндегі мінез-құлық ережелерін белгілейтін дәстүрлі этикет сияқты цифрлық этикеттің мақсаты — желідегі қарым-қатынас үшін жағымды, жайлы және тиімді ортаны құрып, пайдаланушылар арасында қайшылықтар туғызбау.

Назарларыңызға онлайн ортада қарым-қатынас жасау кезінде сақталуы керек негізгі ережелерді ұсынамыз.

  1. Электрондық поштаны пайдалану 

  • Хаттың мазмұнын ашатын нақты және қысқа тақырып таңдаңыз.

  • Кәсіби тон мен сөз тіркестерін қолданыңыз.

  • Грамматикалық немесе орфографиялық қателер болмау үшін хатты жібермес бұрын тағы бір оқып шығыңыз.

  • Анық және оқылатын қаріпті пайдаланыңыз.

  • Электрондық хаттарға, мүмкіндігіңізше уақтылы жауап беріңіз. Э-хаттарға 24 сағат ішінде жауап берген жөн, шұғыл түрде жауап бере алмасаңыз, егжей-тегжейлі жауапты кейін беретініңізді жазып жіберуге тырысыңыз. Хаттарды шұғылдығы бойынша жіктеп, сәйкесінше жауап беріңіз.

  • Атыңызды, лауазымыңызды және байланыс ақпаратын көрсететін блокты пайдаланыңыз.

  • Барлық мәтінді тек бас әріппен немесе қалың қаріппен жазбаңыз, себебі бұл агрессивті немесе дөрекі болып көрінуі мүмкін.

  • Леп белгілері немесе сұрақ белгілері сияқты тыныс белгілерін шамадан тыс қолданбаңыз.

  • Іскерлік хат алмасуда бейресми тілді пайдаланбаңыз.

  • Басқа адамдар түсінбеуі мүмкін қысқартуларды қолданбаңыз.

  • Хаттың авторының рұқсатынсыз электрондық хаттарды басқа адамдарға жібермеңіз.

  • Құпия ақпаратты шифрлаусыз немесе басқа қауіпсіздік шараларынсыз электрондық пошта арқылы жібермеңіз.

  • Кәсіпқойлық пен достық тон арасындағы тепе-теңдікті сақтаңыз. Сіздің тоныңыз электрондық хаттың мазмұны мен мақсатына байланысты болуы керек.

  1. Әлеуметтік желілерді пайдалану

  • Өзіңіздің кім екеніңізді дәл көрсететін фотосуретті таңдаңыз.

  • Өзіңіздің жақсы қырларыңыз бен қызығушылықтарыңызды көрсете отырып, өмірбаяныңызды нақты және қысқа баяндаңыз.

  • Даулы немесе қорлайтын жазбалардан, қызу пікірталасқа қатысудан аулақ болыңыз.

  • Үй мекенжайы немесе телефон нөмірі сияқты жеке ақпаратты таратпаңыз, әлеуметтік желіге сіз білмейтін адамдарды қосқанда абайлық танытыңыз.

  1. Онлайн-кездесулер 

  • Кездесуге бетпе-бет кездесуге сияқты сәйкесінше киініңіз.

  • Қоңырау шалмас бұрын камераның, микрофонның және динамиктердің дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз.

  • Кездесуге уақытында немесе тіпті бірнеше минут бұрын қосылыңыз.

  • Кездесу барысында кәсіби мінез-құлықты сақтаңыз және сөйлеу кезінде басқалардың сөзін бөлуден аулақ болыңыз.

  • Әңгімелесуші сізді жақсы көре алуы үшін сіздің бетіңізге жеткілікті жарық түсетініне көз жеткізіңіз.

  • Бейнеқоңырау кезінде әңгімелесушімен көз байланысын сақтаңыз.

  • Бейнеқоңырау кезінде фондық шу алаңдатуы мүмкін, сол себепті шу сізді мазаламайтын тыныш орынды табыңыз.

  1. Киберқауіпсіздік

  • Егер олардың сенімділігі расталмаса, жеке мәліметтеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз. Мысалы, әуе билетін сатып алу кезінде төлқұжат мәліметтерін толтырарда деректерді авиакомпанияның ресми сайтында енгізгеніңізге көз жеткізу керек.

  • Электрондық пошталардың және басқа да аккаунттарыңыздың құпия сөздерін көрінетін жерде сақтамаңыз.

  • Құпия сөзді ойлап тапқан кезде қауіпсіздік саясатының ережелерін басшылыққа алып, күрделі комбинацияларды қолданыңыз. Туған күніңізді, үй жануарларының атын немесе 0-ден 9-ға дейінгі сандардың тіркестерін құпия сөз ретінде пайдаланбаңыз. Құпия сөзді өзгертіп отырыңыз.

  • Екі факторлы аутентификацияны орнатыңыз (Екі факторлы аутентификация — бұл екі түрлі типтегі аутентификация деректерін сұрау арқылы пайдаланушыны анықтау әдісі. Мұны аккаунтты қорғаудың екі “қабаты” ретінде көруге болады: бірінші “қабат” — логин мен құпия сөз, екіншісі — SMS немесе электрондық пошта арқылы келетін арнайы код. Кейде қорғаудың екінші “қабаты” арнайы USB-кілтін немесе пайдаланушының биометриясын сұрайды).

  • Бейтаныс біреулерден келген хаттарды ашпаңыз, сілтемелерге өтпеңіз және файлдарды жүктемеңіз.

  • Жеке кабинеттеріңізге/аккаунттарыңызға басқа құрылғылардан кірмеуге тырысыңыз. Егер кірген болсаңыз, олардан шығуды ұмытпаңыз.

  • Қоғамдық орындарда компьютеріңізді немесе телефоныңызды бұғаттамай қалдырмаңыз.

  • Бірнеше сайт/аккаунт үшін бірдей құпия сөзді пайдаланбаңыз.

  • Өзін ресми тұлға десе де құпия сөздеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз.

  • Күмәнді сайттарға кірмеңіз және тексерілмеген дереккөздерден файлдарды жүктемеңіз.

  • Арнайы таңбалардан, сандардан, бас әріптерден тұратын күшті құпия сөздерді қолданыңыз.

  1. Интернеттегі конфликтілерді шешу

  • Бейтарап тілді қолданыңыз.

  • Басқа адамның ашуын келтіретін және жанжалды одан әрі қоздыратын сөздерді қоланудан аулақ болыңыз.

  • Келісім бағыттарын анықтаңыз және оларға сүйене отырып, барлық қатысушыларға ыңғайлы шешім табыңыз.

  1. Ақпаратпен бөлісу

  • Ақпаратты нақты веб-сайттар мен мақалалардан алып бөліскеніңізге көз жеткізіңіз.

  • Ақпаратпен бөліспес бұрын оның мазмұнын тексеру үшін интернеттегі дереккөздерді қарап шығыңыз.

  • Сіз оқыған әрбір материалмен электрондық пошта немесе әлеуметтік желілер арқылы бөлісудің қажеті жоқ. Сіздің хабарламаларыңызды алушылар мұны спам деп есептеп, олардың жіберілуін қаламауы мүмкін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 сәуір
8
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі