Жинақ "Коучиг сабақтарының топтамалары"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жинақ "Коучиг сабақтарының топтамалары"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы
















Shape2





















ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



Оңтүстік Қазақстан облысы

Түркістан қаласы

«21 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Коучинг сессияларының топтамалары

(Іс тәжірибелер жинағы)




























Алғы сөз



Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгеірстер білім беру саласын жаңаша қолдауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуда, мұғалім іс –әрекетін жаңаша ұйымдастыруды талап етеді. Сондықтан қазіргі қоғамамызда әр мұғалім заманауи инновациялық әдіс – тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс қолдана білуі керек. Өйткені мқғалім мамандығы заман көшіне ілесіп жүруді емес, сол көштің басшысы болуды, көшбасшылықты қалайтын мамандық.

Қазақстандағы білім берудің келешегі оның дамуын бағыттаушыларға байланысты. Оқушының жеке қабілетін дамытуда, дарынын ашуда және қоғамдық белсенді әрекетін жүзеге асыруда мұғалімдердің іс – әрекеті мен озық тәжірибесі, қабілеті мен шеберлігі шешуші рөл атқарады. Осы орайда, алдарыңыздағы жинақ кітапшасына енген деңгейлік курстан өтіп сертификатталған мұғалімдердің өткізген коучингтері озық, тиімді идеяларға негізделген.





















Коучинг - (ағылш. coaching) сөзбе-сөз аудармасы – тәлім ету, дайындау,

жаттықтыру. Бұл – әріптестердің (коуч пен әріптесі) құпия, белсенді және жасампаз

өзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп

ойластыру, идеялармен алмасу, коуч тарапынан рефлексивтік диалогқа тарту негізінде

екінші мұғалім өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек да-

мытып, анағұрлым жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім

қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді.

Коучинг үдерісі тәлімгерлік үдерісімен өзара байланысты: коучинг тәлім алушының

мүмкіндіктерін ашуға бағытталса, тәлімгерлік оған кәсіби қолдау көрсетуге арналған.

КОУЧИНГ - революция емес, эволюция арқылы өзгеріс жасайтын құрал

Коучинг тез шешім қабылдауды көздемейді, оның орнына өзгерісті революция

арқылы емес, эволюция арқылы жасайтын құралмен қамтамасыз етеді. Мектептегі мұғалімдердің білімін арттыру біршама күш салуды қажет етеді. Бұл жұмысты жақсы атқару дегеніміз директорлар мен коучинг тобы олардың не үшін коучингтен өтіп жатқанын және сыныптағы оқушылар үлгерімінің өзгергенін қалай білетінін анық түсінеді дегенді білдіреді. Сондай-ақ, коучингті жүзеге асыруға қатысты

нәрселерді жан-жақты білуі керек. Коучинг сәтті жүргізілген уақытта мұғалімдердің кәсіби білімінде ойлардың бірігуі негізгі фактор болып табылады және оқушыларды оқытудағы рөлін түсінуіне байланысты нақты дәлелдер болады. Коучингті қолдауы бар өзіндік жұмыс ретінде де қарастыруға болады. Коучингтен өткен мұғалімдер мен олардың коучтары құндылықтары, білімдері және тәжірибелері арасындағы қатынасты анықтап зерттейді. Бұл философиялық пікірталас емес, дегенмен мектеп жүйесіне кері байланыс пен күрделі тапсырмаларды беретін нақты дәлелдерге

үлкен мән береді. Жақсы коучинг мұғалімді жұмысына және оқушыларына тигізетін әсеріне қатысты терең ойлауға, анық, түсінікті және метакогнитивті болуға ынталандырады. Олар мұғалім ретінде өздерінің құзыреттілігі туралы,

мұғалімдік кәсіп пен оқыту үдерісі туралы білімін молырақ, жұмысқа сай кең педагогикалық рөлді қолдануда сенімдірек болады. Сонымен қатар, олар жоспарлау, мониторинг жүргізу және қайта жасау секілді мұғалім жұмысының сапасын арттыратын метакогнитивті қабілетті жоғарылатады.

Shape4 Shape3



Мәлімет



Мұғалімнің аты-жөні: Асханова Мақпал Иниятханқызы

Туған күні, айы, жылы: 24.02.1985 ж.

Мамандығы: физика- информатика пәні мұғалімі

Пәні: информатика

Санаты: І

Пед өтілі: 9 жыл

Деңгей: екінші (негізгі) деңгей

























Коучинг жоcпaры №1


Сабақтың тақырыбы:

Оқудағы әлеуметтік өзара іс-қимыл ауқымын кеңейту.

Сабақтың мақсаты:

Оқуда кездесетін әлеуметтік өзара жағдаяттарды шешу жолдарын қарастыру;

Мұғалімдердің коучинг барысындағы мүмкіндіктері:

  • Мінезі тұйық, қиын оқушылармен тіл табысу жолын анықтайды;

  • Жағдаяттардан шығу жолдарын қарастыра отырып, коммуникативтілік дағдыларын жетілдіру;

Сабақтың нәтижесі:


Тиімді әдісті қолдана отырып, оқушының тіл табысу, қарым – қатынас жасау жолдарын кеңейтеді.

Коучингті өткізу әдістері:


  • Миға шабуыл

  • Кафель әдісі

  • Сағат әдісі

Ұсынылған ресурстар

Сабақ барысы:


Уақыты

Коучердің іс - әрекеті


Мұғалімнің (тыңдаушының) іс – әрекеті

Қолданылған құралдар

7 минут

Сәлемдесу.

- Cәлеметсіздер ме құрметті әріптестер! Мен ойлаймын бүгінгі коучинг cабағымнан жақсы әсер алады деп. Cабақты бастамас бұрын сіздерге әңгіме айтып өтейін. Сол әңгіме бойынша қандай ой түйіндегендеріңіз жайлы айтып өтерсіздер.

  • Бір ғұлама өзеннің қасында отырып күннің ыстығына шыдай алмай су ішкісі келген итті көреді. Бір қызығы: ит судың қасына келіп, су ішейін деп жатқанда, ішпей судан қашады. Осылай 3-4 рет қайталанған соң, ғұлама, иттің судағы өзінің бейнесінен қорқып су ішпей қашатынын түсінеді. Ақырында, шөліне қарсы тұра алмай ит өзенге жүгіріп барып түседі де, судағы бейнесін көрмеген соң, шөлін қандырып су ішеді. Осы орайда ғұлама: "Иттің осындай әрекетінен түсінгенім - бір адамның армандары арман болып қалуының басты себебі - адам ішіндегі қорқулар. Егер, ішіміздегі қорқуларды жеңебілсек, қалаған мақсатымызға жете аламыз". Тағы ойланып, үйренген нәрсенің бұдан басқа екенін көреді. Үйренгені - бір ғұламаның дағы бір иттен үйренері бар екені. Білгеніңізбен бөлісіңіз - басқа адамдардың үйренері бар шығар.. Үйретуге де, үйренуге де ашық болыңыз, өйткені әр адамның бір білгені мен айтатын сөзі міндетті түрде бар.

Сұрақ:

  • Сіздердің пікірлеріңізше қандай ой түйіндедіңіздер?

Әріптестерім сәлемдеседі. Әңгімені мұқият тыңдайды және де сол әңгіме бойынша қысқаша ойларын айтады.


5 минут

Топқа бөлу және топ ережесін құру.

Нұсқау: Конвертке салынған заттарды өздері таңдай отырып, топқа бөлінеді (мейіз, өрік, кәмпит) және топ ережесін белгілеп, іліп қояды. Топ ережесін жақсы көңіл күймен бастау есебінде сәлемдесуден бастайық, мәселен, «Қайырлы күн». (тәртіп сақтау, бірлескен түрде жұмыс)

Конвертке салынған заттарды таңдай отырып, топқа бөлінеді.Ішіндегі заттың не екенін жорамалдап айтады және біркелкі зат иелері бірлеседі. Топтар топ ережесін құрады.

Конверт, үлестірме қағаздары

10 минут

Бейнежазба көрсету.

Нұсқау: «Мұғалім мен оқушы арасындағы қарам-қатынас» тақырыбында бейнежазба көрсетіледі; Бейнежазбадан түйген ойларыңызды айтып өтсеңіздер.

Сұрақ:

  • Осы бейнежазбадан қандай ой түйіндедіңіздер? Пікірлеріңізді айтып өтсеңіздер.

  • Өзіңіз осы жағдайда қандай әрекет жасар едіңіз?

  • Оқушыға түсіндірудің қандай тәсілдерін қолданар едіңіз?

Әр мұғалім көрсетілген бейнежазба туралы өз ойларын баяндап жеткізеді.

Интерактивті тақта, компьютер

15 минут

Тапсырма: «Кафель» әдісі бойынша тапсырмалар орындайды.

Нұсқау: «Коммуникативтік дағдыларды жетілдіру арқылы инклюзивтілікке қол жеткізу » тақырыбында мәтін таратылып, мәтіннен түйген ойларыңызды ватманға бейнелеп, яғни бірлесе жұптаса отырып постер дайыңдаңыздар. Жұпқа түрлі түсті баулар арқылы бөлініп, жұптасыңыздар. Жұптарға әр түрлі суреттердің жартысы бейнеленген үлестірмелер таратылады және жұптық жұмыс аяқталғаннан кейін жұптар үлестірмелерінің жартысын іздей отырып, бірігеді. Екі жұп өз жұмыстарын талқылап, ортаға салады. Жұмыстарын көрмеге іліп қойып, талдау жасайды. Жұмыстарыңызға формативті бағалау жасаңыздар.

Сұрақ:

  • Оқушылардың қарым-қатынас жасау дағдысын жетілдіру мақсатында өз пәніңізде қандай әрекет жасар едіңіз?

  • Сіз қандай әдісті қолдана отырып, қарым-қатынас жасауды жақсартар едіңіз?

  • Сіз кафель әдісінің оқушыларға тиімділігі қаншалықты деп ойлайсыз?

  • Сіз осы әдісті өз пәніңізде қалай қолданар едіңіз?


Түрлі – түсті бауларды таңдау арқылы жұптасады. Жұп бойынша мәтінді саралап, тұжырым жасайды. Ұқсас суреттер бойынша жұптар бірігеді. Біріге отырып, бір – бірлеріне сараптап, талдау жасайды. Аяқталған жұмыстарын көрмеге іледі.

Түрлі – түсті бау, ватман, маркер

5 минут

Сергіту сәті: Аудиожазбаны тыңдау арқылы, сол аудиожазадағы әрекеттерді бірге жасаймыз.

Сұрақ:

  • Осы сергіту сәтінен не түсіндіңіздер?

Айтылған әрекеттерді бірлесе жасайды.

Аудиожазба

25 минут

Тапсырма: «Сіз оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақсартатын қандай жағдай жасайсыз?» тақырыбында жеке жұмыс жасаңыздар. Өз пікірлеріңізді қағазға түсіресіздер. «Сағат» әдісі бойынша жұптық кездесулерді өздеріңіз белгілеп, ұйымдастырып, жұмыстарыңызды талқылап, саралайсыздар.Жұптық кездесулер аяқталғаннан кейін топта талқылау жүреді және ортаға салып, баяндайды.Жасаған жұмыстарыңызды кір жайғышқа іліп қойыңыздар.Бір-біріңіздің жұмыстарыңызды көріп шығып, өзара бағалау жасаңыздар.

Сұрақ:

  • Сіздер «сағат» әдісінен нені үйрендіңіздер?

  • Өз пәніңізде «сағат» әдісін қалай қолданар едіңіз?

Берілген тапсырманы жеке –жеке өздері орындайды және де өз жұмыстарын жұптық кездесуде талқылайды.Бірінші жұптық кездесуі аяқталғаннан кейін екінші жұптық кездесумен кездесіп, саралайды. Кездесулер аяқталғаннан соң топта талқылап, жұмыстарын іліп, өзара формативті бағалау жасайды.

А4 қағазы, жіп, түрлі- түсті қыстырғыштар








10 минут

Әрбір қатысушыға сауалнама беріледі. Алған әсерін , үйренгенін, келесіде қай тақырыпты қарастырғысы келетінін сұрақтар арқылы айқындау.

Сауалнаманы жазбаша түрде толтырады.

Қосымша1

5 минут

Келесі коучинг тақырыбы ұсынылады.

Тыңдағандарыңызға рахмет!

Келесі коучингтің тақырыбын анықтайды.




Коучинг 2


Сабақтың тақырыбы:

Критериалды бағалау

Сабақтың мақсаты:


Педагогтарға оқыту үшін бағалауда айқындалған критерийлерге сәйкес өз жұмысының сапасы туралы қорытынды жасай білуге қол жеткізуін үйрету, бағалау үдерістерінің дамуына ықпал ету.

Мұғалімдердің коучинг барысындағы мүмкіндіктері:


  • Бағалау және табыс критерийлерінің маңыздылығын ұғыну;

  • Өзін – өзі және өзара бағалауды өз тәжірибесінде қолдануға дағдылану;

Сабақтың нәтижесі:


Критерийлерді қолдана отырып, өзін – өзі және өзара бағалау жүйесінің тиімділігін қолдана білуге дағдыландыру

Коучингті өткізу әдістері:


  • Ойсергек

  • Миға шабуыл» әдісі

  • Топтық жұмыс әдісі


Ұсынылған ресурстар

  • «ИБО-ны ЖОО-да қолдану мәселелері» оқу құралы

Сабақ барысы:

Уақыты

Коучердің іс – әрекеті


Мұғалімнің (тыңдаушының) іс – әрекеті

Қолданылған құралдар

5 минут

Сәлемдесу.

- Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Көңіл-күйлеріңіз қандай? Cабақты бастамас бұрын алдымен шеңбер құрып, өзімізді реттеп бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.

Нұсқау: Шеңбер құра отырып, жіпті бір-бірімізге лақтыра отырып, кезекпен жақсы тілек айтайық.

Топқа бөлу.

Қолымдағы қораптан бір-бір тастан алып, сол біркелкі түсті тастар бірге топтасыңыздар.





Жіпті бір-біріне лақтыра отырып, жақсы тілектер айтады.





Әріптестер қалтадан бір тастан алып, біркелкі түсті тастар бірігіп, топтасады.


Жіп, қорап, түрлі тастар

10 минут

Миға шабуыл

Нұсқау: Интерактивті тақтадан бейнежазбаны көріп, өз пікірлеріңізді тұжырымдап айтып өтсеңіздер.

Сұрақ:

  • Сіздер көрсетілген бейнежазбадан не ой түйіндедіңіздер?

  • Өзіңіздің кәсіби

  • дамуыңызда өзгеріс

  • енгізгіңіз келе ме?

  • Өз іс тәжірибеңізде оқушы дайындалмаған жағдайда қалай жасар едіңіз?

  • Осы жағдайда қандай әдістерді пайдалана отырып, оқушыны бағалар едіңіз?


Бейнежазбаны мұқият көреді, ойланады және өз ойларын, пікірлерін айтады.

Интерактивті тақта, бейнежазба

20 минут

Нұсқау: Топтаса отырып, «Болашақ» тақырыбында постер дайындаңыздар.

Тапсырманың бағалау критерийі:

  • Ұшатын машина немесе ұшақ

  • Зәулім үйлердің салынуы

  • Роботтар

  • Эстетикалық талғамға сай безендірілуі

  • Түстердің саны

Топтық бағалау

Нұсқау: әр топ өзара бағалау жасаңыздар.



Сұрақ:

  • Сіздер қалай ойлайсыздар осы бағалаудың қайсысы тиімдірек және оңайырақ ? Неліктен?

  • Критерий қойылған түрде бағалау ұтымды ма?

Нұсқау: Критерий бойынша қайта бағалау жасаңыздар.


Топтаса отырып, «Болашақ» тақырыбына постер дайындайды. Екі топ өз бетінше постер салуды қарастырады және басқа бір топ критерий бойынша жұмыс жасайды.








Өздері ортаға сала отырып ой бөліседі және өздері өзара бағалау жасайды.Сонымен қатар бағалаудағы дәлелдемесін айтып өтеді.





Жұмыстарын критерий бойынша қайта бағалайды.

Ватман, маркер, түрлі-түсті қағаздар, стикерлер

5 минут

Сергіту сәті

Нұсқау: Айтылған әрекеттерді бірге жасаймыз.

-Сен қайда болдың?

-Дүкенде

-Не сатып алдың?

-Желпіуіш

Сен қайда болдың?

-Дүкенде

-Не сатып алдың?

-Тігін машинасы

Сен қайда болдың?

-Дүкенде

-Не сатып алдың?

-Велосипед

Сен қайда болдың?

-Дүкенде

-Не сатып алдың?

-Тербелмелі бесік

Сен қайда болдың?

-Дүкенде

-Не сатып алдың?

-Жолдама


Айтылған іс-әрекеттерді жасайды.


3 минут

Топқа бөлу

Нұсқау: Терминдер жазылған қағаздарды таратамын және әр мұғалім пәніне қатысты терминді алып, топтасаңыздар.

Терминдерді таңдай отырып, топтасады.

Үлестірме қағаздары

20 минут

Тапсырма: Әр топ өз пәніне қатысты критерий бойынша тапсырма ұйымдастырыңыздар және тапсырмаға бағалау критерийін дайындаңыздар. Тапсырмаларыңызды постерге түсіріп, қорғайсыздар.

Сұрақ:

  • Сіздер бұл тапсырмадан нені түсіндіңіздер?

  • Бұл тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтар кездесті?

  • Сіз өз сабағыңызда критериалды бағалау жасағансыз ба?

Әр топтан бір бақылаушыдан барып, басқа топтың жұмыстарын бақылап, ой қозғап келеді. Жұмыстарын ортаға салып, қорғайды және формативті бағалау жасайды.

Ватман, маркер

10 минут

Әрбір қатысушыға сауалнама беріледі. Алған әсерін , үйренгенін, келесіде қай тақырыпты қарастырғысы келетінін сұрақтар арқылы айқындау

Сауалнаманы жазбаша түрде толтырады.

Қосымша

5 минут

Тыңдағандарыңызға рахмет!






Коучинг жоcпaры №3

Сабақтың тақырыбы:

Диалогтық оқытудың зерттеушілік әңгімесі арқылы бірлескен топ жұмысын ұйымдастыру.


Сабақтың мақсаты:

Диалог құрып оқытудың маңызын түсініп, әңгіме түрлерін ажыра білу. Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы сабақта тиімді әңгіме жүргізуге және ашық сұрақтар дайындауға үйрену.Топтық жұмыстың сабақтағы маңызын түсініп мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы арасындағы диалог құрып сабақ меңгеруінің тиімділігін ұғыну.



Күтілетін нәтижесі:


Диалогтық оқу арқылы тиімді әдістерді қолдана отырып сабақта оқушылардың мұғаліммен және бір-бірімен

қарым – қатынас жасау жолдарын кеңейтеді.Сыныпта диалог жүргізудің және ашық сұрақтар қоя отырып жауап алудың жаңа әдістерін дайындауға үйренеді. Топтық жұмыстың тиімділігін ұғынады.


Коучингті өткізу әдістері:


  • Миға шабуыл

  • Giksoәдісі

  • Шеңбер әдісі

  • Кері байланыс

Ұсынылған ресурстар:

  • МАН Диалогтық оқу

  • үлестірме материалдар (екінші апта екінші күн)

Сабақ барысы:


Уақыты

Коучердің іс – әрекеті


Мұғалімнің (тыңдаушының) іс – әрекеті

Қолданылған құралдар

15мин

Білу

Сәлемдесу.

- Cәлеметсіздер ме құрметті әріптестер! Мен ойлаймын бүгінгі коучинг cабағымнан жақсы әсер алады деп.Бірінші коучинг сабағыма келіп отырсыздар,қадамдарыныз құтты болсын! Коңіл-күйлеріңіз калай?

Миға шабуыл.

  1. Бүгінгі сабаққа кандай мақсатпен келдіңіз?

  2. Алдағы уақытта сабақтан не күтесіз?

  3. Мұғалім өзгеру керек пе және неліктен өзгеру керек деп ойлайсыз?

  4. Оқушылар сабақта нәтижелі білім алу үшін мұғалімдер қандай әрекеттер жасау керек?

  5. Мінсіз мұғалім сіздің ойыңызша кандай болу керек?

Қағаздан адам бейнесін қидырып мінсіз мұғалім бейнесін жасату.

Әріптестерім сәлемдеседі. Сұрақтарға жауап береді. Мінсіз мұғалім сипаттамасын жасайды. Тақтаға іліп қояды.

Ақ парақтар

5 минут

Топқа бөлу және топ ережесін құру.

Нұсқау: Қорапқа салынған заттарды өздері таңдай отырып, топқа түрлі түсті қағаздардағы гүл пішіндеріне қарай бөлінеді және топ ережесін белгілеп, іліп қояды. Топ ережесін жақсы көңіл күймен бастау есебінде сәлемдесуден бастайық, мәселен, «Қайырлы күн». (тәртіп сақтау, бірлескен түрде жұмыс жасау т.б.)

Гүлдерді пішіндері бойынша таңдай отырып, топқа бөлінеді.. Топтар топ ережесін құрады.

Үлестірме қағаздары

.Флипчарт,

маркерлер.

10 минут

Түсіну

Бейнежазба көрсету.

Нұсқау: Сөйлесіп жатқан балалар бейнежазбасы көрсетіледі; Бейнежазбаны көру арқылы тақырыпты аштыру.

Сұрақ:

  • Осы бейнежазбадан қандай ой түйіндедіңіздер? Пікірлеріңізді айтып өтсеңіздер.

  • Балалар, не істеп жатыр?

  • Бүгінгі тақырып қандай деп ойлайсыздар?


Әр мұғалім көрсетілген бейнежазба туралы өз ойларын баяндап, тақырыпты ашады.

Интерактивті тақта, компьютер

25 минут

Қолдану

Тапсырма: «GIKSO» әдісі бойынша тапсырмалар орындайды.

Нұсқау:1-топ «Бірлескен сұхбаттың сабақтағы пайдасы », 2-топ

« Әңгіменің үш түрі» 3-топ« Ашық және жабық сұрақтар» тақырыбында мәтін таратылып әрқайсысы жеке оқисыздар,екуден жұптасып талдаңыздар, енді топта талқылаңыздар.Қолдарыңыздағы гүлдердің түстері бойынша қайтатопқа бөлініп топта алдыңғы топта талқылағандарыңызды бір-бірлерінізге түсіндіріңіздер, түйген ойларыңызды флипчартқа бейнелеп, яғни бірлесе жұптаса отырып постер дайыңдаңыздар,постерді қорғаңыздар постердің ішінде міндетті түрде өз пәніңәз бойынша ашық және жабық сұрақтар құрыңыздар. қорғаған топқа сұрақ қойыңыздар. Жұмыстарыңызға бағалау жасаңыздар,бағаларыңызды не себепті қойғандарыңызды түсіндіріңіздер.


Мұғалімдер өздеріне берілген тапсырмаларды жеке оқиды, жұппен талқылайды,топпен талдайды.Қайта топқа бөлініп алдыңғы топтағы тапсырмаларын бір-біріне түсіндіріп постер жасайды,қорғайды,

шыққан топқа басқа топ сұрақ қояды. Топтар бір-бірін смайлингпен бағалайды және несебепті ондай баға қойғандарын түсіндіріп кетеді. Аяқталған жұмыстарын көрмеге іледі.

Түрлі – түсті бау, ватман, маркер.Мәтіндер жазылған парақтар.

5 минут

Сергіту сәті: Ортаға барлығы шеңбер құрып отырып отырыңыздар әр топ бір жемістің атын айтсын сол үш жемісті қайталап шығыңыздар сосын орын ауыстырып сергіту жасаймыз.


Айтылған әрекеттерді бірлесе жасайды.

Жеміс суреттері

25 минут

Талдау, жинақтау

Тапсырма: «Шеңбер әдісі» Бүгінгі өткен коучинг бойынша қорытынды жасаныздар. Әрқайсысыңыз не түсінгендеріңізді,жеке пікірлеріңізді айтып шығыңыздар. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

Сұрақ:

  • Оқушылардың қарым-қатынас жасау дағдысын жетілдіру мақсатында өз пәніңізде қандай әрекет жасар едіңіз?

  • Қалай ойлайсыздар топтасып диолог құру арқылы оқушылар өз беттерінше білім ала алады ма?

  • Сіз қандай әдісті қолдана отырып, қарым-қатынас жасауды жақсартар едіңіз?

  • Ашық сұрақтар қою арқылы балаларды неге үйретеміз?

  • Мінезі тұйық балаларды топта диалогқа қалай тартар едіңіз?

  • Сіз «GIKSO» және «шеңбер» әдісінің оқушыларға тиімділігі қаншалықты деп ойлайсыз?

  • Сіздер қай әңгіме түрін сабақта пайдаланып жүрмін деп ойлайсыздар?

  • Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар қалай жұмыс істейді?

  • Сіздер осы әңгіменің қай түрін өз пәніңізде бұдан былай қолданар едіңіз?




Мұғалімдер шеңбер құра отырып өтілген сабақ бойынша қорытынды жасап өз ойларын ортаға салады,сұрақтарға жауап береді.










10 минут

Бағалау

Кері байланыс.Әрбір қатысушыға сауалнама беріледі. Алған әсерін , үйренгенін, түсінбегендерін жазып береді.

Сауалнаманы жазбаша түрде толтырады.

Сауалнама


Тыңдағандарыңызға рахмет!




Коучинг жоcпaры №4


Сабақтың тақырыбы:

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Сілтеме:

  • үлестірмелі материалдар

  • Мұғалімге арналған нұсқаулық

  • Интернеттен алынған материалдар

Жалпы мақсаты:

Әріптестерімізді педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мақсатында инновациялық идеялармен таныстыру, шығармашылық қабілетін ұштау, жаңа формациядағы бағалау түрлерін тәжірибеге енгізуге ықпалдастыру.

Оқу нәтижесі:

Мұғалімдер формативті және жиынтық бaғалаудың айырмашылығын біледі және өз сабақтарында қолдана алады.Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс- тәсілдердің тиімділігі жайлы ақпарат алады.

Түйінді идеялар:

  • Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаудың айырмашылығын меңгереді және өз тәжірибесінде жүзеге асырады.

Коучингті өткізу әдістері:


  • Миға шабуыл әдісі

  • «Фишбоун» немесе «Балық қаңқасы» әдісі

  • Жарнамалау әдісі

  • «Эйфель мұнарасы» әдісі

  • «Ассоциация» әдісі

  • SWOT талдауы

  • Ойлау бутерброды


Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:


Мұғалімдердің пікірлерін талқылау


Ресурстар:

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау, 56-60 бет

Мұғалімнің жазбалары:


Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі - білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. Көптеген мектептерде төрт баллдық жүйеге негізделген бағалаудың дәстүрлі жүйесі сақталып келеді: 2 («қанағаттанарлықсыз»), 3 («қанағаттанарлық»), 4 («жақсы») 5 («өте жақсы»). Теория жүзінде 1 (бірлік) баллы бар болғанымен, тәжірибе жүзінде тіпті қолданылмайды. Баға әр уақытта субъективті. Осыған орай, мұғалім талассыз бедел мен ақиқат иесі болып табылмақ. Алайда бұл іс жүзінде шындыққа сай келе бермейді

Бағалау» термині «жақын отыру» латын тіліндегі мағынада-бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып,не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Жалпы бағалау екіге бөлінеді.


Жағымды психологиялық

көңіл-күй орнату

5 минут

«Құмыра» бейнежазбасы

  • Сіздердің пікірлеріңізше қандай ой түйіндедіңіздер?

  • Бұл бейнежазбаны неліктен және не себепті сіздерге ұсындым?


Топқа бөліну

Топқа бөліну - 7 минут







Ереже құру - 3 минут

Жемістер, көкөністер, қышқылдар, тәттілер, дәнектер арқылы

топқа бөлу.


Сыни ойлану арқылы топқа жиналу.Топтағы міндеттерін бөлісу.

  • Көшбасшы

  • Баяндамашы (спикер)

  • Уақыт қадағалаушы

(таймер)

  • Сарапшы

  • Хатшы

Топ ережесін құру.

Мәтінмен жұмыс

Оқу - 5 минут


  • «Фишбоун» немесе «Балық қаңқасы» әдісі

  • Жарнамалау әдісі

  • «Эйфель мұнарасы» әдісі

  • «Ассоциация» әдісі

  • SWOT талдауы

Әр топқа бөлініп беріледі.


Мәтінді оқып, талқылау

Постер дайындау, қорғау

Постер – 10 минут

Қорғау – 20 минут

(әр топ 3 минут)


Әр топқа берілген әдіс бойынша постер дайындап, қорғайды.Бір топ барлық топқа «SWOT» талдауын жасап, бағалайды.


Таныстырылым көрсету


Тақырыпты толықтырып өту

Таныстырылымды мұқият қарап талқылау.


Сергіту сәті

5 минут

Саусақтар арқылы мінез анықтау тесті

Қорытындысын сандардың орналасу тәртібі бойынша анықтайды.






Рефлексия

5 минут


«Ойлау бутерброды»

  • Не жақсы шықты?

  • Не қиындық тудырды?

  • Нені жақсартуға болады?



Қорытынды



Қатысқандарыңызға көп рахмет!


Коучинг жоспары 5


Сабақтың тақырыбы:

Бақылау жұмысын формативті бағалау арқылы оқушылардың пән бойынша құзыреттілігін қалыптастыру.

Коучерлер:

  • Кузенова Шолпан

  • Қойланова Айгүл

Мақсаты:

Формативті бағалау түрлерін бақылау жұмыстарына қолдануды

әріптестеріміздің тәжірибесіне енгізуге ықпалдастыру. Өз іс тәжірибелерінде оқушыларды бақылау жұмыстарында критерийлер арқылы өз-өзін және өзара бағалау жасауға дағдыландыру.

Күтілетін нәтижесі:

Мұғалімдер бақылау жұмыстарын әр пән бойынша формативті бaғалау арқылы оқушының оқуға ынтасы артатынын және оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдердің тиімділігі жайлы ақпарат алады, сонымен қатар пән бойынша критерийлер арқылы құзыреттілігін дамытады.

Табыс критерийі:

  • Әр пән бойынша бақылау жұмыстарын формативті бағалай біледі және критерий мен дискрипторларды анықтай алады;

  • Бақылау жұмыстарына формативті бағалауды түрлендіре алады және шығармашылық қабілеттерін дамытады;

  • Ө іс –тәжірибесіне қолданады ,тиімділігіне көз жеткізеді;

Түйінді идеялар:

  • Бақылау жұмыстарын формативті бағалай алуды өз тәжірибесінде жүзеге асыруды енгізу;

  • Критерий мен дискрипторлар анықтай алады

Коучингті өткізу әдістері:


  • «Миға шабуыл» әдісі

  • «Карусель» әдісі

  • «Кинометафора» әдісі

  • «Кір жайғыш» әдісі

  • «Социометрия» әдісі


Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:


Мұғалімдердің пікірлерін талқылау


Ресурстар:

«Формативное оценивание» методическое пособие

Интернеттен алынған ақпараттар

Үлестірмелер, жабыстырғыштар, бейнежазба, компьютер, проектор, конверттер, құрт, кәмпит, ірімшік.

Мұғалімнің жазбалары:


Жасампаз жаңа елдің ұрпақтары,

Жаңаша бағыт ұстап ұстаздары.

Бүгінгі семинарға қош келдіңіз!

Құрметті ұстаз қауым қонақтары!

Шәкірттер шыңның шығып шынарына ,

Әдістер әрлей түсер қадамын да

Жасампаз жаңалықтар жасаушылар,

Ұстаздар ұлы тұлға шынында да.

Бүгінгі коучингімізден жақсы әсер алады деген сенімдеміз!

Жағымды психологиялық

көңіл-күй орнату

5 минут

«Шаттық шеңбері»

Әр ғылым бойынша ұлы тұлғалардың порттері бейнеленген конверттерді әр мұғалім өз пәніне сәйкес таңдап алыңыздар.

Ортаға шеңбер бойымен тұрып, бейнеленген ұлы тұлғалардың есімдеріне байланыстырып бір-бірлеріңізге жақсы тілектер айтыңыздар.

Үлестірмелерді алып, тілек айту.


Берілген конверттерді өз пәндеріне сәйкес таңдап алады. Шеңбер құрып, бір-бірлеріңе тілектер айтып өтеді.


Топқа бірігу

10 минут



ТShape5 ұлғалар бейнеленген конверттің ішінде геометриялық пішіндес заттар орналасқан. Осы заттарды сын тұрғысынан ойлай отырып, сипап сезу арқылы пішінді табыңыздар. Сәйкес пішінді заттар арқылы топқа біргіңіздер.Пішіндер:

Shape6 Shape7


1-топқа орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын тілі пәндер мұғалімдері үшбұрышты піщіндер «Лингвистер» тобына жиналады.

2-топқа математика, физика, химия пәндер мұғалімдері тіктөртбұрышты пішіндестер «Ойшылдар» тобына жиналады.

3-топқа биология, тарих, география, информатика пәндер мұғалімдері шеңбер пішіндестер «Зерттеушілер» тобына жиналады.

Алдарыңызға берілген суреттерден топ ережесін құрастырып, қабылдаңыздар.

Қолдарыңдағы конверт ішіндегі геометриялық пішіндерге сәйкес 3 топқа бөлінеді.

1-топ - «Лингвистер»

А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Л. Толстой, А. Пушкин. У.Шекспир

2-топ - «Ойшылдар»

Энштейн, Д.Менделеев, И.Ньютон, Пифагор, Архимед.

3-топ - «Зерттеушілер»

Ч.Дарвин, Абылай хан, Тәуке хан, Ш.Уалиханов, Б.Гейтс.


Топтық жұмыс

10 минут


Тексерілмеген бақылау жұмыстарын және сынақхатты беріп, тексеріп бағалауды тапсырады.

Қазақ тілі пәнінен алынған сынақхатты «Лингвистер» тобына, математика пәнінен алынған бақылау жұмысын «Ойшылдар» тобына , тарих пәнінен алынған бақылау жұмысын «Зерттеушілер»тобына тексеруге береді.

Сұрақтар:

  • Қазіргі таңда оқушылардың бақылау жұмыстарын мұғалімдер қалай бағалап жүр?

  • Оқушылар бақылау жұмыстарындағы бағаларды көргенде реакциялары қандай болады?

Оқушылардың жұмыстары беріледі. Топтар бақылау жұмысы мен сынақхатқа әдеттегідей бағалау жасайды.


Миға шабуыл

3 минут

  • Формативті бағалау дегеніміз не?

  • Оны қалай жүргіземіз?

  • Оның қандай түрлері бар?


Топтар сұрақтарға жауап береді.



«Карусель» әдісі

7 минут








Тексерілген бақылау жұмыстарын келесі топпен алмасады. Бақылау жұмысын алмасқан топқа алған бақылау жұмысын формативті бағалау жасауды ұсынады.

Сұрақтар:

  • Бақылау жұмыстарына қандай формативті бағалау түрлерін қолданар едіңіз?

  • Сіздің пікіріңізше тиімділігі бар ма? Болса қаншалықты?

Берілген жұмыстарға формативті бағалау жасап, өз пікірлерін білдіреді.

«Кинометафора» әдісі

20 минут


Физика пәнінен беретін әріптесіміздің коучингте айтқан пікірі жайлы бейнежазба көрсетіледі.

  • Сіздердің ойларыңызша осы коучингтен кейін мұғалімнің әрекеті қандай болды?

Таныстырылым көрсету.

Таныстырылымда әріптестеріміздің физика пәнінен алған бақылау жұмыстарының нәтижесі, пікірі баяндалады. Сонымен қатар, «Кір жайғышта» биология, информатика және қазақ тілі пәндеріне алынған бақылау жұмыстарына формативті бағалау жасалған дәлелдемелер көрсетіледі.

  • Жазбадағы мұғалімнің пікірі неліктен өзгерді?

  • Сіз өз бақылау жұмыстарыңызға формативті бағалауды жасау арқылы оқушылардың ынтасын арттыру ға үлесі қаншалықты болады?

Таныстырылым бойынша талқылау жасайды, пікірлерін ортаға салады және сұрақтарға жауап береді.


Рефлексия

5 минут

Бақылау жұмыстарын формативті бағалауды тәжірибеге енгізу...

Shape8

Shape9 Shape10

Тәжірибеге енгізе аламын...

Енгізгім келмейді...




Shape11

Shape13 Shape12

Тиімді емес...

Тиімді...




  • Бақылау жұмыстарына формативті бағалау қажет пе? Өз ойларыңызды ашық білдіріп, қорытындылаңыздар?


Мұғалімдер жабыстырғыштарға өз пікірлерін жазып, төрт бөліктің біреуіне жабыстырады.

Қорытынды

Қатысып ой бөліскендеріңізге көп рахмет!!!
















Коучинг жоспары


Сабақтың тақырыбы:

«Диалогтік оқытудағы жоғары және төмен дәрежелері сұрақтар арқылы сыни ойлауға дағдыландыру»

Коучерлер:

  • Кузечаевячччыыыыыыыыыыыыыыыыыынова Шолпан

  • Асханова Мақпал

Мақсаты:

Диалогтік оқытудағы жоғары және төмен дәрежелі сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғындыру.

Күтілетін нәтижесі:

  • Оқу үрдісінде диалогтік оқытудағы сұрақтың түрлерімен танысады;

  • Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданадудың маңыздылығын түсінеді;

  • Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді.

Табыс критерийі:

  • Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданадудың маңыздылығын түсінеді;

  • Сын тұрғысынан ойлауға бағытталған сұрақтарды жүйелейді.

Түйінді идеялар:

  • Жоғары және төмен деңгейлі сұрақтарды анықтайды, жауапты сыни тұрғыдан ойлауға немесе нақты талқылауға қолдау көрсетеді.

Коучингті өткізу әдістері:


  • Шаттық шеңбері

  • «Ой шақыру» стратегиясы

  • «Карусель» әдісі

  • «­­Өкіл» әдісі

  • «Стикердегі диалог» әдісі


Ресурстар:

Интернеттен алынған ақпараттар

Үлестірмелер, жабыстырғыштар, бейнежазба, компьютер, проектор, конверттер, құрт, кәмпит, ірімшік.

Мұғалімнің жазбалары:

1 минут


Жасампаз жаңа елдің ұрпақтары,

Жаңаша бағыт ұстап ұстаздары.

Бүгінгі семинарға қош келдіңіз!

Құрметті ұстаз қауым қонақтары!

Шәкірттер шыңның шығып шынарына ,

Әдістер әрлей түсер қадамын да

Жасампаз жаңалықтар жасаушылар,

Ұстаздар ұлы тұлға шынында да.

Бүгінгі коучингімізден жақсы әсер алады деген сенімдеміз!

«Шаттық шеңбері»

Топқа бірігу


10 минут

Жағымды психологиялық көңіл-күй орнату.

Коучингке келген қонақтарға шар ұсынылады. Шардың ішіндегі берілген үлестірмелер бойынша 3 топқа бірігеді. Қос шеңберде тұра тілек айту.

«Тілекті тізбек» (информатиканың терминдерін пайдаланып тілек айту) бір - бірімізге жақсылық тілеп, қуанышымыз бен жүрегіміздің жылуын бөлісейік

  • Интернеттей ауқымды,

Пейілің кең болсын!

  • Процессордай ақылды

достарың көп болсын!

  • Әрбір күнді күлкімен,

Қуанышпен бастаңыз,

Көңілсіз күндер боп жатса,

Корзинаға тастаңыз

  • Бұл өмірде ешқашан,

Шыңғырған вирус шықпасын!

Мазалап жатса егер кеп,

DoctorWeb пен Kasper қорғасын!

  • Power point слайдтындай

Құлпырыңыз демекпін!

Коучингке келген қонақтар алдарына берілген кез келген шарларды алып таңдайды. Шарлардың ішінде берілген қағазды ала отырып, топқа әр программаның атауы қарай топтаса бірігеді.

1-топ: Офистік бағдарламалар.

2-топ: Стандартты бағдарламалар.

3-топ: Паскаль.

Топқа біріккен соң шаттық қос шеңберде тұра компьютердің құрылғыларын қатыстыра отырып, тілек айтады.


«Ой шақыру» стратегиясы

Сұрақ қою - 5 минут

Жауап беру – 5 минут

Қорғау, бағалау – 5 минут

«Карусель» әдісі

Берілген суреттерге әр топ өз сұрақтарын қойып шығады.

«Карусель» әдісі бойынша қойылған сұраққа алмаса отырып, жауап береді. Қайтадан кері алмаса отырып, сұрақтарына жауапты алады. Топтар бағалау жасап өтеді.

Сұрақтар:

  • Қойылған сұрақтар қандай өзі?

  • Сұрақ дегеніміз не?

  • Сұрақтың қандай түрлері бар? Қандай түрлерін өз сабақтарыңызда қолданасыздар?

Суреттерге әр топ бірлесе сұрақ құрастырады. Сұраққа келесі топ жауап береді. Қайта өз топтарына айнала келе бағалау жасап өтеді. Сұрақтың түрлерін анықтайды.


Сұрақ – сөйлеушіге белгісізді тыңдаушыны хабарлауға итермелейтін сөйлем не сөйлеушінің анықтама алу үшін талабы.

Мағынаны тану

3 минут

Топта талқылау -2 минут

«Өкіл» әдісі

Талқылау – 5 минут

Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау

көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі: төмен дәрежелі және

жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар. Кей кездері төмен дәрежелі

сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап («дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп) бағаланады.

Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Тиімді пе-

дагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Оның үстіне, сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет. Түрлі мүмкіндіктерге және түрлі

оқушыларға қарай сұрақтарды саралауға болады.

  • Сонымен бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай екен?

Мәтінді оқып, топта талқылау жасайды. Бір сарапшы «Өкіл» әдісі бойынша келесі топқа барып талқылау жасайды. Аудиториада талқылау жасайды.


«Стикердегі диалог»

Сұрақ қою - 4 минут

Жауап беру - 4 минут

Қорғау - 5 минут

(Әр топтан 2 адам)



Топтың атауы бойынша информатика пәніне қатыстыра отырып жабыстырғышқа 1 ашық сұрақ, 1 жабық сұрақ жазып кету. Келесі топтан келген адам отырған орнындағы жабыстырғыштағы сұраққа жауап береді.

Сұрақтар:

  • Сұрақты дұрыс қою тиімділігі туралы не айтасыздар?

  • Сабақ үдерісіндегі сұрақтар қандай болу керек?

  • Мұғалім оқушылармен диалогке түсуі үшін қандай сұрақтар дайындауы керек? Сұрақ деңгейі қандай болу керек?

Ашық және жабық сұрақ информатика пәніне қатыстыра отырып дайындалады. Сұраққа жауап беруге келесі топтан алмаса отырып, жауап беріледі.

Ой қорыту!

5 минут

  • Билл Гейтс кім? немесе Билл Гейтстің ашқан компониясы қалай аталады?

  • Билл Гейтс Microsoft – ты ашуына не түрткі болды?


Қойылған сұрақтарға жауап береді.

Кері байланыс

2 минут

Пікірлерін қорытындылау.

Мұғалімдер коучингтен алған әсерлерін және өз пікірлерін жазып, қорытындылайды.

Қорытынды

Қатысып ой бөліскендеріңізге көп рахмет!!!










































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2019
386
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі