ЖЖЕ №3 «Жол белгілері» 8-сынып

Тақырып бойынша 13 материал табылды

ЖЖЕ №3 «Жол белгілері» 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖЖЕ №3 «Жол белгілері» 8-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін _____________________ Сабақ №3

ЖЖЕ бойынша қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Сабақтың тақырыбы: «Жол белгілері»


Құндылық:


Тәуелсіздік және отаншылдық

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы


Жол белгілері

Сабақтың мақсаты

Жол белгілерінің топтары, атаулары мен олардың міндеттері туралы түсінік беру.

Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік, әдептілік, тәртіп.

     

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (Амандасу, тізім бойынша тексеру);

Тақтаға назар аударайық, сабақтың тақырыбы: «Жол белгілері». Бүгінгі біздің сабағымыз ойын түрінде өтеді.

Сәлемдеседі.

Бағдаршам түстері арқылы топқа бөлінеді.

Өз ойларын айтады.

Сабақтың жоспарымен танысады.

Жарайсың!

Ойыңды керемет жеткіздің!

Бағдаршам суреті

Жаңа сабақ


Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер.

Жол белгілерінің бекітілген суреті мен техникалық сипаттамалары «Жол белгілері мен сигналдары туралы» Конвенция (Вена, 1968) мен осы Конвенцияны толықтыратын Еуропа елдері келісімі (Женева, 1971) талаптарына сәйкес жасалады. 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:

  1. ескерту белгілері

  2. басымдылық белгілері

  3. тыйым салу белгілері

  4. міндеттеу белгілері

  5. ақпараттық-көрсеткіш белгілері

  6. қызмет көрсету белгілері

  7. Қосымша тақтайшалар.

Есіңде болсын!
Өткелі жоқ жерден өтуге болмайды.
Көшенің қиылысына келгенде, екі жағыңа назар аудар, жасыл жарықтың жануын күт.
Көшенің арғы бетіне жүгіріп өтуге болмайды.
Көшенің арғы бетіне жолдың қақ ортасынан өтпе.
Көше қиылысында тоқтау сызығы болады. Осы жерде тұрып бағдаршам белгісінің жануын күт.
Автобусты артқы жағынан айналып өт. Жолда келе жатқан машина көрінбесе, онда екі жағы бірдей көрінетін жолды таңда, сол жерден өт.
Жаяу жүргіншілер жаға жолдың оң жақ қапталымен жүруге тырысу керек.


Оқушылар жол белгілерінің түрлерін жеке айтып түсіндіреді.

1-оқушы: -Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.

2-оқушы: Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады.

3-оқушы: Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі.

4-оқушы: Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады.

5-оқушы: Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды.

6-оқушы: Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Олардың жалпы саны – 12.

7-оқушы: Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған.






«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау



















«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау




«Жол белгілері» туралы слайд


















Маркерлер, стикерлер






«Жол белгілері» туралы слайд


















Маркерлер, стикерлер

Сабақтың соңы

Рефлексия

Біздің қалаларымызда, сол сияқты ауылды жерлердің бәріне ортақ жол қатынасы енгізілген. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін білейік, есен - аман жүрейік!

Оқушылар бүгінгі сабақта жол белгілері туралы алған ақпараттарына қорытынды жасайды. Бағдаршамның түсіне өз есімі жазылған стикерді жапсырады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2025
164
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі