Материалдар / «Жобалау технологиясын математика пәнінде пайдалану тиімділігі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жобалау технологиясын математика пәнінде пайдалану тиімділігі»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жобалау технологиясын математика пәнінде пайдалану тиімділігі»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Маусым 2024
146
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы

қаласының қоғамдық денсаулық Басқармасы

ШЖҚ КМК «Жоғары медициналық колледж»


КГП на ПХВ «Высший медицинский колледж» Управления общественного здоровья города Алматы



Айтахунова Гаухар Баудынбайовна

«Жобалау технологиясын математика пәнінде пайдалану тиімділігі»


Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиясының бағыттарына сәйкес ,халықаралық білім кеңістігіне кіру және жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартарын модернизациялаужалпы орта білімнің мазмұнды және процессуалды жақтарды ұйымдастырудың жаңа әдіснамалық негізіне көшуі нәтижеге бағдарланған білім моделі арқылы жүзеге асырылатыны көрсетілген.

Жобалап оқыту технологиясын математикада қолданудағы мақсаты- білім алушының алған білімдері негізінде өздігінен білімін жетілдіру,қолдануға жағдай жасау. Шығармашылық жұмыстың тақырыбын анықтау.

Жобалап оқыту технологиясын математикада қолданудағы міндеті- өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру; ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру; сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы білім алушының болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзін көрсете білуге бейімдеу; білім алушының қызығушылық ынтасын дамыту.

Жобалап оқытудың негізгі қағидасы білім алушының дүниетанымын дамытуға, өз білімін өз бетімен талқылауға, сыни тұрғыда ойлауға мүмкіндік береді.

Жобаның тиімділігі - көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, білімгерді ізденіске іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мəселелерді шеше білуге , тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.

Жобалап оқыту технологиясының белгілері:

- өз бетінше ойланып, жұмыс істей білу;

- өз білімі мен біліктілігін практикада қолдану;

- керекті ақпаратты жинау ,іздеу іскерлігі;

- жан – жақты болу;

- оқушының табиғи қызығушылығы арқылы белсенділігінің артуы.

Жобалап оқыту технологиясының мінездемесі:

- жеке басының ерекшелігі;

- жеке басының іскерлігі;

- топпен жұмыс істей білу, топта өзін ұстай білу қабілеттілігі;

- өз ойын еркін жеткізе білуі ,өзін көрсете білуі;

- ойлану бағытында және практикалық жұмыс бағытында өзінің шешім қабылдауы;

-ұжымшылдыққа, жауапкершілікке,әр іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.

Бұл жобалап оқыту технологиясы математика сабақтарында оқу процесін ұйымдастыру формасы ретінде де қарастырылады.[2],[5]

Жоба - мұғаліммен ұйымдастырылған және білім алушымен өз бетінше проблема шешудегі жүзеге асырылған іс- әрекеттер жүйесі.

Жобалап оқытудың негізгі міндетінің бірі-пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру.Жобада білім алушылар әр пән оқытушысымен бірлесе отырып білім алады.Жетекші оқытушы жобаның әр кезеңін қатаң бағалауы керек. Себебі қадағалау дұрыс болмаса алға қойылған мақсат өзгеріп,басқа нәтиже көрсетілуі мүмкін. Жобада білім алушылардың ізденіс,ғылыми бағыт,бір-бірінің еңбегін бағалау яғни,ұжымдық қызметі айқындалады.Жоба таңдау кезінде мұғалім өтілген тарауды бойынша білім алушылардың тақырып таңдауды ұсынады.[3],[5]

Жобаның кезеңдері:

1-кезең.Жобаның тақырыбын ұсыну.

2-кезең. Жобаның белгілі бір тақырыбын таңдау.

3-кезең. Жобамен жұмыс жасаудың әдістері мен ресурстарын, қорытынды ұсынудың формасын таңдау.

4-кезең. Жобамен жұмыс.

5.кезең.Жобаны ұсыну.

Мысалы математика сабақтарында  жобалар жасадық. Соның бірін қазақ халқының этнопедагогикасымен байланыстырдым. «Қазақстан Республикасында тұрып жатқан  халықтардың   математикадағы этнопедагогикалық байланысы» тақырыбымен , математиканы оқыту үрдісінде этнопедагогиканы пайдалану  мақсатында жоба  жұмысын жасауды көздеп отырмын.

Жобаларды ұйымдастыру:

Тақырыбы: Ертедегі  қазақтың өлшем бірліктері.

Жоба мақсаты: Қазақстан Республикасында тұрып жатқан  халықтардың   математикадағы этнопедагогикалық байланысы.

Жоба міндеті:

Қазақтың байырғы өлшем бірліктерінің мағынасын түсіну;

ҚР-ғы басқа  ұлттардың өлшем бірліктермен салыстыру, ауыстыру;

Жаңа  өлшем бірліктер мағынасы, оның қолдануы;

Математикалық сауаттылығын ашу;-күнделікті тұрмыста  қажеттілігі туатын экономикалық мағынадағы есептерді шеше білуге үйрету .

Өзектілігі: қазақтың байырғы өлшем бірліктерінің мағынасын түсіне отырып, оны қазіргі өлшем бірліктерімен байланыстыра, салыстыра отырып  қолдану,  логикалық есептер шығаруда   мысалдар шеше білу, жаңа математикалық-экономикалық сауаттылық дағдыларын дамыту жұмыстарын ұйымдастыру әдіс -тәсілдерін  жүзеге асыру.

Математика пән сабақтарында білімгерлердің алған теориялық білімдерін өмірлік мақсаттарға қолдана білуге дағдыландыру қажет. Осы мақсатты көздей отырып білім алушыларға берілетін тапсырмалар олардың жеке қабілеттері мен қызығушылығын ескере отырып таңдалғаны жөн.

Жобалау технологиясын негізінен тарауды қорытындылау сабақтарында шығармашылық жұмыстарға оқушылардың барлығын қамту мақсатында қолдануға болады. Мен өз тәжірибемде оқушыларға өз беттерімен орындайтын шығармашылық өнімдерінің төмендегі тақырыптарын алғашқы сабақтардан бастап ұсынамын.

  • Ұлы математиктер жөнінде мағлұматтар жинақтау(баспа, интернет)

  • Тарауды қорытындылауда презентация дайындау

Қалаған тақырыптарға арналған көрнекіліктер дайындау. Осыған орай төменде « Өмірдегі симметрия» тақырыбындағы сабағымды ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: «Өмірдегі симметрия»

Сабақтың құрылымы:

І бөлім: «Симметрия» тақырыбын қайталау

ІІ бөлім: «Симметрия өмірде» жобаны қорғау

ІІІ бөлім: Қорытындылау .Бағалау

Жобаның мақсаты мен міндеттері:

Симметриялы фигураларды салу әдістерін қолдана білуге бейімділігін қалыптастыру.

Оқушылардың шығармашылық ізденісін, ойлауға икемділігін дамытуға ықпал ету.

Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Жобаның жоспары:

1.Жан-жағымыздағы сұлулықты неден байқауға болады?

2.Симметрияның әр салада қолданылуын анықтау

3.Жоба бойынша материалдар даярлау

4.Жинақталған материалды өңдеу

5.Жобаны қорғау

Оқушыларды топқа бөлу:

1-топ: «Осьтік симметрия» 2-топ: «Центрлік симметрия»

Негізгі сұрақ:

Симметрия-бұл гармония ма, көріктілік пе әлде заңдылық па?

Барлық топқа мәселе сұрақ:

1. Өмірде кездесетін симметрияларға мысалдар келтіре аласың ба?

2. Симметриялы фигуралар жан-жағымызда нақты кездесе ме?

Оқу сұрағы:

Осьтік тобына сұрақ: Центрлік тобына сұрақ: 1. Өсімдіктердегі симметрия 1. Центрлік симметрия дегеніміз не?

2. Жануарлардағы симметрия 2. Мысал келтір?

3. Адам денесінің симметриясы 3. Центрлік симметриялы фигураларды ата?

4. Зерттеу жұмысын жүргізу 4.Зерттеу жұмысын жүргізу ?

5. Жұмыстың нәтижесі 5. Жұмыстың нәтижесі Топтың аты: Центрлік симметрия[5]

Топтың аты: Осьтік симметрия




Әр топ өзін-өзі бағалайды Оқушылардың білімін бағалау

1. Берілген сұрақтар толық жауап берілуі 1. Өзін өзі бағалауы

2. Уақытына байланысты 2. Қателіктері мен кемшіліктер

3. Жұмыстың нәтижесі 3. Топтың түгел қамтылуы

4. Презентацияның безендірілуі 4. Презентацияның безендірілуі

5. Сөйлеу мәдениеттілігі 5. Қорытынды


ІІІ. Қорытынды.

Егер білім алушы оқыту жобасымен жұмыс жасай алатын болса, онда білім алушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамытады.

Сонымен, білім алушыларға дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау – жобалау технологиясының негізі.

Конфуцийдің : Естігенімді – ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, өзім істегенімді меңгеремін дегені – бұл технологияның негізгі ұстанымы.



Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті негізгі білім беру стандарты

  2. «Математика және физика» журналдары 2013ж,№6

  3. «Математика және физика» журналдары 2013ж,№3

4.Математика 6- сынып «Атамұра» 2011ж

5.Интернет материалдары





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!