Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жоба жұмысы Киіз үй
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қоскөл селосы
«№11Қоскөл жалпы ортабілім беретін мектебі»КММ
Зерттеу жұмыстың тақырыбы:
«Киіз үй – биік өнер туындысы»
Бағыты: математика
Орындаушы : Түркебай Мөлдір
«№11Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебі»КММ
Жетекшісі: Ахметова Роза
№11Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебінің
Математика пәнінің мұғалімі
п і к і р
Мөлдір өзінің ғылыми жұмысын жазу барысында киіз үй туралы мәлеметтерді толықтырып, қазіргі заманның ақпарат көздерімен жүйелі жұмыс жасаған. Қазақтың ұлттық мұрасы киіз үй материалдарды жинақтап, олардан маңызды фактілерді бөліп алып, өзінің тақырыбын жан- жақты ашу барысында көп жинақтап, еңбек еткен. Барлық табылған дерек көздерін сараптап, жүйелеп, жинақтап өзіндік қорытындысын шығара біліп, болашақта оны өз замандастарына насихаттауды мақсат еткен. Жұмыс барысында әртүрлі энциклопедиялардан бастап ғылыми монографиялар мен көптеген тарихшылардың еңбектерін ұтымды пайдалана білген. Зерттеу жұмысы барысында, ғылыми болжамдар мен тұжырымдарды дәлелді келтіруге тырысқан. Көптеген фактілерді аша түсіп, өз пікірімен ұштастыра білген. Жұмыстың кемшін тұстары, деректердің әлі де болса аздығы Мөлдірдің жас ерекшелігіне сай деп білемін. Қорытындылай келе, Мөлдірдің тынымсыз ізденісімен халық мұрасына деген қадір білер қызығушылықтан туған бұл жобасы ұлттық мұра құндылықтарына қосқан өзінің зор үлесі деп сенім білдіремін.
«№11 Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебі»КММ
тарих пәнімұғалімі : Ахметова Роза
Қорытынды
Ұлы Жаратылыстың кез келген туындысы – тек қана табиғи қасиеттерімен қымбат.
Қазақ халқына ұлттық өнер мен ұлттың төл заттарын сақтап қалу үшін не істейміз деген мәселеге жауап беру қиын емес.
Қазақ халқының болмысы өзінің киіз үйі мен әдет-ғұрпында!
Қазақ халқының жаны-тәні күйі мен әнінде!
Қазақ халқының рухы қолөнері мен кәсібінде!
Қазақ халқы қазақ атын алып жүремін десе осы нәрселерді жоғалтпаса болған.
Ұлттық болмысқа, ұлттық өнерге мемлекеттік қамқорлық қалай жүзеге асырылады деген сұраққа тек қана заң қабылдау арқылы деп жауап берер едік. Қорытта келе қазақтың ең қымбат мұрасының бірі киіз үй екені белгілі.
Мазмұны:
1.Кіріспе.
1.1. Қазақтың қасиетті мұрасы
1.2. Тарихи деректер
2.Негізгі бөлім
2.1. Киіз үй – өнер туындысы
2.2. Киіз үй түрлері
2.3. Киіз үй сүйегі
2.4. Киіз үй жабу әдістері
2.5. Киіз үй бітімінің геометриялық сәулеттік үйлесімі
3. Қорытынды.
Кіріспе
Қазақ - ежелгі заманнан бастап – ақ өзінің ата – тегін құраған тайпалар мен халықтардан киіз басуды, тері ұқсатуды, алаша тоқуды, ши орауды, алтынмен аптап, күміспен күптеуді өзіне мұра етіп қабылдаған ел. Дәстүрлі өнердің осы түрлерінің барлығы киіз үйден көрінетіні хақ. Киіз үй – қазақтың заттық, тұрмыстық мәдениетінің көрінісі. Отбасының салауаттылығы мен саулығының белгісі ретінде босағаға, шаңыраққа құрмет көрсету – ежелден келе жатқан дәстүр.
Киіз үй – Орталық және Орта Азияны қоныстанған мал өсірушілердің негізгі баспанасы. Ол мәдени – тұрмыстық және шаруашылық мақсатқа арналуына қарай төрт түрге бөлінеді: жаздық тұрғын киіз үй, мереке – жиынға немесе қадірлі қонақты күтуге арналған салтанатты киіз үй; жорық кезінде тігуге арналған абылайша немесе жолым үй және асхана, қойма, сарай ретінде тігілетін киіз үй.
Қазақтың қасиетті мұрасы
Көшпелі өмір салтқа бейімделу үшін көптеген алғышарттарды игеру керек еді. Ең алдымен, уақыт пен кеңістікті игеру қажет болды. Өйткені, уақыт пен кеңістік туралы таным – түсінік қалыптастырмай тұрып көшпелі өмір салтқа ойысу, бейнелеп айтқанда, қайда барарыңды білмей тұрып жолға шыққандай қайырсыз тірлік болмақ. Екіншіден, жыл құсы сияқты қатал табиғат құрсауынан сытылып шығып, жүздеген – мыңдаған шақырым кеңістік аясында үнемі көктем мен жазға ілесіп, мейлінше ілкімдікпен көшіп – қонып жүру үшін қолайлы баспана керек еді. Бұл қажеттілік дүниеге киіз үйді әкеледі. Киіз үй көшпелі өмір салттың негізгі алғышарттарының бірі болғандықтан ұдайы жетіліп, ұдайы шыңдалып, ұдайы сәулеттеніп отырды. Бұл ретте, киіз үйді көшпелілердің ғасырлар бойғы өмірлік тәжірибесінің, ой өрісінің, талғам – танымының және шеберлік – шалымының ең жарқын айғағы деуге болады.
Тал бойына халықтың мыңдаған жылғы шығармашылық ізденісін жинақтаған киіз үй жинамалы және жылжымалы сәулет өнерінің үлгісі ретінде өзінің қайталанбас болмысымен қайран қалдырады.
Тарихи деректер
Қазақ халқының
ұлттық ерекшелігін айшықтай түсер нәрсесінің ең бастысы – киіз үйі.
Қолөнер мен дарыны, дүниетанымы мен сұлулық туралы талғамы, киіз үй
бойынан айрықша айқын танылады. Гоби, Алтай, Сібір Баяр
тастарындағы, Қырымдағы табылған тасқа қашалған суреттерден қазақ
киіз үйінің ғұмыры тым ежелден басталатыны байқалады. Археологиялық
қазба деректерінен киіз үйдің қола дәуірінде болғаны анықталып
отыр. Сондай деректерге сүйенген көптеген зерттеушілер әзірге киіз
үй жасы бес мың жылдан әрі асып жығылады дейді. Бағдаттан 920 жылы
аттанған Ахмет ибн Фадлен бастаған елшілік Арал теңізі, Шалқар
көлі, Аңқаты өзендерінің маңынан өткенде сол жердегі көшпелілер
дөңгелек киіз үйде тұратынын айтып, киіз үйдің сол сияқты күрке,
шатыр т.б. үйлерден артықшылықтарын көрсетіп жазғандарына
қарағанда, Х ғ. киіз үйлердің ХХ ғ. басындағы қазақ киіз үйлерінен
бірде – бір айырмашылығы жоқ екені байқалды
Негізгі бөлім
Киіз үй қолдан
жасалған алғашқы күмбезді ғимарат. Күмбез бен дөңгелекті табиғат
пен жаратылыс моделі деген түсінікпен қарағанда алғашқы боп арбаны
ойлап тауып, оған бар жаратылыс негізгі дөңгелек орнатуы, киіз үй
жасап, оны бүкіл әлем моделінен алынғандай етіп жасақтауы біздің
бабаларымыздың жалпы әлемдік жаратылыс заңдылықтарын түсіне
білгендігін, онда тіршілік құрудың ең оңтайлы әдісін
пайдаланғандығын сездіреді. Қазақтың киіз үйі – әрбір шаңырақ
иесінің, әрбір қазақ баласының қоғамдағы орнының, елдегі беделінің,
тұрмыстағы байлығының көрсеткіші болып еді десек, біз сол кез
шындығынан аулақ кете қоймаспыз. Киіз үй көшпелілер үшін табиғаттай
сұлу, кеңістіктей үйлесімді шағын әлем.
Киіз үй - өнер туындысы
Киіз үй туралы жарияланған
еңбектермен танысу барысында осы тақырыпқа зерттеу жұмыстарын
жүргізген, ғылыми еңбек жазған Шоқан Уәлиханов, Әлкей Марғұлан,
Өзбекәлі Жәнібеков, М.С.Мұқанов, Сейіт Кенжеахмет, Әбдісағит
Тәтіғұлов, Ақселеу Сейдімбеков секілді ғалымдардың киіз үйді қазақ
киіз үй, қалмақы киіз үй деп бөлетіні байқалды.
Қазақтың киіз үйлері жоғары лауазымды, мемлекет басқарған иелерінің
дәрежесіне сәйкес: Алтын Орда, Хан Орда, Орда деп аталып, сол
аттарға лайық жасақталатын болған. Киіз үй иелерінің рулық,
тайпалық түсініктегі мансабына қарай: Үлкен үй, Кішкене үй, Отау,
Кіші отау деген аттармен мәртебеленген.
Киіз үй(ағаш үй), Қонақ үй, Ас үй, Ауыз үй, Жорық үй, Жолым үй,
Шатпа, Күрке деген аттармен бөлінеді.
Киіз үйге тігілу әдісіне байланысты: Жабасалма, Жолым үй, Жорық үй,
Шайла деген аттар берілген.
Жалпы ауыз әдебиетінде киіз үйді: Киіз үй, Ағаш үй, Шаңырақ, Қара
шаңырақ, Қара үй, Қараша үй деп атау жиі кездеседі. Киіз үйді
киізінің түсіне байланысты: Ақ үй, Боз үй, Қара үй деп, үзік,
іргеліктері болмайтын үйлерді Туырлық үй деп
бөледі.
Киіз үй сүйегі
Киіз үй қаңқасын
немесе киіз үй сүйегін атадан балаға мирас болып келе жатқан
шеберлік кәсіпті меңгерген, өнер қонған шаңырақтар дайындайды.
Ежелгі аты «қаңқа» сөзі болғанымен соңғы атау қазіргі ауызша да,
әдеби тілде де көбірек пайдалануына байланысты біз де «киіз үй
сүйегі» атауын пайдаландық . Киіз үй сүйегі арнайы дайындалған ағаш
сырықтар мен бұтақтардан дайындалады. Олар желге, жабылатын киіз
салмағына, әсіресе кенеттен пайда болатын дала құйынына шыдамды
етіп жасалынуы қажет. Киіз үй сүйегі (қаңқасы) – киіз үйдің үш
өлшемді кеңістіктік сұлбасын шығарып тұрған шаңырақ, уық , кереге,
есік (маңдайша, табалдырық, босаға) деп аталатын мүшелерінен
тұрады. Киіз үй сүйегін жасауға жарамды ағаштар қазақ байтағының әр
тараптарында кездеседі. Киіз үй сүйегін дайындауға сәмбі тал , қара
тал, көк тал, боз тал, құба тал секілді тал тұқымдастары мен бірге
қайың да пайдаланады. Киіз үй сүйегі көбіне жоса секілді табиғи
ертіңділермен боялады. Табиғи сәнін жоғалтпау үшін қайың ағашынан
жасаған үйлер боялмай, сол табиғи қалпында қалдыратын болған. Соңғы
кездерде үй сүйегін әрлеуге қызыл, көк түсті майлы сырлар
пайдаланып жүр.
Киіз
үйді жабу әдісі
Киіз тек қана қой жүнінен
басылады. Қой жылына екі рет қырқылады. Қырқылу мезгіліне
байланысты жүндер жабағы жүн (көктемгі), күзем жүн (күзгі) болып
екіге бөлінеді. Киіз басуға күзем жүн пайдаланылады.
Қазақ киіз үйін жабатын киіз бұйымдарын түндік, үзік, туырлық,
іргелік деп бөледі.
Түндік – киіз үй шаңырағын жабатын киіз. Төрт бұрышты пішіліп,
шаңырақ диаметрінен 50-60 сантиметрдей молдау жасалады.
Үзік – киіз үй сүйегінің шаңырақ қарынан бастап уық бойың тұтас
жабады. Уықтың иінін жабатын тұсы киіз үй сүйегіне сәйкес
пішіледі.
Туырлық – кереге бойын жабады.
Іргелік – керегенің аяқ жағын жабады.
Киіз үйдің түндіктен басқа киіздерінің саны үйдің қанат санына
байланысты әртүрлі болады. 6,7 қанат үйлерде бір түндік, екі үзік,
төрт туырлық, төрт іргелік болады.
Киіз үй киіздері ешкі қылы, түйе шудасы қосылған мықты жіптерден
ызылған арнайы баулармен жіктеледі. Киіз үй шаңырағы түндікпен
жабылады. Үй қанатының санына қарамай түндік үйде біреу
болады.
Киіз үй бітімінің
геометриялық, сәулеттік үйлесімі
Үйшілер киіз үй сүйегінің
барлық өлшемдерін кереге саны мен шаңырақ өлшемі арқылы шығаратыны
туралы, әсіресе, шаңырақ шеңберінің ұзындығының киіз үй шеңбері
ұзындығының үштен бір бөлігіне тең болатыны ел аузында айтылатын.
Шаңырақ өлшемі кереге санына, кереге басына тәуелді. Шаңырақ
көздерінің арасы 5-6 см болатын болса, керегелер басының санын,
немесе уық санын 5-6см санына көбейту арқылы біз шаңырақ шеңберінің
ұзындығын оңай анықтай аламыз
Шаңырақ өлшемі және «А»
саны
Киіз үй сүйектерінің тұрақты
бір сан арқылы жасалатыны туралы айтылды. Біздің зерттеуімізде ол
сан «Шаңырақ
өлшемі»деп аталып,
«А» әрпімен белгіленіп 1м-ге тең
деп қабылданды, ал шаңырақ дөңгелегінің сыртқы шеңберінің ұзындығы
«Ш» әрпімен белгіленді. Бұл санды (өлшемді) үйшілер өздерінше
әртүрлі жобада қабылдауы мүмкін, мысалы 93см, 95см шамасында.
Шаңырақтарына өлшеу жүргізілген бірнеше алты қанат үй шаңырағының
сыртқы шеңберінің ұзындығы 570см (570:6=95см) болып кездессе, жеті
қанат үй шаңырағының сыртқы шеңберінің ұзындығы 657см(657:7=94см)
болып кездесті. Шаңырақ шеңберінің ұзындығын үйдің қанат санына
бөлгенде тұрақты сан шығатыны байқалды. Ол сан бір метрге
(93-95см.) жуық шамаға тең болып, теориялық есептерге бір метр деп
қабылданды.Сонымен: Шаңырақ өлшемі «А» =
1метр.
Шаңырақ дөңгелегінің
сыртқы шеңберінің
ұзындығы «Ш»
Киіз үй сүйегінің барлық
мүшелерінің сандық мәні шаңырақ дөңгелегінің ұзындығы «Ш» және
шаңырақ өлшемі «А» санының көмегі арқылы жасалады. Үйшіге кереге
бір сан, ол кереге саны «К». Үй жасатушы Үйшіге қанша қанат үй
жасатқысы келсе, ол өзінің «А» санын кереге санына көбейтіп,
шаңырақ шеңберінің ұзындығын табады. Ш= КА
Мысалы: тапсырыс берушіге
16 қанат үй керек болса, үйші 16 санын 1 метрге көбейтіп шаңырақ
шеңберінің ұзындығын табады. Біздің мысалымызда 16х1=16метр.
16 қанат үй шаңырағының диаметрі (C=пД); Д=16:3,14=
5,09м.
Кереге
биіктігі
Жайылған кереге биіктігі (Һк) шаңырақ шеңберінің
ұзындығының (Ш) бестен бір бөлігіне тең.
Һ кер=Ш:5
Шаңырақ шеңберінің ұзындығы
16м. Һ
кер=(16:5==,20)
Жайылған керге ұзындығы (Ж кер)
Жайылған кереге ұзындығы үш шаңырақ өлшеміне тең.
Ж
кер=3А
Жайылған кереге
ұзындығы: Ж
кер==х1=3м.
Уық иінің бұрышы
Зерттеу тәжірибелерінің нәтижесінде уық пен еден жазықтығының
арасындағы бұрыш 45 градусқа жуық екені байқалды.
Уық ұзындығы
«Уұ»
Уық ұзындығы Р үй - үй радиусы. Р шаң – шаңырақ
радиусы.
У х У=2 (Рүй - Ршаң) (Рүй-Рш)