Материалдар / Жоба. Ерекше білімді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру жұмыстары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жоба. Ерекше білімді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру жұмыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
әлеуметтік педагогтерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Мамыр 2021
5279
54 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жоба тақырыбы: Ерекше білімді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру жұмыстары.


Жобаның өзектілігі:

- Қазіргі таңда елімізде ерекше білімді қажет ететін балалардың көбейюі.

- Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қоғам арасында кемістушілік, тең қарым-қатынастың болмауы.


Жобаның мақсаты: Ерекше білімді қажет ететін балаларды білім беру үрдісіне бейімдеу, олардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету.


Жобаның міндеті:

- Ерекше білімді қажет ететін балаларға көмек түрлерін ұйымдастыру.

- Ерекше білімді қажет ететін балалар мен қалыпты балалар арасында бірлескен іс-шаралар өткізу.


Жобаның мерзімі:

1 жыл (2018-2019ж)


Күтілетін нәтиже:

  • Өзінің қоғамға қажет екендігі және өз бетімен өмір сүре алатындығына сенім қалыптасады

  • Оқудағы негізгі қиындықтары жойылады.

  • Әлеуметтік-адамгершілік қасиеттері дамиды,

жағымды мінез-құлық қалыптасады.

  • Жағымды әлеуметтік ортаға қалыптасады.


Жобаның жоспары:

І. Кіріспе.

Инклюзив туралы түсінік беру.

ІІ. Негізгі бөлім:

  1. Ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс бағыты.

  2. Ерекше білімді қажет ететін балалармен атқарылған жұмыстар

ІІІ. Қорытынды.


І. Кіріспе:

Қазақстан Республикасының Конституциясында барлық азаматтардың тегін орта білім алуға құқылы екені атап көрсетілген. Осыған орай бойындағы кемістігіне қарамастан, әр азаматтың орта білім алуына мүмкіндік жасалуда. Инклюзивті мектеп осының айғағы. Инклюзивті оқытудың базалық құқық құжаты дамуында қандай да бір ауытқуы бар балаларға нәтижелі көмек құруға, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке және мамандыққа даярлау, бала мүгедектігін сауықтыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мүмкіндіктері шектеулі балаларды «Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетімді қолдау» заңы еңгізілді.

Инклюзивті (франц. inclusif – өзіне енгізетін, лат. include – ішіне аламын, енгіземін) немесе енгізілген білім беру – жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин. Инклюзивті білім берудің негізіне балалардың кез келген кемсітушілігін болдырмайтын, барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын идеология жатады.

Сондықтан, барлық балаларды жалпы білім беру процестеріне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жасына, жынысына, шығу тегіне, дініне, экономикалық статусына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға; отбасыларын белсенді қатыстыру, баланың дұрыс дамуына педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, баланың ғана емес, ортаның балалардың жеке ерекшелігіне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуі, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

ІІ. Негізгі бөлім:

Ерекше білімді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру мәселесін қарастыруда қалыпты оқушыларды әлеуметтендіру мен ерекшелігі бар оқушыларды әлеуметтендіру арасындағы байланысты ұтымды пайдалану қажет. Мектеп – оқушылардың өмір тәжірибесін жинақтайтын, әлеуметтік ортаға бейімделу тәсілдерін меңгеретін шағын қоғамдық орта. Оның ішінде сынып ондағы жақын араласатын жекелеген құрбылары оқушының әлеуметтенуіне ықпал ететін факторлардың бірі. Өзара ықпалдасу, араласу, қарым-қатынас орнату нәтижесінде олар өзара бейімделеді. Қалыпты оқушылар ерекше оқушының өзгешеліктеріне қарай қарым-қатынас орнатады. Осы тұста олардың арасына педагогтер түседі: сынып жетекшісі, әлеуметтік педагог, психолог, логопед, дефектолог, пән мұғалімдері және ата-ана.



Олардың басты міндеті – қалыпты оқушыларға ереше оқушының жай-күйін түсіндіріп, “терезесі тең” сипатта мәміле орнатуды көздейді. Осының өзі инклюзивті мектепте әлеуметтендірудің басты сатысы. Бұл жерде екі тарап , қалыпты оқушы және ерекше оқушы бірдей әлеуметтендіру үрдісін бастан кешеді. Оларды әлеуметтендірудің екінші бір тұсы мектепте өтетін әр түрлі іс-шараларға ерекше оқушыны тарту, қатыстыру. Бұл олардың өзіне, басқаларға сенімін арттырады. Көреді, істейді, үйренеді. Сөйтіп өз мүмкіндігін пайымдайды. Бұндай шаралардың ең маңыздысы, спорт ойындарына, сурет көрмелеріне, ән, күй басқа да шараларға қатыстыру. Бұл жағдайда әлеуметтендіру, ерекше оқушының әлеуметтік ортамен араласуы, өзін басқалармен “терезесін тең” сезінуі.

Ерекше білімді қажет ететін бала – бұл күрделі, әрі өзінше жақындауды талап етеді. Мамандардың айтуынша, бұндай балалары бар отбасында дағдарыс өмір бойы болуы мүмкін. Сондықтан ата-анадан төзім, мейірім, еңбек қажет. Олар өз міндеттерін дұрыс орындап, қамқорлық танытуы үшін осы балаға байланысты білім мен оны тәрбиелеу жолдарын меңгеруі керек. Кейбір отбасының отағасы ауыртпалықты көтере алмай ішімдікке салынуы, нашақорлыққа берілуі, тіпті отбасынан кетіп қалуы да мүмкін. Осындай жағдайларды болдырмау үшін отбасымен әлеуметтік педагог және психолог жұмысын ұйымдастыру өте маңызды. Ата-ананың білім деңгейі, қоғамдық өмірге араласу белсенділігі, үй құрылысының жабдықталуы, өмір сүру салты, ата-ананың материалдық және жұмыспен қамтамасыз етілуі, отбасы құрылымына байланысты. Сондықтан бала әлеуметтенудегі маңызды институт ол – отбасы.




Ерекше білімді қажет ететін баланы тәрбиелеуде отбасының ерекше қызметі ата-аналардың баласы үшін бірінші тәрбиешісі болуында. Ерекше білімді қажет ететін бала бойындағы кемістігіне қарамастан, есейе келе өзін қоғам азаматы, отбасының құнды мүшесі екенін сезінуі, істің нәтижелігіне септігін тигізеді.

Ерекше білімді қажет ететін балаларды қатарға қосудың ең ұтымды жолы, түзету жұмыстары арқылы күнделікті өмірге тарту. Олармен жұмыс формалалары: жеке, топтық, көпшілік әдістері; сана, сезіміне ықпал ету, іс-әрекетін ұйымдастыру, ынталандыру. Сонымен қатар ұжымдық, шығармашылық, бірлескен іске ерікті қатысу, іс-әрекет түрін еркін таңдау.


Назар аударатын мәселе, ерекше білімді қажет ететін оқушы оқшауланып қалуына жол бермеу үшін оларды басқа қалыпты оқушылармен бірлескен іс-әрекетке тарту; әр түрлі жарыстар ұйымдастыру шараларына қатыстыру; шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығына байланысты үйірмелерге тарту; олардың өзін белсенді сезінуіне, қолынан іс келетін, өзіне және басқаларға дәлелдеуіне мүмкіндік береді. Бұл олардың басқа да іс-шараларға құлшына араласуына қозғау салады. Осының өзі ерекше білімді қажет ететін баланың әлеуметтенуіне үлкен әсерін тигізеді.

Біздің мектебімізде ерекше білімді қажет ететін балалардың саны 11. Осы балалармен жұмыстану үшін жылдың басында жұмыс жоспарын жасақтап, жұмыстанудамыз.


Атқаратын жұмыс

Мерзімі

Жауапты

1

Денсаулығында өзгерісі бар анықталған балаларды есепке алып, тізбесін жасау

Тамыз


Әлеуметтік педагог Психолог

2

Есепте тұрған балалардың тұрмыс жағдайын зерттеу (акт)

Қыркүйек, мамыр

Әлеуметтік педагог

3

Ата – аналардың әлеуметтік паспортын толтыру (карта)

Қыркүйек

Әлеуметтік педагог

4

Оқушының мінездемесі, оқу қызметі туралы карта толтыру

Қыркүйек

Әлеуметтік педагог Психолог

5

Оқушының әлеуметтік паспортын толтыру (карта)

Қыркүйек

Әлеуметтік педагог

6

Балалардың жеке папкаларын толтыру

Қыркүйек

Әлеуметтік педагог

7

Педагогикалық консилиумге балалар туралы мәлімет жинақтау (балалардың жағдайы туралы айтып, талқылау). (Әркім өзінің зерттеу жұмысы бойынша консилиумге ұсыныстар ұсынады.)

Қыркүйек, мамыр

Әлеуметтік педагог, психолог, медбике, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, дефектолог, логопед

8

Оқушылардың сабақтан тыс уақытын дұрыс, тиімді ұйымдастыруы мақсатында факультатив, курс, үйірме, секция, т.б. қатыстыру.


Қыркүйек

Сынып жетекшілері

9

Ата-аналарға, сынып жетекшілерге, пән мұғалімдерге арналған балалармен жұмыстану үшін дәрістер мен кеңес беру (денсаулығына байланысты)

Жыл бойы

медбике

10

- Балалардың дарындылығы бойынша аудандық «Жұлдызай» атты фестиваліне дайындау, қатыстыру;

- Балаларды аудандық әкім шыршасына қатыстыру

Уақытында

Әлеуметтік педагог, дефектолог, ТІЖО

11

Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың сабақтарына кіру.

Жыл бойы


Әлеуметтік педагог Психолог

12

Аудандық ПМПК мамандарымен жұмыс

- оқушылармен жұмыс;

- тәжірибе алмасу;

- семинарларға қатысу.

Жыл бойы

Әлеуметтік педагог, психолог, дефектолог, логопед

13

Ата – аналармен кездесулер ұйымдастыру (жиналыстар, дөңгелек үстел, сұрақ – жауап, т.б.)

Жыл бойы

Әлеуметтік педагог, психолог, сынып жетекшілері, дефектолог, логопед

14

Сынып сағаттарында бала құқықтары туралы түсінік беру. Әртүрлі тақырыптарда баяндамалар оқу, тренинг – ойындар жүргізу.

Уақытында

Әлеуметтік педагог, психолог, сынып жетекшілері

15

Оқушылармен жеке жұмыстану (аптасына бір рет кездесу,)

Оқу жыл бойы


Әлеуметтік педагог, психолог

16

Психологиялық – педагогикалық зерттеу жұмыстары (сауалнама, тренингтер, жаттығулар, диагностикалар, әдістемелер, т.б.)

Оқу жыл бойы


Әлеуметтік педагог Психолог

17

Педагогикалық кеңестер мен жиналыстарға мәліметтер жинақтауға

Оқу жыл бойы

Әлеуметтік педагог, психолог, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, дефектолог, логопед

18

- «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы өткен кезінде материалдық көмек беру, «Ойындар әлемі» атты мерекелік шара ұйымдастырып, өткізу.

- Балаларды оқулықпен қамтамассыз ету, берілетін көмектен тыс қалдырмау, көмек беру. Материалдық, моральдық көмек көрсету.

Оқу жыл бойы

Әлеуметтік педагог, психолог, мектеп әкімшілігі


Ерекше білімді қажет ететін балалармен көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Отбасымен «Отбасы – бала бақыты» тренингі, «Сіз қандай ата-анасыз» тесті, оқушылармен «Мейірмді – жүрек, жылы тілек» тренингі, «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» іс-шара, әр түрлі спорттық іс-шаралар, мамандық таңдау бағытында колледжі ұстаздарының сабақтарына қатысу т.б көптеген іс-шаралар өтілуде.

Осындай жұмыстардың арқасында балаларымыз көптеген жетістіктерге жетіп отыр:

  1. Балалардың шығармашылық қабілеттері мен мүмкіншіліктерін дамыту мақсатында оздырылған республикалық «Жұлдызай -2018» фестивалінің аудандық іріктеу кезеңіне белсене қатысқаны үшін С. Жұмабай мен М.Амандықов марапатталды.

  2. Астананың 20 жылдығына арналған облыстық «Жұлдызай» балалар шығармашылық фестиваліне белсенді қатысқаны үшін Н.Мағзомова Алғыс хатпен марапатталды. 2019ж

  3. Аудандық ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға арнап қашықтықтан өткізілген «Шексіз әлем» байқауында «Қазақстан - туған өлкем, табиғатым қандай көркем!» номинациясы бойынша ІІІ орынға Н.Арманұлы ие болды.

  4. Аудандық ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға арнап қашықтықтан өткізілген «Шексіз әлем» байқауында «Хэнд-мэйд – өз қолымен жасалған ғажайыптар» номинациясы бойынша ІІІ орынға Б.Талғатұлы ие болды.

  5. Аудандық ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға арнап қашықтықтан өткізілген «Шексіз әлем» байқауында «Табиғаттың әсемдігі» номинациясы бойынша ІІІ орынға Н.Арманұлы ие болды.

Осы жұмыстардың нәтижесінде:

  • Өмірге құштар, өмірде өз орнын таба білетін ұлттық сана-сезімі оянған тұлға даярлау

  • Өзін қалыпты оқушылармен тең сезінуін қалыптастыру

  • Оқшауланып қалуына жол бермеу

  • Өзін белсенді сезінуіне, қолынан іс келетінін, өзіне және басқаларға дәлелдеуіне мүмкіндік береді

  • Өзінің жеке қабілеттері мен қасиеттерін көрсетуіне жол ашады

  • Өзінің қоғамға қажеттігін сезіну және өз бетімен өмір сүре алатындығына сенім арту

ІІІ. Қорытынды:

Қорыта келе, ерекше білімді қажет ететін балалармен түрлі бағытта жұмыстар ұйымдастыруға болады, олардың шығармашылық, ителлектуалдық, әртүрлі бағыттағы дарындылығын арттыру мақсатында суреттер байқауын ұйымдастыруға, ойлау, есте сақтау деңгейлерін ескере отырып интеллектуалдық ойындар, жарыстар, балалардың ашылуына түрлі тренингтер, ойындар, спорттық жарыстар ұйымдастыру әр педагогтің шеберлігінен туындауы мүмкін. Бала қоршаған ортаға бейдімделіп, өзін еркін ұстауға, басқа балалардан ерекшелігі жоқ екенін сезініп өсу керек.

Әлеуметтендіру кезінде тұлғаға ықпал ету арқылы өмірде өз орнын табуға ынталандыру жүзеге асады. Осыдан келіп әлеуметтендіру жайлы тағы бір ұғым пайда болады. Ол әлеуметтендіру дегеніміз - тұлғаны қоғамдық ортада өз орнын табуға баулу. Сонымен, инклюзивті мектепте ерекше білімді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру, алдымен өзін басқалармен тең дәрежеде санауы, одан соң өзінің қоғамға қажеттігін сезінуі және өз бетімен өмір сүре алатындығына сенімінің артуы деуге болады.



Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жж арналған Мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010 ж

  2. Абдигалиева А.Б, Исаева Ж.Қ, Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты. http:// WWW.enu.kz.

  3. Әтемова Қ.Әлеуметтік педагогика. Оқулық. – Турк.2012 ж

  4. Әлеуметтік педагогика және өзін – өзі тану журналы. №1, 2017ж











Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені КММ















Жоба тақырыбы:

Ерекше білімді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру жұмыстары
























Дайындаған: Әлеуметтік педагог Кадырова Арайлым Жанатовна








2020 ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!