Материалдар / Жігіт сұлтаны "Барыс текті намысты ұрпақ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жігіт сұлтаны "Барыс текті намысты ұрпақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
ааааааа
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
353
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады













Shape1

С А Й Ы С











Өткізген Айтымова Гулсим Куановна


Сыныбы: ҮІІІ - Х


















Тақырыбы: Барыс текті намысты ұрпақ


Мақсаты: Оқушылардың ұлттық салт - дәстүр негізінде білімдерін кеңейту. Адамгершілікке,

ұлтжандылыққа, имандылыққа тәрбиелеу, Ұлттық дүниетанымын қалыптастыру.

Татулыққа, ынтымақтыққа, бірлікке шақыру.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, проектор, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, шарлар

Ж Ү Р І С І:

Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!

Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас!

Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық

Сайыста көңілменен қол соғалық.

Біздерде ойын-сауық басталады,

Тамаша күй тартылып ән салады

Қошеметтеп қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды

Бағына бақытты елдің туған ұлан,

Бойына бар асылды жиған ұлан.

Қазақтың қасиетті Жігіттері,

Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.

Дария ой, даналардан бата алғандар,

Айнымас алмас қылыш атанғандар.

Қазақтың қасиетті Жігіттері

Халқына қалқан болған қаһармандар – деп дегендей халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»- демекші ер Жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған. Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда Жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең. Олай болса Жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін, ақылдығын тамашалайық.

Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Байқауымызды ашық деп жариялап, жігіттерімізді ортаға шақырамыз


Еңбексүйгіш, таудай талап бойында

Барлық істі тыңдау бар ойында.

атты атты сегіз қырлы жігітті

Шақыралық қошеметпен ортаға - 10-сынып оқушысы


Спортпенен білім жағын бір қосқан

Кем қалмаған талантпенен табысқан

Қараңыздар келеді

Тауды бұзар шын кіріссе намыстан -9 -сынып оқушысы



Біледі ол жақсы менен жаманды

Өнеріменен тамсандырған адамды

Қошеметтеп шақырайық ортаға

атты жігіт болған сабазды - 9 «б»-сынып оқушысы



Бағына бақытты елдің туған ұлан

Бойына бар асылды жиған ұлан

Шапағатты қарсы алыңдар

Жанына нұр дарыған,жыр дарыған -8 cынып оқушысы


Туған зерек, ерекше тапқырлығы,

Өн-бойынан көрінер батылдығы.

Сәті келді кезек берер,

Көрініп тұр өнерге жақындығы. 8 сынып оқушысы



Өрендерге бақ тілеп, қуанышқа бөлейтін

Сезімтал мен зерегін таразылап көретін

Таныстырсақ сіздерді қазылармен бұл кештің

Тарландардың бағасын әділ шешіп беретін.

Қазылар алқасы құрамымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1. Аппақ ашық ажары

Сахнада назары

Есеп қисап жасайды

Ұпайға қойған бағаны.

2. Таудай асқақ бойы бар,

Бойына сай ойы бар.

Қызметі де кем емес,

Тәртіпке салар бәрін тез!

3. Жарқырап ақ күмістей кең маңдайлы,

Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.

Білімін таразыға салып көрсең ,

Бір тонна алтының да, баса алмайды.

---------------------------------------------


4. Жаңа келсе де мектепке,

Бауыр бастық біз демде.

Әділ болар ИНШАЛЛАХ,

Бүгінгі сайыс кешінде!

Агылшын тілі пәні мұғалімі



Енді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтсем


  1. «Тегімді менің сұрасаң....» өзін таныстыру

  2. «Көңілі ояу, көзі ашық» (сұрақ-жауап)

  3. «Ердің асылы күшінен білінеді» (Спорттық жарыс)

  4. «Жігітке жеті өнерде аз» (Өз өнерін көрсету)

  5. Сән үлгісі (қазақтың бір ұлттық киімін насихаттау)

  6. «Шебердің қолы ортақ» (Үй тапсырмасы)


жетекшілігімен дайындалған «Қара жорға» биі



І. Ақыл-көрік бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршаңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді,

- деп, сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң...» деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.



ІІ. Таныс болдық жігіттер тегіменен

Туып өскен мекені,еліменен.

Барлығыда ақындар көрінеді,

Таныстырып кетті ғой төгіп өлең

«Көңілі ояу, көзі ашық» бөлімі

Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,

Келді кезек тапқырлықты танытар.

Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,

Жүлде сенде, қуана бер, күлімде

1 сұрақ     1) Жыртқыш құстардың атын ата. 
   ( Бүркіт, лашын, қыран, қырғи) 

  1. Өзіңізді ағылшын тілінде таныстырыңыз. (аты- жөніңіз, қандай мектепте, нешінші сыныпта оқисыз, хобби, т.б.)

2 сұрақ 1)  Аттың ер-тұмандарына нелер жатады?
үген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы)

2)

3 сұрақ 1) Үш жүз: Ұлы, Орта, Кіші

Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі

Үш даусыз: Мінез, кәрілік, ажал

2)

4 сұрақ 1) Дүниеде не жетім?


Жаңбыр жаумаса – жер жетім,

Басшысы болмаса – ел жетім.

Ұқпасқа айтылған – сөз жетім
2)

5 сұрақ 1) Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?

Ананың сүті тәтті. Ананың қолы жұмсақ. Әкенің жүрегі қатты.


ІІІ. «Ердің асылы күшінен білінеді»

Ер өнері білінбес,

            Қоян қолтық алыспай.

            Күш өнері білінбес,

            Бәйгеге түсіп жарыспай- дегендей сайысымыздың келесі шарты «Ердің асылы күшінен білінеді» деп аталады.


ІҮ. «Жігітке жеті өнер де аз» бөлімі

«Еңбек ердің – санаты, білім елдің қанаты» демекші адам ақыл - парасатымен сұлу, ақылды Жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе? Қазақта Жігіттерді былай деп атаған! «Көсем Жігіт» - ел басқаратын Жігіт, «Шешен Жігіт» - дау шешетін Жігіт, «Батыр Жігіт» - еліне қамқор Жігіт, «Сері Жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі Жігіт. Олай болса сері жігіттеріміздің өнерін тамашаласақ.



Ү. «Сән үлгісі» бөлімі


Ей, Жігіттер! Сендерге биік ата - салтын құрметтеп,

Ақтай білсең ата-баба үмітін,

Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.

Жігіттеріміз қазақтың бір ұлттық киімін насихаттауы қажет.



ҮІ. «Үй тапсырмасы» «Шебердің қолы ортақ» бөлімі

Бұл бөлімде үйден дайыпдап келген бұйымдарын қорғауы қажет. Қалай жасалды, неден жасалды деген сияқты

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал жігіттерге сәттілік тілейікші. Кезекті әділ бағасын беретін әділ қазыларға береміз

КЕШТІ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ, МАРАПАТТАУ



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!