Материалдар / Жоғарғы сынып оқушыларының мамандық таңдауына әсер ететін факторлар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жоғарғы сынып оқушыларының мамандық таңдауына әсер ететін факторлар

Материал туралы қысқаша түсінік
Annotation:The article gives definitions of the profession, domestic and foreign views, factors influencing the choice of fundamental problems in psychological sciences, the professional process of self – determination, the role of motivation in choosing a profession. The article identifies the internal and external, objective and subjective factors that influence the choice of a profession, research methods are conducted and results are given.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2020
695
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Жоғарғы сынып оқушыларының мамандық таңдауына әсер ететін факторлар


Annotation:The article gives definitions of the profession, domestic and foreign views, factors influencing the choice of fundamental problems in psychological sciences, the professional process of self – determination, the role of motivation in choosing a profession. The article identifies the internal and external, objective and subjective factors that influence the choice of a profession, research methods are conducted and results are given.


Кілт сөздер: Мамандық, фактор, мотивация, қабілет, темперамент, бейімділік.


Keywords: specialty, factor, motivation, ability, temperament, inclination.


Аннотация: мақалада мамандық ұғымына анықтамалар беріледі, отандық және шетелдік көзқарастар, психология ғылымының фундаментальды мәселелерінің мамандық таңдауға әсер ететін факторлар, кәсіби өзін-өзі анықтау процесі, мамандық таңдауда мотивацияның ролі көрсетіледі. Мамандық таңдауға әсер ететін ішкі және сыртқы, объективті және субъективті факторлар айқындаладыМамандақ таңдауға әсер ететін факторларды анықтау үшін зерттеу әдістері жүргізіліп, оқушыларға қандай факторлардың көп әсер ететіндігі анықталы.


Кіріспе. Еліміздегі «Рухани жаңғыру» процесі, Қазақстандық білім беруде, қазіргі заманғы экономиканың табиғаты, оның салаларын дамытудың ерекшелігі, әлеуметтік-еңбек қатынастарының өзгеруіне, еңбек және қызмет нарықтарының қалыптасуына, жастардың кәсіби бағдарлануының рөлін арттыруға үлес қосады. Кәсіпті таңдау немесе кәсіби өзін-өзі анықтау қоғамдағы адамның өз орынын айқындаудың негізі болып табылады, өмірдегі басты шешімдердің бірі. Кәсіпті таңдау адам өміріндегі орынын , атап айтқанда: қандай әлеуметтік топқа жататынын, қайда және кіммен жұмыс істеу керектігін, қандай өмір салтын таңдау керектігін айқындайды. Жоғарғы сынып оқушыларының саналы түрде мамандық тандауы - бұл көптеген факторлардың және сол оқушының әлемге көзқарасының қалыптасуымен байланысты құрделі де ұзақ процесс. Оқушылардың кәсіби жарамдылығы, медициналық, білімдік, әлеуметтік саяси және психологиялық іріктеу жүргізумен бағаланады.

Психологиялық іріктеу нақты бір кәсіп пен мамандық талаптарымен анықталатын жеке адамның психологиялық қасиеттер жиынтығының даму деңгейін, жағдайын анықтауға бағытталған. Яғни жоғары сынып оқушысы мектептегі соңғы жылдарда өзінің болашақта кім болатындығын, қандай мамандықты таңдап алатындығын саналы түрде ой елегінен өткізе бастайды. Ол тек өзіне ұнаған мамандықтың иесі болуды ғана ойламай, сонымен қатар өз мүмкіндігіне көңіл бөлуі тиіс.

Жұмыстың мақсаты: Жоғарғы сынып оқушыларының мамандық таңдауына әсер ететін факторларды анықтау.


Мамандықты таңдап алу дегеніміз - өзіне ұнаған мамандықтың оқуына түсу емес, ол адамның мүмкіндіктеріне байланысты, яғни адамның таңдап алған мамандығының талаптарына кейбір қасиеттері мен мүмкіндіктері, мектептегі үлгерімі, денсаулығы, мінез-ерекшеліктері, ойлау және таным ерекшеліктері сәйкес келуі. Бұл жерде кәсіби жарамдылықтың рөлі ерекше. Әр мамандықтың адамға қоятын талаптары алуан түрлі. Оқушының мамандықты өз мүмкіндігіне сай дұрыс таңдап алуы қоғам үшін де, өзі үшін де тиімді. Себебі, өзің таңдап алған мамандығыңа деген қызығушылығың немесе сол мамандыққа шын ықыласың, сонымен бірге сол жұмысты қоғамның көңілінен шығатындай етіп орындасаң, бәрі де ойдағыдай болуы тиіс. Кәсіпті таңдау - бұл бір реттік акт емес, оның ұзақтығы сыртқы жағдайларға және мамандық таңдау пәнінің жеке ерекшеліктеріне байланысты бірқатар кезеңдерден тұратын процесс.

Кәсіби өзін-өзі анықтау процесі төрт кезеңге бөлінеді:

1.Жұмыстың әртүрлі бағыттарында кәсіптік ниеттер мен бастапқы бағыттылықтың пайда болуы және қалыптасуы. (жоғарғы мектеп жасында)

2.Таңдалған мамандықты меңгеру бойынша кәсіптік оқыту.

3.Кәсiби бейiмделу, қызметтiң жеке түрiн қалыптастыру және өндiрiстiк, әлеуметтiк қатынастар жүйесіне енгiзу.

4. Еңбектегі өзін-өзі жүзеге асыру (жартылай немесе толық) кәсіби қызметпен байланысты осы үміттерді орындалуы немесе орындалмауы болып табылады.

Жалпы «Мамандық» ұғымы әдебиетте көптеген түсiндiрмелерге ие.

  • Мамандық - бұл тұлға үнемі тәжірибе жинақтайтын және оған өмір сүру көзі ретінде қызмет ететін арнайы дайындықты қажет ететін сабақ;

  • Мамандық- бұл бірдей кәсіп түрімен айналысатын адамдар тобын біріктіреді, олардың шеңберінде белгілі бір қатынастар мен мінез-құлық нормалары белгіленеді;

  • Мамандық - кәсiби қызметтiң жалпы түрi мен кәсiби сананы бiрiктiретiн қоғамның еңбекке жарамды мүшелерiнiң әлеуметтiк ұйымының ерекше нысаны ретiнде әрекет етедi.

Е.А. Климовтың еңбектерінде мамандық ұғымына бірнеше анықтама берілген. Ең толық болып табылтын анықтама: «Мамандық - қоғам үшін, әлеуметтік құндылық және еңбектің бөлінуі арқылы, адамның физикалық және рухани күштерін қолдану арқылы шектелген, бұл оның еңбек етуіне орай өзінің өмір сүруінің және дамуының қажетті құралдарын алуға мүмкіндік береді». В.Г. Макушин кәсіби мамандықты белгілі бір адам тұрғысынан қысқаша анықтайды: мамандық - қоғамдағы адам өміріне қатысатын жəне оған өмір сүрудің материалдық құралдарының негізгі көзі ретінде қызмет ететін əрекет.

Ағылшын тілінде сөйлейтін ортада «мамандық» және «кәсіп» ұғымдары ерекшеленеді. «Кəсіп» термині кəсіби қызметтің кішігірім ауқымына ғана қатысты. Барлық қалған іс-шаралар мамандықтармен немесе жұмыс түрлерімен, сабақтармен байланысты.

Кәсіби маман болу мәселесі, ең алдымен, болашақ маманның жеке және әлеуметтік даму мәселесі, әлеуметтік әрекеттің мәні болып табылады.

Заманауи маман өзінің кең ауқымды әлеуметтік қатынастарында өзінің кәсіби қызметін көруі керек, оған және оның өкілдеріне қойылған талаптарды біліп, кәсіби қызметінің мазмұны мен ерекшелігін түсінеді, кәсіби міндеттер шеңберіне бағдарланып, оларды әлеуметтік жағдайдың өзгеруінде шешуге дайын болуға тиіс.

Кәсіпті таңдау ең маңызды өмірлік оқиғалардың бірі ретінде қаралуы керек. Даму психологиясы кәсіби өзін-өзі анықтаудың басталуын кезеңдерге бөліп қарастырды:

Бірінші кезең - балалар әртүрлі кәсіби рөлдерді өздері таңдап алып, сонымен байланысты ойындарда мінез-құлық элементтерін көрсетеді.

Екінші кезең - жасөспірімдерге тартымды болатын түрлі мамандықтардан жасөспірімдік қиялдар.

Үшінші кезең - жасөспірім және жасөспірімдердің көпшілігі - кәсіби қызметтің әртүрлі түрлерінің сұрыпталған және жасөспірім құндылықтары бойынша бағаланған мамандықты таңдау.

Төртінші кезең - екі маңызды құрамдас бөлікті қамтитын практикалық шешімдер қабылдау: 1) біліктілік деңгейін, кәсіптік даярлау көлемін және деңгейін анықтау;

2) мамандықты таңдау

Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:

«Үйренгім келеді –Үйрене аламын – үйрену керек»
Үйренгім келеді
бұл талап — тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;

Үйрене аламын – қабілет — қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;

Үйрену керек– еңбек нарығындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік — экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.
Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады. Жалпы мамандықтардың ерекшелігіне қарай бөліп қарастыратын болсақ:

Бүгінгі күні еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие мамандықтар: референт –хатшы, бағдарламашы , сатылым бойынша менеджер, басшының көмекшісі, жүйелік әкімші, бас есепші,ақпараттық технологиялар бойынша мамандар.Соңғы уақытта Қазақстанда да жаңа мамандықтар пайда болды. Олардың кейбіреуі жайлы қысқаша айтамыз:
Web- бағдарламашы, Web-дизаинер — интернет ғаламдық торабы үшін сайттар жасау бойынша маман.
Аудитор – бұл компаниялардың қаржылық қызметтерін тексеретін, оның табыстылығы мен тиімділігін бағалайтын маман.
Бренд-менеджер— өнім образын-брендты ойлап табатын және осы образды көпшілікке ұсынып, сатылуын жолға қоятын маман.
Логистик — ағымдарды реттеуші маман: қоймалық,көліктік ,өндірісті. Көліктік логистик — компанияның жүктерін тасымалдау схемасын ойластырады, қоймалық логистик- өнімдері сақтауды ұйымдастырумен айналысады.
Маркетолог – латынша «нарықты білетін адам» сатып алушылардың қажеттіліктерін, олардың талғамы мен қалауларын білу үшін нарықты зерделеуші маман.
Мерчендайзер — бұл фирмасының тауары ірі дүкендерде қалайша ұсынылғандығын қадағалайтын адам. Ол дүкендерді аралап , тауарды,орналастыру, витриналарды көркемдеу бойынша кеңестер береді.
Осы мамандықты әзірше бірде-бір оқу орындары оқытпайды.

Адам басын қатерге тігетін қиын мамандықтар тізімі:

Әр адам өз жұмысын атқару барысында қиналатыны рас. Қиналмақ былай тұрсын, жұмысқа әр барған сайын бастарын өлімге тігетін мамандықтар аз емес.

  • Мұндай қауіпті мамандық тізімін өрт сөндірушілер байтайды екен.

  • Екінші орында – ұшқыштар. Олардың ұшақты басқару кезінде қиналатыны бөлек тұрсын, бортқа мінген өзге адамдардың өмірі үшін жауапты болатындықтан күйзеледі.

  • Ал халық алдына шығып, сөз өнерін көрсететін теле және радиожүргізушілер күтпеген жерден осы тізімнің үшінші орнына іліккен. Себебі олар камераға қарап отырып, сөйлеу кезінде тілдегі ережелерді сақтап қана қоймай, әрбір жаңалықты жұртқа дұрыс жеткізуге міндетті.

  • Төртінші орынға мұғалімдер табан тіреген. Бұл мамандықтың ауыртпалығын айтпаса да түсінікті. Ұстаздардан кейін тізімде медицина және әлеуметтік қызмет саласының мамандары, шахтерлар, жедел жәрдем қызметінің диспетчерлері, мереке ұйымдастырушылар мен әуе диспетчерлері орналасқан. Сондай-ақ, балық аулаушыларды атауға болады.

  • Жағалаудағы құтқарушы қызметкерлер, мұнай ұңғымасын бұрғылаушылар, бомба іздеуші саперлар, әуеде жұмыс істейтін электр жөндеушілер.

  • Аспанмен таласқан көп қабатты ғимараттарды жуушы, шахтерлар, орман ағашын отаушылар.

Ең табысты мамандықтар:

10-орын. Қолайсыз мамандық ретінде зергерлікті атауға болады. Әрине, әшекей бұйымдардың бағасы өте қымбат екендігін жоққа шығармаймыз. Оны жасауға кететін материалдар да соншалықты қымбат болғандықтан байып кетуіңіз екі талай дер едік.

9-орын. Кейде қасапшылардың қалтасының қалындығына қарап аузымыздың суы құрып жатады. Асықпаңыз! Адамдар күніге бифштекс үшін айтарлықтай қаржы жұмсайтын шығар, бірақ қасапшылар да етті қолға түсіру үшін елеулі қаржы жұмсайды.

 8-орын. Заңгер! Айтыңызшы, өміріңізде бір рет болсын заңгер болсам — бай боламын деген ойға жолап көрмедім деңізші?! Қателесесіз. Заңгер болу үшін көп еңбектенуіңіз керек, бірақ біздің елде сізді қанағаттандыратын бағаны төлей алатын тұрғындардың жоқ екендігін, қазір елімізде екінің бірі осы мамандық иегері екендігін естен шығарып алдыңыз. Қазақстандық құқық зерттеушісі үшін орташа еңбекақы – 123 704 теңге, өте жақсы маман үшін – 519 557 теңге. HR-зерттеулерге сәйкес, бұл салада аз да болса, өсу байқалады. Бірақ, АҚШ-та адвокат сағатына 50$-дан 600$-ға дейін алады. Сондықтан, шетелде заңгер болам десеңіз бір бөлек әңгіме.

7-орын. Шетелдегі кеңесшілер (консультант) сағатына 100-200$, дизайнерлер 20-70$ табады. Ескеріңіз, кеңесші — сауда орталықтарында «сізге көмек керек пе?» деп жабысатын кісі емес. Кеңесші — кез келген жағдайда тиімді кеңестер ұсына алатын белгілі бір саланың білгір маманы.

6-орын. Депутаттыққа немесе президенттікке кандидаттардың сайлау алды науқанын жүргізуге арналған штабтардың алдыңғы қатарлы саясаттанушысы болсаңыз өте қолайлы болмақ. Сондай-ақ, жеке психолог болудың да тиімділігі жоқ емес.

5-орын. Келесі бір ауқымды жалақы алатындар — ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар саласының мамандары екен. Сала бойынша орташа еңбекақы – 118 755 теңге, жоғары – 504 659 теңге. Мұнай-газ салаларының мамандары үшін орташа бір айлық еңбекақы – 197 926 теңге, ал жоғарысы – 3281 643 теңге.

4-орын. Шоу-бизнес әлемінде продюсер болудың да пайдасы жоқ емес. Ол үшін сізде жұмыс тәжірибесі және таныстарыңыз көп болуы керек. Екеуінен мақұрым болсаңыз ақша туралы армандамай-ақ қойыңыз.

3-орын. Бағдарлама жасаушылар, админстраторлар, қаржы саласының кеңесшілері, инженерлер, байланыс қызметкерлері де жаман табыс таппайды. Ал маркетинг, жарнама және PR бойынша мамандардың еңбекақыларының орташа деңгейі – 108 857 теңге, жоғары – 716 656 теңге.

2-орын. Сауда-өнеркәсіптік холдингтің бас директоры немесе қаржы директоры болсаңыз жаман табысқа кенелмейсіз. Кәсібіңіз мұнай және фармакология саласына қатысты болса тіптен жақсы.

1-орын. Ал әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде көшбасшылық танытып тұрған — жеке фирма басшылары екендігіне таңырқамайсыз деп ойлаймын. 

Сирек кездесетін мамандықтар:

Дәрігерлер, IT-мамандары мен құрылысшылар. Ресейлік басылымның зерттеуі бойынша  әлемде халықтың сұранысын тудырып отырған мамандықтар – осылар. Ал, әлемде ең сирек кездесетін және қызықты саналатын кәсіптер туралы естуіңіз бар ма?

Бесінші орын – доп жинаушы. Гольф пен теннис ең көп тараған спорт түрі десе де болады. Ал, ойын барысында доптардың жоғалып кетпеуін қадағалап, оларды жинап отыратын жандар да бар және допты әкеліп беру де солардың мойнында.

Төртінші орын – құмырсқа аулаушы. Олар құмырсқаларды жинап, арнайы орталыққа тапсырады. Ал, орталық оларды өсіріп, дәрі-дәрмек жасауға пайдаланады.

Үшінші орын – пингвиндерді көтеруші. Антарктидада мекен ететін бұл құстар аспаннан ұшақ көрсе, мойындарын созып қарайды екен. Мойындарын созған соң, шалқасынан құлап түседі. Ал, олар арқасымен құлаған жағдайда өздігінен қайта тұра алмайды. Міне, құстарға көмекші жандар оларды қайта тұрғызады.

Екінші орын – тыңдаушының жұмысы. Оның міндеті – кез келген жанды мұқият тыңдап, оның қуанышы мен қайғысына ортақтасу. Сөйлеушінің әр қалжыңына күліп, әр ойымен келісіп, басын изеп отыру. Бір қызығы, бүгінде Токио көшелерінде осы кәсіппен айналысатындар саны артып келеді.

Бірінші орын – ит секілді үретін жандар. Швейцарияда ит сатып алсаңыз, мемлекетке салық төлеу міндеттелген.  Кейбір жандар ит сатып алады да, ақша төлеуден бас тартады.

Осы кезде көмекке келетін иттің дауысын салып, үре білетін жандар. Олар үрген кезде үйдегі ит «жауап» береді. Осылайша, қай үйде ит бар екені анықталады. Егер оның жүйеге тіркелмегендігі анықталса, қожайын айыппұл төлеуге міндетті.

Кәсіпті таңдауға әсер ететін негізгі факторлар, әдетте, екі топқа біріктіріледі: субъективті және объективті. Субъективті факторлар қызығушылық, қабілет, темперамент ерекшеліктері және мінез. Мамандықты таңдауға әсер ететін субъективті факторлардың ішінде адамның ақыл-ойының деңгейін, оның қабілеті мен қызығушылығын ескеру керек. Кейбір сарапшылардың пікірінше, әрбір мамандық үшін интеллектің маңызды параметрлері бар, сондықтан төменгі психикалық көрсеткіштері бар адамдар мамандықтың функционалды мазмұнымен сәтті жұмыс істей алмайды.

Объективті - оқыту деңгейі, денсаулық жағдайы және мамандықтан хабардар болуы. Объективті факторлар әлеуметтік факторлармен тығыз байланысты, мысалы, ата-аналардың білім деңгейі, әлеуметтік орта және т.б. Осыған байланысты мамандық таңдаудағы ішкі және сыртқы факторлар айқындалды:

Сыртқы факторлар кәсіптің беделін, оның еңбек нарығындағы сұранысын, жоғары жалақыны, кәсіпке ие болудың нақты мүмкіндігін, жақын адамдарының пікірлерін және тілектерін, кәсіптік бағдар беруді білдіреді. Л. Д. Столяренконың анықтамасы бойынша, кәсіби бағдар - бұл әр адамның жеке қасиеттерін, мүдделерін және қабілеттерін анықтауға бағытталған, оның жеке қабілеттеріне барынша сәйкес келетін кәсіптерді таңдауға көмектесетін іс-шаралар жүйесі.

Кәсібінің беделінің көпшілігі жастардың көбіне таңдаудың негізгі факторы болып табылады. Шынын айтқанда, бедел - бұл маңызды себеп. Дегенмен, танымалдылық бойынша, беделді мамандықта мамандардың көп болуы мүмкін, бұл жұмыс табуда қиындық тудырады.

Туыстарының, әсіресе, ата-аналарының пікірлері мен тілегі - таңдаудың ең бірегей шарты. Бір жағынан, аға ұрпақтың қолданылуы қажет тәжірибесі бар, әр түрлі - қазіргі заманғы еңбек нарығының құрылымында және динамикасында жақсы білмейді. Сыртқы пікір назарға алынуы керек, бірақ сонымен бірге түпкілікті шешімді өзіңіз жасай алатыныңызды түсініңіз.

Ішкі факторлар адамның мүмкіндіктері, қабілеттері мен мүдделері болып табылады. Л. А. Головейдің зерттеулеріне сәйкес, мамандықты тиімді таңдаудың негізі, когнитивті қызығушылықтарды және жеке тұлғаның кәсіби бағдарлануын қалыптастыру болып табылады.

Кәсіп барлық белгіленген шарттарға сай болғанда, бұл тамаша. Алайда көбінесе кейбіреулерінен бас тарту қажеттігі туындайды. Мысалы, мамандық таңдау барысында жүрегінде ақауы бар адам ұшқыш, ал аллергиясы бар адам – химик бола алмайды.

Ішкі факторлар адамның даралығына қатысты болады – қандай маман иесі бола алады және қалайды. Соңғы таңдау - бұл кейінгі өмірге шешуші әсер етуі мүмкін таңдау болғандықтан, ішкі факторларға ерекше назар аудару қажет.Сондай-ақ, таланттарды және қабілеттерді анықтауға мүмкіндік беретін психологиялық тесттер бар.Мамандықты таңдауға және жеке қасиеттерін әрі қарай ашуға көмектеседі. Н. В. Тельтевская жоғарғы сынып оқушыларының мамандық таңдауағы кәсіби артықшылықтарын анықтаудың алты негізгі әдістемені көрсетті:

1. дифференциалды - диагностикалық сауалнама ( Климов);

2. кәсіптік артықшылықтар сауалнамасы ( Холланд типологиясы);

3. темперамент және эмоционалды тұрақтылықты анықтау ( Айзенк тесті);

4. жетістікке ұмтылу ( Эллерс әдістемесі);

5. тұлғаның бағыттылығын анықтау ( Басс сауалнамасы);

6. психогеометрикалық тест ( Деллингер әдістемесі).

Мектептегі кәсіби бағдар беру жүйесінің жеке тұлғалық маңызы алғышарттарының барысын негізгі екі топқа жинақтауға болады. Бірінші топқа мамандық таңдау мәселесін ойдағыдай шешуді қамтамасыз ететін, бірақ ол процесті жандандыруға қатыспайтын жеке адам ерекшеліктері жатады. Екінші топқа мамандық таңдау процесін жандандыратын және кәсіби бағытталудағы талғампаздықты тудыратын жеке адам бағыттылығының компоненттері: қажеттілік, кәсіби мотив, кәсіби қызығулар мен бейімділіктер, сенім, бағдарлар, құндылық бағдары, қабілет ерекшеліктерін жатқызуға болады. Екінші топтың негігі компоненттері: кәсіби айқындалуға қажеттілік, мотив және кәсіби қызығулар.

Кәсіби айқындалуға қажеттіліктің тууы – жастық шақ үшін дамудың жаңа, маңызды қайнар көзінің пайда болуын көрсетеді. Ол жеке адамның кәсіби айқындалуының қозғаушы күштері болатын түрлі қарама-қайшылықтардың тууына әкеледі. Жалпы түрде оларды оқушыда пайда болған қажеттілік пен болашақ мамандығының талаптарының және сол кәсіпті игеруге қажетті білім мен іскерліктер арасындағы қарама-қайшылықтар түрінде көрсетуге болады.

Кәсіби айқындалуға қажеттіліктің ерекшелігі оның сол қажеттілік затын табудан бұрын пайда болатындығы. Мұндай жағдайда қажеттілік берілген обьектіден озін табу үшін қосымша жағдайларды талап етеді.Бір сөзбен айтқанда, қажеттілік пен оның затының арасында аралық звено бар, ол қызығулар болып табылады. Субьектімен заттық әлем арасында нақты әрекетті байланыс тууының қажетті алғы шарты кәсіби қызығудың болуы. Осы жағдайда жоғары сынып оқушыларының әртүрлі іс-әрекетке байланысты туған көптеген қызығулары, жоғарыда айтылған сыртқы факторлар мен жеке адам арасындағы қарым-қатынастың потенциалды мүмкіндігінің пайда болуына әкеледі.Сонымен қатар теориялық-практикалық тұрғыдан оқушы оларды қалай түсінетіні де маңызды. Адамға әсер ететін барлық факторлар әрқашанда түсінікті бола бермейтіні белгілі, ал олардың адамның шешімі мен қылықтарына обьективті әсерлері тіптіде дұрыс бағалана бермейді: Көбінесе, адам қылықтарының мотивтерін өзіндік түсіну, әсер етуші факторлардың нақты әрекетімен теңестіріледі. Осыған орай, мотивациялық сфераның психологиялық заңдылықтарын білу, жеке адам іс-әрекетіне елеулі түрде әсер етуге мүмкіндік береді.Мамандық таңдаудың мотивтеріне әсер ете отырып оқушы жастардың кәсіби айқындалуын белгілі дәрежеде басқаруға болады.

Мотивация мәселесі отандық та, шетелдік те психология ғылымының фундаментальды мәселелерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, Х. Хекхаузен атап көрсеткендей, «Мотивация психологиясындай жан-жақты қарастыруға болатын психологиялық зерттеу саласы табыла қоймас». Мотивация мәселесінің күрделілігі және көп аспектілігі оның мәнін, табиғатын, құрылымын, сонымен қатар түрткілер функцияларын түсінудің көп болуын шарттайды. В.Н.Селиванов «Мотивті негізгі мазмұнды бекітілген ерікті сапаның үзіндісімен қарастырған».

Мотивацияның ол – қандайда бір әрекетке, мінез-құлыққа жалпы бағыттылық пен энергетикалық импульс беретін психикалық процестердің жиынтығы болып табылады. Мотивацияның теориялыры бихевиористтік және когнитивті бағыттардың негізінде дамиды. Олар қандай да бір негіз-тұрғыларға сүйене отырып жүзеге асқандықтан, олар эксперименталды болады. Психоаналитикалық және гуманистік концепциялардың көбі тәжірибеде экспериментсіз қолданылады.

Мотивация мәселесін когнитивті бағытта шешуге болады. Психологтар адамдардың дүние мен іс-әрекет туралы елестетулерінің толық белгілері келеді. Бірақ психологтар көбіне адамдардың басында не болып жатқандығының белгілері келеді. Ал жүректе не болып жатқандығын қарастырмайды. Мотивацияның когнитивті теориясы адамның іс-әрекеті жеке тұлғасымен жағдайға байланысты дұрыс интерпритацияланады. Когнитивті теорияның зерттеушілері адам әрекетіне әсер ететін сыртқы әсерлердің мүмкіншіліктері жайлы бихевиористік тезис қарастырады. Олар тек адам әрекетін ғана емес, сонымен қатар психикасын да біле бастады. Жоғары сынып оқушыларының кәсіби айқындалу мотивациясының өзгеру динамикасын құрастыру жастық шақта таңдаған мамандыққа қызығу мотиві жетекші орын алатынын көрсетеді.

Екінші орында үй жағдайының мотивтері, мамандықтың қоғамға маңыздылығы тұрады есейген сайын, мамандыққа деген қызығу, жеке адамның өз басының индивидуалды қасиеттерін бағалауы күшейе түседі. мамандық таңдауға әсер ететін мотивтер жүйесін анықтауды С.П.Крягжде қолға алған. Ол қала және ауыл оқушыларын зерттеу нәтижесінде, кәсіби айқындалуға әсер ететін жалпы заңдылықтарды анықтаған.

Е.А. Климов кәсіби өзін-өзі анықтаудың екі деңгейін ажыратады:

1) гностикалық (сананы және өзін-өзі тануды қайта құрылымдау);<

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!