Материалдар / Жиын. Жиынның элементтері. Жиындарды кескіндеу. 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жиын. Жиынның элементтері. Жиындарды кескіндеу. 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2021
1263
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:  5.3С бөлім: Жиындар

Мектебі: Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп – гимназиясы

Күні.

Мұғалімнің аты-жөні: Исаева Аида Бахытовна

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жиын. Жиынның элементтері. Жиындарды кескіндеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.4.1.1

Жиын, оның элементтері, бос жиын ұғымдарын меңгеру;

5.5.3.8

Жиындармен жұмыс істеуде символдарын қолдану

Сабақтың мақсаттары

- жиындардың берілу тәсілдерін біледі;

- жиындарды, олардың элементтерін, жиындардың бірігуі мен қиылысуын оқу және жазу, жиындар арасындағы қатынастарды сипаттау;

- жиындардың бірігуі мен қиылысуын табу;

- Эйлер-Венн диаграммасын қолдану арқылы жиындар арасындағы қатынастар сипатын бейнелеу;

- Эйлер-Венн диаграммасын қолданып есептер шығару;

- іріктеу әдісін қолданып есептер шығару.

Бағалау критерийі

  • Жиын, жиын элементтері, бос жиын ұғымдарын және белгіленулерін біледі, мысалдар келтіре алады;

  • Жиындармен жұмыс істеуде символдарды дұрыс қолдана алады;

  • Эйлер-Венн дөңгелектерін қолдану арқылы жиындарды кескіндей алады.

Тілдік мақсаттар







Білім алушылар:

- Эйлер-Венн диаграммасынмен есептердің шешімін түсіндіре алады;

- жиындар арасындағы қатынастарды сипаттай алады;

- , , , , , , символдарының қолданылуын түсіндіре алады;

- жиынның элементтерін атай алады;

- жиынның суреттеу тәсілі арқылы берілуін сипаттайды;

- қандай да бір жиындардың бірігуі мен қиылысуынан пайда болған жиынның құрамын түсіндіре алады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

- жиын, ішкі жиын;

- жиынның элементі;

- тиісті, тиісті емес;

- бос жиын;

- жиындардың қиылысуы, бірігуі;

- Эйлер-Венн дөңгелектері;

- oртақ элемент;

- тең жиындар;

- шектеулі жиындар;

- шектеусіз жиындар

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- а элементі А жиынына тиісті

(а А);

- а элементі А жиынына тиісті емес (а А);

- А және В жиындарының қиылысуы деп В) ;

- А және В жиындарының бірігуі деп

В)…;

- ... А және В жиындарының ортақ элементі болып табылады;

- В жиыны А жиынының ішікі жиыны болады ( А);

- А жиыны … элементтерінен тұрады.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын негізге ала отырып, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну

Пәнаралық байланыс

Математикалық сауаттылық, сызу

АКТ қолдану дағдылары

WhatsApp, Zoom, слайд, YouTube

Алдыңғы оқу

Натурал сандар, жұп және тақ сандар, бөлшектер туралы түсініктері болу, оларға арифметикалық амалдар қолдана алу.

Сабақтың барысы


Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті


Сабақтың басы


1. Сыныпты ұйымдастыру.

  1. Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Өткен тақырып бойынша сұрақтар:

Өткен сабақты қайталау мақсатында «иә» немесе «жоқ» әдісін қолданамын.


ҚБ: «Басбармақ» әдісі





Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді


АКТ




слайд


Сабақтың ортасы

Білу және түсіну

Жаңа сабақ. Тарихи мәлімет. Математикада ХІХ ғасырдың екінші жартысында жиын ұғымы пайда болды. Жиын ұғымының математикаға енуі жиын теориясын қалыптастырды. Жиын теориясының негізін қалаушы неміс математигі Георг Кантор (1845-1918) болды.


Видеосабақ көрсетіледі



Жаңа сабақты ашу мақсатында тапсырма:

Берілген сандардан тақ және жұп цифрларды атаңыздар.

ҚБ: «Мадақтау» әдісі


Яғни, тақ сандар - тақ сандар жиыны, жұп сандар – жұп сандар жиыны болып табылады.

«Белгілі бір ортақ қасиеттерге ие болып, белгілі бір заңдылықпен біріккен нәрселер, объектілер жиын деп аталады».


Жиынды құрайтын объектілер немесе денелер жиын элементтері деп аталады. Р=

Бірде –бір элементі жоқ жиын бос жиын ( ) деп аталады. Мысалы, бірде- бір әріп жазылмаған дәптер бетіндегі әріптер жиыны. Бос жиын кез келген жиынның ішкі жиыны болады.


Қолдану, талдау

1-тапсырма:

Суретте берілген жиындарға атау қойыңыздар.

А3 парағындағы суреттерді көрсетемін, жиынға атау берулерін сұраймын.






Дескриптор

  • жиындарды ажырата алады.

  • жиындарды атау береді.

ҚБ: «Пікір айту» әдісі


2-тапсырма:

а) «Математика» сөзіндегі әріптер жиынын элементтермен жазыңыздар. Неше элемент бар?

ә) «Денсаулық» сөзіндегі әріптер жиынын элементтермен жазыңыздар. Неше элемент бар?

б) «Кітапхана» сөзіндегі әріптер жиынын элементтермен жазыңыздар. Неше элемент бар?


Дескриптор

  • жиынның элементтерін жазады

  • элемент санын дұрыс табады.

ҚБ: «От шашу» әдісі


3-тапсырма: «Артығын тап» әдісі

Сурет бойынша жиынға кірмейтін элементті алып тастаңыз және жиынға атау беріңіз:

Дескриптор

  • жиынның артық элементін табады.

  • Жиынға дұрыс атау береді.

ҚБ: «Неліктен?» әдісі


4-тапсырма: (Оқулықпен жұмыс)

782

Жиынның атауы бойынша оның бірнеше элементтерін атаңыздар:

1) Көліктер

2) Мамандық

3) Ұлттар

4) Қазақстан қалалары

5) Жиһаздар


Дескриптор

  • жиынның артық элементін табады.

  • жиынға атау береді.

ҚБ: «Пікір айту» әдісі


Жинақтау

5-тапсырма: Жеке жұмыс

Осы сандардан:

  1. жұп сандардан тұратын А жиынын;

  2. тақ сандардан тұратын В жиынын;

  3. жай сандардан тұратын С жиынын;

  4. құрама сандардан тұратын В жиынын;

  5. 3-ке бөлінетін сандардың D жиынын;

  6. 5-ке бөлінетін сандардың D жиынын;

Дескриптор

  • жиынның артық элементін табады.

  • жиынға дұрыс атау береді.

ҚБ: «Пікір айту» әдісі









YouTube каналынан көреді.


Тақ және жұп цифрларды айтады




Білім алушылар дәптерге жазып алады.













Суреттерге қарап жиындарға атау береді:

Жауабы:

1) «Гүлдер» жиыны

2) «Үй жануралары» жиыны

3) «Әріптер» жиыны

4) «Сандар» жиыны







Тапсырманы дәптерге орындап, жауабын WhatsApp-қа жібереді.

Жауабы:

а) м,а,т,е,и,к (6)

ә) д,е,н,с,а,у,л,ы,қ (9)

б) к,і,т,а,п,х,н (7)




Артық элементті алып, жиындарға атау береді, ой-пікір айтады.




















Тапсырмаға өз ойларын айтады, жиын элементтеріне кіретін бірнеше түрін атап шығады.












Тапсырманы дәптерге орындап, жауабын WhatsApp-қа жібереді.




Білім алушылар сандардың ішінен әр жиынның элементтерін теріп жазады, өз жауаптарын ауызша да айтады.




Математика 5-сынып

2-бөлім






АКТ



А3




















А3

















WhatsApp













770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!