Материалдар / "Жігітке жеті өнер де аз" 9 сынып

"Жігітке жеті өнер де аз" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты, ашық сабақ: "Жігітке жеті өнер де аз" 9 сыныпқа арналған. Қысқа мерзімді жоспар (план)
Авторы:
10 Ақпан 2019
1065
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

А қтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты






ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ


Тақырыбы:

«Жігітке жеті өнер де аз»







Өткізген:

Нажмадинов М.А.













Ақтөбе қаласы

2018-2019 оқу жылы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық

мектеп-интернаты

Пән: Сынып сағаты

Мұғалімнің аты-жөні: Нажмадинов М.А.

Күні: 26.01.2019

Класс: 9

Оқушы саны: 24

Сабақтың тақырыбы

«Жігітке жеті өнер де аз»

Сабақтың мақсаты

Жас ұрпақ ер балаларымыздың бойына ұлттық салт-дәстүрімізді, ер балаларға тән қасиеттерді қалыптастырып, елжандылыққа,

бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Сайыс сабақ

Тілдік мақсаттар

«Дәулетіңнің қадірін ұлың өскенде білерсің, абыройынның қадірін қызың өскенде білерсің»

«Үйінде ұл мен қызы бардың көгінде бес жұлдызы бар»

Құндылықтарды

Дарыту

Адалдық, серіктестік, толеранттылық, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

Пәнаралық байланыстар

Пән

Кезең

Қазақ әдебиеті

Салт-дәстүрлер

Дене шынықтыру

Спорттықтық сайыс (қол күрес)

Математика

Логикалық сұрақтар

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта арқылы презентациямен тапсырмалар орындау.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Мектеп оқушыларының сабақ кезінде және үзілісте, топтық жұмыс барысында, спорттық сайыс кезінде қауіпсіздік ережесіне сай түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

5 минут



1-жүргізуші:

Қош келдіңіздер, қадірлі де құрметті, ардақты да аяулы ұстаздар, келген қонақтар.

2-жүргізуші:

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты,

Армысыздар, сұлу қыздар сымбатты.

Талай ғасыр небір ақын жыраулар

Жігіттердің батырлығын жырлапты

1-жүргізуші:

Бүгін «Жігітке жеті өнерде аз» атты байқауымызға қатысатын жігіттеріміз: әдет-ғұрып төңірегіндегі біліктілік, ақыл парасат, өнер-жігерлік пен батырлық сайысында күш сынасып тапқырлық көрсетуі керек.

2-жүргізуші:

Сайысымыздың кезеңдері:

  1. Таныстыру

  2. Салт-дәстүр

  3. Шебердің қолы ортақ

  4. Зердесі білімдінің алтын сандық

  5. Спорт тән саулығы

1-жүргізуші:

Байқауымызды бастамас бұрын қатысушылардың өнері мен біліміне төрелік ететін әділ қазылармен танысайық.

Сабақтың ортасы




3 минут














5 минут

















8 минут
















10 минут























7 минут


2-жүргізуші:

Ер адамның демеу әр сөзі бізге

Түсінеді тұңғиық кезімізде

Ер адамнан күтеміз ерлік қана

Қулық деген жетеді өзімізде,– деп сайысымызды «Таныстырумен» бастайық.

1- жүргізуші:

І кезең «Таныстыру» (әр топ өздерінің атын, топ мүшелерін таныстырады)


2- жүргізуші:

Ей, жігіттер!
Сендерге биік ата-салтын құрметтеп,
Ақтай білсең ата - баба үмітін.
Әрбір сөзі тәлімі мол бір мектеп.

1- жүргізуші:

Енді ақыл - ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салар кез келген сияқты. Бұл кезеңде жігіттеріміз салт-дәстүрімізге байланысты қойылатын сұрақтарға жауап береді.

ІІ кезең Салт-дәстүр (әр сұраққа дұрыс жауап 10 ұпай)

1-топ Бәсіре

Қыз ұзатылғанда немесе жиен алғаш келгенде меншіктеп аталатын, ең салынған мал.

2-топ Сонар

Бұл аңшылар үшін өте қызықты сәттердің бірі. Қыстың тынық күні ұлпа қар жерге түскенде, жүрген аңның ізі тайға таңба басқандай анық көрініп жатады. Аңшылар бұл күнді асыға күтіп жүреді де, ізіне түскен аңды құтқармай соғып алады.

3-топ Тоқымқағар

Жас жігіт алғаш жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Мұндайда арнаулы мал сойып немесе сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастархан жасалады. Ойын-сауық, өлең – жыр айтылады.


2-жүргізуші:

Сыналар ер жігіттер келді кезің,

Сәулең болса, бермен кел талапты ерің

Жан құмары дүниеде немене екен

Соны білсең әрнені білгендерің

1- жүргізуші:

ІІІ кезең «Шебердің қолы ортақ» деп аталады. Бұл кезеңде жігіттеріміз іскерліктерін көрсетеді.

Шаш өру (І-15ұпай, ІІ-10ұпай, І-5ұпай)

Ою кесу «Қошқармүйіз оюы» (І-15ұпай, ІІ-10ұпай, І-5ұпай)

Сол қолмен сурет салу «Қыс» (І-15ұпай, ІІ-10ұпай, І-5ұпай)


1-жүргізуші:

Жарайсыңдар жігіттер! Барлығыңда шебер екенсіңдер!

«Еңбек ердің – санаты, білім елдің – қанаты» демекші адам ақыл-парасатымен сұлу, ақылды жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе?

2-жүргізуші:

ІV кезең Зердесі білімдінің алтын сандық. Бұл кезеңде оқушылар 5, 10, 15 ұяшықтарындағы логикалық сұрақтарға жауап береді. (Ұпай сандары ұяшықтын номеріне байланысты қойылады.)

5- Қобыландының атасы (Тоқтарбай)

5- Саннан, дене мүшесінен, тағамнан тұратын елді-мекен атауын ата. (Екібастұз)

5- Бір үйдің 4 аты бар еді. Еркек жаны 2 әке, 2 ұл еді. Еркектері кісі бас бір аттан мінгенде, бір артық болып шықты. Бұл қалай?

(атасы, әкесі, баласы)

10-Бес арысты ата?

(Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов)

10- Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы неше баптан, неше тараудан тұрады? (27 бап, 6 тарау)

10-Жеті қазына? (Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық)

15-Ұлу биіктігі 12 м ағаштың басына шығу керек. Ол кундіз 5м жоғары көтеріледі, түнде 4м төмен түседі. Неше күнде ұлу ағаштың басына шығады? (8)

15- Әкесінің жасы 31-де болғанда, ал баласының жасы 8-де болды. Ал қазір әкесі жасы баласының жасынан екі есе үлкен. Қазір баласының жасы нешеде? (23)

15-Бір бактерия секундына екі есе көбейеді. Алғашында банкіде

1 бактерия болып, 1 минутта банкіні толтырады. Сондай банкінің жартысындай көлемді банкіні қанша уақытта толтырады? (59с)


1- жүргізуші:

Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай.
Күш өнері білінбес

Бәйгеге түсіп жарыспай.

2-жүргізуші:

Сайысымыздың келесі «Спорт – тән саулығы» кезеңіне кезек береміз. Жігіттер қол күрестіреді.

Сабақтың соңы

2 минут

1-жүргізуші:

«Жігітке жеті өнер де аз» сайысымыздың қорытындысын жасауға әділ қазыларға сөз кезегін береміз.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?







Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі