Материалдар / Жігіт сұлтаны - 2018
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жігіт сұлтаны - 2018

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымның саз жетекшілеріне арналған сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Маусым 2018
360
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қаралды:

«Балдырған» бөбекжайының әдіскері:

Сакпаева Г.С.




Shape1



Өткізген: Музыка жетекшісі: Саймова А.Н.










2017 - 2018 оқу жылы

Жігіт сұлтаны
Зал іші әсем безендірілген, шарлар, плакатқа қанатты сөздер жазылған.
Күйсандықтан С. Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі ойнап тұр.

Жүргізуші:

Ұлдар ер жетіп, қыздар бой жетіп,
Әлі - ақ уақыт зыр етер.
Өнегелі өссе бұлар,
Елімізді гүлдентер.
«Жігіт сұлтаны» байқауы,
Көпке үлгі болады.
Қазағымның салт - дәстүрі,
Көкірегіне қонады.
Мына өскен бүлдіршіндер,
Ата салтын үйренсін.
Өрге жүзсін өнерлері,
Бұлар елдің болашағы.

Қайырлы күн, құрметті ата - аналар, қонақтар! Сіздердің алдарыңызда кішкентай өнерпаз ұландарымыз «Жігіт сұлтаны»
байқауына қатысып, өз өнерлерін көрсетпек.

Жүргізуші: Жиналған мерекеге бүгін халық,
Қарасын біздің жаққа көзін салып.
Жігіттің сұлтандары келіп қалды,
Өнер мен тапқырлығын қатар алып.
Құрметті көрермен, «Жігіт сұлтаны» сайысын тамашалауға
қош келдіңіздер .
Бүгінгі сайысымызға қатысатын сұлтан жігіттеріміз Айболат, Ернұр,Ақниет, Аманат,Әскер, Манас
,Әділбекті қол соғып, қошеметпен ортаға шақырайық.
«Біздің жігіттер» әні қосылады.
Жүргізуші: Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.

Жүргізуші: Әділқазы алқасымен таныстыру.

  1. Балдырған бөбекжайымыздың директоры Айгалиева Л.А.

  2. Балдырған бөбекжайымыздың әдіскері Сакпаева Г.С.

  3. Балдырған бөбекжайымыздың тәрбиешісі Ниязова С.Е.

  4. Балдырған бөбекжайымыздың психологы Дж Аармида Сапарқызы.
    Ал енді сіздерді алты кезеңнен тұратын сайыстың жоспарымен таныстырып өтейін.
    Жүргізуші: Балалар келіп жетті танысуға,
    Сыпырды томағасын осы дуға.
    Қызып келген қырандай көтеріледі,
    Әдеппен, ізетпенен танысуға.

    1. «Тегін білу, тектілік». Сұлтандарымыз өздерін таныстырады.
    2. «Өтірік өлең айту» сайысы.
    3. «Өнерлінің өрісі кең» (Өз өнерін көрсету
    ән,би,мәнерлеп өлең оқу)
    4. «Білгенге маржан» (Сұрақтарға жауап беру)
    5. «Адам көркі - шүберек» (Сән үлгісі)
    6. «Шынықсаң шымыр боларсың»

    І сайыс. Өзін - өзі таныстыру.
    ІІ сайыс. «Өтірік өлең айту».

    Айболат:

Қарашы іске жетігін,
Түзеп істің кетігін.
Қара мысық кешкілік,
Жамап отыр етігін.
Біле алмадық не сырын,
Тигізді ме кесірін.
Қабан келіп кірпіден,
Сұрап отыр кешірім.
Ернұр:

Дүниеде болады екен тышқан мықты,
Жабылып он бес кісі әрең жықты.
Соғым сойып едім, семізін - ай.
Бүйрек майдан басқасы бес қап шықты.
Ақниет:

Жұмсап кәрі масаны,
Шіркей сауда жасады.
Қасқыр қойдан ұялып,
Екі бетін басады.
Аманат:

Қасқыр мініп сиырға,
Жүріп кетті қиырға.
Қора - қора қой айдап,
Келді ауылға биыл да.
Әділбек:

Бірде мініп лаққа,
Жетіп алдым бұлаққа.
Бұлағым тасып кетіпті,
Таудан да асып кетіпті.
Манас:

Шілдеде мұз қатады,
Қоян мылтық атады.
Қаз үстінде көл жүзер,
Аспан да ұшып төл жүзер.

Әскер

Жұмысымда жүр едім, 
Қонаққа Бақа шақырды. 
Көлге келсем су беріп, 
Аш қалдырды, қатырды!
ІІІ сайыс. «Өнерлінің өрісі кең».(Өз өнерін көрсету).
1.Ернұр Тақпақ айтады

  1. Айболат Ел қорғауға әзірміз.

  2. Ақниет Тұлпарым

  3. Әдңлбек

5.Манас

6.Әскер

7.Аманат
ІV сайыс. «Білгенге маржан» ( Сұрақ - жауап)
Қағаздағы
сандардың артындағы сұрақтарға жауап беру.

Жүргізуші: Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек оқу менен білімге.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде саған қуана бер, күлімде,- демекші сұрақтарға
жауап беру сайысы.

Сұрақтар:
1. Қазақстан Республикасының рәміздерін атап бер.(Ту, Елтаңба, Гимн)
2. Жеті санына байланысты ұғымдарды ата?( Жеті қазына, жеті ата, жеті шелпек, кемпірқосақтың жеті түсі, жеті күн)
3. Төрт түлік малды атап бер?( Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі)
4. Апта күндерін ата?( Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
5. Қазақ батырларын білесің бе?(Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай, Қарасай)
6. Ұлттық ойындарды атап бер? («Көкпар», «Бәйге», «Қыз қуу», «Тақия тастамақ», «Арқан тарту», «Ақ серек, көк серек», «Теңге алу).

V сайыс. «Адам көркі - шүберек» (Сән үлгісін көрсету)

Газет,пакет т.б материялдардан тігілген киім үлгісін көрсету керек.

VІ сайыс. «Шынықсаң шымыр боларсың».

Жүргізуші: «Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес».
Расында да өнер адамды асқақ сезімге бөлеп, адамның жан дүниесін
нұрландырып, байыта түседі.
Бұл бәйге дәлдеп, көздеп атып, мергендігін көрсету.
1. «Дәлдеп
тигіз».
2. «Қол
күрес». күш сынасу
3. «Отжимание».

Би:

Ән:

Ойын:

Жүргізуші: Ал, балалар, тұрайық,
Көңілге кірбің салмайық.
Беріп әділ бағасын,
Балалардың біреуін таңдайық.
Жүргізуші: Әділқазылар алқасын қол соғып қарсы алайық.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»,- демекші бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.


Қазылар алқасы жеңімпаздарды мына номинациялар бойынша бағалады.
1. І
орын

  1. ІІ оры

  2. ІІІ орын
    4. «Сымбатты
    бала».
    5. «Білімді
    бала».
    6. «Епті
    бала».

  1. «Өнерлі бала».
    8.«Ақылды бала».




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!