Материалдар / Жирен жасан әдеттен- тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жирен жасан әдеттен- тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
материал топ тәлімгерлеріне тәрбие сағатын өткізуде көмегі тиеді деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2021
604
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ЖИРЕН ЖАМАН ӘДЕТТЕН» ТӘРБИЕ САҒАТЫ


САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

  1. Студенттерді кішіпейілділікке, адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, жақсыны үйреніп, жаманнан жиренуге және иманды да инабатты болуға баулу;

  2. Ата- анаға, бауырға, туған жерге, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін, дінін құрметтеуге үйрету.

  3. Жалпы қабілеттілікті дамыту.


ГИМН ОРЫНДАЛАДЫ

САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: нақыл сөздер, кітаптар мен газет- журналдар

САБАҚТЫҢ ЭПИГРАФЫ:

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек бекер мал шашпақ.

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой.

Бес асыл іс көнсеңіз.

Абай

Оқытушы:

Құрметті студенттер. Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәні саудың жаны сау» деп аталады. Қазақ халқында мынадай мақал бар: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің». Ұя- ол өз отбасымыз, өз ортамыз. Осы отбасымызда қандай тәрбие көрсек, азамат болғанда да сондай тәрбиенің иесі боламыз.

Бірінші тәрбие көзі- ата- ана, отбасы болса, екінші білім ордасы- мектеп, ары қарай тәрбиені жалғастыратын осы өздерің білім алып жатқан үлкен орда- колледжіміз болып табылады. Ата- ана мен мектеп берген тәрбиені ары қарай ұштастыра отырып, сендер жан-жақты, адамгершілігі мол, иманды да инабатты азамат болып өсесіңдер. Ата- ана алдында шыншыл болып, үлкеннің кеңесін тыңдап, кішіге мейірімді, досыңа қайырымды болу керек. Ата- ана тілегі- сендердің жақсы азамат болып, еңбек пен оқуда биіктен көріне берулерің. Бүгін біз сендермен түрлі сұрақтарға жауап іздейміз.

  1. сұрақ: Адам бойындағы жақсы қасиеттерге нелер жатады?

Мөлдір: Адам бойындағы жақсы қасиеттерге сабырлылық, мейірімділік, ізеттілік, жанашырлық, имандылық, мәдениеттілік, кішіпейілділік қасиеттері жатады.

  1. сұрақ: Ал жаман әдеттерге нелер жатады?

Әсел: Адам бойындағы жаман әдеттерге өтірік айту, мақтаншақтық, көрсеқызарлық, еріншектік, сабырсыздық сияқты әдеттер жатады.

  1. сұрақ: Өмірдегі мақсаттарың не?

Жадыра: Менің өмірдегі мақсатым- ең алдымен ата- ананың адал да қамқор перзенті болу.

Арай: Менің өмірдегі мақсатым- үлгілі, зиялы азамат болу. Елімнің абыройын асқақтататын, ел сенімін ақтайтын адам болу.

Жансая: Менің өмірдегі мақсатым- халықтың жағдайын жақсарту, бейбіт өмірді, балалардың бақытты болуын, сәбилердің шат күлкісін қалаймын. Елімнің болашағы нұрлы болса екен деймін.

Батыржан:

Мен қазақпын жаралған сүйек-еттен,

Менде ар бар, менде ой бар жан тебіренткен.

Халқымның қарапайым бір ұлымын

Жанымды арым үшін құрбан еткен- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, қазақ халқы қашан да «Малым- жанымның садағасы, жаным- арымның садағасы» деп өткен халық. Арды адамдықтың белгісі деп санаған.

Оқытушы: Адамгершілік, ар- ұят деген не?

Лунара: Адамгершілік дегеніміз- адам бойындағы ең ізгі қасиеттер: жомарттық, адалдық, кішіпейілділік, жанашырлық, әділдік. Ал, ар- ұят дегеніміз- адам жан дүниесі. Ар тазалығы адамның жан дүниесінің тазалығы, жан сұлулығы, инабаттылығы, ибалылығы. Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой «Ұялу- жақсы сезім, ең жақсысы- өзіңнен өзің ұялу» деген екен. Шынында да адам алдымен өзінің кемшілігін көре білу керек, өзінен өзі ұялған адам өзгеге қиянат жасамайды.

Оқытушы: Жаман әдеттер деп нені айтамыз?

Малинам: Адам мінезіндегі жаман әдеттер деп көпіріп көп сөйлегіштікті, мақтаншақтықты, көкіректікті, сараңдықты, еріншектікті, жалқаулықты айтар едім. Бұл әдеттер адамды жауыздыққа, мейірімсіздікке, бойкүйездікке итермелейді. Осындай әдеттерге байланысты халық аузында «Ауру қалса да әдет қалмайды» деген сөз бар. Мұндай жаман әдеттерге адамның бала кезінен тыйым салынбаса, есейе келе бала да соған, яғни бейберекет сөйлеуге, жалқаулыққа, үлкенді сыйламауға, айтқанды дер кезінде орындамай бейғам жүре беруге үйреніп қалады. Жалқау, нашар оқитын студенттер осылай қалыптасады деп ойлаймын. Олар өскен ортасына зиянын тигізбесе, пайда келтіре қоймайтыны анық. Сондықтан да болар Абай атамыз да «Әрбір жалқау кісі- қорқақ, надан, арсыз келеді» деп дөп басып айтқан.

Оқытушы: Ал осы пікірге орай менде мынадай сұрақ туып отыр: өздеріңмен қатар балалардың арасында осындай жаман әдеттері байқалып жүрген студент бар ма? Қалай ойлайсыңдар, олардың мінезін өзгертуге болар ма екен?

Маржан: Сұрағыңызға тағы да Абай атаның сөзімен жауап бергім келіп тұр. «Адамның мінезін өзгерте алмайсың дегенге мен мүлдем қарсымын. Адам ділі мықты болса жақсы мінезді неге үйренбеске?» Әр адам, мейлі ол оқушы болсын немесе жұмысшы болсын өз ісіне есеп беріп отыруы тиіс. Адам ең алдымен өзін- өзі тәрбиелеу керек деп ойлаймын.

Айдана: Мен де осы пікірді жақтаймын. Әркім өзінің жаман әдеттерін білуі тиіс, қайтсем содан арыламын деп намысын қамшылауы керек. Жан- жағындағы үлгілі, тәртіпті оқушылардан үлгі алу керек. Жақсы оқу, әдепті болу менің де қолымнан келеді деп намысқа тырысу керек.

Гүлсауле: Замандастарымның пікірін мен жерлес ақын ағамыз Әмзе Қалмырзаевтың мына жыр шумақтарымен қорытындылағым келеді:

Жаңа танып білсең оң мен солыңды

Жақсыларға соза бергін қолыңды

Жақсы жүрген жерде Қыдыр болады,

Жақсылыққа оңғаратын жолыңды

Оқытушы: Балалар, жоғарыда айтылған жаман әдеттер адам жанын рухани жүдететін болса, ендігі қозғалатын әңгіме адам тәнінің азғындауы туралы болмақ. Ал енді өздерің- ақ ойланып көріңдерші адам тәні қандай жағдайда азғындайды?

Жадыра: Адам араққа, темекіге, насыбайға, нашаға әуес болған жағдайда өздігінен азғындай береді. Ең алғаш жай ғана қызығып дәмін көруден басталады бәрі де. Содан соң ағзасын сол дәмге қалай үйретіп қойғанын сезбей де қалатын шығар деп ойлаймын.

Арай: Ия, содан кейін, өкінішке орай, маскүнемдер, нашақорлар, жеңіл жүрістілер санын көбейте түседі. Олар ертеңін ойламайтын жетесіздер, намыссыздар, ар- ұят дегеннен жұрдай бейбақтар дегім келеді.

Оқытушы: Жастарға осындай жаман әдет, жағымсыз қылық қайдан келеді деп ойлайсыңдар? Оған кім кінәлі?

Жансая: Тағы да ұлы Абай атамыздың сөзіне жүгінетін болсақ, олар «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырар адам баласының» дәл айғағы дер едім. Олар мұндай іс- әрекеттерге мұқтаждықтан емес, тойынғандықтан барады деп ойлаймын.

Малинам: Баласының тәрбиесіне ең алдымен ата- ана жауапты. Оның жүрген ортасы қандай, бос уақытта немен айналысады, үйге мезгілінде келіп жүр ме... мұның барлығын қадағалайтын ата- ана болуы керек. Ер бала әкесінен аяқ тарту керек, қыз бала шешесінің бақылауын қажетсінеді.

Талғат:

Ей, құлқынның құлдары, тыңда ақылды

Өсиеті дананың біл нақылды.

Адамға тән қасиет ішсе- тынар

Бар мәкүрік, жаман сөз тысқа шығар

Батыржан:

Арақ ардың ажалы,

Ақшаның тажалы

Ырыстың қырсығы

Абыройдың мылтығы

Жақсылықтың жаңқасы

Төбелестің арқасы

Әсел: Шылым, темекі өсімдігінің кептірілген жапырағынан жасалады. Гаити аралығындағы Тобага провинциясының атына байланысты «табак» деп аталып кеткен. 1429 жылы Кубаға келген испандықтар, адамдардың өсімдіктің жапырағын шегіп, түтіндетіп жүргенін көрген. Осы өсімдіктің емдік қасиетін тексере отырып, Колумб өсімдіктің тұқымын Еуропаға алып келеді. 17-18 ғасырда Ресейде темекі суық тигенде және кеудеде сүт болмай қалғанда ем ретінде қолданылады. Оны емдік және дәрілік өсімдік ретінде екті. Көп ұзамай темекінің емдік қасиетінің денсаулыққа кері әсер ететіндігі мәлім болды. 17 ғасырдың бірінші жартысында патша жарлығымен темекі алып келушілерге тиым салынды. Темекі шегушілерді айыптап отырды. Бірақ темекі шегушілер саны күннен күнге өсе бастады.

Гүлмаржан: Темекінің құрамында өте улы зат- никотин бар. Никотин- темекі жапырағында 8 пайызға дейін жететін активті зат. Шылым шеккенде адам ауамен бірге темекінің де түтінін жұтады. Бұл түтіннің ішінде улы газ, шаң және күйе болады. Шылымның күніне жиырмасын тартқан адам 90 мл шамасында никотин жұтады. Алғаш рет темекі тартқанда адам уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол- аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне әсер етеді. Ол шеткі және орталық жүйке жүйелерін зақымдайды. Темекі тәбетті қайтарады, асқазанда гастрит, тыныс алу жолдары рагына, өкпе туберкулезіне, созылмалы тыныс жолдары қабынуына себеп болады, әсіресе жүрек ауруларына, жүрек бұлшықеті инфарктіне шалдықтырады. Сондықтан темекі шегетін адамдар көбінесе суық тию, тағы басқа ауруларға тез шалдығады. Никотин қан тамырларын тарылтады. Шылым шегуден адам өмірі қысқарады. Темекі түтінінде радиоактивті заттар болады. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам мөлшерден артық 3,5 есе сәулеленуге ұшырайды.

Жансая: Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тгнна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Қазіргі кезде респебликамыздағы мектеп оқушылары арасында 13- 15 жастағы оқушылардың 51 пайызы шылым шегеді. Бұл- өте өкінішті жағдай. Әйгілі дәрігер Боткин 57 жасында көз жұмып бара жатып: «Егер мен темекі тартпасам, әлі ұзақ өмір сүрер едім»,- деп өкініпті. Шылым шегетіндердің өмірі шылым шекпейтіндермен салыстырғанда 8-12 жылға қысқарады. Дүние жүзінде шылым шегуден жыл сайын 3,5 млн адам қайтыс болады.

Талғат: Есірткі- бұл адамның көңіл- күйін, сана- сезімін, мінез- құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі. Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана, гашиш және тағы басқалар жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп, зақымдайды.

Айдана: Сана- сезімі уланған адамның мінез- құлқы күрт өзгереді. Бұрын момын, тұйық, өтірік айтпайтын адам өзгеріп, өтірік айтады, төбелесуге дайын тұрады. Нашақордың бір белгісі- қажетті дозасын қабылданған күні мұрнынан су аға бастайды, көздері жасаурап тұрады, үнемі терлейді де жүреді. Есірткінің қазір көп тараған түрі- героин, ақ ұнтақ зат. Одан адам санасы тез уланады. Бірінші рет көргенде ләззат алады, сосын ағза тәуелді болып іздеумен өтеді. Қолданбаса ұйқысы бұзылады, буын- буыны сырқырайды. Сөйтіп бара- бара тек ауырмай үшін іздейді. Апиын, көкнәр, деген түрін қайнатып, тамырға енгізеді. Героинннің одан ерекшелігі- мұны иіскеуге де, шегуге де болады. Бәрінің де әсері бірдей. Бәрі қанға түседі, бәрібір сана уланады. Көп шеккен адамның миы құрғап кетеді.

Алмас: Алкоголь- этил спирті, наркотиктер тобына жатады және барлық ішімдіктердің құрамында болады. Адамзат бірнеше жүз мыңдаған жылдар бойы арақты білген жоқ. Араққа үйір болу адамның жас кезіндегі қателіктердің бірі. Адамдар жеміс- жидекті ыдысқа ұстағанда біртүрлі ішімдік пайда болатынын байқаған. Бірақ, алғашқы кезде оны өте сирек және аз мөлшерде ішкен. 16 ғасырда алхимиктер арақ жасаған, оны дәріханаларда пайдаланған. Ішімдікке салынушылық 19 ғасырда басталды. Қазақ халқының тарихында «арақ» деген сөз болған емес. Олар қымыз ашытып, шұбат ішкен.

Лунара: Маскүнемдік- алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт. Ағзаның бірқатар қызметін бұзатын және тереңдей беретін кесел. Алкоголь барлық ішкі құрылысқа әсер етеді, оларды уландырады. Арақ ішу- адамның өз қолымен өз өмірін 15-20 жылға қысқарту болып табылады. Алкоголь адамның қорғаныш күшін төмендетеді. Оны тоқтатпай жұқпалы аурулардан, оның ішінде туберкулез ауруынан құтылу мүмкін емес. Алкоголь- жүйке жүйесіне әсер етеді, ағзаның іс- қимылы өзгереді, жүректің жұмысы әлсірейді, тыныс алу мүшелеріне зиян келтіреді, қаны бұзылады, адам өмірі қысқарады, иммунитет әлсірейді. Көп қылмыстар шарап ішкен адамдар қолымен жасалады, отбасының берекесін кетіреді.

Арай:

Бойы бұлғаң,

Сөзі жылмаң

Кімді көрсем, мен сонан

Бетті бастым,

Қатты састым

Тура қаштым жалма- жан

Өз ойында

Тал бойында

Бір міні жоқ пендесін

Түнде мырзаң

Үйде сырдаң

Сөзі қылжаң еркесіп

Бас құрасып

Мал сұрасып

Бермегенмен кетісер

Адам аулап

Сыпыра саулап

Байды жаулап жетісер

Сөз қыдыртқан

Жұрт құтыртқан

Антын, арын саудалап

Бұтты-шатты

Үй санатты

Байдан атты алмалап.

Оқытушы: Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі- тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Тыйым сөздер ел ішінде өте көп.

  • Кісі мініне күлме, кемтарға күлме.

  • Малды, ыдысты, тамақты теппе.

  • Үй айнала жүгірме.

  • Табалдырықты баспа, отырма.

  • Тырнағыңды тістеме.

  • Таңдайыңды қақпа, басыңды шайқама.

  • Түрегеп тұрып немесе жатып тамақ ішпе.

  • Дініңді сатпа, ұлтыңды сатпа, арыңды сатпа.

  • Өтірік күлме, өтірік ауырма, өтірік сөйлеме.

  • Ата- анаңа қарсы келме.

  • Бүйіріңді таянба, жерді таянба, иегіңді таянба.

  • Түнде үйді сыпырма, түнде тырнағыңды алма.

  • Жұрт алдында құлағыңды, мұрныңды шұқыма.

  • Баланы шошытпа.

  • Теріс қарап отырма, жүреңнен отырма.

  • Шалбарды басыңа жастама.

  • Дастарқанды, тамақты, ыдысды аттама.

  • Нанды бір қолыңмен үзбе.

Оқытушы: Біздің халқымыздың ауыз әдебиеті- өте бай мұра. Тоқсан ауыз сөздің айтар тобықтай түйінін бір- екі сөйлемге сыйғыза білген ата- бабамыз қандай дана еді! Ата- баба мұрасын жалғастыру- біздің ұрпақ алдындағы міндетіміз. Әдептілік, имандылық жайлы мақал- мәтелдерді еске түсірейік.

  • Ұлың өссе, ұяттымен ауылдас бол, қызың өссе, қылықтымен ауылдас бол.

  • Бала тәрбиесі- бесіктен.

  • Өзек қуа ағады, өзен судың саласы, алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы.

  • Өлімнен ұят күшті.

  • «Сіз» деген көмек, «Біз» деген көмек.

  • Бар барын жейді, ұятсыз арын жейді.

  • Әдепті бала- арлы бала, әдепсіз бала- сорлы бала.

  • Ұлың өссе, ұлы үлгілімен ауылдас бол, Қызың өссе, қызы үлгілімен ауылдас бол.

  • Ұят жүрген жерде, абырой төгілмейді, абырой бар жерде ар шапан сөгілмейді.

  • Әдепсіз бала, ауыздықсыз атпен тең, ақылды қария жазып қойған хатпен тең.

  • Ар қайда болса, ұят сонда.

  • Әдептілік, ар- ұят- адамдықтың белгісі.


Малинам:

«Ұят» деп жұбатты жыласақ,

«Ұят» деп тоқтатты шуласақ.

Тіл қатпай тістендік, құласақ

Сол сөзден тыншыдық туласақ.


Ашығып, арды асқа сатпадық

Асығып, жолдастан безбедік

Ерініп, еңбексіз жатпадық

Ерігіп, есерлік кезбедік.


Гүлмаржан:

Ұят ол тірлікпен бірге келді

Ұятты ұққан соң тіл шықты

«Ұят» деп тәніміз бүркелді

Ұяттан жанымыз түршікті.

Күштілер күшінен ұялды

Ерен ер еркінен қысылды

Ұлылар кішіден ұялды

Сұлулар көркінен қысылды

Гүлсауле:

Ұятпен адамдық өлшенді

Ұятпен надандық өлшенді

Ұятпен адалдық өлшенді

Ұятпен арамдық өлшенді

Ажалдан әркім- ақ бір өлер

Ұяттан бір емес, күнде өлер

Ұят ол өлімнен күштің деп

Ұятқа ежелден түйеді ел.

Батыржан:

Ұятсыз кісіде ар да жоқ

Көнеді қорлыққа, жалаға

Арлыда арыз да, зар да жоқ

Арынан жаны да садаға

Қояндар қамыстан өліпті

Батырлар намыстан өліпті

Қорқақтар құлдыққа көніпті

Батырлар дауыл боп төніпті


Мөлдір:

Жер бетін орман боп жапқандай

Найзалар, сырықтар сыныпты

Ер салар жауырсыз ат қалмай

Терлікті көрпедей сырыпты.

Ар үшін ақындар мертікті

Жырларын боздатып ботадай

Жан тәнін ажалға ер тікті

Өлмен деп ел жауын отамай


Әсел:

Күресте жықпасақ арландық

Арландық, атымыз озбаса

Талантқа қайдағы тарландық

Айтыста арқасы қозбаса

Өлгендер өлсін тек ажалдан

Өлмесін тірідей ұяттан

Ар- ұят- кісілік, ажар, нан

Табиғат- ананың сыйы артқан.


Барлығы:

Балаң болам, ұлым дейтін байтақ ел

Адал болам, тапсырмаңды айта бер

Қадам болам, тек ілгері басатын

Санаң болам, сәулелі нұр шашатын

Алаң болам, жер шарының қамы үшін

Адам болам, кірлетпейтін намысын.


Оқытушы: Міне құрметті студенттер, қатысушы қонақтар. Бүгінгі сабағымызды осы бір қастерлі өлең жолдарымен аяқтағым келеді. Болашағың бұлыңғыр болмай, келешегің кемелді болсын десең, жаман әдеттерден жиреніп, жақсы әдеттерді үйреніп жүргейсіңдер. Бүгінгі айтылған әдептілік әліппесі өмірлеріңе рухани азық, абыройлы, ақылды азамат болуларыңа себепші болсын деп тілеймін.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!