Жоба «Гүлдер әлемі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жоба «Гүлдер әлемі»

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне арналған ертеңгілік сценариий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жоба «Гүлдер әлемі»

Жобаның мақсаты: Балаларды гүлдермен таныстыру.

Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Міндеті:

Гүлдерді күтіп баптауға, әдемілікке, сұлулыққа деген сезім ояту арқылы табиғатты қорғай білуге үйрету; сахналау арқылы дамытушы ойындарды пайдалана отырып табиғатты қорғауға деген білімдерін арттыру.
Гүлдер туралы тақпақ жолдарын жаттай отырып, білімдерін молайту.
Дамытушы ойындарды пайдалана отырып, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін туғызу арқылы ой – өрістерін дамыту
.

Жоспары:

1.Гүлдердің түрлерімен таныстыру

2.Гүлдердің құрылысы

3.Гүлдер қандай пайда келтіреді?

4.Гүлдер сыр шертеді (слайд)

Кіріспе:

Гүлдерде адамзат сияқты олар жақсы көргенін сезеді. Адамның көңіл –күйіне байланысты өсіп жетіледі.Егер үй ішінде ұрыс-керіс жанжал, келеңсіз жағдайлар жиі болып тұрса,оларда өздігінен солып,сарғайып ауыруға шалдығуы мүмкін.Үй ішінде әдемі гүлдер көп болса,сіздін көңіл-күйіңіз жадыранқы жүреді.

Негізгі бөлім:

Бүгін біз табиғаттын ғажайып байлығы, бөлме гүлдері,дала гүлдері, емдік гүлдері мен таныстырамыз.

Енді біз білмеймін табиғатта “Жыртқыш”гүлдерде бар екен.Алдымен бөлме гүлдеріне тоқтала кетейін.

Зерттеулер бойынша бөлме өсімдіктері адамға әртүрлі жақтан әсер етеді. Бегония мен фикус гүлдері үйіңізге келген адамдардың жағымсыз пиғылдарын өз бойларына сіңіріп ,сіздерге тек оң энергия жібереді. Балалар бөлмесіне шегіргүлді (фиалка) орналастыру керек.Ол баланың өсіп-жетілу уақытындағы көңіл-күйін бірқалыпқа бейімдейді.

Ал қазтамақ (герань) гүлінің қасында 15 минут отырсаңыз жеткілікті сіз өзіңіздің жаңа күш жинап, демалғаныңызды сезесіз. Қазтамақ-дәрілік өсімдік.Хош иісі бөлмеге ұсақ шіркейлерді келтірмейді.

Бөлмеңізге ұсақ жапырақты бұрыштар мен бақытгүлдер (хризантема) жанұядағы, жұмыс орындағы адамдардың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынастың қалыптасуына әсер етеді Бөлмеңізге гүл жапырақтарының жалпақ,домалақ тәріздес түрлерін көп өсіргеніңіз жөн.Олар сіздің үйіңізге табыс,ақша келуіне әсер етеді.

Жапырақтары тікенек,тік кактус пен алоэ болғаны адамға жағымсыз, қолайсыз туғызуы мүмкін.Алоэ- дәрілік өсімдік, үй гүлдерінің королі.

Кактус Оңтүстік және Солтүстік Америкада шөлді құмдарда көптеп кездеседі.Бұл-көлеңке сүйгіш өсімдік,тура түскен күн сәулесін қаламайды,қыста үнемі ылғалдандырып отыруды қажет етеді.Ауасы таза,кең бөлмеде гүлдейді.Кактусқа, ту ,түрі қандай сүйкімсіз деп айтар болсақ, бойынан алкогольдік улы қоспалар бөліп,адамды ішімдікке итермелейді екен.Содан адамадардың ішімдікке әуестігін ғалымдар анықтаған.

Қытай Роза –тал болып өсетін гүл. Терезенің алдында тұрғанды ұнатады.Суды аптасына 2 рет аздан құю қажет.Жапырағын шаңнан тазартып тұру керек.

Сансавиерия-адам ағзасындағы иммунитетті күшейтеді.Тұмау тиюден қорғайды,бөлме жарығын таңдамайды,көленкеде өссе береді.

Әйел бақыты-тропикалық аймақта өсетін бұл гүл аса талғампаз,аса күтімді қажет етеді.Тіккелей күннің көзінін түсуінен сақтау қажет.Гүл жақсы өсу үшін жарық,бөлме бірқалыпты жылы болу керек.

Ер азамат бақыты гүлі-күтімді қажет ететін гүл. Гүлді күн көзінің түсуінен сақтап,көлеңке жерде ұстағаныңыз жөн.Ол әдемі көрініп ғана қоймай, отбасындағы қарым-қатынасқа оң әсер етеді.

Отаны-Америка аймағы.

Жалпы гүлдердің қасиеті: бөлмедегі лас ауаны өзінің бойына сіңіріп алып, өз бойынан таза ауаны бөліп шығарады.Бірақ бұл құбылысты біз байқамаймыз. Бөлме гүлдерінің көп болғаны өте пайдалы.Сондай-ақ оны әсемдік үшін өсіреді.

«Қызыл гүлім-ай» музыкалық сергіту сәті

Сұрақ-жауап: -Балалар, осы гүлдер әсем болып өсуі үшін не қажет? -Күннің көзі,су, тыңайтқыш қажет. -Тағы қандай күтім жасау керек? -Топырағын қопсыту және жапырағының шаңын сүрту керек. -Қандай дәрілік гүлдерді білесіңдер? -Қазтамақ, бақ-бақ, алоэ,түймедақ,

Осы гүлдер туралы қандай ертегі білеміз?

(Сынық құмыра, Гүл,Кактус гүлі).

Гүлдер туралы кім тақпақ,мақал-мәтел біледі?

Мақал-мәтелдер:

1.Гүл өссе,жердің көркі

Қыз өссе,елдің көркі.

2.Ер-ерінде,гүл жерінде

3.Күнсіз гүл өспес,күтусіз ұл өспес.

4.Бала тілімен сүйкімді

Дала гүлімен сиқырлы

5.Қыз-халықтың гүлі

Өлең-сауықтың гүлі.

Тақпақтар:

1.Бәйшешек.

Бәйшешектен білеміз,

Көктем келіп,қалғанын.

Мәз боламыз, күлеміз,

Көрсек гүлін жарғанын.

2. Жауқазын.

Алғашқы рет күркіреп, Ағыл-тегін жауса күн.

Қырға шығар күркіреп,

Көктем басы- жауқазын.

3. Бақбақ гүлі

Үлбіреген бақбақ,

Үлпілдеген әппақ,

Үф!-десем ,бақбақ,

Ұшасың ғой қаптап

4.Ақ түймедақ.

Түймедейін сары дақ- ортасында,

Тарала өскен ақ гүлі бар қасында.

«Түймедақ» деп аталып кеткен екен,

Түймеге ұқсас сол дақтың арқасында.


Естідіңіз бе.................


Гүл туралы аңыз.










Гүл туралы аңыз.

Баяғы өткен заманда бір қалашықта әлемнің ең сұлу қызы өмір сүріпті. Қыздың сұлулығы соншалық, оны көру үшін өте алыс шаһарлардан, елдерден өте бай, асқан көрікті, асыл текті жігіттер келеді екен. Үйленуге ұсыныс жасағандардың, ханзадалардың, серілердің біреуін де ұнатпапты.  Сол күндері осы маңда тұратын бір жігіт те әлгі қызға ғашық болып қолын сұрапты. Бірақ қыз оның да ұсынысын қабыл етпейді.

Арадан ұзақ жылдар өтеді. Әлгі жігіт басқа қалаға кетіп, жаңа өмір бастап, үйленіп бала-шағалы болады. Күндердің күнінде бұрын өзі тұрған кішігірім қалашыққа жолы түседі. Келе жатып жолда бір танысын кездестіреді. Онымен әңгіме барысында бұрыңғы әдемі қыз есіне түсіп, оның жағдайының не болғанын сұрайды. Сонда танысы гүл бақшасы бар үйді көрсетіп, қыздың тұрмысқа шыққанын сол үйде тұрып жатқанын айтады. Жігіт: «Апыр-ай, кезінде ешкімге қарамаған бұл қыздың күйеуі кім болды екен?» деп, таңырқай бастайды. 

Бір күні жасырын сығалап жүріп, күйеуінің үйден шығып бара жатқанын көреді. Қыздың күйеуі семіз, басы таз, түрі де өте ұсқынсыз біреу екен. Оның үстіне бай да емес екен. Мұның мәнісін білгісі келген әлгі жігіт күйеуі кеткен соң үйдің есігін қағады. Қыз есікті ашқанда, өзінің кім екенін айтып, не үшін мұндай адамға үйленгенін сұрайды. Қыз оған: «Анау тұрған гүл бағының ішінен ең әдемі гүлді үзіп әкелсең, жауабын айтамын. Бірақ, бір ғана шартым бар. Әдемі гүлді алу үшін ілгерілей аласың бірақ кері шегінбейсің!» дейді. Жігіт жүздеген әдемі гүлдердің ішіне кіріп аралай бастайды. Бірден көзіне өте әдемі бір сары гүл түседі. Оны енді алайын деп жатқанда сәл ілгеріде қызыл-ала гүл көзіне түседі. Оған барып қолын соза бергенде одан да ілгеріде өте керемет қызыл гүл шоғын көреді. 

Осылай ең әдемі гүлді табамын деп ілгерілеп жүре келе бақшаның соңына да жетеді. Кері шегіне алмаған жігіт амалсыздан сол жерден бір гүлді үзіп, қызға алып барады. Бақшаның ең әдемі гүлін күтіп отырған қыз жапырақтары солыңқы, өңсіз гүлді әкелгенін көреді.Сонда қыз жігітке бұрылып былай дейді: «Көрдің бе? Үнемі ең жақсысын табуды қалағаныңда өміріңнің қалай өтіп кеткенін білмей қаласың. Соңында ең жаманына да разы болуға мәжбүр боласың. Сондықтан жастық шағың қолдан кетпей тұрып қолда бардың қадірін білу керек.»

Жыртқыш гүлдермен таныстыру.

Раффлезия -Таңғажайып гүл тоғышар тұқымына жатады.Ерекше сирек кекздесетін өсімдік.

Малака түбінде ,Суматра ,Филиппин аралдарында өседі.Оның көлемі 60 см 1метрге дейін өседі.Гүлден шіріген еттін иссі шығады.Улы –қызыл,қоңыр түсті.

Дүңгіршек –құрт-құмырсқамен қоректеніп суда өседі.Бұның тамырлары жоқ.Дүңгіршектің тұқымы шар пішіндес болып келеді.

Ашық-сары түсті гүл болып шығады.

Африкандық гиднора -әлемнің қайталанбас өсімдіктерінің бірі.Аталған гүл сирек кездесетін болғандықтан,Африка шөлін жай аралап жүрген адамға оны ұшырата салу өте қиын.Бір қарағанда саңырауқұлаққа ұқсас келеді.Гүл ашылғанша саңырауқұлақ деп атау дәстүрге айналған.Гүлдің көлемі-10-15 сантиметрді құрайды.

Шыбыншы Венерина-бұл өсімдік атауы махаббаттың патшайымы Венераның құрметіне берілген.

Ол өрмекші,құпт-құмырсқа және ұлулармен қоректенеді. Бұл өсімдік АҚШ-тың Атлантикалық жағалауында ылғалды климатта өседі.

Непентес- бүгінде Непентес гүлінің 120-ға жуық түрі анықталған.Түрлерінің көп бөлігі тропикалық Азияда е,әсіресе Климантан аралында өседі. Мұндай өсімдіктердің басым бөлігі бұталы немесе жартылай бұталы шырмауық түрінде болып өседі.

Шықшылдақ-ет қоректі өсімдіктердің тұқымына және көпжылдық өсімдіктер қатарына жатады.Көктемге гүлдейді. Негізгі қорегі құрт-құмырсқалар.Шалшықта,батпақта, құмдақта, тауда өсуге бейім келеді.

Дидактикалық ойын: «Түстеріне қарай гүлдерді жина»

Ойын шарты:Жерге шашылған гүлдерді түстеріне қарай жинайды.

Қорытынды:

Өсімдіктер тек әдемілік сыйламайды, адамның денсаулығына жақсы әсерін тигізеді.Гүл өскен ортада,тазалық,татулық пен бірлік,жақсылық пен жомарттық болары сөзсіз.Ұлыбританияның биолог мамандары “Өсімдіктердін адамның өзгешелігі жоқ, оларда адам сияқты көрінеді,иісті сезе алады,оларда есту қабілеті мен дәм сезу қасиетті дамытан”-деп тұжырымдаған.Иіс сезу арқылы өсімдіктер бір-бірімен араласады.Сондықтан үйдегі гүлдермен сөйлескен дұрыс.Өсімдіктер әуенді де жақсы қабылдайды.Әр өсімдіктін өз әуенді қалауы бар екен.Мысалы: мимоза мен сүмбілшаш гүлдері-Чайкоскиидің шығармаларын, флокс пен табак Вагнердің операсын ұнатады екен.Міне қызық деп осыны айтуға болады.Сондықтан көңіл-күйлерініз болмаса,өсімдік арасында жүрсеніз, жақсарып қаласыз.Адам ауырып қалғанда ,сүйікті гүлдерінізде ауырады, тіпті өліп қалады.

Міне,осыдан барып адам жанымен өсімдіктердін байланысын байқауға болады.Адамдар табиғаттан ала алмаған әсерін өсімдік арқылы ала алады.Сондықтан экологтар кеңсеге ,үйге ,гүл өсіруге кеңес береді.

Гүл туралы ырым айтайым: Гүлді құмырасымен біреуге сыйға тартатын болсан,сіз сол адамға сол гүл үшін азда болса, ақы төлеуініз керек.Себебі: құмырадағы гүл “Мені бағалады ”деп риза болып жайқалып өседі.Өсімдіктін бәрін зияндыдеуге болмайды.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2021
2590
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі