Материалдар / "Жігіт сұлтаны" байқауы

"Жігіт сұлтаны" байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшада жасайтын музыка жетекшілеріне көмек ретінде (ұлдарға арналған байқау)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Шілде 2019
3849
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жігіт сұлтаны» байқауы
«Жігіт сұлтаны» байқауының үміткерлері 8 ұл бала қатысады
Мақсаты: Ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді, өнерді, білімді сыртқа шығару. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Өзара мәдениетті сөйлеуге баулу. Әдептілік пен сұлулыққа үйрету.
Көрнекіліктер: Сурет - билборд, шарлар, гүлдер.
Байқауға қатысатындар: Топ тәрбиеленушілер.
Байқаудың қонақтары: ата - аналар, әріптестер, балалар.

Байқау барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.
«Жан досым» әні орындалады.

ФАНФАРА
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Бар өнерге салайық.
Бүгінгі сайыс төрінде,
Барымызды салайық.
Армысыздар құрметті қонақтар, ата - аналар, әріптестер, балалар!
«Жігіт сұлтаны» сайысымызға қош келдіңіздер!

ФАНФАРА
Балабақшадағы бақытты бал дәурен баланың ең бір бақытты, алаңсыз кезі. Біз балабақшамызда тәрбиеленіп жүрген ұлдар мен қыздарымызды заман талабына сай ақылды да, парасатты, ер жүректі, тәрбиелі, иман жүзді болып өскенін қалаймыз.
Сондықтанда біз ұл балаларымыздың балабақшада қандай тәрбие алып жүргенін көріп, біріміз күә болайық.
Әділқазы береді
Өздеріңе билекті
Өнерде кім жеңеді
Сол алады сыйлықты
- деп ең алдымен Сіздерді әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Бүгінгі байқауға әділ баға беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.------
2.--------
3.--------------

Жүргізуші:
Ал енді қонақтар сайысты біз бастайық,
Сайыста көңіл менен қол соғайық.
Ұмытарсыз бүгін Сіздер шаршағанды - дей отыра сахнаға «Жігіт сұлтаны» атына лайықпын деп үміт артқан сұлтандарды шақырайық.

КВН әні арқылы жігіттер сахнаға кіреді.
Әнші жігітіміз Елнұр!
Алғыр жігітіміз Нұрдаулет!
Мейірімді жігітіміз Мейіржан!
Шырайлы жігітіміз Бақытжан!
Салмақты жігітіміз Санжар!
Мықты жігітіміз Ержігіт
Өнерлі жігітіміз Рауан!

«Жігіт сұлтаны» сайысымыз 8 кезеңнен тұрады.
1. «Сәлем – сөздің атасы». Таныстыру.
2. «Адам көркі шүберек». Сән көрсетілімі.
3 «Талантты болу – тәңірден». Өнер сайысы
4. «Білімді мыңды жығады». Тапқырлар сайысы.
5. Мергендер сайысы. Асық ойыны.
6. Қазақтың қолөнері. Қамшы өру.
7. «Отан, туған жер, жеңісімізге 70 жыл» тақырыбына арналған лирикалық өлең жарысы.
8. Үй тапсырмасы. Ата аналардың қатысуымен.

Жүргізуші: Сайыс алдында жақсы тілек білдірейік. Ортаға Нұрдаулеттің атасын қошаметпен шақырайық.

БАТА

Жүргізуші:
Ақыл - көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршыңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді - деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі «Сәлем – сөздің атасы» деп аталады.
Бірінші сайысымыздың қорытындысы бойынша әділ - қазылар алқасы бағаларыңызды берсеңіз.....
Жүргізуші:
Таныс болдық жігіттер өзіменен,
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі әрі ақын, әрі әнші,
Таныстырып кетті ғой тегіменен.
Парасатты ер жігіт,
Ақылына сай жігіт.
Өнеріңді өркендет,
Тең келеді қай жігіт?
Жұрт қарасын қызығып, дей отырып, сайысымыздың екінші бөлімі
«Адам көркі шүберек» сән үлгісін көрсету бөлімін бастаймыз.
ЖІГІТТЕР КИІМ ҮЛГІСІН ӘСЕМ ӘУЕН АРҚЫЛЫ КӨРСЕТЕДІ.
Жүргізуші: Ал енді, әділ қазылар алқасы, жігіттеріміздің ұпайын берсеңіздер.

3 «Талантты болу – тәңірден». Өнер сайысы.
Жүрг.: Құрметті көрермендер, әділ - қазылар! Халқымызда «Сегіз қырлы бір сырлы» деген мәтел бар. Енді сайыскерлеріміздің өнерін тамашалап әділ бағасын берейік.
Өнерлері
1. Елнұр «Бөбектер» өлеңі
2. Санжар «Еліміздің мақтанышы» спорт биі
3. Бахытжан «Танго» биі
4. Нұрдаулет «Үнді» биі
5. Мейіржан «Сұлу қыз» өлеңі
6. Ержігіт «Казанова» әзіл көрініс би
7. Рауан «Қазақ» биі

4. «Білімді мыңды жығады». Тапқырлар сайысы.

Жүрг.: Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар
Бұл сыннан өтсең егер сүйінші
Жүлде сенде, қуана бер күлімде –
Келді кезек тапқырлықты танытар - деп
«Білімді мыңды жығады» деп аталатын сайысымызға кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. Балабақшамызда білім алып жүрген пәндері бойынша сұрақтар беріледі. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 балл.
Жүргізуші: Ал енді, әділ қазылар алқасы, жігіттеріміздің ұпайын берсеңіздер.

ӘДІЛ БАҒА БЕРЕТІН МҮШЕЛЕРІНЕ, АТА - АНАЛАРҒА ТОСЫН СЫЙ КӨРСЕТУ.

5. Мергендер сайысы. Асық ойыны

Жүр.: Біздің келесі тапсырмамыз жігіттердің дәлдігін, яғни мергендігін білу үшін «Асық ойын» ойнаймыз. Мергендер сайысы.
1 м. – дәл тигізсе – 5 ұпай;
(Әділ - қазы алқасы бесінші сайыс бойынша баға береді)

6. Қазақтың қолөнері. Қамшы өру.

Жүр.: Қамшы тарту. Ата көрген оқ жанар демекші. Әкелері ұлдарына қамшы өрүді қалай үйреткенің, балалары қалай орындайтынын бағалайсыздар. Берілген уақытта кім қанша өргенін көреміз. Балалар қамшы өріп тартады.
Алтыншы сайысымыз бойынша әділ – қазы алқалары бағаларын берсе
(Әділ - қазы алқасы бесінші сайыс бойынша баға береді)

7. «Отан, туған жер, жеңісімізге 70 жыл» тақырыбына арналған лирикалық өлең жарысы.
Жетінші сайысымыз бойынша әділ – қазы алқалары бағаларын берсе...

Сайысымыздың соңғы бөлімі «Үй тапсырмасы...»
(Балалар үйден өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көрсетеді)

1) Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша «Ия солай» әсем әнін тамашалаңыздар.
2) Жігіттеріміздің орындауында «Мы маленькие звезды» әнін тамашалаңыздар!

Жүргізуші:
«Батыр болған бабамнан,
Ел қорғауды үйренген.
Ару болған анамнан,
Ар қорғауды үйренген» сұлтандарымызды ортаға шақырамыз.
Сөз кезегі әділ қазылар алқасында.

Жүргізуші:
Бүгін жігіттеріміз нағыз тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!







































«Жігіт сұлтаны»

байқауының ережесі


Байқаудың мақсаты:

Ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді, өнерді, білімді сыртқа шығару. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттері мен өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Өзара мәдениетті сөйлеуге баулу. Әдептілік пен сұлулыққа үйрету.



Байқаудың міндеттері:

-жігіттердің бойында музыкалық-эстетикалық тәрбиені жетілдіру, олардың шеберлігін арттыру;

-ер балалардың бойындағы талантын ашу;

-өнерге деген құштарлығын арттыру, сахна құдіретін сезіне білуге үйрету.



Байқаудың кезеңдері:

I кезең – «Тегімді менің сұрасаң...» таныстыру

II кезең – «Жігітке жеті өнер де аз...» өз өнерін көрсету.

III кезең – «Күш атасын танымас» - күш сынасу.

IV кезең – «Шебердің қолы ортақ» - (үй тапсырмасы) қолдан жасалған бұйым














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ