Жоба тақырыбы:Аңырақай шайқасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жоба тақырыбы:Аңырақай шайқасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Аңырақай шайқасын зерттеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мазмұны
































Кіріспе



Аңырақай шайқасы (1729 ж., кей деректерде 1730 ж.) — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі.

Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 жылы бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде жоңғарлар қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды.

Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тауында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Аңырақай аталатын да осы өңір. Бұл шайқаста (40—45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен.

Ұрысқа бас қолбасшы болып Бөгенбай батыр сайланды. Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін Қазыбек батыр, Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолын Қаракерей Қабанбай Шақшақ Жәнібек, , Кіші жүзді Тама Есет, Шекті Тайлақ т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Шайқасқа болашақ қолбасшы Шапырашты Наурызбай да қатысқан.

Шайқастың ең басында Бөлек батыр Қараұлы жоңғар әскерлерінің қолбасы Аңырақаймен жекпе-жекке шығып, оны өлтіреді. Солайша қазақ қолдарының рухын көтерген.

Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты.

Қазақтар бұл соғысты әрі қарай дамыта алмады. Оған шайқастың соңында Болат хан жараланып, қайтыс болғаннан кейін басталған тақ үшін талас кедергі келтірді. Көпшілік Болат ханның баласы жас Әбілмәмбетті қолдады. Бұған наразы болған Әбілқайыр майдан даласын тастап, Кіші жүздің қолын Ырғыз арқылы батысқа алып кетті. Болат хан өлгеннен кейін «қазақтың бас ханы болу жолы менікі» деп сеніммен жүрген Әбілқайыр жеме-жемге келгенде билік тізгінінің басқаның қолында кеткенін көргенде шарт сынып, ашуланып, қазақ әскерін жау қолына тастап еліне кетіп қалады. Кеткенде де жай кетпей жолындағы бірнеше ауылды шауып тонай кетеді. Бұл Әбілхайырдың тарих және болашақ ұрпақ кешпейтін сатқындығы еді. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады да, Жоңғар әскерінің 1 бөлігі аман қалады. Сол жылы сүмбіле айында болған Аңырақай шайқасына да қатыспаған себебі осы болатын. Өйткені сол кездегі қазақ ордасының заңды иесі Әбілмәмбет пен Абылай, Төле, Қазыбек билер мен Қабанбай бастаған батырлар бірауыздан Қанжығалы Бөгенбайды бас қолбасшы етіп сайлаған болатын. Әбілхайырдың Аңырақай соғысына қатыспаған. Ол оған дейін ақ қолбасшылық дәрежесінен айрылып өз еліне кетіп қалған болатын. 1726 жылы бүкіл қазақ болып қолбасшы сайлаған хандар мен билер батырлар, Әбілхайырдың ұрыс кезінде қазақты жау қолына тастап кеткенін кешірмеді. Аңырақайда ерекше көзге түскен Аңырақты жекпе жекте өлтірген Сатай Бөлек батыр, Шымыр Қойгелдi, Ошақты Саңырық, ағайынды Дулат Сеңкiбай мен Шойбек, Сыйқым Ырысбек, Суан Бағай, Ботбай Сәмен, Сiргелi Қара Тiлек, Жаппар, Қаумен, Дәулет, тағы басқалар – бәрi де ұлы жүз қолының батырлары. Қазыбек бектiң оқ қағар батыры 35 жастағы албан Қангелдi де осы шайқаста жекпежекке шығып жеңiске жетедi. Бұл ұрысқа ұлы жүз жасағын қолбасы Шапырашты Қазыбек Тауасарұлы, болшақ қолбасы Шапырашты Наурызбай да қатысты. Ал Жадамбаны жеңген Арғын Олжабай батыр, Арғын Естербек, Қарабек, Тұра (бәлкiм, дұрысы Нұра), Ағындық, Тарақты Тоғай, Қарауыл Қасым мен Қалабек және басқа батырлардың бәрі Бөгенбай жасағындағы батырлар еді. Ал кіші жүзден Тама Есет батыр мен Шекті Тайлақ батыр сияқты батырлардың артынан ерген жасақтары ғана қатысты. Әбілхайыр сол кеткенен қайтып артына қайтпады. Кейінгі Аңырақайды Әбілхайыр басқарды деп жүрген деректің бір де бірі шындыққа жанаспайды. Тарихтағы Бөгенбай батырдың ерлігін Әбілхайырға тартып әперу, тарихи еңбегін жоққа шығару тарихқа қиянат. Болашақ ұрпақ осы шындықты білгені дұрыс.

Ғылыми жұмыстың мақсаты. жұмыстың мақсаты – Аңырақай шайқасының Қазақстан тарихында алатын орнын зерттеу.

Аталған мақсатқа жету үшін келесім міндеттер қойылды:

1. Аңырақай шайқасының алдында болған оқиғаларды зерттеу;

2. Аңырақай шайқасына қатысқан тұлғалардығ тарихын анализдеу;

3. Аңырақай шайқасының барысын қарастыру;

4. Аңырақай шайқасы туралы жазылған ауызша және жазбаша деректерді зерттеу;

5. Қорытынды шығарып, тұжырымдама жасау.















1 Аңырақай шайқасының қарсаныңдағы оқиғалар


1.1 Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама жылдары



Қазақ хандықтары XVIII ғасырдың басынан-ақ сыртқы саяси жағдайдың одан әрі шиеленісуі туғызған аса ауыр халді бастан кешірді. Тәуке хан руаралық қырқысты уақытша болса да тоқтатып, жүздерде тыныштық орнатты, сол арқылы қазақ руларының қоныстарын сырттан басып кіруден қауіпсіздендірді. Бұған деректемелердің дәлелдеуі бойынша, оның карамағында 80 мыңға жуық сарбаз болғаны едәуір дәрежеде көп көмегін тигізді. Алайда билік үшін күрес пен сұлтандардың оқшаулануға ұмтылуы көп кешікпей бірлікті бұзды, оны көршілері дереу пайдаланып қалды. Оңтүстік-батыстан Жайық казактары қолдаған Еділ қалмақтары шапқыншылық жасады; солтүстіктен сібір казактары шабуылға шықты; Жайықтың арғы бетіндегі қоныстардан башқұрттар дәмеленді. Оңтүстік жағынан қазақтарды Орта Азия хандықтарының (Бұхара, Хиуа) феодалдары ығыстырды. Бірақ ең қатерлі қауіп қазақ халқына шығыстан күші басым, басқыншы әскери-феодалдық Жоңғар хандығы тарапынан төнген еді.

Қазақ және жонғар әміршілері арасындағы күрес жүз жылдан астам уақытқа созылды. Оның негізінде жайылым үшін бақталастық жатқан еді. Мал санының өсуіне қарай көшпелілер мал шаруашылығы өндірісі үшін қажетті аумақты ұлғайтуға мәжбүр болды.

ХVIII ғасырда Алтайдан Атырауға дейiнгi байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерiнiң жағрафиялық жағдайына қарай үш жүзге бөлiнiп өмiр сүрдi. Оның әрбiр Жүзiнiң өзi Еуропадағы әлденеше шағын елдер мен мемлекеттердi сыйдырарлық көлемдегi жерлердi жайлады. Қазiргi Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарын мекен еткен Кiшi жүз, Орталық Қазақстанға жататын облыстарда мекендеген Орта жүз, елдiң оңтүстiк және оңтүстiк-шығысын қоныс еткен Ұлы жүздiң әрқайсысының өз хандары болды. Кiшi жүзде - Әбiлхайыр, Орта жүзде – Сәмеке /Шахмұхамбет/, Ұлы жүзде – Жолбарыс, Түркiстан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы Тәуке едi. Бұл хандардың ақылшысы болған, үш жүздiң басын бiрiктiрiп, даулы iстерiне билiк айтып, береке бастаушы болған Кiшi жүздегi Әлiм руынан шыққан Әйтеке бидi, Орта жүздiң биi арғын, Қаракесек руынан шыққан Қаз дауысты Қазыбек бидi, Ұлы жүздiң биі үйсiн Жаныс руынан шыққан атақты шешен Төле бидi, Үлкен Орданың сарай ақыны Бұқар жырауды бүкiл қазақ жұрты, алты алаштың адамдары жақсы бiлдi [1].

Үш жүздiң билеушiлерi әдетте бас қосып, оқтын-оқтын мәслихат-мәжiлiс өткiзетiн. Ондай мәжiлiстер Сайрам маңындағы тауларда, Мәртөбе жотасында өтетiн. Оларда қыстау жағдайы, қауiп-қатерден сақтану мен қауiпсiздiк мәселесi талқыланатын. Бiрақ, қазақ жерiнде бiртұтас бiр иелiкке бағынған, басқару жүйесi орталықтанған iрi мемлекеттiң жоқтығы ылғи да сезiлiп тұрды. Мұны қазақ жерiне ертеден көз алартып келе жатқан Қазақстанмен жапсарлас, жерлерi шектесiп жатқан елдердiң билеушiлерi пайдаланып қалуға тырысты. Оңтүстiк-батыстан Жайық казактарының қолдап-қолпаштауымен Едiл өзенiнiң бойындағы башқұрттар, қалмақтар Кiшi жүздiң халқына тынымсыз шабуыл жасады. Қазақ жерiне солтүстiктен Сiбiр қазақтары килiктi. Орта Азиядағы Бұқара мен Хиуа хандықтары да қазақ жерiнен дәмелi болды. Оларға қазақ жасақтары табандылықпен тойтарыс берiп отырды. Осылардың бәрiнен де асып түскен, қазақ халқына мәңгi жойылып, құрып кету қаупiн төндiрген жау - жоңғарлар едi.

ХVII ғасырдың бiрiншi жартысында ойраттар мен қазақтардың арасындағы әскери қақтығыстар жиiлей түстi. Ойрат феодалдарының Шығыс Моңғолияға қарсы ойдағыдай жүргiзген соғыстары олардың күшiн нығайтты. ХVI ғасырдың аяқ шенiнде ойраттар басты-басты төрт тайпалық бiрлестiктен құралды. Олар: Тарбағатайдан Шығысқа қарай өңiрдi алып жатқан торғауыттар, Ертiстiң жоғарғы ағысын бойлай қоныстанған дербеттер, қазiргi Дихуа қаласының төңiрегiндегi хошоуыттар және Iле өзенiнiң жоғарғы жағындағы шоростар едi.

Қазақ және ойрат әмiршiлерiнiң арасында жайылымдық жерлер үшiн iрi қақтығыстар ХV ғасырдың өзiнде басталған болатын. ХVI ғасырдың аяғында ойраттардың шағын бiр бөлiгi сәтсiз шабуылдан кейiн қазақ ханы Тәуекелге бағынышты болып шықты. 1635 жылы қоңтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Осыдан соң, егер ХVI ғасырдың аяғында ХVII ғасырдың басында қазақ хандығына бытыраңқы ойрат тайпалары қарсы болса, ХVII ғасырдың екiншi ширегiнде күштердiң ара салмағы жоңғар тайпаларының пайдасына өзгере бастады. Қазақ-жоңғар қатынастары әсiресе, Батур-қоңтайшы /1634-1654 ж.ж./ билiк құрған кезде ерекше шиеленiсе түстi. Одан кейiн болған жоңғар хандары /Сенге, Ғалдан/ Оңтүстiк Қазақстанды, маңызды сауда жолдары өтетiн және сауда орталықтары болған қалаларды өздерiне қаратып алуға тырысты.

Жоңғар қонтайшыларын жайылымдық жерлер мен оңтүстік Қазақстанның сауда-қолөнер орталықтары қызықтырды. Оңтүстік Қазақстан қалаларын басып алу арқылы жоңғар феодалдарына сауда-қолөнер орталықтарын ғана емес, сонымен қатар Қазақстанды Ресеймен және Шығыс елдерімен байланыстырып жатқан керуен жолдары өтетін аумақты да иелену мүмкіншілігі ашылды.

Қазақ және жоңғар хандықтары арасындағы күрес барған сайын кескілескен және қан төгісті сипат ала берді.

Жоңғар экономикасының негізі орасан зор жайылымдық жер аумағында бытырап жатқан көшпелі мал шаруашылығы болатын. Халық саны бір миллионға жуық, сондай-ақ 0,5 миллион басқа халықтардың өкілдерінен құралды. Әкімшілік және шаруашылық бөлінісі ұлыс болды. Ол отоктардан, жастар мен ангалардан тұрды. Оток, сонымен қатар әскери құрылым (хошун) болып та саналды. Жоңғарлардың әскери ұйымы қазақ жасақтарынын әскери ұйымының құрылымына ұқсас болды. XVIII ғасырдын басына қарай жоңғарлардың негізгі қауымдары: торғауыттар мен дербенттер Тарбағатай, Монғол Алтайы, Ертістің жоғарғы ағысы жағындағы қолайлы жайылымдарды алып жатты. Бұл жерде олар Коряков форпосына дейін қоныстанды. Қара Ертіс пен оның салалары бойында, сондай-ақ Қобда өзенінің алқабында хойттар тұрды. Чоростар Іле өзенінің жоғарғы және орта ағысы мен оның салалары алқабын мекендеді. Чоростардың шығыс жағында, Жоңғар Алатауының беткейлерінде хошоуттар көшіп жүрді.

Жонғар хандығынын әлеуметтік-таптық құрылымы қатаң иерархиялық сипатта болды. Қоғамның саяси құрылымы рулық бөлініске сәйкес келді. Жоңғар қоғамының үстемдік етуші сословиесі хандар мен тайшылар еді. Руларды немесе әр түрлі қауымдық бөлімшелерді басқарған жайсаңдар да елеулі рөл атқарды. Жоңғар хандығының құрылымы мен саяси өміріне ламалық дінбасылары ерекше ықпал етті. Ламалық діннің орталығы Лхаса болатын. Діні жағынан жоңғарлар қазақ қауымдарына карама-қарсы тұрғыда болды. Ұзаққа созылған соғыстар кезеңі ішінде жонғар жайсаңдары ұрыс қимылдарын жүргізудің өзіндік тактикасын жасап алды. Олар ұрысты ашық жерде, дала бетінде жүргізуді артық көрді. Бұл орайда олар сан басымдығын пайдаланды. Олардың өздері құс саңырығы мен күкірттен оқ-дәрі өндіріп, қылышты, сауытты, кіреукені, дулығаны және басқаларын өздері дайындайтын [2].

Жоңғар хандығына қарсы күрес Цин үкіметінің де ең басты міндеті болды, өйткені жоңғарлар Қазақ хандығымен ғана емес, Циндік Қытаймен де соғысты. Қытай билеушілері жоңғарлармен қарулы қақтығысты дипломатиялық әрекеттермен де ұштастырып отырды. Ал жоңғар қонтайшылары мен тайшылары Ертістің оң жағалауы үшін патша үкіметіне қарсы соғысуға дәрмені жетпеді.

Жоңғар хаңдығының XVII ғасырдың 90 жылдардағы Цин империясына қарсы соғысы жоңғарларға біраз құрбандықтар жасауға әкеп соқтырды. Бұл аумактық мәселелерге, адам ресурстарына, Галдан-Бошокту ханның қаза табуына байланысты еді. Оның орнына көрнекті мемлекет қайраткері, дипло­мат және қолбасшы Цеван Рабтан келді (1697—1727), қазақ халқының ауыр қысым көріп, қасірет шегуі соның есімімен байланысты. Ол жиырма жыл бойы Маньчжур әулетінің билеушілерімен, Циндік Қытаймен қақтығыстардан сәтін тауып жалтара білді және де ол Жоңғар хандығын тез арада нығайтып алып, өзінің күш-жігерін қазақ қоныстарын, Тянь-Шань қырғыздарының жерін, Шығыс Түркістанды, Саян-Алтай және Барабин даласын қоныстанған халықтарды жаулап алуға бағыттады.

Сонымен, ұлы империя қысым көрсеткен Жоңғария өзінің басқыншылдық ниетін Қазақстанға бұрды. Жоңғар феодалдары қазақтарға үсті-үстіне шапқыншылық жасап, тұтқындар мен малдарын айдап әкетті, жайылымдары мен мүлкін тартып алып, кейде тұтас рулар мен ауылдарды қырып-жойды. Үздіксіз жасалған сыртқы қақтығыстар мен ішкі алауыздықтар бытыратып, әлсіреткен қазақ халқы бұл кезеңде асқан зор қайғы-қасіретті бастан кешірді. XVIII ғасырдың басындағы қазақтардың жағдайын Ш. Уәлиханов міне былайша суреттеген: «XVIII ғасырдың алғашқы онжылдығы қырғыз (қазақ — Ред.) халқының өміріндегі сұмдық уақыт болды. Олардың ұлыстарын жоңғарлар, еділ қалмақтары, жайық казактары және башқұрттар әр жақтан талқандады, малын айдап әкетіп, тұтас әулеттерді тұтқын етіп алып кетті».

Сөйтіп тағы да, қазақ қоныстары жоңғарлар тарапынан кезекті шапқыншылыққа ұшырады. Бұл оқиға 1698 жылы болған еді. Қазақ хандығына басып кірудің себебі жөнінде Цеван Рабтан Цин императоры Кансиге былай деп жазған: «Мен Хасак (Қазақ) ордасына соғысты өз еркіммен емес, тұйыққа тірелген амалсыздықтан бастадым. Бұл соғыстың өрістеуіне мынадай себеп бар: соның, алдында Тәуке деп аталатын қазақ ханының баласын Галдан тұтқынға алған, одан Далай ламаға сыйлық жіберілген екен». Сол кезде Тәуке бала­сын қайтару туралы Цеван Рабтанға өтініш жасап, «ол, Тәуке, менімен одақ жасасып, тату тұруға» уәде берді. Тәуке ханның баласы Лхасадан қайтарылып, 500 жоңғар жауынгерін ертіп әкесіне жіберілді. Алайда белгісіз себептермен жоңғар жасағын қазақтар қырып тастады. Жоңғарлар өздерінің Есіл мен Жем бойындағы қоныстарынан Еділге өз жасақтарын үнемі жіберіп жатты. Қазақтар өз аумақтарында жоңғарлардың үнемі жүріп-тұруына мүмкіндігінше кедергі жасауға тырысты. Жоңғар қонтайшылары Еділдің төменгі ағысындағы Қалмақ хандығымен мемлекеттік, туыстық және діни тығыз байланыс жасап отырды. Бұл екі хандықты бір мемлекетке біріктіру жоспары ойластырыла бастады. Бұл жағдайда Қазақ хандығының тәуелсіздігі мен дербестігіне қатер төнетін еді.

XVII ғасырдың 80 жылдарынан бастап жоңғар тайшылары Жетісудағы, ішінара Шу және Талас өзендері бойындағы қазақ қоныстарын қолында ұстап келді. Алайда бұл уақытша билік саяси ықпалдың шектеулілігінен ғана көрінді. Жоңғарлар Жетісу қазақтарына нақты билік етуге қол жеткізе алмады.

Жоңғарлардың Жетісуға ғана емес сонымен қатар Шу және Талас өзендерінің алқабына жасаған кезекті жорығына 1699 жылы қазақтар тойтарыс берді. Қазақ руларының қарсылық көрсеткеніне қарамастан, жоңғарлар он мыңға жуық тұтқын алудың сәтін түсірді. Қазақтар өз күштерін еселей түсті. Мұның алғышарттарының бірі Тәуке ханның мықты билігі болды. Қазақтардың жекелеген жасақтары солтүстікке жорық жасады. Қарақалпақтармен бірге қазақ жасақтары Түмен округіндегі Тархан бекінісін шапты. Келесі жылы Ертіс бойындағы Царево қалашығы мен Утятск бекінісіне шабуыл жасады. Қазақтар табысқа жетті. Ол былай тұрсын, Галдан Бошоктудың билігі әлсіреді: Қытай императоры Канси Тул өзенінде жоңғар әскерін талқандап, 10 000-ға жуық адамын тұтқынға түсірді. Бұл қазақ жасақтарының неғұрлым сенімді қимыл жасауына мүмкіндік берді.

Жоңғарлармен жекелеген қақтығыстарға жауап ретінде 1702-1703 жылдарда қазақ жасақтары сонымен бірге Жоңғарияға және еділ қалмақтарына шабуыл ұйымдастырды. Еділ қалмақтары арасында өзара қырқыс туып, олардың едәуір бөлігі (60 мыңдай) Алтайға кетіп калды. Қазақтар да оларды Батыс Қазақстан даласында сол кезеңде жеңіліс таптырды. Қазақ жасақтары негізгі соққыны Ертістің жоғарғы ағысында жасады. Олар жоңғарларды ығыстырды, бұған Тянь-Шянь қырғыздары да көмектесті. Жоңғар қонтайшысы өз ордасын Іле өзені ауданынан Обь-Ертіс өзендерінің аралығына көшіру туралы жоспар жасады. Қазақ әскерлері осындай нақты қауіп төндірген еді. Осындай жағдайда жоңғар жайсандары мен минусин қырғыздарының кінәздері жалпы саны 3 мың шаруашылықтан астам бірнеше мың минусин қырғыздарын Ертістің жоғарғы ағысына айдап алып кетті." 1702—03 жылдарда қазақтар Ертістің жоғарғы жағында ойдағыдай әскери қимылдар жүргізді.

Енисей қырғыздарының Тянь-Шаньға қоныстану үрдісі XIII—XIV ғасырларда ғана болып қойған жоқ, ол XVII—XVIII ғасырдың басында да жалғасты. Олардың көбісі қазақ қауымдарына қосылды. Олар жаңа жерлерге қоныстанып, сіңісіп кетті. Емел өзені, Ертістің жоғарғы ағысы аудандарында, Талас өзені бойында солай болды. Ол былай тұрсын, орыс деректемелерінде «Қазақ ордасы» атауының орнына «қырғыз-қайсақ ордасы» деген атау пайда болды. Бұл терминология XVIII ғасырдың басынан бастап орнықты.

1708 жылы қазақтар жоңғарлардың жаңадан басып кіруіне тойтарыс бере бастады. 1708—1712 жылдардағы ұзаққа созылған соғыста екі жақ та уақытша табысқа жетіп жүрді. Ол соғыс үзілістермен, ерекше оқиғаларсыз болса да, қазақ батырлары, билері, рубасылары үшін тағы бір сынақ болды. Соғыстың бірінші жылында қазақтар жоңғарларға қарсы өзінің 30 мың сарбаздан тұратын әскерін қарсы қоя білді. Жағдай оқиғаларды ой елегінен өткізіп, жаңа шешімдер қабылдауды талап етті. Ортаазиялық шежіреші Мір Мұхаммед Бұха­ри былай деп жазды: «Дінсіз зұлым қалмақтар құмырсқа мен шегірткедей қаптап, аттұяғымен тып-типыл етіп, бірінші кезекте қазақ халқының тайпалары мен ұлыстарын шапты, талап-тонап, қашуға мәжбүр етті, қазақ халқының тайпалары мен руларының көп бөлігін дінсіз билеушілер... тұтқынға алды, дінсіз қалмақтардың сансыз көп әскерінен үрейленген қазақтар және қара­қалпақ тайпасы өздерінің ежелгі жұртын тастап кетіп қалды» [3].

1723 жылға қарай қазақ-жоңғар қатынастарындағы жағдай күрт өзгерді: Қытай императоры Канси өліп, жоңғар-Қытай шарты жасалды, Ертіс бекініс шебінің құрылуына байланысты Ресей үкіметі қандай да болсын нақты талаптар коймады. Оқиғалардың күтілмеген бетбұрысын жоңғар қонтайшылары мен тайшылары қазақ жеріне шабуыл жасау үшін пайдаланбақшы болып ұйғарды. Қазақ хандықтарының бытыраңқылығын пайдаланып және алдағы соғысқа мықтап дайындалып алған жонғар билеушілері 1723 жылы өз әскерлерін Қазақстан шегіне аттандырды.

XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі жоңғар басқыншылығына қарсы күрес қазақ мемлекеттілігін сақтап қалу жөніндегі маңызды саяси шешімдерге ықпал жасаған негізгі факторға ғана емес, қазақ халқының өмір сүруінің өзі туралы мәселе туған кезде өмірлік қажетті факторға айналды өткен замандағы аса көрнекті тарихнамашы Шәкерім Құдайбердиев жоңғарлар басқыншылығы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңінде бүкіл халықтың үштен екісі қырылды деп көрсетеді. Жоңғарлардың 1723 жылғы шапқыншылығы елеулі оқиға болып қана қойған жоқ, ол қазақ халқы өмірінің барлық салаларына және бірінші кезекте саяси ахуалына қатысты болды. Жоңғарлардың бұл теңдесі жоқ әрекетке өздерінің әрбір қадамын әр түрлі жеті бағыт бойынша күтпеген жерден берілетін және қуатты соққының барлық салдарын өлшестіре отырып, мұқият дайындағанын мойындау керек. 1723 жылғы шапқыншылыққа дайындалу барысында жоңғар ханы Цеван Рабтанның елеулі рөл атқарғаны да көрінді.

Қазақтардың көптеген рулары мен қауымдары көшпелі шаруашылық үшін өмірлік маңызы бар жұмыстар басталған сол бір ерте көктем кезінде жоңғарлардың күтпеген жерден жасаған шабуылына қарсы әзір емес еді. Қазақтардың ауызданауызға тарап келген аңыздарында бұл кезең «Ақта­бан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады.

Жоңғарлар ірі-ірі жеті сына сияқты қозғалып, 70 мың адамнан тұратын әскермен шабуыл жасады. Мәселен, Цеван-Рабтанның баласы Галдан-Церен 10 мың әскермен Балқашқа және одан әрі Қаратауға қарай аттанды. Қонтайшының інісі Құлан-Батур Алтайға және Көктал өзенінің бойына беттеді. Қонтайшының немересі Әмірсананың жасағы Нұра өзені алабына бағыт алды. Галдан Цереннің баласы Цеван-Доржы Шелек өзенінің аңғарына аттанды. Галдан Цереннің екінші баласы Лама Доржы Ыстық көлге бағыт ұстады. Ной­он Дода Доржым Шу өзеніне қарай ұмтылды. Цеван Рабтанның өзі Іледен өтіп, Жетісудың оңтүстігіне қарай жылжыды. Басып кіруге жалпы басшылықты Цеван Рабтанның ағасы Шона Доба жүзеге асырды. Олар өз жолындағыны жыланша жалап, қынадай қырды. Қыс жұтынан әбден қажыған қазақ қауымдары күшті қарсылық көрсете алмады. Шу аңғарынан жалайырлар қуып шығарылды. Олар көп шығынға ұшырап, Ұлытау мен Көкшетау жаққа кетуге мәжбүр болды. Талас өзенінен Арыс өзенінің орта ағысына дейін қоныстанып жатқан наймандардың садыр руы түгелге дерлік қырғынға ұшыратылды, тірі қалғандары босып кетті. Қожаберген жыраудың дастанындағы мәліметтерге қарағанда, наймандар Алтайдан кеткен.

Қаратауда, Арыс өзені алабында да ойран салынды. Қапы қалған қазақтар малын, үйін, мүлкін тастап кетуге мәжбүр болды. Жоңғар феодалдары көп халықты қырып салды, көптеген адамдар Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық өзендерінен, Сырдариядан өту кезінде қаза тапты. Қазақ рулары Сырдарияға қарай қашып, оның арғы бетінде ғана өздерін қауіпсіз сезіне аламыз деп санады.

Жоңғарлар өздерінің жолында ауылдарды талап-тонап, қазақ қауымдарын бытыратып жіберді, малын тартып алып, қалаларын басып алды. Бұл жөнінде Ресей капитаны И. Унковский «Қонтайшының баласы Шона Добаның Қазақ ордасына аттандырылғаны, ұрыс барысында ол қазақтардың үш қалашығын алғаны және қазақтардың 1000 отбасын әкеле жатқаны, олардың көп кешікпей күтіліп отырғаны жөнінде хабар бар екенін» хатқа түсіреді. Ал берілген қалалар: Ташкент, Сайрам, Харамурт (Қарамұрт. —Ред.).

XVIII ғасырдың 20 жылдарына қарай жоңғарлар қазақ жерінің орасан көп бөлігін басып алды. Жоңғарлар мен қазақтар иеліктерінің арасындағы шамамен алғандағы шекара Ұлытау, Балқаш көлі мен Шу, Талас өзендері арасындағы өңір болды.

Үмбетей жырау өз толғауларында жоңғарлардың Баянауыл, Қызылтау, Абралы, Шыңғыстаулары мен Қара Ертіс бойындағы Мамырықты және Алатауды қалай жаулап алғанын суреттеген.

А.И. Левшиннің атап өткеніндей, «отарлар мен табындар күн санап кеми берді, айырбас сауда тоқтап қалды, жұрт жаппай қайыршылық пен қайғы-қасіретке ұшырады, Қабанбай батыр кейбіреулер аштан өліп, басқа біреулері әйелдері мен балаларын тастап кетті... Егер оңтүстікке кетпесе, үш жақтан қысым көріп, қудаланған оларды мүлде қырып жіберу мүмкін еді».

Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтары Сырдариядан өтіп, Ходжентке көшіп, Орта жүз руларының көпшілігі Самарқанға кетті, ал Кіші жүз Хиуа мен Бұха­ра шегіне көшіп барды.

Ақтабан шұбырынды жылдары Отан алдындағы өз жауапкершілік шамасын түсінген халық еркін жасытпады. Табан тірескен және ұзаққа созылған шайқастар жүріп жатты. Ташкент қаласының қазақ жасағы бастаған 300 мыңдай тұрғындары үш айға жуық қаһармандықпен қорғанды. Ташкенттің ізінше Сайрам мен Түркістан да құлады. Бүкіл халықтық қарсыласуды ұйымдастырушылар Бөгенбай, Қабанбай, Саңырық, Жәнібек, Малайсары, Елшібек және басқалар халықты туған жерін қорғауға көтерді. Жоңғар әскерлері қазақ халқының табанды қарсыласуымен санасуға мәжбүр болды. Жау таулы жерлерде, алыстағы далалық аудандарда, қалаларда тойтарыс алды.

Жеңілістің жалпы жағдайын А.И. Левшин былайша сипаттайды: «Бұл көшу сөзсіз күйзелу мен қырылуға әкеп соқты. Мал мен табын күн санап азая берді, айырбас сауда тоқтап қалды, қайыршылық пен қасірет қайғы жалпы жұртты жайлап алды: біреулер аштан өлді, басқа біреулері бала-шағасын тастап қашты. Ақырында, босқындар тоқтады, бірақ қай жерге дейсіз ғой? — көшпелі халық үшін аса қолайсыз құлазыған қу медиенге ат басын тіреді».

Аңыздарға қарағанда, Ұлы және Орта ордалар (арғындарды қоспағанда) — Самарқан мен Бұхараға, ал Кіші жүз Хиуаға көшкен. А. И. Левшин Кіші жүз қазақтары Бұхара мен Хиуаға кетті деп пайымдайды. Онда бұл оқиғаларға дейін де қазақ халқының бір бөлігі тұрып, қоғам өмірінде елеулі рөл атқарып жатқан еді. Орта Азия хандықтарындағы қазақтар саны едәуір болды. Алайда қаншалықты зор күш-жігер жұмсағанымен, қазақ халқы жоңғар әскерлерінің тегеурініне төтеп бере алмады. Жау күштірек болып шықты да, қазақ жасақтарының шегінуіне тура келді.

Әр түрлі деректемелерге қарағанда, жоңғар басқыншыларының басып кіруі кезеңінде әскери қақтығыстар, ойран салу, қырып-жою, талап-тонау, аш­тық, қиындықпен ауа көшу кезеңінде қазақ халқының үштен екісіне жуығы құрып кеткен. Бұл қасірет туралы Қожабергеннің «Елімай» жоқтауы қазақтардың халықтың азасының нышанына айналды.

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Ел-жұртынан айырылган жаман екен,

Қара көзден мөлтілдеп жас келеді.

Мына заман қай заман? Бағы заман,

Баяғыдай болсайшы тағы заман.

Атадан ұл, енеден қыз айырылды,

Көздің жасын көл қылып ағызамын.

Мына заман қай заман? Қысқан заман,

Бақыт құсы алаштан ұшқан заман.

Көк аспаннан топырақ, шаң борады,

Күні суық қаңтардан, қыстан жаман.

Жоңғарлардың шапқыншылығынан Сырдарияның орта ағысы жағаларындағы қазақ және қарақалпақ қауымдарының ішкі тепе-теңдігі бұзылды. Қарақалпақтар да зардап шекті. Олардың жекелеген ауылдары оңтүстік жаққа, көпшілігі Сырдарияның төменгі ағысы жағына кетті. Қарақалпақтардың ортаңғы және төменгі болып бөлінуі нақ сол кезең еді. Көптеген қарақалпақтар Орта жүз және тіпті Ұлы жүз қазақтары ақсақалдарының билігіне бағынатын болды. Едәуір көпшілігі Кіші жүз қазақтарымен бірге солтүстік жаққа, Жем, Темір, Ойыл өзендері жағына кетті.

Нақ сол 1723 жылы жоңғар феодалдары Қазақ хандықтарын Ташкент, Түркістан, Сайрам сияқты қалалық қолөнер орталықтары мен сауда базарына қатыстырмай тастады.

Батысқа босқындардың жаңа толқыны қаптады. Кіші жүз қазақтары Орта Азия хандықтары шегінде ұзақ тұрақтап қала алмады, өйткені жергілікті билеушілердің оларға қоныс бермегені былай тұрсын, жоңғар басқыншыларымен бірге оларды талап-тонаудан да тайынбады.

Жоңғарлар тықсырған қазақтар Сырдарияның орта ағысына қарай, қарақалпақтардың едәуір бөлігі — «жоғарғы» қарақалпақтар тұратын жерлерге кетті. Алайда Әбілқайыр қарақалпақтармен қатынастарды нығайту үшін дипломатиялық қабілеті мен байланыстарын көрсете білді. Ортақ қасірет туыстас екі халықты біріктірді. Қазақ хандығының жалпы жағдайы ауыр болды. Бұл кезең туралы Қанжығалы Бөгенбай батыр былай деген: «қазақтар өздерін үрейге билетіп, көрінгеннен қашып, тазыдан қашқан қояндай жан сауғалаумен болды, сөйтіп күйзеліске ұшырады, мал-жанын, тіпті балашағаларын да тастап, өздері ғана бас сауғалады... Жоңғар қалмақтары шапса бір жаққа, ал башқұрттар шапса, басқа жақка тентіреді, ал еділ қалмақтары мен жайық қазақтары, сібір әскері шабуыл жасағанда жан сауғалар жер таппай, бет-бетімен басы ауған жаққа қашты».

Қазақтардың батысқа қарай жаппай жөңкілуі Жайық пен Еділ аралығында көшіп жүретін қалмақ тайшылары арасында зор алаңдаушылық туғызды. Мысалы, қалмақтардың билеушісі Доржы Назаров пен Қалмақ хандығының наместнигі Черен Дондук Астрахан губернаторы А. Волынскийге: «Сөйтіп жиналып алып, қалмақтарға қарсы 30 мың қолмен келе жатыр және қалмақтарды жаулап алып қалмақтар көшіп жүрген жерлерді иеленіп алмақшы», — деп жазған. Өз кезегінде, Астрахан губернаторы Әскери алқаға «егер рас болса, қалмақтар қазақтарға... төтеп бере алады дегенге ешбір сенімім жоқ» деп мазасыздана баяндады. Жайыққа келген қазақтардың жаңа толқыны көп, болғаны сонша, Қалмақ хандығы тағдырының өзі қыл үстінде тұрды. Мұны патша өкіметінен Еділдің сол жағындағы жазғы жайлауларын қорғау үшін қалмақ әміршілерінің әскери көмек сұрағаны дәлелдейді. Патша әскерлері қолдаған қалмақтар Еділ мен Жайық арасындағы өз қоныстарын негізінен сақтап қалды. XVIII ғасырдың орта шенінде Жайық қазақтар мен қалмақтар арасындағы шекараға айналды.

Сол кезде Әбілқайыр мен оның жақындарының қоныстары Елек өзенінің жоғарғы ағысында орналасты. Бұл қауіпсіз болмады. Солтүстік жағында — Тобыл, Есіл бойында башқұрттардың қоныстары болды. Нақ сол жерде, Жемнің жоғарғы ағысы бойында Аюке ханға бағынатын Доржы Назаров бастаган қалмақ қоныстары орналасты [4].

Жоңғар және Қалмақ хандықтары қазақтарға шығыс пен батыстан соққы беру қатерін туғызды. Аюке хан Цеван Рабтан қонтайшымен елшілік алмасты. Цеван Рабтанның елшісі жоңғарлардың қазақтармен және қарақалпақтармен соғысып жатқанын хабарлады. Таяудағы көктемде ол Жайық пен Еділ маңында көшіп жүрмекші. Әбілқайырдың Аюке хан елшісімен кездесуі осындай жағдайда өтті. Бұл Темір өзенінде (Жемнің он жақ саласы) болды. Әбілқайырда қазақ және қарақалпақ жасақтарынан тұратын әскер бар еді. Елшімен кездескенінде Әбілқайыр былай деп мәлімдеді: «оның өзі қалмақтармен соғысқа аттанып барады. Ал онымен 40 мыңдай Орда болады».

Осы жанжалдар мен қайшылықтардың бәрін Ресей империясы өз мақсатын көздеп, «бір орданы екінші ордаға қарсы көтеру, оларды тыныштандыру, ал өз адамдарын мұндай жағдайларда сақтау» үшін пайдаланбақшы болып ұйғарды.

1723-25 жылдардағы жоңғарлар шапқыншылығынан қырғыздар, өзбектер, қарақалпақтар да зиян шекті. Алайда жоңғарлар шапқыншылығының ең ауыр тауқыметін тартқан қазақ халқы еді, сондықтан Орта Азияның басқа халықтары — қырғыздардың, өзбектердің, қарақалпақтардың жағдайы онша қасіретті болмады.

Қазақ хандығы орасан зор Жоңғар империясының өрісіне тартылуға мәжбүр болды. Тарихшы Н. Попов Галдан Церен туралы былай деп жазған: «Оның күші оған қазақтардан бірнеше провинцияны тартып алып, өз ықпалын Арал теңізіне дейін таратып қана қоймай, сонымен қатар өзінің билік құмар талаптарын шекаралас Сібір жеріне де мәлімдеуге мүмкіндік берді... Хин (Хиуа. — Ред.) иеліктерінен кейбір қалалар мен жерлерді басып алған, Далай ламаны өлтірді, оған да көңілі толмай, Хинді түгел басып алу үшін, хиндіктермен соғысуда. Үрейі ұшқан хиуалықтардың Ресейден көмек сұрауға, ал Қытайға бодан монғол халқының орасан көпшілігінің өзін құтқарып қалу үшін Ресей шекарасына қашуға мәжбүр болғанын қонтайшы біліп отыр». Жоңғар империясының өрісінің кеңейгенін П.И. Рычков пен И. Земляницын де көрсеткен.


1.2 Қарақұмдағы құрылтай


1710—1711 жылдары жоңғар әскерлерінің ірі күштері Қазақстан шегіне басып кірді. Оның қаншалықты елеулі екенін 1710 жылдың күзінде қазақ жүздері өкілдерінің жиналысы шақырылғанынан байқауға болады. Бұл жолы ол Қарақұмда, Қаракесек руы көшіп жүретін жерде өтті. Қарақұмның орналасқан жерін Сарыарқа аумағына жатқызу керек. Қарақұм шағылдары Солтүстік және Солтүстік-шығыс Арал өңірінде үлкен аймақты алып жатыр. Олар Ұлытау сілемдерінің өзіне дейін созылады. Қарақұмның съезд өткен шағылдары арасында, шығыс шетінде шұрайлы алқаптар, бұлақтар көп. Ұлытаудың шеткі сілемдері соған дейін жетеді. Қазақ халқы сұлтандарының, билері мен рубасыларының съезі де Қарақұмның осы бөлігінде өтті.

Съезге әлімұлы, байұлы және жетіру бірлестіктері билеушілері көпшілігінің өкілдері қатысты. Орта ордадан найман және қыпшақ руларынын түрлі өкілдері болды. Съезге барлық үш жүздің өкілдері, билер мен батырлар қатысты.

Ең ықпалды тұлға Тәуке хан болды. Оның елдің тыныс-тіршілігін жетік білуімен қоса, өмір тәжірибесі аса мол болатын. Ол әртүрлі қазақ руларымен тығыз байланыс жасап тұратын, дағдылы құқықты жақсы білетін, батырлармен қарым-қатынасы жақсы еді. Ақыр аяғында, Тәуке хан қазақ-жоңғар өзара қатынастарының ғана емес, сонымен қатар жоңғарларға қарсы соғыс қимылдарының тарихының да барлық күрделі жақтарын басқалардың бәрінен жақсы білді. Ол шайқастарды көзімен көріп қана қойған жок, оның қалың ортасында жүрді. Қазақ жасақтары мен көптеген руларды жалпы басқарудың ауырлай түскенін ескере отырып, Тәуке хан қазақ жасақтары мен қазақ руларын басқаруды құрылымдық қайта ұйымдастырудың жоспарын ұсынды. Сонымен бірге ол сұлтандар билігін шектеуге, үш жүзді жауапты билер арқылы басқару жолымен орталықтандыруды нығайтуға ұмтылды. Бұл шаралар бүкіл қазақ жасақтарын құру, қазақтардың қорғаныс қабілетін нығайту міндеттеріне сәйкес келді.

Съездегі негізгі мәселе Жоңғар хандығына бірігіп тойтарыс беру болды. Түрлі өкілдердің көзқарастары бірдей болған жоқ. Адамдардың бір бөлігі қатаң қажеттілікке сай жоңғарларға бодан болуды жөн көрді.

Бұған дейінгі оқиғалар жоңғарларды жеңудің оңай еместігін көрсетті. Съез­ге қатысушылардың пікірлері бір жерден шықпады. Рубасыларының бір бөлігі аңысын аңдау көзқарасын ұстанды. Революцияға дейінгі зерттеуші Я. Гавердовскийдің айтуына қарағанда, көбі үрейге берілген: «өздерінің тұрғылықты жерін тастап кетіп, қашып құтылғысы келді... ал кейбіреулері қоян сияқты, жан-жаққа бытырап кетуді қалады, тіпті көптеген адамдардың бұрынғы тұрақтылығына сызат түсірді». Алайда съезге қатысушылардың бір бөлігі аңысын аңдып көпшілікке қосылу үшін даудың қалай бітетінін күтті. Осындай ауыр жағдайдың өзінде де жоңғарлардың басып кіруіне қарсы батыл күресті жактаушылар болды. Қалыптасқан жағдайға қарамастан, дау кезінде олар жанқиярлық күрес жүргізу қажет екенін дәлелдеді. Дауға өз пікірін айтқысы келмеген көптеген съезд қатысушылары тартылды. Шығыстық үлкенді сыйлауға қарамастан, пікірлер ашық айтылып, дауға, өз пікірін дәлелдеуге еркіндік берілді. Дау шарықтау шегіне жеткенде ортаға адуынды да кесіп айтар шешен Бөгенбай батыр шықты. Ол ақсақалдар алдына келіп, семсерін жерге қойды да, жейдесін жыртып жіберіп кеудесін жалаңаштап: «Таланған көштің, тұтқындалған бала-шағаның бейшара бақылаушысы болып отырман. Жаудан кек аламыз, өлсек, қару ұстап өлеміз! Қыпшақ даласының сарбаздарының жалтарған кезі болды ма?! Мен қолымды жау қанына малғанда, сақалымды қырау шалған жоқ болатын! Жаудың зұлымдығына шыдап отыра алман?! Жауға мінер тұлпар құрып па?! Сұр жебе толы қорамсақ қаңырап бос қалыппа?!» — деді. Бөгенбай батырдың сөзі жоңғар мәселесін шешудің шырқау шегі болды. Мұндай көзқарасқа ашық қарсы шығуға ешкімнің батылы бармады. Осыдан кейін съезге қатысушылардың бәрі Бөгенбайдың ұранынан айнымауға ант берді. Бір жеңнен қол шығарып, бір-бірін қасық қаны қалғанша қорғауға серттесті. Рухтың күшейгені сонша, кейбір ақсақалдар берілген антты қуаттай түсу үшін жанып тұрған отқа қан тамызуға дейін барды. Ант беру қабылданғаннан кейін жаппай құдайға сыйынып, боз биенің етінен дайындалған құрбандық таратылды, сол арқылы одақтың мызғымастығы да көрсетілді» [5].

Қазақ жасақтарына Бөгенбай жетекші болып сайланды. Я. Гавердовскийде айтылғанындай, «риза болған халық Бөгенбай батырды өздерінің жетекшісі деп жариялады». Революцияға дейінгі тарихшы Н. М. Маевта Бөгенбайдың сіңірген еңбегін былай деп атап өткен: «Қарақұмдағы халық съезінде әйгілі батыр Бөгенбай, дегенмен де, өз отандастарын бірсыпыра уақытқа жігерлендіре білді, сөйтіп оларды бастап, қалмақтарды талқандады». «Қалмақтардың езгісінен оларды қуып шығу арқылы құтылу» ұйғарылды.

Қарақұмдағы съезді әзірлеу барысында, аса бір күрделі мәселе — хандар арасынан жоғарғы қолбасшы сайлау туралы мәселе көтерілді. Соғыс кезі жағдайында бұл маңызды болатын. Аға хан жүздердің жалпы жағдайына жауап бермеді. Бұл рөл дәстүр бойынша Тәуке ханға қалдырылатын. Алайда съезде аға ханды сайлау Тәукенің және шартты түрдегі мирасқорының ризашылық білдіруімен өткізілуге тиіс болды. Ал мұнда бұл лауазымға үміткерлер жетіп жатты. Демек, мұндай лауазымның маңызын асыра айтпағанда, оның мақсатын ой елегінен өткізу қажет болатын. XVIII ғасырдың басында қазақтардың бір топ ақсақалдары: «Хандардың ақсақалдар кеңесінсіз ешнәрсе істемеуі жөнінде ежелден келе жатқан салт бар», — деп мәлімдеген еді.

Нақты үміткерлердің бірі Қайып сұлтан болды. Алайда оның есімі мақұлданбады.

Н.Г. Аполлова Қарақұмдағы билер мен батырлар съезіне Әбілқайырдың қатысқанын көрсетеді. Зерттеуші И. Крафт Тәуке ханның кәрілігіне байланысты оған Қайып пен Әбілқайырдың серік етіп сайланғанын жазған. Әбілқайырдың хан сайланғаны туралы тарихшы М. Әбдіров те жазады. Билік үшін күресте Әбілкайыр өз бақталасы Қайыппен тайталасқан, ал Қайып Тәуке ханның баласы, хан әулеті жағынан тікелей мирасқор болатын.

Бірақ Әбілқайырдың да бірқатар қадір-қасиеттері болды. Ол туралы В. Н. Витевский: «Ол ақылды, бірақ қазақтардың сорына, әрқашан әбден ойластырмай және белгілі бір жоспарсыз қимыл жасаған адам болатын», — деп жазды. В.Н. Витевскийдің деректеріне қарағанда, съезде «хандар әулетінде Әбілқайыр аға хан болып сайланған». Бұл туралы Л. Мейер: «Сол жерде хандар әулетінде Әбілқайыр аға хан болып сайланды», — деп жазды». Ақыр аяғында, тарихшы В.Н. Витевский былай деп тұжырымдады: «Қазақтардың әйгілі батыры және ақсақалы Бөгенбай Қарақұмдағы сеймде халықты қалмақтарға шабуыл жасауға көндірді. Бөгенбай қазақтардың жетекшісі болып сайланды, ал хан билігі Әбілқайырға берілді».

Төтенше сын. Қазақ жүздерінің күш-жігерін біріктіру ісін бірсыпыра уақыт бойы Тәуке әскерлерінің табыска жетуі айқындады. Халық әскерінің жасақтары қолдан шығарылып алынған қоныстарды қайтарып қана қоймай, жонғарлар иеліктері шегіне өтіп, көптеген тұтқындар түсірді. Алайда жүздердің бытыраңқылығы, іс-қимылдың үйлестірілмеуі, ішкі қайшылықтар және әр түрлі топтардың бақталастығы тұтас халықтың күш-жігерін жоққа шығарды.

Бірақ жоңғарлардың соғыс қимылдары барған сайын өсе түсті, қонтайшы Цеван Рабтан Шығыс Түркістанды өз билігіне бағындырып, Тибетке басып кірді. 1713 жылдың өзінде-ак жоңғар әскерлері жаңадан шабуыл қимылдарын өрістетті. «Сол қырғыз-қайсақ ордаларының бәрі, — деп жазды И.К. Кирил­лов, — жалпы келісімге келген болса, ол қалмақтарды жеңе алатын еді. Ал оларда бір хан соғысқа аттанады да, басқасы қалып қояды, сөйтіп өздерінің қалмақтарға ықпалын жоғалтады». 1716 жылы Цеван Рабтан өз әскерлерінің негізгі бөлігін қазақтарға қарсы аттандырды.

Келесі 1717 жылы соғыс оқиғалары одан әрі жалғасты. Соғыс қимылдарының негізгі шоғырланған жері Аягөз өзенінің бойында болды. Қазақ жасақта­ры мен жоңғарлар арасында шайқас басталды. Жоңғар әскерлері шығыс жақ­та жүрген еді. Қазақтардың басым күші Аягөз өзеніне әкелінді. Табысқа жетуді әскер санының басымдығы, тұтқиылдан шабуыл жасау қамтамасыз етуге тиіс еді. Шынында да, әскер саны жөнінен қазақтар басым болатын. Бұл жорықта қазақ әскерлерінің саны 30 мың адам болды. Қазақ хандығында жағдайы берік болған Әбілқайыр 1718 жылы патшаға былай деп жазды: «Әбілқайыр хан басымды иіп, тағзым етем... Мұндағы Қайып хан аман-есен. Мұндағы шеткі ұлыстағы біз де аман-есенбіз. Қалмақтармен соғысқанша, таутекемізді атып, аңымызды ауласақ болар еді. Жөргөктегі бала ер жеткенше соғыспай, бейбіт, жамандықсыз өтсек деп едік».

1708—1712 жылдар оқиғаларында қол жеткен жекелеген жетістіктерін қазақтар нығайта алмады. Қазақ жауынгерлері бір жерге жұмылдырылған басшылық болмағандықтан жеңіліс тапты [6].

1718 жылдың көктемінде жоңғарлар Жетісудан Арыс, Бөген, Шаян өзендері бойына шұғыл жорық жасап, Түркістан қаласына тақап келді. Олардың ниеті қазақ хандарының ордасын басып алу болатын. Сырдарияның орта ағысы басындағы қазақ қалаларына қауіп төнді. Бірнеше шайқас болды. Жоңғарлар «қазақ ордасын шапты», бірақ санының аздығымен өз қоныстарынан ұзап кетуі олардың толық жеңіске жетуіне мүмкіндік бермеді.

Бұл жағдайда батырлар бастаған қазақ жасақтары едәуір табысқа жетті. Олар Елек, Мұғалжар, Ұлытау аудандарынан 30 мың адам болатын әскер жинап алды. Түркістан ауданына аттанып, жоңғарларды Оңтүстік Қазақстанның едәуір бөлігінен қуып шықты.

Рас, XVIII ғасырдың басында жоңғар билеушілерінің қазақ жүздеріне қарсы неғұрлым батыл қимылдар жасауын Жоңғар хандығына Цин билеушілері әскерлерінің шапқыншылық жасау қаупі тежеген еді. Бірақ 1722 жылы Қытай императоры Канси кайтыс болғаннан кейін бұл қауіп уақытша болса да бәсеңсіді. 1723 жылы жоңғар-Қытай бітімі жасалды. Шығыс жақтағы өз тылын қауіпсіздендіріп алған жоңғар қонтайшылары қазақтармен соғысқа мықтап дайындала бастады.









2 Аңырақай – ғасыр шайқасы

2.1 Аңырақай шайқасының барысы



Жоңғар басқыншылығы ұшыратқан бүкілхалықтық қасірет қазақ халқын ашу-ызаға булығуға ғана емес, сонымен бірге болып жатқан оқиғалардың бәрін ой елегінен өткізуге жетеледі. Жауға тойтарыс беруді ұйымдастыру үшін әр түрлі аймақтарды біріктіру қажет болды. Көптеген жайылымдардан айырылып, әр түрлі рулар мен қауымдардың жаңа жерлерге орын ауыстыруы қазақ қоғамының түрлі топтарын ащы шындықпен санасуға мәжбүр етті. Бұл жағдайларда жалпы келісім қажет болды. Мұнда да халық арасында белгілі қазақ батырлары, аса көрнекті билері зор рол атқарды.

Сөйтіп халықтың қырып жойылуына жол бермеу үшін, енді сұлтандар мен рубасыларынан үмітін үзген халық өзін-өзі құтқаруға кірісті. Сол бір ауыр жылдарда қазақ жасақтарын Қабанбай, Бөгенбай, Малайсары, Наурызбай, Шақшақ Жәнібек батырлар мен есімдері қазаққа аса танылмаған көптеген батырлар басқарды.

Аса көрнекті билер Қазыбек, Төле, Әйтекенің қызметі қазақ хандығының XVII ғасырдың аяғы — XVIII ғасырдың басындағы жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің күрделі тарихи кезеңімен байланысты.

Жеке басының қасиеттері, қазақ қоғамының ішкі өмірін терең сезінуі, адамдарды біріктіре білуі Әбілқайыр ханды ерекше тұлға етіп көрсетті. Ол өз қызметінің ең басынан бастап-ақ Кіші жүздің ғана емес, Орта жүздің де көптеген руларына арқа сүйеуге ұмтылды. Өз қызметінде Әбілқайырдың алшындарға, байұлына, шекті руы мен жетіруға сүйенгені мәлім. 20-жылдардың бас кезінде Орта орда руларының ықпалды өкілдерімен байланыс орнатылады. Мәселен, Әбілқайырдың керей руына күшті ықпал еткені белгілі. Ал бұл өте маңызды. Бөгенбай батыр былай дейді: «Тәуке ханнан кейін Әбілқайыр басты хан болды және ешкімнен кедергі көрмей, өз ықтиярымен көп іс тындырды...» [7].

1723 жылғы жеңіліс қазақ халқының еркі мен рухын жасыта алмады. Келесі жылдың өзінде-ақ жоңғарлармен жаңа қақтығыстар болды. Енді соғыс қимылдары қазақ жерінің орталық және батыс даласына ауысты.

1724 жылдың өзінде-ақ қазақтар Әбілқайырдың басшылығымен алғашқы жеңістерге жетті. Флорио Беневени былай деп жазады: «Шоно Лоузан (Жайсан. —Ред.) Әбілқайырмен соғыста қазақтардың 12 ұлысын қол астына қаратып, Түркістан қаласын басып алды. Әбілқайыр күш жинап, аз уақыттың аралығында-ақ Түркістан қаласын өзіне қайтарып алды».

1725 жылы басқыншыларға алғаш рет елеулі тойтарыс берілді. Бұл туралы деректемелерде мағлұматтар бар — «қазақтар төрт топқа бөлініп, қалмақтарға, башқұрттарға, Бұхараға, қонтайшыға аттанды және төрт топтың бәрінде де жеңіліс тапты». Жоңғарларды қазақ жерінің Отырар, Шымкент, Түркістан, Сайрам аймағынан қуып шығу кезінде қазақ әскерлері қаһармандық жанқиярлық ерліктер көрсетті. Қазақ ауылдарында айуандық жасаған жау жойып жіберілді. Қаратаудағы Теректі алқабында, Боралдайдың саласы бойында, Садыр Қамалбұлақ деген шағын өзенде қалмақтардын қалың қолын Үлкентұз тауына қуып тығып, тас-талқан етті. Сөйтіп Қаратау қазақтардың жеңілістерінің ғана емес, сонымен бірге өз жерін азат етудегі жарқын табыстарының да куәсі болды.

Асқан зор апат кезеңіндегі халық аңыздарын алғашқылардың бірі болып жинаған Мәшһүр Жүсіп Көпеев Бұхара жағынан Орталық Қазақстанға қайтқан Орта жүз қазақтарының даңқты батыры әрі қолбасшысы Шақшақұлы Жәнібектің басшылығымен 1725 жылы Шұбаркөл ауданында (Қорғалжын көлі жағында) жоңғарларға күйрете соққы бергенін айтады. Отандық тарихтың тағы бір шежірешісі Шәкерім Кұдайбердиев те осыны растайды. Соның ізінше қазақ жасақтары жауды Ойылдың саласы Ақтасты өзенінде кездестірді.

Қазақ жасағының бірқатар басымдықтары болды. Ең алдымен жоңғарлар қазақ жеріне тереңдей еніп кетіп, сол арқылы өз тылынан қол үзіп қалды. Қазақ жауынгерлерінің тосқауылға қолайлы жерлерді тиімді пайдалануы табысқа жетуге жәрдемдесті. Өз кезіндегі аса көрнекі қолбасшылар Әбілқайыр хан, Тама Есет, Тама Жантай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлар өз күштерін біріктіріп, тізе қосып іс-қимыл жасады. «Қалмақ қырылған» деген алғашқы жер атауларының бірі Қазақстан картасында осылайша пайда болды [8].

Енді қазақ жасақтары Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы жерлерді ғана емес, Мұғалжар тауларының бір бөлігін де азат етті. Осы арқылы XVII ғасырдың бірінші жартысында пайда болған жарты сақина қоршауы бұзылды, ол кезде жоңғарлар Алтай тауларынан Есіл және Жайық өзендеріне дейін өз қоныстарының үлкен шебін орнатқан еді.

1726—27 жылдарға қарай сұлтандар мен билер басқыншы жауға қарсы барлық қазақ руларын біріктіру жөнінде кең саясат жүргізе бастады. Бұл саясатты мейлінше белсенді жүргізген Кіші жүз ханы Әбілқайыр болды.

1726 жылдың күзінде Бадам өзені маңындағы биік қырқа — Ордабасы деген жерде бүкілқазақ съезі өткізілді. Съезге Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Күшік, Жолбарыс хандар, сұлтандар, Төле би Әлібекұлы, Қаздауысты Қазыбек би, Әйтеке би бастаған түрлі әр рудың билері, даңқы шыққан қолбасшы­лар мен батырлар шақырылды.

Съезде негізгі мәселе басқыншы жауға бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру туралы мәселе болды. Отанға қауіп төнген жағдайда ру ішіндегі қайшылықтар, барлық жүздерге билік жүргізу жолындағы, жайылым үшін күрес екінші қатарға ығысты. Съезге қатысушылар бірге болуға, өз қимылдарын үйлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді.

Съезде талқыланған маңызды мәселенің бірі — бүкіл қазақ жасағының қолбасшысын сайлау туралы мәселе болды.

М. Тынышбаевтың бағалауы бойынша, 1726 жылдың өзінде-ақ басқа саяси қайраткерлермен салыстырғанда Әбілқайыр қарт сияқты көрінген. Бұл сөздің оның саяси қызметін бағалауға немесе жасына қатысты айтылуы мүмкін еді. Қалай дегенмен де, ол қазақ хандары арасындағы едәуір беделді тұлға болатын.

Қожаберген жырау «Елім-ай» дастанында «Сайланды Әбілқайыр әскербасы» дейді.

Осында, Ордабасында Әбілқайыр қазақ жасағының қолбасшысы болып сайланды. А.И. Левшин бұл жөнінде былай деп жазған: «Ортақ іс сол арада бір-біріне адалдыққа ант беру арқылы қастерленді. Әбілқайыр хан бас қолбасшы болып сайланды, сөйтіп халықтық әдет бойынша құрбандыққа шалынған бие болашақ табыстың кепілі ретінде қабылданды». Осы жағдайды да ол былай деп аша түскен: «Төнген қауіп ішкі өзара қырқыстарды бітістірді, жалпы келісім туғызып, бәрін бір нәрсеге бағыттады. Тұтас халықтың жиналысында ілгері басудың, ортақ жауға шабуыл жасап, оларды ежелгі қырғыз-қазақ жерінен қуып шығудың негізі қаланды». 1726 жылы Әбілқайырдың сайлануы туралы Н.Г. Аполлова: «Әбілқайыр мәртебесінің көтерілуі әскери шонжарлардың ең ықпалды өкілдерімен (Бөгенбай, Жәнібек, Есет батырлармен) байланысты деген түсініктің, сірә, елеулі негізі болса керек», — деп атап өткен.

Қазақ қоғамының тастүйін жігерленген көтеріңкі рухы, Ордабасындағы съезде қабылданған шешімдерде жалпыға бірдей бірлікке қол жеткізілуі Отан соғысындағы күрт бетбұрыстың алғашқы нышаны болды.

«Ақтабан шұбырындыдан» кейін қазақ батырлары жеткен алғашқы жеңістер, Ордабасыдағы съезд халықтың жауынгерлік рухын көтерді. Әрі батыр, әрі жырау Ақтамбердінің сөзімен айтқанда, көптеген қазақтар:

«Дұшпаннан көрген қорлығым

Сары су болды жүрекке,

Он жетіде құрсанып,

Қылыш ілдім білекке

Жауға қарай аттандым

Жеткіз деп құдай тілекке!» — деп жауға аттанды.

Қазақтар Орталық Қазақстанның орасан зор аумағын Сарыарқа деп атайды. Өз кезегінде, Сарыарқа—тарихи символ. Мұнда қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің өзіндік дәстүрі бар. Ұлытау Сарыарқаның інжу-маржаны болып табылады. Айтар болсақ, Ұлытау ұғымына таулардың, өзен-көлдердің тұтас жүйесі кіреді. Оған оннан астам таулар енеді, олардың арасында Кішітау, Арғанаты, Желдіадыр (Желтау), Қуадыр, Ұлытаудың өзі және басқалар бар. Жезді, Жыланды, Сары Кеңгір, Қара Кеңгір, Бұланты өзендерімен, Сарысу ағысының едәуір бөлігімен, Терісаққан, Керей, Қыпшақ, Жақсы қон, Қара Торғай, Сары Торғай өзендерінің жоғарғы ағыстарын қоса алғанда, осы бүкіл таулар жүйесі орасан зор аумақты алып жатыр. Жапсарлас жатқан аумағымен қоса Ұлытау кімнің қолында болса, сол бүкіл Орталық Қазақстанда үстемдік еткен.

XVII ғасырдың аяғы XVIII ғасырдың басында қазақ жасақтары мен жоңғарлар арасындағы соғыс қимылдары Ерейментау және Желдіадыр таулары аралығындағы шеп бойынша, әсіресе Нұра өзенінің төменгі ағысы ауданында өткен. Бұл ауданда казіргі кезде де жоңғарлар зираттары көп. Олардың бір бөлігі XVII ғасырдың аяғы XVIII ғасырдың басында пайда болған. Шолаққорған кентінің солтүстік жағында 60 шақырым жерде жоңғар алдыңғы бекініс шебінің, Талас өзенінің төменгі ағысында Қалмақ деп аталатын арықтың пай­да болған кезі де сол тұс.

Ұлытаудың таулар жүйесіне иелік ету соғыс барысында маңызды кезең болды. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» (1723-1730 жылдардағы Отан соғысы) барысындағы аса маңызды шайқастардың бірі Ұлытау етегінде өтті.

20-25 мың атты сарбаздан тұратын қазақ қолының, көз ілеспес шапшаңдықпен кенеттен пайда болуы Ұлытауға кіре берістегі табысқа жетуді айқындап берді. Жол-жөнекей кездескен көшпелі жоңғарлар кашып, амалын тауып құтылуға тырысты. Алайда 1728 жылдың көктемінде Ұлытау етегінде, Қарасиыр деген жерде қазақ әскерлерінің жоңғарлармен ірі шайқасы өтті. Шайқастың басталуын, оның барысын, көшпелілердің негізгі қырылған жерлерін ауызша аңыздар, өткендегі зерттеушілердің жарияланған еңбектері бойын­ша ғана емес, картографиялық деректемелер бойынша да анықтауға болады. Нақ солар қазақ жасақтары Қаратау және Сарысу бойы жағынан шығып, Білеуті өзеніндегі діттеген аймаққа келді деген ойды растайды.

Батыс Сібірдің 1920 жылы он шақырымдық өлшеммен басып шығарылған картасында Қарағайлы саласының Білеуті өзеніне құйылысындағы жер туралы маңызды ақпарат бар. Бұл арадағы зират Қалмақшаңғар деп аталады. Үлкен еспе Білеуті өзенінің орта ағысы бойындағы басқа бір жер «Қалмаққырылған» деп белгіленген. Алайда осы топонимнің екеуі де Білеуті өзенінің Қарағайлы саласымен қосылысындағы жер атауына қатысты.

Бұланты шайқасы қазақ жасақтарының жеңіске деген орасан зор ерік-жігерін көрсетті. Өз заманының аса көрнекті қолбасшылары жеке кол басқарған Қаракерей Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет, Бәсентиін Малайсары, Тарақты ер Байғозы және басқалар Әбілқайыр хан мен Қанжығалы Бөгенбайдың жалпы басшылығымен ынтымақты қимыл жасай отырып, жасақтарды ұрысқа бастады. Жасақтарды қаруландыру жөнінде Шақшақ Жәнібек зор ұйымдастырушылық жұмыс істеді, Дархан ұстаның басшылық етуімен Ұлытауда қару шеберлері еңбек етті.

Қазақ жасақтарының жаугершілігі туралы Я. Гавердовский: «Сауыт киіп алған олар, нақ сол аңыздарға қарағанда, өршелене шайқасқан және шайқас алаңын көбінесе өздерінің нық басқан табанымен таптап өткен».

Қанжығалы Бөгенбай Ақшаулы (1680-1778) қолбасшы, бүкіл қазақ жасақтарының қолбасы, дипломат, жоңғарларға қарсы бүкілхалықтық азат етушілік Отан соғысын аса көрнекті ұйымдастырушылардың бірі. Оның жа­сақтары жайық қазақтарымен, жоңғарлармен, Цин империясының қарулы күштерімен шайқасқан.

Қаракерей Қабанбай (Ерасыл) Қожағұлұлы (1691—1769) — қолбасшы, халық батыры, қазақ халқын жоңғар басқыншыларынан азат ету жолындағы күресті ұйымдастырушылардың бірі. Түркістанды қорғау кезінде (1724), Алакөл (1725), Бұланты, Аңырақай, Шығанақ шайқастары мен басқа да шайқастарда найман жасағын басқарған.

Қабанбайдың әйелі Гауһар (Малайсары батырдың қарындасы) күйеуімен бірге көптеген шайқастарға қатысқан. «Атадан ұл болып тума, ер болып ту» деген сол Гауһардан қалған. Абылай хан Қабанбайды елден ерек шыққан Дарабоз деп атаған, оның ерліктері туралы таралған аңыз әңгімелер көп.

Шақшақ Жәнібек — қолбасшы, мемлекет қайраткері, дипломат, жоңғарларға қарсы азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірі. Жоңғар батырларымен жекпе-жектерде талай рет жеңіп шыққан. Қазақ-орыс қатынастарын нығайтуды белсене жақтады. Оның таңдауы және батыл қолдауы бойынша Абы­лай сұлтан Орта жүздің ханы болды [9].

Тама Есет қолбасшы, тама руының ақсақалы, кейіннен тархан, жоңғарларға қарсы халық-азаттық соғысын ұйымдастырушылардың бірі, жоңғарларға қарсы көптеген шайқастарда бүкіл қазақ жасағының ірі бөлімшесін (4000-ға дейін ұланды) басқарған.

Бәсентиін Малайсары Тоқтауылұлы — қолбасшы, бәсентиін руының ақса­қалы, дипломат, азаттық соғысын ұйымдастырушылардың бірі, көптеген шайқастарда жасақтардың ірі бөлімшесін басқарды. «Малайсары тауы» соның есімімен аталған.

«Ал кейде олар жау тобырына сұрапыл дауыл сияқты тиіп, олардың жүріп өткен іздерінде өліктер қаптап қалатын».

Қолбасшы, батыр Қанжығалы Бөгенбай өзін тамаша тапқыр және оралымды ұрыстың асқан айлакері ретінде көрсетті.

Көрнекті фольклоршы, этнограф Ә. Диваев біздің заманымызға талай тарихи аңыздарды жеткізді. Атап айтқанда, аңыздардың бірінде былай делінген: Кіші жүздің үш руы Орта орданың бір бөлігімен бірге Сарыарқаның солтүстік шекарасында жоңғарлармен соғысты. Ұрыстарда атақты мергендер Тайлақ (Кіші ордадан) пен оның жиені Саңырық мерген (Ұлы орда, ошақты, тасжүрек руы) көзге түсті. Жоңғар езгісінен арылуға шақырған жалынды ұранға барлық қазақтар үн қосты. Жоңғарлармен күрестің бұл кезеңі туралы М. П. Вяткин былай деп атап өткен: «Орасан көп адам мен малдан айырылу қазақтарды топтасуға мәжбүр етті. Қазақтардың ойраттарға алғашқы соққыны сұлтандардың басшылығымен емес, қайта Кіші жүзден Тайлақ, Орта жүзден Бөгенбай және Ұлы жүздің ошақты ұрпағынан Саңырық батырлардың бастауымен жасағанын атап өту назар аударарлық. Бұл қақтығыстың зор маңызы болды, ол барлық үш жүз қазақтарының күштерін жаппай ұйымдастыруды бастап берді». Нақ осы жағдайды бұрынырақта тарихшылар М. Тынышбаев пен А. И. Левшин атап өткенді. Көптеген шайқастарға қатысқан жаршы жырау Тәтіқара батырлар даңқын былай деп мәңгіге қалдырған:

Қамыстың басы майда, түбі сайда,

Жәнібек Шақшақұлы болат найза,

Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,

Ер жігіттің ерлігі осындайда.

Бөкейді айт Сағырменен Дулаттағы,

Деріпсәлі, Мандайды айт Қыпшақтағы,

Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын

Сары менен Баянды айт Уақтағы.

Ағашта биікті айтсаң қарағайды айт,

Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгенбайды айт,

Найзасының ұшына жау мінгізген

Емәнәлі Керейде ер Жабайды айт.

Басқа бір жырау Ақтамбердінің мына өлеңі де халық жадында сақталып қалған:

Жауға шаптым ту байлап,

Шепті бұздым айғайлап,

Дұшпаннан көрген қорлықтан

Жадынды жүрек қан қайнап,

Ел-жұртты қорғайлап,

Өлімге жүрміз бас байлап.

Ә. Диваев өз зерттеулерінде, атап айтқанда, жоңғар басқыншыларының зор шығынға ұшырап қашқанын, «бұл орайда Қарасиыр» деген жерде ең тама­ша жеңіске қол жеткенін» атап өтеді. Жазықтың орталығында орналасқан төбе сол кезден «Қалмаққырылған» деп аталады.

Бұлантыдағы және басқа да бірқатар шайқастардың қаһармандық рухын бізге дейін Үмбетей жырау, Ақтамберді жырау, Тәтіқара жырау, Бұқар жы­рау, Көтеш ақын туындылары жеткізді. Бөгенбай Ақшаұлы, Саңырақ Тоқтыбайүлы, Олжабай Әлімұлы, Қонақай Жақсығұлұлы, Бөлек Сатайұлы сынды батырлардың, батыр Баянның, Жарылқаптың және басқаларының есімдері тірі кездерінде-ақ аңызға айналған.

Алайда оқиға мұнымен біткен жоқ. Аттылы жоңғар қолының бір бөлігі Бұланты өзенінің жоғарғы ағысына қарай өтіп кетті. Бірақ бұл жерде де оларды қазақ атты әскерінің жасақтары қуып жетті. Сөйтіп сол жерде жоңғарлар тағы талкандалды, тек жекелеген топтарының ғана Ұлытау жағына Майтөбе мен Құрайлыдан арғы тауларға кетіп қалуына сәті түсті.

Бұланты-Білеуті жеріндегі жеңістің зор маңызы болды. Ол қазақ жасақтарының өз күштеріне сенуіне, халық санасында бетбұрыс жасауға мүмкіндік берді. XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяғына қарай жоңғарлар Ұлытау аймағынан ығыстырып шығарылды. Мұндағы соңғы тайталас Жақсы Қон өзенінің жоғарғы ағысына жапсарлас жатқан аудандағы Қарамолда деген жердегі шайқас болды. Жоңғарлар тағы да жеңіліске ұшырады. Бүкіл аймаққа бұл жер «Қалмаққырылған» деген атпен белгілі.

Қазақ жасақтарының Бұланты—Білеуті маңындағы жеңісінің тағы бір жағы стратегиялық тапқырлығында болды. Қазақ жасақтарының Бұланты—Білеуті маңындағы жеңісі Аңырақай шайқасының табысқа жетуін анықтап берді.

Жоңғар басқыншылығына қарсы қазақ халқы Отан соғысының (1723-1730) жеңіспен аяқталуында Аңырақай шайқасы аса көрнекті рөл атқарды. Ол туралы қазақтардың дәстүрлі ауыз әдебиетінде айтылады, сондай-ақ оған М. Тынышбаевтың еңбегі және басқа да бірқатар жанама деректемелер арналған.

Аңырақай шайқасының уақыты туралы мәселеге келгенде барлық авторлар негізінен бірауызды. Ауызша аңыздарды пайдаланғандар да, М. Тынышбаевтың ізімен жүрушілер де солай. Оның үстіне 1723-1730 жылдардағы Отан соғысы оқиғаларының қисыны да 1730 жыл екенін анықтайды. М. Тынышбаев «Ақтабан шұбырындыдан» кейінгі қазақтардың алғашқы жеңісті шабуылдары 1726 жылға немесе сөл кейінірек (1727) уақытқа жатады және Аңырақай қырғыны (Болаттың қайтыс болуы да) «1730 жылдың көктемінен кешікпей болған, өйткені сол жылдың шілдесінде Әбілқайырдың елшілігі Уфаға жетіп те үлгерді» деп сеніммен жазады.

Соңғы жылдардағы тарихи әдебиетте Итішпес Алакөлдің орналасқан жері туралы барған сайын жиі дау айтылып жүр. Ә. Диваев «Аңырақай» «Итішпес көлі маңында, Алакөл жағында... Арал теңізінен солтүстікке таман жаткан тауларға қарай» жатыр деп санаған. Жер жағдайын жақсы білген М. Тынышбаевтың «Аңырақай Ә. Диваев көрсететін жерде емес, Балқаш көлінің Оңтүстік шетінен оңтүстік-шығыс жағында 120 шақырым жерде жатыр, ол қазақтар арасында ««Итішпес деген атпен мәлім» деп санауы орынды. Солай бола тұрса да, «Алакөл» көлінің орналасқан жері туралы пікірталас жалғасып келеді.

1997 жылы Аңырақай ғылыми экспедициясы (басшылары: К.Р Мемлекеттік хатшысы, халық жазушысы Ә. Кекілбаев, КР ҰҒА академигі М. Қозыбаев) бұл жөнінде М. Тынышбаевтың айтқаны дұрыс, бұл арада әңгіме Балқаштың солтүстік-батыс шеті жағында жатқан Алакөл жайында болып отыр деген тұжырымға келді.

Көлдің картасын Аңырақай шайқасынан кейін 180 жыл өткен соң XIX ғасырдың басында Ресей империясы Қоныс аудару басқармасының П.П. Ру­мянцев басшылық еткен арнаулы ғылыми экспедициясы жасаған. Ол өз қорытындысында «Алакөлдің суы тұзды-ащы... ал жағалаудан 15—20 шақырым ұзағанда тұши бастайды, былайша тұщы дерлік» деп атап өткен.

Осындай сорлардың бірінде, Қошқарбайтұз деген жерде, XX ғасырдың басында тұз өндірілгені мәлім. Оның бір бөлігі түйемен Әулиеата, Пішпек және Верный уездеріне тасып апарылған.

Қоныс аудару басқармасы экспедициясының материалдарында Алакөл көліне сипаттама берілген. «Батпакин және Аиргизен* алқаптарында, делінген онда, — Алакөлдің жағалауы жалаңаш; тек кей жерлерде судың жағасында ұсақ тал мен аласа қамыс өседі; соңғысы ішінара су басып жатқан қайрандарда да өсіп тұр. Көзге көрінген аралдардың жағалаулары да осындай. Аталған алқаптардың батыс жағындағы жағалау жартасты, солай болғанның өзінде тас сирек ұшырасады. Шығыс жағында — жағалау ойпатты, қамысты, қамыс (дұрысырақ айтқанда, құрағы) барған сайын биіктеп, қалыңдай түседі, ал Іленің тармағы Топарға жақындағанда Балқаш өңірінің тұтас «джунглиі» басталады. Алакөлдегі су деңгейі біркелкі емес, ол толқын ұрған сызығынан жақсы көрінеді» [10].

Алакөл мен Аңырақай таулары арасында әредік төбелер ұшырасады, шоқшоқ баялыш, изен, жыңғыл өскен сортаңкұм дала жатыр. Аңғарларда ебелек аралас жусан көп. Неғұрлым терең сайларда ши қопалары, Хантауға жақындағанда тіпті құрақ та кездеседі. Қоныс аудару басқармасының комиссиясы Алакөлде бытырап жатқан, өз бедерімен, өз топырағымен және өсімдіктерімен көршілес шоқалақты далаға, шағылдарға ұқсас көптеген аралдар бар екенін айта келіп, ол кезінде шығанақтардың түбі болған деп жорамалдаған..

Аңырақайдың шығысында Қарой алабы жатыр. Аңырақай таулары (ұзындығы — 75 км, ені — 5 км) Шу-Іле су айырығы жүйесіне жатады. Аңырақайдың батыс сілемдерінен Қарой алабын (шығыс жақта Күрті және Қаскелең өзендері арасында жатқан және Іле өзеніне дейін жететін Қарой жонымен шатыстырмау керек) биік емес Құлжабасы жотасы бөліп тұр. Аңыракай тауларынан Ақсүйек сай, жусан дала жағына баратын Бестамақжол жолына қарай бес сай шығады.

Шу-Іле су айырығының жоталары мен шоқылары арасынан Хантау ерекшеленеді, онда жақындағанда қиыршықтас, кейде тау жыныстары шашылып, көбінесе тактатастар жер бетіне шығып жатады.

Аңыракай экспедициясы (1998 жылғы қыркүйек) Буырыл Байтал станциясынан Хантауға бағыталып, атакты Канарықка шықты. Бұл ордыңтерендігі казір бір метрден сәл артық, ені екі метрге жуык, оныңжағалары әлдеқашан күлап, шөп басып кеткен. Бұл ұзындығы бірнеше жүз километрге созылатын алып құрылыс, аңыз бойынша, ол кезде Балқаш, Іле және әсіресе Топар бойында табын-табын болып жүретін құлан аулау кезінде Жошы қаза тапқаннан кейін Шьщғысханның әмірімен қазылған. Әлемді дірілдеткен ұлы хан қаһарына мініп, «Балқаштан Қордайға дейін арық қазуға әмір беріп, оның жағасына өз жауынгерлерін қойған, ал айдаушылар оларға Топардан құландарды қуып әкелген. Сөйтіп, арықтан бірде-бір құлан секіріп өте алмаған, ал ол жиегіне дейін қырылған... құландардың қанына толған. Сондықтанда «Қанарық деп аталған».

Сонымен Хантау таулары мен шоқылары аласа, сусыз, топырағы сазды, қиыршықтас басып жатқан, өсімдік өспейді деуге болатын аудан, жоңғарлармен ұрыс жүргізу үшін Аңырақай тауларынан әлдеқайда қолайсыз еді.

Бүкіл қазақ жасағы алдын ала ұрысқа тиімді жағдайға орналасып алды. Хантаудағы «Үлкен Орда қонған» деген жерге Орта жүз ханының ордасы орналасты. Кіші жүз ханының да ордасы сонда болды. Қазақ жасақтары Іле өзенінің аңғарындағы, Жусан даладағы тоғайлы ормандарға жайғасты. Жоңғарлардың тылында «Итішпес Алакөл», сусыз дала жатты.

Жау тылында Ақсүйек сай болды. Оған жақын жерде картада Әбілқайыр тау көрсетілген. Әбілқайыр ханның ордасы мен Кіші жұз жасағы сонда орналаскан деп жорамалдауға болады. Сонымен жеңіліс тапқан жағдайда жау «Итішпес Алакөлге» қарай шегінуге мәжбүр болатын еді, шынына келгенде, ақтық шайқас та сонда болса керек.

М. Тынышбаев өз замандастарының назарын қазіргі Подгорное селосы ауданындағы «Әбілқайырсай» деген атау мен Сұнқайтты (дәлірегі «Сұмкайтты» — «жау қайтты» болар) өзеніне аударады. Тегінде осы орасан зор шайқас кезеңдерінің бірінде осы жерлерде ұрыстар жүрсе керек.

Сонымен Аңырақай шайқасының ұрыс қимылдары болған алқап 200 километрдей жерді алып жатыр. Оны ғасыр шайқасы деуге болады. Аңырақай шайқасы далалық Қазақстанның және Қазақстан оңтүстігінің таулы әрі шөлейіт аудандарының шекарасында өткен. Мұндай жер кездейсоқ таңдап алынбаған. Шайқас өтетін жер дұшпанды талқандау жөніндегі ойдың жалпы айла-тәсіліне орайласады, ол жеңіліс тапқан жағдайда Іле өзенінің басына дейін тоқтаусыз шегінуге мүмкіндік береді. Сонымен, бұл шайқасқа керісінше, қазақтар жоңғарларды мәжбүр еткен.

Балқаштың Солтүстік-батыс жағында өзеннің өзі жағынан жел өткізбейтін Шу-Іле таулары созылып жатыр. Жел сондай-ақ Қызылқұм мен Мойынқұм жағынан да соғадьг. Аңырақай тауларының қасында Желдітау, Желдібел орналасқан. Аңырақай тауларында жел аңырап соғатын сияқты (Аңырақ жел). Сонымен бірге халық Аңырақай — жеңіліс тапқан жоңғарлар аңырап жылаған жер деген аңыз шығарған.

1730 жылы жазға салым қазақ жасақтары өз аттарын Мойынқұм құмдарында, Бүркітті, Шабақты, Карақоңыз, Ырғайты, Шу өзендерінің аңғарларында тыңайтып алып, Хантау, Анырақай таулары өңіріне шықты.

Аңырақайдағы шайқаска Әбілқайыр хан басшылық етті. Нақ осы шайқас оның саяси қызметінің шарықтау шыңы болды. Шайқасқа барлық үш жүздің жасақтары қатысты. Бұл шайқаста батырлардың бойын ерлік, қайсарлық, өздерінің жеңісіне деген мызғымас сенім биледі.

Шайқас жекпе-жекпен басталды. Жоңғарлар жағынан ортаға талантты әскербасы, қоян-қолтық ұрыстың асқан шебер жауынгері Шарыш шықты. Қазақтар жағынан жекпе-жекке жиырма жасар Сабалақ (Абылайдың бүркеншік аты) сұранды. Сол жылдардағы басты оқиғаларға қатысқан Бұқар жыраудың, Үмбетей жыраудың, Тәтіқара жыраудың айтуынша, Абылай нақ осы жекпе-жекте өзінің қаһарлы қарсыласын жеңіп, есімін мәңгі даңққа бөлеген. М. Тынышбаев кейіннен сол кезде Абылай өзгелерден асқан зор батылдығымен асып түсті деп жазды. Осы мәселені зерттеген М. Көпеев, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов та нақ сондай қорытындыға келген.

Шайқастың сәтті басталуы қазақ жауынгерлерін жеңіске жігерлендіргені күмәнсіз. Сөйтіп олар жеңіп шықты. Асқақ рух сезімімен қанат біткен олар өздерінің ерлігін, ержүректігін, тастүйін бірлігін және жоғары әскери машықтанғандығын танытты. Әбілқайыр ханның өзі мен оның серіктерінің ең жақсы қасиеттері осы шайқаста көрінді.

Аңырақай шайқасында жеке ерлігін және ұйымдастырушылық қабілетін көрсеткендер арасында көптеген батырлар, билер, сұлтандар, рубасылары — барлық үш жұздің өкілдері болды.

Әйгілі Бұқар жырау 28 толғау жырында XVIII ғасырдың 20-жылдарындағы Отан соғысы туралы айта келіп, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет, Сіргелі Қаратілеуке, қарақалпақ Құлашек, Шапырашты Наурызбай, Құдайменді Жібекбай, Сеңгірбай мен Шүйкебай, Таңсыққожа Малыт, Қасқарауыл Молдабай, Айнақұл Батый батырлардың есімдерін атаған. Олардың бәрі қазақ жасақтарының жүздіктері мен мыңдықтарын басқарды. Қазақтарда әскери жасақтардың тізілімі осылай құрылған. Оның үстіне осы батырлар Қарасиыр маңындағы шайқас пен Аңырақай шайқасына қатыскан. Кейбір батырлар үшін бұл соғыс соңғы соғыс болса, басқалары үшін соғыстағы жеңістің басы болды. Мысалы, Олжабай, Наурызбай батырлар үшін солай еді.

20-жылдардың екінші жартысындағы шайқастарға ақын әрі батыр Ақтамберді жырау Сарыұлы қатысты. Ол жаумен шайқасып қана қойған жоқ, сонымен бірге өз туындыларында Отан соғысының халықтық сипатын да ашып көрсетті. Нақ осы соғысқа Үмбетей жырау да қатысты. Қазақ халқының ең әйгілі ақындары мен ойшылдарының бірі Бұқар жырау бұл оқиғалардың куәсі болып қана қойған жоқ, сонымен қатар өз халқымен бірге жеңілістердің бүкіл сұмдығы мен Отан соғысындағы жеңістердің қуанышын да бастан кешірді.


2.2 Шайқастың тарихи маңызы



Аңырақай шайқасына қатысқан батырлардың мекенжайын саралап қарасаң да, бұл соғысқа Бөгенбай мен Қазыбек қолы ғана қатысқаны аңғарылады. Қабанбай қолы қалмақтар Аңырақай жаққа қосымша күш жiберiп қоймасын деген мақсатпен Қарқаралы жақта жол кесiп соғысады. Осының өзiнен де бұл маңызды шайқасқа қазақтардың бiр бiрiмен байланысып, кең көлемде ойласып дайындалғанын көрсетедi. Бiрiншi жекпежекке Қазыбек бек қолынан Бөлек шықса, екiншi болып Бөгенбай қолынан Олжабай батыр шығады. Ол қалмақтың Жадамба деген батырын жеңедi. Ал Әбiлқайыр қолынан осы ұрыста жекпежекке шыққан бiрде-бiр батырды тарих айтпайды. Оның бiрақ себебi бар: ол бұл соғысқа басшылық та жасамаған, қатыспаған да. Сол кездiң жағдайына көз жiберсек, 1726 жылғы Әбiлқайыр бас қолбасшылық жасаған Қалмақ қырылған шайқасынан кейiн жанжаққа бытырай қашқан жауды қуалай соғысып, Бөгенбай қолы Арқаға, Қабанбай шығысқа, Қазыбек бек Шуға қарай бет алды. Ал Әбiлқайыр қолы да, одан қашқан қалмақ та батысқа кеткен жоқ: қалмақтар өз елi жаққа орағыта қашып, Хан тауына барып паналаса, Әбiлқайыр қолы оңтүстiкте тұрып қалды, ол Бөгенбаймен де, Қабанбаймен де, Қазыбек бекпен де iлесiп кеткен жоқ. Ал Аңырақай шайқасына дейiнгi үш жыл аралықта Әбiлқайыр қолы не Бөгенбай қолымен, не Қабанбай, Қазыбекпен қол бiрiктiрiп қалмаққа шапты деген дерек жоқ. Алайда Қалмақ қырылған соғысында бытшыты шыққан қалмақ қолы емiнеркiн, еш кедергiсiз Хан тауының баурайында қайтадан күш жинап, қайтадан қәуiптi жауға айналып келе жатты. Неге? Өйткенi Бөгенбай, Қабанбай не Әбiлқайыр қолымен бiрiгiп қана қарсы шықпаса, тек Ұлы жүз қолының оған шамасы келмейтiн едi. Ал олардың бiрiгiп жатқанын бiлсе, қалмақтар айылын жыйған болар едi. Бұл жағдай ненi көрсетедi? Әбiлқайыр әлi оңтүстiк өңiрiнде жүргенменен, бүл арадағы жағдайға араласпағанын, турасын айтқанда, оның үш жүзге бас қолбасылық қызметiнiң Қалмақ қырылған соғысынан кейiн бiткенiн көрсетедi. Сондықтан болмаған жағдайды болды деп боямалаудың, менiңше, Әбiлқайырға да, тарихқа да пайдасы жоқ [11].

Егер Әбiлқайыр бас қолбасылық қызметiн әлi де жалғастыра берген болса, 1729 жылдың ерте көктемiнде оңтүстiк өңiрiнде, кәзiргi ОҚО Бәйдiбек ауданының жерiнде, өткен Ұзынбұлақ соғысына да араласқан болар едi. Өйткенi бас қолбасының құптауынсыз қандай соғыс өтуге тиiс? Қалмаққа қарсы бұл ұрысты тек ұлы жүз қолы жүргiзiп, жеңiске жетедi. Қалмақ қолын Донық, қазақ қолын Қазыбек бек басқарады. Бiрiншi жекпежекке Қазыбек бектiң бала күннен досы әрi бас батыры дулат Мүйiздi Өтеген батыр шығып, қалмақтың Ботхишар (қазақ жамандау айтады) атты бас батырын жеңедi. Бұл – “Өтеген бебамыз жеңiске жеткен соғыс!” – деп, бүкiл Дулат мақтан етiп келе жатқан айтулы соғыс. Жамбылдың бұл екеуiн бөлiпжармай: “Өтеген, Қазбекке барайын,... Қазақтың қамқор ерлерi”, деуi сондықтан “1982, 1-том, 81-бет). Ұзынбұлақ соғысына қатыспаған, басшылық жасамаған Әбәлқайыр одан кейiн өткен Аңырақай соғысына қай жөнмен, қандай қыйсынмен басшылық жасайды сонда? Оның алдындағы соғыста еш көмек бермеген, өлген тiрiлгенiне жаны ауырмаған, көмектеспеген батырға ендi келiп: “Мына соғысқа сен басшылық жасай қой!” – дейтiн адамдар қандай адамдар? Ал олар өйтiп сұрамаса, Әбiлқайыр келiп: “Мына соғысты мен басқарып берейiн”, – дей ме? Бұл екеуiнiң де қисыны келмейдi. Ал қисыны жоқ нәрсенi зорлап қисындатудан тарих опа таппайды. Еш соғысына қатыспаса, бас қолбасылық қызметi жалғаспаса, Әбiлқайыр неге үш жыл бойы оңтүстiктен кетпеген? Бұл арада қанша айтқың келмесе де, Әбiлқайырдың мiнезi мен ұстанымына тоқталмай кете алмайсың. Оның, тарихшылар жазғандай, өте өзiмшiл, тәкаппар, атақ құмар адам болғаны рас деп ойлаймыз.

1726 жылы Ордабасыда хандар мен билердiң бiрiккен жыйыны Әбiлқайырды үш жүздiң бiрiккен қолына бас қолбасы етiп сайлады да, үш жүздiң ұлы ханы етiп сайламады. Ұлы ханды сайлау мәселесiне жауды жеңгеннен кейiн оралатын болып келiстi. Әбiлқайырдың басшылығымен Қалмақ қырылғанда қазақ қолы тамаша жеңiске жеттi, алайда ол жеңiс түбегейлi болмады, қалмақ қолы қазақ жерiнен бiржола қуылмады. Сондықтан ба, ол жеңiстен кейiн жыйын да шақырылған жоқ, ұлы хан сайлау мәселесi де сөз болған жоқ. Алайда Сәмекенiң науқас екенiн, ол өлсе, орнына хан сайлануы тиiс екенiн Әбiлқайыр бiлдi, күттi, сондықтан оңтүстiктен кетпедi. Ал ол кезде Бөгенбай да, Қабанбай да, Қазыбек бек те қалмақтармен соғысты Әбiлқайырдың қатысуынсызақ жалғастырып жатты. Соғыс онсызақ жүрiп жатты деген сөз Әбiлқайыр ол кезде бас қолбасы емес еді. Көп адам Әбiлқайырдың оңтүстiктен тек 1730 жылы ғана кеткенiне қарап, 1729 жылы өткен Аңырақай шайқасына да қатысқан болар деп жорамалдай салады. Ал ол кезде Жолбарыс хан ұлы жүзге өз билiгiн жүргiзiп жатты. Сондықтан не ұлы хан емес, не бас қолбасы емес күй, әрине, Әбiлқайырды риза етпедi. Сәмеке өлiп, орнына Әбiлмәмбет ұлы хан сайланып кеткен соң, ызалы ол 1730 жылы Ырғыз арқылы батысқа кетiп бара жатып, жолай бiраз қазақ ауылына қырғыйдай тиiп тонай кетедi. Аңырақай шайқасына дайындалып жатқан шақта ұлы жүз ханы Жолбарыс та, Төле би де Әбiлқайырдың алдағы ұрысқа қатысуын сұраған. Өйткенi Хан тауы маңында шоғырланған қалмақтың саны күн сайын көбейiп келе жатқанын олар бiлiп отырды. Оларға жеке қарсы шығуға Ұлы жүз қолы аздық еттi. Алайда Әбiлқайырдан жауап болмады. Неге? Өйткенi оны шақырғанға дейiн бұл соғысқа бас қолбасы Бөгенбай болатынын Жолбарыс хан, Төле би және Қазыбек би үшеуi шешiп қойған болатын. Қазыбек бек өзiнiң “Түптұқыйаннан өзiме шейiн” атты естелiк кiтәбiнде: “Мен ендi Жолбарыс ханнан: “Ұлы жүз қолын баста!” деген ресми жарлық алдым... Осыдан бұрын бас қолбасшылыққа белгiленген Бөгембай батыр,..” деп, бәрiн апанық жазады ( Алматы, 2 басылым, 2008, 948-бет). Сондықтан кеше ғана үш жүздiң әскерiне бас қолбасы болған Әбiлқайыр ендi Бөгенбайдың қоластында соғысқысы келмедi. Әрi Жолбарыс ханның шақыруына келе қалуды ол өзiнше кiшiреу деп те түсiнуi мүмкiн. Оның ондай мiнезi барын, мәселен, 1718 – жылы Аягөз маңында болған ұрыста Қайып пен Әбiлқайыр өзара тiл табыса алмай, соның кесiрiнен қазақ қолы қалмақтардан жеңiлiс тапқанын тарихшылар жазады (Моисеев). Ол Жолбарыс ханды, өз ағасы болса да, менсiнбеген, жақтырмаған. Сәмекемен де бақталас болған.

Аңырақай шайқасында Абылайдың алғаш аты шыққан. Ол Дулат Сеңкiбай батырдың қолында соғысқан. Ел аңыз етiп жүргендей жекпежекте емес, дода соғыста Шарышты өлтiрген. Жалпы, соғыс тәртiбi бойынша, бас қолбасының алдын ала келiсiмiнсiз өз бетiмен жекпежекке шыға беруге рұқсат етiлмеген. Ал ешқандай аңызда да, деректе де Әбiлқайыр басқарған соғыста алғаш Абылайдың аты шығыпты делiнбейдi.

Ордабасы жиынында дәл сол кезеңде Әбiлқайырға ерлiгi жағынан да, батырлығы жағынан де ешкiм шендес келмейтiнiн мойындап, оны бас қолбасы сайлап отырған Төле би мен Қазыбек би ендi 1730 жылы оның ұлы хан сайлануына неге қарсы болды? Оның басты себебi: Әбiлқайырдың Аңырақай шайқасына қатыспай қойуы. Жолбарыс ханның қасында Аңырақай шайқасы аяқталғанша бiрге болған Төле мен Қазыбек Әбiлқайырдың ол қылығын кешiрмедi. Ал егер Әбiлқайыр бас қолбасылық жасап, Аңырақай шайқасында тағы даңққа бөленген болса, онда, сөз жоқ, екi би де оның бас хан болуын қолдайтын едi. Әбiлқайырдың тарихи еңбегi бағаланбады деген байбаламға құлақ асып, қазақтың екiншi бiр перзентi Бөгенбайдың басшылық жасаған ғажап ерлiгiн неге Әбiлқайырдың қанжығасына байлай салуымыз керек? Сонда Аңырақай шайқасына Әбiлқайыр басшылық жасады десек, шындық та, Бөгенбай жасады десек, жалған бола ма? Жалпы, бiз көрген адамға сенуiмiз керек пе әлде күштеген адамға ма? Шындық шiркiннiң сонда өзiне емес, бiзге байланысты болғаны ма?

Біздің байқауымызша, кей рушыл тарихшыларға шындықтан гөрi аңыз немесе “жорамал шындық” ыңғайлы. Мәселен: “Бiздiң бәлен деген бабамыз батыр, Абылайдың ең сенiмдi қолбасы болған”, – дегендi талай оқыдым да, естiдiм де. Ал сол Абылайдың қасында жүрген Қазыбек бектi оқысам, Абылайдың үш ақ бас қолбасы болған, қалған батырдың бәрi не Бөгенбай, Қабанбайдың, не Қазыбек бек пен Наурызбайдың мыңбасы, жүзбасы, онбасы ғана. Алайда: “Менiң бабам онбасы батыр болыпты”, – дегендi әлi ешкiмнен естiген емеспiн. Қазыбек бектiң кiтәбiн мойындағысы келмейтiн де негiзiнен солар: бөсiңкiреп, өсiрiңкiреп айтқанды және оның ешбiр куәсi болмауын ұнататындар. Тарихи шындық бiреудi кiнәләу немесе көтермелеу үшiн айтылмайды. Тек Аңырақайға ғана қатысты емес, осындай ары тарт, берi тарт айтыстармен жүрiп, бiз кезiнде анықтап алатын, жазып қалатын талай шындықтан айрылып қалдық. Бiлетiнi, естiгенi бар талайлар берекесiз айтыс пен тартыстан қашып, көп дүниенi iшiнде алып кеттi. Ал бiзге әлi ақыл кiрер емес. Кей тарихшылар Әбiлқайыр жайында: “..."Ол iнiсi Бұлқайыр басқарған 70 мың жiгiтi бар әскердi шепке қалдырып кеттi”, дептi. Соған қарағанда, Әбiлқайырдың өзiмен бiрге де бiрер мың жiгiт кеткен болу керек. Ал нақты тарихи деректе қазақты 1723 жылы көктемде “Ақтабан шұбырындыға” ұшыратқан бүкiл қалмақ қолының жалпы саны 40 мыңнан әзер асқан. Қазақтың үш жүзiнiң жалпы әскерi де сол шаманың ар жақ, бер жағынан асып көрмеген. Аңырақайда қазақ әскерінің саны 44 мың болған. Ал егер бiр Әбiлқайырда соншама әскер болса, қалмақтарды қалайша бiр дегенде жайпап тастамай, бақандай 35 жыл бойы соғысқамыз? Бұл не, Әбiлқайырды мадақтау ма, мазақтау ма? Менiңше, бүйтiп бүйректен сыйрақ шығарып, болмағанды жорамалмен толтыра бергенше, сол Аңырақай шайқасына өзi қатысқан, шайқасты басқарған Бөгенбайдың қасында жүрген Қазыбек бектiң жазбасына құлақ асқанымыз жөн. Тарихты әрқайсымыз өз бетiмiзше бүйтiп бөстiре берсек, ол ешқашан өздiгiнен шындыққа қарай төмендемейдi, аспанда аңыз боп iлiнiп тұра бередi [12].




















Қорытынды


Қазақ батырлары мен қатардағы жауынгерлерінің ерлігі мен жеке басының қажыр-қайраты қазақ батырлар эпосындағы соғыс қимылдарының көріністері мен суреттеулерінен бейнесін тапқан.

Қаратаудың, Ұлытаудың таулы аудандарын, Сарыарқа мен Жетісу жерлерін азат ету оқиғалары халықтың тарихи жадында мәңгіге қалды. Ақтастыдағы, Бұланты-Білеуті жеріндегі «Қалмаққырылған» шайқастары, Аңырақай шайқасы қазақ халқының тарихи өткен кезінің қаһармандық символына айналды.

Аңырақай шайқасы халық санасындағы бетбұрыс болды. Рухы көтерілген халық жоңғарларды женуге болатынын түсінді. Айбынды жеңіске қарамастан, жау әлі де күшінде болатын, сондықтан кейінгі жылдарда да оларға қарсы ұзақ әрі титықтататын күрес күтіп тұрды.

Бұл күрестің ерекше маңыздылығын сол кездің көрнекті саясатшылары — Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Әбілқайыр хан, сұлтандар Барақ, Батыр, Әбілмәмбет және жас Абылай жақсы түсінді. Бүкіл халық пен оның рухының біртұтас қаһарының күшті болғаны сонша, жауды жеңдікке сай­ды, кейбір дәрежеде жайбарақаттану туындады және көптеген сұлтандар оқшаулану сарынын тағы ұстана бастады. Бұған көптеген сұлтандар мен батырлардың біртұтас және қуатты қазақ мемлекетін құруға кедергі жасаған енжар әрекеттері себепші болды. Аңырақай шайқасы тағлымдары соның бір сабағы болып табылады. Тоқмейілсу мен әрекетсіздік кейіннен қазақ мемлекетіне қымбатқа түсті.






















Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1 Қасымбаев Ж. Тағы да Аңырақай шайқасының ақиқаты жақында. Егемен Қазақстан 2000-7 қаңтар.

2 Қазақ жоңғар қатынасы туралы). Қазақ тарихы – 1999. №3 – 29 – 31 бет.

3 Омарбеков Т.” Бұлантыда басымыз бірігіп, Аңырақайда атымыз шықты”. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестің жарқын беттері. Ақиқат – 1998 - №12 -35 –40 беттер.

4 Тынышпаев М. История казахского народа. А., 1993, 79-6. '

5 Тынышпаев М. Великие бедствия (Ақтабан шұбырынды) А., 1992, 146-б.

6 Левшин А. И. Описание киргиз-кайсацких, или киргиз-казачьих, орд и степей. СПб., 1832, ч. 2, 71-б.

7 Гавердовский Я. Обозрение киргиз-кайсацкой степи, ч. П //Архив Ленинградского отделения Института истории России. Коллекция 115. № 495, л. 52.

8 Вяткин М. П. К истории распада казахского союза // Материалы по истории Казахской ССР, т. 2, ч. 2. А., 1948, 5-б.

7 Озера степные. Казахская поэзия VIII—XIX вв. в переводе О. Жанайдарова. А., 1999,133-б.

8 Материалы по обследованию туземного и русского старожильческого хозяйства и землепользования в Семиреченской области, том IV. Верненский уезд. СПб., 1913, 74-6.

9 Қозыбаев М. Аңырақай шайқасы — Отан тарихының жарқын белесі // Егемен Қазақстан 1999, 25 тамыз; Қозыбаев М. Қазақтың даңқын асырған/ Бұл да сонда, 2000, 1 ақпан; Тынышпаев М. История казахского народа, 196-б.

10 Бес ғасыр жырлайды. 1 том. А., 1984, 110-6.; Қобландин Қ. И. Ер есімі ^ ел есінде // Қазақ халқының XVIII ғасырдың бірінші жартысында өз бостаңдығы мен тәуелсіздігі үшін азаттық күресі. Целиноград, 1991, 41—46-б.

11 Магауин М. Ғасырлар бедері. Әдеби зерттеулер. А., 1991, 67—71, 76-80-б.

12 Садықов Т. Қазақ халқының батырлар жыры. А., 1972; Қазақ тарихы жырларының мөеелелері. А., 1979.


32


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
28.01.2025
200
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі