Жидектер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жидектер

Материал туралы қысқаша түсінік
- Сөздің дыбысталу мәдениетін қалыптастыру: тақырыптық сөздерді әдеби тілдегі норманы сақтай отырып айтуға үйрету, «ү», «ұ», «ө» дыбыстарын дұрыс айтуын нақтылау және бекіту; - Сөздік қорын молайту және белсендіру: құлпынай , қарақат,таңқурай, бүлдірген; - Тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру: сабақ үстінде мұғалімнің сөзін тыңдап, түсіне білуге, сұрағына толық жауап беруге үйрету.Құлпынай, қарақат, таңқурай-жидектер;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

ортаңғы «Ақниет» тобы


5 – сабақ


«Қатынас» білім беру саласы

Бөлімі: Қазақ тілі.

Тақырыбы: «Жидектер»

Сабақтың мақсаты: жидектердің атауларын үйрету.

Білімділік:

  • Сөздің дыбысталу мәдениетін қалыптастыру: тақырыптық сөздерді әдеби тілдегі норманы сақтай отырып айтуға үйрету, «ү», «ұ», «ө» дыбыстарын дұрыс айтуын нақтылау және бекіту;

  • Сөздік қорын молайту және белсендіру: құлпынай , қарақат,таңқурай, бүлдірген;

  • Тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру: сабақ үстінде мұғалімнің сөзін тыңдап, түсіне білуге, сұрағына толық жауап беруге үйрету.Құлпынай, қарақат, таңқурай-жидектер;

  • Байланыстырып сөйлеуге үйрету: Сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстыруға, мәнін, мағынасын түсінуге жаттықтыру. Құлпынай,қарақат,бүлдірген-жидектер. Табақта тəтті жидектер жатыр.

Түзету: тілді түсіну, есте сақтау, логикалық-ойлау қабілеттері мен ұсақ моторикасын дамыту.

Тәрбиелік: мемлекеттік тілде мәдени-әлеуметтік өзара өатынасқа дайын тұлғаны тәрбиелеу, қазақ тілінде дұрыс, анық сөйлеуге жаттықтыру, Ойыншықтарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекілік пен құралдар:

демонстрациялық:Білгішбек (қуыршақ театрынан), Сұрақ мырза, ребус «қарақат»,жидектердің муляждары,қуыршақ,қ,ə,ұ дыбыстарын суреттер;

үлестіретін: жұмыс дәптерлері, түрлі түсті қарындаштар.


Іс – әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың

Іс -әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1.Сәлемдесу.

«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біз бүгін қазақ тілін үйренуді жалғас –

рамыз. Бірақ алдымен өткен сабақ-

та үйренген жылы сөздерді Білгішбекке айтып берейік».

Д/о «Кім көп сөз біледі?»

Дұрыс айтылған сөзге жұлдызша береді. Ойын аяғында жеңімпаз аталады.



2. Тақтадағы ребусқа назар аудару:

«Кім айтады,қандай сөз жасырылған?»

Білгішбек жидектердің қазақша атауларын үйренуді ұсынады.

Амандасады.






Білетін сөздерді айтып береді.





Суреттерді қазақша атап, сөздің бірінші дыбысын белгілеп, жасырылған сөзді атайды – қарақат.

Қызығады,келіседі.

Ұйымдастыру –

іздестіру

Жаңа тақырып үйренеміз.

1.Ф/ж «Сөзұйқасын жаттап ал».

Ен-ен-ен – ұсақ бүлдірген.

Ай-ай-ай - тəтті құлпынай.

Рай-рай-рай – қызыл таңқурай.

Қат-қат-қат - тəтті қарақат.

Тер-тер-тер – олар пайдалы жидектер.

Тыңдайды, бірге және жеке қайталайды.


2. Дәптердегі суреттерге қарап, тақырыпқа байланысты сөздерді үйрету, сурет бойынша әңгімелеу.

Қарайды, Тыңдайды, есте сақтап, қайталайды (қормен жеке.

«Құлаққа сыбырлау»

Ш.Аманашвилидің əдісі).


3. Жаттығу: «Сөйлесейік».

- Мынау не?

- Бүлдірген қандай?

- Түсі қандай?

Осы үлгімен жалғастыру.

Жауап береді:

Мынау – бүлдірген .

Бүлдірген ұсақ.

Түсі қызыл.


4. Сергіту сәті.

Қолға себет аламыз,

Орманға біз барамыз.

Жидектерді тереміз,

Оларды жақсы көреміз.

Қайталайды, мәтінге сәйкес қимыл жасайды.


5. Д/о «Ғажайып қалашық».


Сипау арқылы жидектерді танып, оларды қазақша атайды.


6. Д/о «Төртінші артық».

Дәптердегі суреттерге қарап, жауап береді: «Доп артық».


7. Тіл дамыту. М. Əлімбаев «Құлпынай»

Тыңдайды, есте сақтайды, қайталайды



8. Сиқырлы қарындаштың тапсырмасы: «Атауында қ дыбысы бар жидектің суретін сал»

Дəптердегі тапсырманы орындайды,әңгімелейді.

Рефлексивті –

түзетушілік

1. Сұрақ мырзаға жауап бер:

- Жидектер қазақша қалай аталады?

Жауап береді.


2. Мұғалім мен Білгішбек балаларды сабаққа белсенді қатысқандары, дəптердегі тапсырманы жақсы орындағандары үшін мадақтайды.

Өз іс-әрекеттерін талдайды.

Жетістіктеріне қуанады.




Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:

  • тақырыптық сөздерді, олардың мағынасын,сөз тіркестерді.

Қандай түсініктерді игереді:

  • жидектер əлемі туралы түсініктерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:

  • мұқият тыңдап, түсініп, сұраққа жауап беру, нұсқауларды дұрыс орындау;

  • қ дыбысына сөз табуды;

  • дəптерде тапсырманы орындау және қарындашты дұрыс ұстау;

  • белсенді диалогқа қатысу.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2018
915
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі