«Жігіт сұлтаны»
Мақсаты:
- Нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
-Ер балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, әдептілікке, ұстамдылыққа, төзімділікке, батылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайдтар, шарлар, суреттер.
Байқауға қатысатындар: 3 сынып оқушылары
Байқаудың қонақтары: ата-аналар, оқушылар, бастауыш сынып оқушылары.
Байқау барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем беріп сіздерге,
Бас иеміз біз.
1 – жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.
2 – жүргізуші:
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!
1 – жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы жігіттерімізді шақырайық! Қарсы алыңыздар
1.Қ. Ілияс.
2.И. Ернұр
3.Н.Елжас
4.С. Думан
«Алға қазақ жігіттері» әні ойнап тұрады.
2 – жүргізуші:
«Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы жігіттеріміздің ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:Касенова Г.Д.
2.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Каирдолдина Г.Н.
1 – жүргізуші:
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
Байқау бағдарламасы:
1.«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер». (таныстыру)
2.«Ел іші, өнер кенші» (өз өнерлерін көрсету) –
3.«Үй тапсырмасы..» -
4.«Білімді жүзден озар...» (викториналық сұрақтар)
5.«Тіл қаруы – сөз» (ең үздік құттықтау) –
Ән «Асыл әке» Зарема
2 – жүргізуші:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып «Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.
Сайысымызды бастамас бұрын сайысты кім бірінші бастайды соны номер таңдау арқылы анықтап алайық.
1 – жүргізуші:
Ақыл – көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршыңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді – деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі
«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер...». деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.
Өнер қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәскеге түскен сегіз жігіт кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
Сайыскерлер өздерін таныстырып өтеді
Би-«Қарлығаш» қыздар биі.
2 – жүргізуші:
Таныс болдық жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі де ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.
Парасатты ер жігіт,
Ақылымен әр іс біледі.
Өнерің барда жігіттер,
Тоқталып сірә, іркілме.
Жұрт қарасын қызығып,
«Бәрекелді!» деп шіркінге, - дей отырып, сайысымыздың «Ел іші- өнер кеніші...» бөлімін бастаймыз.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты.
Жігіттер өз өнерлерін көрсетеді.
Би-ұлдар биі
Сайысымыздың келесі бөлімі «Үй тапсырмасы...»
(Оқушылар үйден өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көрсетеді)
Ән-«Қос бәйтерегім» Мадина
1 – жүргізуші:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Білімді жүзден озар» деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз.
Келесі кезекте «Тіл қаруы – сөз» (ең үздік құттықтау) бөлімі.
2 – жүргізуші:
Осымен, «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар,парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша оқушыларымыздың әсем биін карсы алыңыздар.
Би-«Жігіттер» ұлдар биі
1 – жүргізуші:
Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!
Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған жігіттер сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады.Марапаттау:
1.Бас жүлде – «Жігіт сұлтаны»
2. «Дарынды жігіт»
3. «Сегіз қырлы, бір сырлы».
4. «Өнерпаз жігіт»
5. «Алғыр жігіт».
1– жүргізуші:
Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жігіт сұлтаны

шағым қалдыра аласыз