Материалдар / Жоба Үлкен отбасылардағы қазақи дәстүр
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жоба Үлкен отбасылардағы қазақи дәстүр

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоба Үлкен отбасылардағы қазақи дәстүр
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2023
491
1 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министірлігі

Абай облысы









Секция: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тақырыбы: Үлкен отбасылардағы қазақи дәстүр













Жоба авторы: «Н.Г.Чернышевский атындағы №1ЖОББМ» КММ-нің

5 «В» сынып оқушысы

Гитес Олеся


Жоба жетекшісі: «Н.Г.Чернышевский атындағы №1ЖОББМ» КММ-нің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Дайырова Динара Болатбекқызы











Семей қаласы

2022 жыл

Аннотация.

Жұмыс мақсаты: қазақи дәстүрлерді ескере отырып, үңілу. Үлкен отбасы мен шағын отбасы ұстанатын әдет-ғұрыптарына салыстыру.

Болжам: үлкен және шағын отбасыларды салыстыра отыра «Қарты бар үйдің қазынасы бар»,-деген тұжырымның дұрыстығына көз жеткізіп, салт -дәстүрдің сақталуы жолында бала тәбиесінің маңыздылығын анықтау.

Зерттеу кезеңдері

I кезең: қазақ отбасындағы дәстүрлерді әдебиеттер негізінде танып білу.

II кезең: қазақтың үлкен отбасыларымен танысып, салыстыру жүргізу

Зерттеу нәтижесі

мен тәрбиелік мәні:

Отбасылардағы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың сақталуы, оның ішінде үлкен отбасылардағы қазақи дәстүрдің бала тәрбиесінде алатын өзіндік орны бар. Әдебиет сабағында және тәрбие сабақтарында пайдалануға болады.
Жұмыс нәтижесі:
Cалт-дәстүр, әдет-ғұрып бір ұлттың айнасы. Сондықтан ұрпақ тәрбиелеуде үлкен отбасылардағы ұстанатын қазақи дәстүрдің маңызы ерекше екеніне көз жетті

Н.Г.Чернышевский атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектептің

5 «В» сынып оқушысы Гитес Олесяның

«Үлкен отбасылардағы қазақи дәстүр» атты жобасына


ПІКІР

Гитес Олесяның ғылыми жұмысының тақырыбы өте көлемді. Оқушының оқитын тіліне, жас шамасына, қабілетіне байланысты, тақырыптың тарихын түсініп оқу оқушы үшін қызықты болғанмен, оңай болған жоқ. Жинақталған материалдар үнемі зерделеніп, қорытылып, талқыланып отырды. Ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалды. Үнемі жұмыс менің тарапымнан бағытталып отырды.

Әртүрлі жазушылардың қазақ дәстүріне, салтына қалдырған ой пікірлері өз алды зерттелді. Соның ішінде ұлт зиялыларының Н.Құлжанов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынұлы және Ж.Аймауытұлы еңбектеріне ерекше мән берілді.

Гитес Олесяның жүргізген зерттеу жұмысын жүйелі, жоспарлы , ұқыпты түрде жүзеге асырған. Олесяның еңбегі оқушылардың қызығушылықтарын тудырумен қатар, осы тақырыпты зерттеу жұмыстарымен айналысатын адамдарға көмегін тигізеді деген пікірдемін.


Ғылыми жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Дайырова Д.

Мазмұны

Кіріспе ……………………………………………….……….…………........3

1 Әдебиеттер негізінде танып білу

1.1 Ұлт зиялыларының қазақ салт-дәстүрі туралы тұжырымдары...........5

2. Үлкен отбасылардағы кездесетін салт-дәстүрлер

2.1 Жасы үлкендерге құрмет көрсету……………………….......................9

2.2 Бата беру……………………………………….………….……….….....10

2.3 Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті..................................................11

Қорытынды….……………………………………………………………....14 Әдебиеттер……………………………………………………………….…...16

Кіріспе

«Ұлтым орыс болса да, жаным қазақ!» Иә, қазақ елінде тұрып жатқандықтан мен үшін туған елімнің салты, қазақ халқының әдет-ғұрпын танып білу маңызды.

Қазақ халқы ашық, қонақжай халық, сондықтан менің жұмысымда кедергілер болмады.

Қазақ халқы ата-бабаларынан мирас болып қалған әдет-ғұрыптарды қастерлейді. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Әсіресе үлкен отбасылар мен шағын отбасындағы дәстүрлер, олардың сақталуы әртүрлі болады. Салт-дәстүрдің сақталуы отбасындағы тәрбиеге байланысты болады.

Қазақ халқы ертеден бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Бала тәрбиесіне ерте жастан мән бере отырып, халқымыз еңбексүйгіштік, қиыншылыққа төзе білу, ел намысын қорғау, ата тегін білу, сөзді қастерлеу, тапқырлық пен алғырлық, салт-дәстүрді бұзбау, жасы үлкенді сыйлау, кішілерге қамқорлық көрсету сынды құндылықтарды бала бойына ерте жастан сіңірді. Қазақтың басты дәстүрлерінің бірі - қонақ күту. Қазақ қоғамында ежелден айтылған заңдылық бар - қонақты Құдайдың елшісіндей қарсы алу керек делінген. Өйткені «Қонақты қусаң - құт, ырыс қашады», соған қарасақ халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген.

Үлкенге құрмет - қазақ халқының тағы бір жағымды қасиеті. Дәстүр бойынша, кішкентайынан баланы өмірде үлкендермен, дана адамдармен сөйлесу кезінде ұстамдылық пен әдептілікке үйретеді.

Екі қазақ кездесе қалғанда жасы кішісі жасы үлкеніне «Ассаламағалейқұм!» деп бірінші болып сәлем береді. Жасы үлкен кісі оған «Уағалайқұмассалам!» деп жауап қатады. Тек содан кейін ғана егжей-тегжейлі аман-саулық сұрасады. Бұлай сәлемдесу бірін-бірі тіпті танымайтын адамдар үшін де міндетті болып саналады.

Дала тұрғындарына тән әдептілік пен сыпайылық, кішіпейілділіктің бір көрінісі — үлкен кісінің есіміне әке (еке) сияқты жұрнақ сөз қосып айту. Мәселен, Қазбек — Қазеке, Диқан — Дәке, Бауыржан — Бауке сияқты айтылады. Мұны XX ғасырдың бас кезінде белгілі орыс ғалымдарының бірі Л. Баллюзек те байқаған:

«Қырғыздардың сыпайылығы, кішіпейілділігі мен әдептілігінің бір көрінісі — жасы үлкен кісілердің есіміне еке (әке) сөзін қосып айтуы».

Жас келіндер ер азаматты ерекше құрметтеудің белгісі ретінде күйеуінің жақын туысының атын атамаған. Күйеуінің әкесі мен шешесін ата, ене деп атаған. Күйеуінің іні-қарындастарын шырақ, жарқын, айнаш, гүлім, бауырым деп еркелете ат қоятын. Өзге туысқандарына да жаңа әрі жарасымды ат ойлап табатын.

Қазақтар екіқабат әйел мен жасы үлкен адамның алдын кесіп өтуді әдепсіздік санаған. Келіндер атасының, қайын ағаларының көзіне түспеуге тырысқан. Отағасы үйде жоқ кезде ересек ер адамның үйге түсуіне рұқсат етілмеген. Қазақ даласының мызғымас заңы, міне, осындай еді. Қазақтар үйге бас сұғар алдында қару-жарағын әрқашан тыста қалдыратын. Ал ханның алдына қамшы ұстап кіруге де болмайтын. Алыс сапардан немесе жәрмеңкеден қайтып оралған адам өзінің жақын туыстары мен көршілеріне әр түрлі сыйлықтар - базарлық ала келетін. Ауыл ақсақалдары тамақ үстінде үлкен табақтан жасы кішілерге асату жасайтын. Егер кімде-кім әлдебір жаңа киім кие қалса, бағалы затқа ие болса, оған жақын туыстарының, дос-жарандарының байғазы беру әдет-ғұрпы болған.

Әйелдер үйде қалған балалары мен жақындарына мереке-тойларда болған жерлерінен сарқыт ала келетін. Мұның өзі, бір жағыман, тағамға деген құрметті білдірсе, екінші жағынан, болып өткен мереке тойлардан үйде қалғандардың да дәм татып, қатысты болғанын сезінуге тәрбиелейді. Қазақтарда көптен бері көрмеген жақын-туыстарына қымбат бағалы заттардан, әдемі естелік бұйымдардан, қазы-қарта, мүшелі жіліктерден, сүр еттерден сәлемдеме беріп жіберу әдет-ғұрпы да болған. Сәлемдемені алған жақ шын ниетімен разы болып, ізгі батасын беретін. Базарлықтар мен сыйлықтарды туған-туыстар, дос-жарандар мен көрші-қоландар өзара бөлісетін.

Дала тұрғындары бір-біріне қуанышты хабар жеткізгенде сүйінші сұрайтын әдет-ғұрып та болған. Қуанышты хабар жеткізген адамға жақсы сыйлық жасалатын. Саят құру кезінде жас аңшы бағалы олжасын өзімен бірге аңға шыққан адамдардың жасы үлкен ақсақалына байлайтын. Ол мұны дәстүр бойынша өз еркімен жасаған.



    1. Ұлт зиялыларының қазақ салт-дәстүрі туралы тұжырымдары

Қазақ жерінде болған саяхатшылар, зерттеушілер қазақ халқының тұрмысы мен салт-дәстүрлеріне қызығушылық танытып, бала тәрбиесіне қатысты өз зерттеулерінде маңызды жазбалар қалдырған.

Мәселен, 1865 жылы жарыққа шыққан Л.Мейердің «Материалы для географии и статистики России. Киргизксая  степь Оренбургского ведомоства» еңбегінде орыс ғалымы Н.Я. Зеланд қазақтар туралы: «Қазақтар сергек кең пейіл. Жүзі жарқын, мейірімді. Тез қабылдағыш, сабырлы. Жүйке жүйесі мықты. Өйткені, оның барлық ойы ізгілікке, бақытқа негізделген. Адалдық, уәдеге тұрақтылық, қонақжайлылық, сана саулығы, қиындық бөгеттерге төзімділік ерекше көрінеді. Қаталдық пен кекшілдік қазақ психологиясына тән емес, бұл  халық  өте бейбітсүйгіш, оған ұзаққа созылған қырғиқабақтық жат»- деп жоғары баға берген[1, 20].

Зеректік пен ойшылдыққа, тапқырлық пен батырлыққа баулу ерте жастан басталған. Қазіргі таңда осы бір өзекті мәселеге ерекше мән беру керек. Қорқынышты  нәрселерді есту, көру (қатыгездікке толы ойындар), не болмаса баланы қорқытып тәрбиелеу баланың табиғатына қайшы нәрсе. Жүйке жүйесіне сызат келтіріп, ойы мен сана саулығына зиян келтіреді.

ХХ ғасырдың басында ұлт зиялылары Н.Құлжанова, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынұлы және Ж.Аймауытұлы еңбектерінде баланы ерте дамыту мәселелері мен жеке тұлға тәрбиесіне қатысты терең ғылыми ой-пайымдаулар айтылады. Нәзипа Құлжанова ұлттық педагогиканың, оның ішінде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту саласының дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті педагог.

Н.Құлжанованың 1928 жылы Орынбордан басылып шыққан «Мектептен бұрынғы тәрбие» еңбегінде баланы ерте жастан тәрбиелеу жолдары, баланың жан-жақты жетілуі, анық сөйлеуі, қабілетін, бейімділігін ашу туралы жазылған. Н.Құлжанованың осы еңбегіне арнайы қалам тербеген А.Байтұрсынұлы бала табиғаты туралы былай дейді: «Бала табиғаты нені сүйеді? Бала табиғатының сүйетіні: жүру, жүгіру, ойнай жүре бір нәрсені шұқынып істеген болу. Баланың ойыны қайсы, «жұмысы» қайсы, айыруға болмайды. Ойын үстінде сөйлеседі, таласады, тартысады: ойын үстіндегі өнерлері ойынынан ойын шығарады, неше түрлі ойыншықтар жасайды. Бала тәрбиесіндегі негізгі мақсат –  баланың бетін жасынан түзеп, дұрыс білім, жақсы әдет, көркем мінез, таза қылық үйрету» [2, 17]. Баланың өз бетімен құмарынан шығып ойнауына жағдай жасау керек. Таласып-тартысса оны көркем мінезбен жеңдіруге әуестендіру қажет. Ұлт ұстазы айтқан «дұрыс білім, жақсы әдет, көркем мінез, таза қылық үйрету» ата-ананың бейнесінен бастау алады. Бала ата-анасының болмысын, бейнесін қайталайды.

Халық педагогы Н.Құлжанованың «Бала өне бойы еркін ұнатқан нәрселерін шұқылап отырып, бұрап сындырып, мүшелеп әбден танып, қайта салыстырып, соны өзі жасамақ. Һәм жасайды да. Бұл-баланың тағы бір артықша қасиеті, зерттеп тану құмарлығы. Бұл – жан-жақты жайнаған дүниені танып, өзі де жасауға кірісу үшін жаратылыстың көкірегіне әуелден құйған құмарлығы, бұл қасиетін танымайтын надандар «Тиме!», «Сындырасың»,  «Шықпа жығыласың»,  «Таста, бүлдіресің», «Үстіңді былғайды», «Әрі жүр, басымды ауыртпа!» деп зарлаумен баланың алайын деп отырған қанша білімін тағы да тамырын қияды»- [2,30] деген пайымдарының  тағылымдық мағынасы зор. Балаға қойылатын орынсыз шектеулер баланың табиғи дамуын тежейді. Жалтақ, қорқақ қасиеттерге жетелейді. Нәзипа Құлжанова одан әрі «Мектеп жасына толмаған бала не үйренеді?.... Әрине, бала балабақшасыз да, мектепсіз де өсіп адам болады ғой. Бірақ бала бақшаның тәрбиесін көрмеген бала көп білімнен, көп жақсы әдеттерден  құр қалады. Кейде сол білімдерге өмір бойы жете алмайды. Мектепке дейін бала оқымайды деу –зор қате. Мектептен бұрын үйренген білімдері кейін мектепте оқып білгендерінен  көп артық мағыналы болады »- деген қорытындылар жасайды. [2,28].

Ал, «Халқыма деп іс қылдым» деген еңбегінде мектепке дейінгі балалардың жас ерекшелігіне, бала тәрбиесінің ішінде, жан тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінген. Үш жасар баланың танымдық әрекеттерінің тынымсыздығын сипаттай отырып, «... үш жасардың мінезі, сөзінің түбі жоқ. Айтқанды тыңдауға тынымсыз, сөзбен жағалас жүреді. Нәрсенің бәрін білгісі келеді. Тапқан заттарының бәрін ойын қылады. Ойын оның тіршілігі. Төңіректегі нәрседен өзіне қызықты ғана көзіне түсіп, ықылас тартады»-дейді. [3,68].  Баланы ерте дамытуда жас ерекшелігіне, ойынның атқаратын рөліне назар аудару керектігін тұжырымдайды. Ойын баланың тіршілігі деген тұжырымның үлкен мәні бар. Ойын арқылы бала көптеген адами қасиеттерді өне бойында қалыптастырады.

Мағжан Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде: «Мұхамбет пайғамбар: «Сөзді әрбір адамның  ақылына қарай сөйле»-депті. Сол айтқандай, балаға тәрбиені өзінің шамасына, жаратылысына қарай беру керек. Жас бала жас бір шыбық, жас күнде  қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күнде қатып қалмақ.Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзеймін десең, сындырып аласың. «Баланы –  бастан» деген сөздің мәнісі осы»,-деп атап көрсетеді. [4,145].   Осы айтылған ойлардың астарында қаншама мағына жатыр. Қазіргі таңда, жаһанданудың қарқыны үдеген уақытта, ата-аналардың жұмыс басты болып, бала тәрбиесімен қарқынды айналысуына шамасы келмеген уақытта арбір ата-ананың есінде болар даналық. Демек, балаға тәрбиені жаратылысына сай беру керек.

М.Жұмабаев баланың қиялының, ойлауының дамуында ойынның атқаратын рөліне ерекше мән берген. Баланың ойлауы туралы: «Адам ойлау арқасында  ғана заттармен көріністердің аралығындағы байламды белгілеп, оларды бар қылған  себептерін табады. Келешекте  оларға ие  болатынын ойлап шығарады, келешекті болжай алады. Қысқасы, ойлай білетін  адам шын мағынасымен адам», -деген. [4,111].   Баланы ерте жастан дамытуда жан мен дененің дұрыс қалыптасу жолдарының ұлттық негіздерін ғылыми тұрғыда  тұжырымдайды.

Сонымен қатар, М.Жұмабаевтың ғылыми тұжырымдарында баланы ерте жастан батырлыққа, батылдыққа, тапқырлыққа  тәрбиелеу жолдарын ұсынады. «Педагогика» еңбегінде: «Баланы қорқытпай ер қылып өсіру үшін оның денесін һәм жанын сау, берік қылып тәрбие қылу керек. Алдымен баланы ешбір уақытта қорқытпау керек»- деп [4, 121], баланы қорқыту, үркіту арқылы тәрбиелемей мейірімділікпен, төзімділікпен, әсемдікпен тәрбиелеу жолдарын ұсынады. Бұл мәселе қазіргі күні де тым өзекті. Қазіргі таңда техниканың қарқынды дамыған заманында балаға түзу тәрбие беру ісі  маңызды. Теледидар алдында баланың ұзақ отыруы (қандай мазмұндағы сюжеттерді көріп отырғандығына ерекше мән беру керек), телефонға көбірек қарап ойынмен әуес болуы бала тәрбиесіне қауіпті жағдайлар. Мейірімге қанбаған бала мейірімсіз болады. Теледидар мен телефон ата-ана мейірімін, тәрбиесін бере алмайды. Қазіргі күні жасөспірімдер арасындағы қатыгездік түрлерінің артуы да, немесе өз-өзіне  қол жұмсаудың көбеюі де осы себептерден боса керек-ті.

Бұрынғы ата-әжелердің тәрбиесі - бала тәрбиесінің алтын қазығы. Жыр тыңдап, ертегі тыңдап өскен бала батыр болған. Бұрынғы замандарда адамдардың барлығы дерлік батырлық қасиеттерді иеленгендігінің түп себебі де осында жатса керек-ті. Батырлық қасиет міндетті түрде соғыста қана көрінбейді. Сөзінде, уәдесінде тұру, екі сөйлемеу, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық сынды өзге де адами қасиеттер батырлықтың белгісі.

Мағжан Жұмабаев ертегінің баланың қиялына қанат бітіріп, ойлауға, сөйлеуге әсерінің зор екендігін жаза келіп, «Жан тұрмысы өркендеу үшін, яғни ойы, ақылы кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баю үшін жас балаға ертегі тым қымбат нәрсе. Бала ертегіні жан-тәнімен тыңдайды»-деп ой түйіндейді. [4, 95].

Сонымен, қазақ халқы ата-әже, әке-ана институттары арқылы бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп,  баланың дұрыс жетілуіне қамқорлық жасаған. Осы бір өзекті мәселе ғасырлардан ғасырларға жалғасты. Тек қана  бодандық бұғауында болған уақытта ұлттық тәрбиеге сызат түсті. Халқының жанын түсінген зиялылар баланы ерте жастан дамыту мәселелеріне ерекше назар аудара бастады. ХХ ғасырдың басындағы Ұлт зиялыларының ғылыми зерттеулерінде ерте дамыту арқылы баланың жеке тұлға болып қалыптасатындығы айқын дәлелденді. Олардың  баланы ерте дамыту туралы зерттеу қорытындылары бүгінгі уақытта да өзекті. Ерте дамыту деп баланың туғаннан бастап мектепке барғанға дейінгі дамуын айтамыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт  Тоқаевтың 2020 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында берген тапсырмасын іске асыру мақсатында 2021 жылғы 15 наурыздағы ҚР Үкіметінің №137 қаулысымен «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту» моделі бекітілді. Модельдің  25-тармағында «Тәрбиелеу мен дамыту ерте балалық шақтан басталады, бұл ғылыми тұжырымдармен дәлелденген. Балаларды тәрбиелеуде отбасындағы жайлы жағдай, ата-аналардың моральдық қасиеттері зор маңызға ие. Сондықтан, балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру қажет»-деп атап көрсетіледі. Сонымен қатар, 26-тармақта «Бірге ойнау дағдыларын, еңбек әрекеті дағдыларын, тазалықты, тәртіптілікті, ұйымшылдықты, ойлауды, қабылдауды, сурет салуды және басқа дағдыларды меңгерту ойын нысанында іске асуға тиіс. Ойын – баланың негізгі  әрекеті және дамытудың негізгі құралы»-деп тұжырымдалған [5,8].

Баланы ерте дамыту жеке тұлғаны қалыптастырады. Кемел адам өзінің айналасына, қоғамға, одан қалды күллі адамзатқа ізгілік әкелуші. Ұлттың болашағы – тәрбиелі әрі білімді жастар. Әл-Фараби ғұлама жазып кеткендей: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың – қас жауы»



Үлкен отбасылардағы кездесетін салт-дәстүрлер

2.1 Жасы үлкендерге құрмет көрсету

Үлкен және шағын қазақ отбасымен таныса отыра, екеуіне салыстыру жасадым. Оны айтпас бұрын, үлкен отбасы деп құрамында атасы, әжесі, әкесі, анасы, ағасы, әпкесі, бауыры, қарындасы т.б. бар отбасыларды айтып отырғанымды анықтап алайық. Ал шағын отбасында ата-анасы және балалары ғана өмір сүретін отбасы. Қай отбасыда дәстүр сақталады? Әрине үлкен отбасыда. Себебі үлкен отбасының әрбір мүшесі үлгі, өнеге.

Дәстүрлі қазақ қоғамында жасы үлкен адамдарды құрметтеу рәсімі ежелден бар болатын. Ондай құрмет жасы үлкен кісінің қай рудан, қай жүзден, қай ұлттан екендігіне қарамай көрсетілетін. XIX ғасырдың аяқ кезінде неміс ғалымдарының бірі Ф. фон Шварц былай деп жазған болатын: «Қырғыз-қайсақтарда сұлтан, батырлармен қатар барлық жасы үлкен, қартайған ер азаматтардың бәрі де кім екеніне, қандай тектен шыққанына қарамай, ерекше сый-құрметке бөленеді». Олар барлық мерекелерде, жиын-тойларда құрметті орындарға, төрге шығарылады. Жиналыстарда олар елеулі рөл атқарады. Жастар олардың айтқан сөзін жерге тастамай, мүлтіксіз орындайтын. Жас жігіт үшін үлкен табақтан ақсақалдың өз қолынан ет асау ең жоғары марапаттың белгісі саналатын. Кіші іні үлкен ағаның рұқсатынсыз дастарқан басына өз бетінше ешқашан отырмайтын.

Жас адамның үлкен кісінің алдын кесіп өтуі көргенсіздік деп есептелінетін. Бұл ереже әйел адамның ер азаматтың алдын кесіп өтпеуіне де қатысты болатын. Жасы кішілердің жасы үлкендерге дауыс көтеруіне барып тұрған әдепсіздік ретінде үзілді-кесілді тыйым салынатын. Әңгіме үстінде жасы үлкен кісінің сөзін бөлуге ешқашан рұқсат етілмейтін.

Жастар алыс жолға аттанарда не үй болып, шаңырақ көтерерде жасы үлкен ақсақалдардың алдынан өтіп, ақ батасын алатын. Қазақтар жасы үлкен әрі құрметті адамдардан мұндай батаны жауға аттанарда да тілейтін.



2.2 Бата беру

Қазақтарда бата беру әдет-ғұрпы кеңінен етек алды. Ол әрбір іске кірісер алдында міндетті саналатын. Бата поэтикалық тілмен жалпы жұртқа қарап тұрып беріледі. Онда бата беруші адам езгелерге ізгі жақсылық, табыс тілейді Батаны жасы үлкен адам немесе жолы үлкен қонақ беруі тиіс. Бата беруші Жаратушы Алладан бақытты өмір, материалдық байлық, әрбір істе табысты болуын тілейді. Бата екі қолды ілгері қарай жоғары созып, екі алақанды өзінің жүзіне қарата бұрып тұрып беріледі. Бата беру «әумин» деген сөзбен аяқталады.

Бата адамдарды лайықсыз, теріс қылықтардан сақтандырады, ол жастарды, ізгілікті әрі қайырымды істерге баулиды. Қандай да болсын бір іске кірісерде, дастарқаннан дәм татуға отырғанда немесе жол жүріп, алыс сапарға аттанарда әркім ақсақалдардан бата алатын болған. Бата шаңырақ көтеріп, жеке үй-жай болғандарға да беріледі. Қазақтар өздерінің балаларына атақты кісілерден, құрметті қонақтардан бата алып қалуға тырысқан. Ислам дінінің таралуына байланысты бұл дәстүр бұрынғысынан да күшейе түсті. Қайтыс болған адамның үй-іші мен туған-туыстарына көңіл айту кезінде де бата беріледі, марқұмның өзіне де, артында қалған үрім-бұтағына да ізгі тілектер білдіріледі.





2.3 Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті 

Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Бұл жөнінде XIX ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай деп жазған болатын: «Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайяылық қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет».

Үйге келген қонақ оларда әрқашан үй иесінің қамқорлығы мен қорғауында болады. XIX ғасырда Қазақстанда болып, оны зерттеген неміс зерттеушілерінің бірі Ф. фон Хелльвальд та былай деп жазды: «Қырғыз-қайсақтар барынша қонақжай мейірімді болып келеді. Олардың киіз үйіне кіріп жайғасқан кез келген жатжерлік адамның өзімді біреулер тонап немесе өлтіріп кетеді-ау деп қауіптенбей, алаңсыз уйықтай беруіне әбден болады». Қазақтарда үйіне келген кез келген адамға міндетті түрде тегін қонақасы беру, оған жайлы төсек-орын салып, қондырып жіберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды. Егер үй иесі қонаққа ондай құрмет көрсетудің дәстүрлі әдет-ғұрпынан бас тартса, әлгі бейтаныс жолаушы үй иесінің үстінен биге барып, шағым айтуға құқықты болған. Ал би қонақжайлылық әдет-ғұрыпты бұзған үй иесіне ат-тон айып салатын. Әдетте мұндай келеңсіз оқиға қазақ арасында өте сирек ұшырасқан. Қазақтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі - дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбейінше жібермейтін — «Қуыс үйден құр шығармайтын».

Қазақтардың және бір жақсы әдет-ғұрпы - ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайы дастарқанға шақырып, ерулік тамақ беретін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген. Ал көшіп келгендер жаңа қонысқа тез үйреніп, оңдағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ықыласты болатын. Далалық көшпелілердегі кеңінен таралған әдет-ғұрыптардың бірі - қалау. Үйге келген қонақтың сол үйдегі өзіне ұнаған заттың кез келгенін қаладым деп айтуына болады, ал үй иесі ол затты міндетті түрде беруі тиіс. Мұның өзі де адамдар арасындағы достық қарым-қатынастың негізін қалайтын. Анасы аман-есен босанып, дүниеге жас нәресте келген соң тап осы әдет-ғұрып бойынша кіндік шешенің де өз қалауын айтып, ұнаған нәрсесін алуына болатын.

Қымызмұрындық - қымыз ашыту маусымының басталуына байланысты әдет-ғұрып. Ауыл адамдары бірін-бірі шақырысып, қымыз ішер алдында арнайы дастарқаннан тамақ жеседі. Қымызмұрындыққа шақырған үй иелеріне ауыл ақсақалдары ақ батасын береді. Қазақтарда жылу жинау әдет-ғұрпы да бар болатын. Оның мәні кездейсоқ жағдайда үйі өртеніп кеткен немесе дұшпанның шабуылынан, қатал қыстың ауыртпалығынан, су тасқыңынан, аштықтан зардап шеккен отбасыларына ауылдас немесе туысқан адамдардың көмек; көрсетуі болып табылады. Олар зардап шеккен жандардың алдына қолдарынан келгенінше мал салып береді, киім-кешек, көрпе-төсек, ыдыс-

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!