Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Терроризм және экстремизм оның зардаптары»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
|
Сынып жетекшінің аты-жөні |
|
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы |
«Терроризм және экстремизм оның зардаптары» |
||
|
Тәрбие жұмысының бағыты |
|
||
|
Мақсаты |
Оқушыларға
терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен
зардаптарын ұғындыру; |
||
|
Бағалау критерийлері: |
|||
Тәрбие сағатының барысы
|
Барысы |
Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Ресурстар |
|
Кіріспе 10 мин Негізгі бөлім 25 мин |
- Терроризм не екендігі туралы біздің
заманымызда айтылған сөз көп. Бұл сөздің анықтамасы адамдар мен
қоғамға байланысты әртүрлі болады. Мысалы, көптеген тұлғалардың
анықтамасы бойынша «терроризм» сөзі өзінің ұғымында джихадты,
муджахидтарды, шариғат елдерінде жаза қолдануды қамтиды.
«Терроризм» – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы –
«қорқыту». Тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен
қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін
небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін
ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп,
адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып,
тыныштықты бұзады. Ендеше біз бүгінгі тақырыбымызда «терроризм»
ұғымы туралы кеңінен түсінік алатын
боламыз. |
|
|
Қоры тынды 10 мин |
- Террористік іс - әрекетке тек ер адамдар емес, әйел адамдар да барады. Қазіргі кезде жанкешті - мерген әйел адам |
|
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Құқық басты міндет»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
|
Сынып жетекшінің аты-жөні |
|
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы |
|
||
|
Тәрбие жұмысының бағыты |
|
||
|
Мақсаты |
Оқушының құқықтары мен
міндеттері туралы білімдерін толықтыру. |

Ендеше біз отыру үшін топқа
бөлініп алайық. Қанеки ортада турған гүлдің суреті бар парақты
таңдап орнымызға жайғасайық. Фатима.
Конституция – бұл Қазақстан
Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен
міндеттері белгіленген құжат. Оқушы:/30
тамыз/ Ол
Конвенция 54-баптан
тұрады. Конвенцияның басты міндеті –
18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау. .
Қазақстанда балалардың
құқықтық жағдайы мына заңдарда көрініс
тапқан Сендер қалай ойлайсыңдар,
баланың өкілі кім? Сергіту
сәті: Қосымша балалардың да пікірлерін тыңдасақ Ата – заңым , алтын заңым – ардағым, Аялаған азаматтың арманын Жол бастайды болашаққа жасампаз, Әрбір бабаң, тарауларың тармағаң – дегендей Қазақстан Республикасының Конституциясының кейбір баптарына тоқтала кетсек Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін , денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата Заңы қорғайды. ҚР- Конституциясы барлық заңдардың негізгі басты құжаты. Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынеады және өзіне есіммен азаматтық алуға құқылы. Мемлекет әрбір баланың аман сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді. Бала міндетті түрде алғашқы білімін тегін алуға құқылы Бала денсаулығын сақтауға , емдеуге құқылы Табиғатты қорғауға Тарихи мәдени мұраларды сақтауға міндетті Жарайсыңдар балалар. Осыған орай класс оқушыларының өздері жүргізген яғни жасаған видеороликтерін тамашалайық Видеоролик Көрініс: «Каусар мен
Диастың ақшаға таласуы» Сол кезде Диас түрі бұзылып
үнсіз қалады. Ақмерей: Каусар Диас төбелесті
тоқтатыңдар,қазір апай екеуіңнің дауларыңды шешіп береді. Мұғалім: ендеше балалар біз манадан құқық міндет туралы айтып жатырмыз. Ендеше сол құқықтарымызды қалай қорғап тәртіпті болып жүруіміз үшін Сөз сөйлейді. Әр командаға ертегі
кейіпкерлерінің суреттері таратылады (бірнеше қиықтарға бөлінген).
Мозайкаларды жинап, ертегі кейіпкерлері арқылы адамның қандай
құқығы бұзылған. |
|
|
Қоры тынды 10 мин |
Ертегі кейіпкерлерін айтамын,
егер жағымды кейіпкер болса, шапалақтаймыз. Жағымсыз кейіпкер
болса, онда аяқтарыңмен сартылдатасыңдар. Өте, тамаша! Бүгін жақсы еңбектендіңдер! |
|
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Теңге тәуелсіздік міндеті»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
|
Сынып жетекшінің аты-жөні |
|
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы |
Теңге тәуелсіздік міндеті |
||
|
Тәрбие жұмысының бағыты |
|
||
|
Мақсаты |
Ұлттық теңгенің Тәуелсіздік символы екендігін насихаттау, теңгенің шығу тарихын және авторлары жөнінде мәлімет беру, оқушыларды туған елін сүюге, отансүйгіштікке тәрбиелеу. |

«Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан алғанда теңге – бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны». Ақша туралы түсінік. Ақша (ағылш. money; cash; нем. Geldn, Geldmittelpi) — жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ол барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қаматамасыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп, құнның толық және жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі – ақша пайда болды. Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі және сыртқы сауда-саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Ақша рөлін кейбір халықтарда (гректер, римдіктер, славяндар, моңғолдар, т.б.) мал, ертедегі Русьте, Скандинавияда – аң терісі, Қытайда – шай, Абиссинияда – тұз атқарды. Қазақстанда ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды. Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасындағы қарым-қатынастың ұлғаюы нәтижесінде ақша рөлі түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені, металл (әсіресе алтын, күміс) өзінің табиғи қасиетінің арқасында ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Алтын мен күмістің жалпыға бірдей балама рөлін атқаруына байланысты құнның жалпылық формасы ақша формасымен айырбасталды. Ол кез келген тауарға айырбасталды. Ақша әр алуан қызмет атқарады: тауарлар мен әр түрлі қызметтердің құнын көрсетеді, айналым құралы, төлем құралы ретінде пайдаланылады, сол сияқты қор жинау және сақтау құралының рөлін атқарады. Ақша өнімді шығаруға кеткен шығынды өлшеуге, еңбекті сан және сапа жағынан бақылауға мүмкіндік береді. Ақшаның мәні оның атқаратын қызметінен көрініс береді. 1993ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ”Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы”жарлық шығарды. Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990 жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден бастаған. Әбу-Насыр –әл –Фараби Ол Отырарда дүниеге келген. Арабтар бұл қаланы Фараб деп атаған.Әл- Фараби орта бойлы,мығым денелі, батыл болып өседі.Бала күнінен атқа шапқыштығымен,мергендігімен көзге түседі.Түркі,парсы,араб тілдерін мүлтіксіз сөйлейді.Грек,латын тілдерін жақсы білген. Ол дүние жүзінде Аристотельден кейінгі екінші ұстаз. Әл- Фараби 150 жуық еңбек жазған. Сүйінбай. Алматы облысы,Жамбыл ауданында дүниеге келген.Балалық шағында кедейшілік,жоқшылық көреді.Соған қарамастан 14-15 жасынан бастап ақындық өнерге машықтана бастайды.Сүйінбай келе-келе нағыз суырып салма,айтыстың ақиық ақынына айналады. Сүйінбай халық мұңын мұңдап,үстем тап өкілінің әділетсіздігін бетіне басып,әшкерелеп отырған батыл да әділ ақын. Оның өлеңдерінде адамның мінез-құлқы,адамгершілігіне, жақсы-жаман қасиеттеріне көңіл бөлінеді. Құрманғазы. Құрманғазы – қазақтың күйші, сазгері,домбырашысы.Күй өнерінің классигі.Оның әнге әуестігі жастайынан байқалады. Алты жасында әкесі байдың қозысын бағуға жібереді.Зейінді туған бала әке-шешесінің жағдайын түсініп, олардың айтқанына қарсы келмейді. Жалғыз серігі қолдан жасалған домбырасын йығынан тастамайды. Құрманғазы қуғын-сүргінді көп көрді.1880 жылдардың бас кезінде Астрахань жаққа қоныс аударды. Ортаға 10,20,50,100 теңге кейіпкерлері шығады. Шоқан Уәлиханов. Ол өте ақылды,көреген,өз заманының білімді адамы болды. Орысшаға қоса бірнеше шығыс тілін білген. Шоқан әуелінде қазақ мектебінде оқиды.Мұнда арабша оқумен сурет салуды үйренді.Шығыс әдебиетімен танысады.Араб,парсы,ұйғыр тілдерін меңгерген.1853 жылы Кадет корпусын бітіреді.Сол мамандығы бойынша қызметте істейді. Шоқан ғалым, саясатшы,географ, суретші,әдебиетші,тарихшы. Абай Құнанбаев. Абай - қазақтың ұлы ақыны,сазгер,философ, қазақ әдебиетінің негізін салушы.Ол әуелде ауыл молдасынан оқиды.10 жасқа толғанда әкесі оны Семейге медресеге оқуға жібереді.Мұнда араб,парсы,шағатай тілдерін меңгереді.Науаи,Низами,Фирдауси сияқты оқымыстылардың шығармаларын құныға оқиды. Орысшасын өз бетінше жетілдіре түседі. Абай өлеңдері татулықты, достықты уағыздайды.Оның елуге жуық қара сөздері бар. Көлемі қысқа,мағынасы терең.
3.Кім білгір? танымдық сұрақтар бөлімі 1. «Әр елде — өз валютасы » «Табыс» « Теңге» « Тиын» Қырғызстанда-/сом/ Ресейде -/рубль/ Германияда — /марка/ Америкада — / доллар/ Ұлыбританияда-/фунт/ Украинада — /гривна/ / стерлинг/ /карбовенец/ Қытайда — / юань/ Тәжікстанда — /манат/ Өзбекстанда — /сум/ Түркияда -/ лира / Латвияда - / лат / Кореяда — / йена / 1-жағдай:Биылғы оқу жылында қазақ тілі оқулығы жетіспейді,базардағы оқулық бағасы 800 теңге.Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді.Бірақ оқулық ескі.жыртық.Сен оқулықты ұстағың келіңкіремей тұр .Сенің іс-әрекетің …? 2-жағдай: Сен екі ініңді бала бақшадан алып қайттың.Інілерің қарындары ашқандарын айтты. Сенде 60 теңге бар. Балмұздақ 60 теңге, 3 алма 60 теңге, 1 қорап сағыз 60 теңге Қай затты алар едің? Неге? 3-жағдай: Сенің былтырғы етігің өзіңе шақ.Бірақ оны кигің келмей тұр.Жыртық болмағанмен,ескі.Ойыңды әкеңе айтып едің,әкең айлық әлі алмағанын айтты.Сенің әрекетің…? |
|
|
Қоры тынды 10 мин |
1. Теңгенің суретін салған кім? 2.Теңгенің алғашқы нұсқасы қайда басылды? 3.Теңгенің шыққан күні? 4.Ата-анаң алатын ақша. 5.Түрлі елдердің банкнотасы мен монетасын, көне ақшаларды жинайтын адам. 6.Қазақстандағы валюта. 7. Ұлттық валютаға биыл неше жыл? 8. Елімізде биыл тағы қандай мерекелі атаулар болды? 9. Ақша дегеніміз не? 10. Республикада ақша айналысындағы шақалармен (монетамен) қатар қандай монеталар бар? |
|
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Зорлық зомбылықсыз бала»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
|
Сынып жетекшінің аты-жөні |
|
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы |
Зорлық зомбылықсыз бала |
||
|
Тәрбие жұмысының бағыты |
|
||
|
Мақсаты |
Балаларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Балаларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу. |
||
|
Бағалау критерийлері: |
. |

1. Зорлық-зомбылықты қалай түсінесіңдер?
2. Зорлық-зомбылықтың түрлерін атаңыздар
3. Зорлық-зомбылықты қандай адамдар жасай алады?
4. Үкімет тарапынан қандай жұмыстар жүргізілуде?
5. Заң жобасының негізгі мақсаттары қандай?
6. Зорлықтан, құлдықтан аулақ болу үшін не істеу керек?
7.Тәрбие сағатын анкеталық сұрақтармен қорытындылау. Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі II Негізгі бөлім Қайырлы кеш балалар. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ ". Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Сонымен қатар Адам саудасы дүниежүзі бойынша кірісі жағынан үшінші орында тұр және ол барлық елде етек жайған. Әсіресе, адам саудасы құрбандарының жасарып бара жатқаны әлемдік қауымдастықты алаңдатып отыр. Мыңдаған адам жұмыс табу мақсатында заңсыз қоныс аударады. Тіпті, елімізде шетел азаматтарын әртүрлі жұмыстарға пайдалану үшін алдап әкеліп, құлдыққа салу ахуалы қалыптасты. Соңғы жылдары адамдарды сату деректері күрт өскен. Жыл сайын оның құрбандарының саны төрт миллионға жуықтайды. Әсіресе, қазақ қыздарын шетелде жақсы әрі табысты жұмысқа алдап шақырып, жезөкшелікке салу деректері де біршама артқан. Биші, фотомодель ретінде алдап әкелінген жас қыздарды тәнін саудалауға мәжбүрлейді. Сондай-ақ ер адамдарды құлдыққа сату фактілері де едәуір өскен. 1. Зорлық-зомбылықты қалай түсінесіңдер? Зорлықбалалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады. Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. 2. Зорлық-зомбылықтың түрлерін атаңыздар Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін. Объективті факторларға сәйкес, еліміз адам саудасы құрбандары келетін, тұратын және транзит елдердің қатарына жатады. Адамдарды сату, пайдалану, азғырып-көндіру, тасу, жасыру әрекеттеріне байланысты қылмыстармен күрес қатаң сипатта жүргізіледі. Бұл – адамдардың өмір сүруге, бостандығына, денсаулығын қорғауға деген конституциялық құқығын қорғау мәселесі болып табылады. Сарапшылардың зерттеуі бойынша, әлемде 2-4 млн. адамдар адам саудасының құрбаны болып келген. 3. Зорлық-зомбылықты қандай адамдар жасай алады? Егор: Ондай адамдар қатарында кедей отбасынан шыққандар, басқа елге барып еңбек етіп, табыс тапқысы келетіндер, баспанасыз жандар, қараусыз қалған балалар, жетімдерді жатқызуға болады. Мыңдаған адам жұмыс табу мақсатында заңсыз қоныс аударады. Тіпті, елімізде шетел азаматтарын әртүрлі жұмыстарға пайдалану үшін алдап әкеліп, құлдыққа салу ахуалы қалыптасты. Лидия: Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді.Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық- зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады,отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар корсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологмясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірілді. 4. Үкімет тарапынан қандай жұмыстар жүргізілуде? Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобаларының жұмыстарын іске асыру жоспарының 29 пунктіне сәйкес 2004 жылдың 13-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Премьер министрінің тағайындауымен «Тұрмыстық зомбылыққа қарсы әрекет ету туралы» заң жобасы әзірленді. 5. Заң жобасының негізгі мақсаттары қандай? ØАдамның қызығушылығын, бостандығын, заңды құқықтарын қорғауға, кепілдеме беуді көтермелеу. ØОтбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықты төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдау. ØТұрмыстық зомбылықтың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін жүргізу
Аталған заңды қабылдау – отбасылық тұрмыстық қатынастардағы азаматтардың қызығушылықтарын және бостандықтарын, құқықтрын қорғаудағы тиімділікті арттыру, осы саладағы құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету. Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмастарды өткізу керек іс болып табылады. Қай заманда болмасын адамды қанау, зорлық-зомбылық жасау ең сорақы көрініс және үрей тудыратын құбылыс болып саналады. Адам саудасы дегенде, әрбір кісінің жеке заңды құқығын ескерместен оларға зорлық-зомбылық жасау, азапты жұмыстарға жегу, адами еркін аяққа таптау арқылы белгілі бір топтардың, яғни оңай олжаға кенеліп, пайда табудың көзіне айналдыру секілді теріс сипатында көз алдымызға келеді. Алдап-арбау жолымен өз Отандарынан сырт мемлекеттерге әкетіліп, тегін жұмыс күші ретінде немесе жезөкшелікпен айналысуға итермелеу жағдайларын қазіргі заманның құлдығы дегеннен басқаша атау мүмкін емес. Ішкі мазмұны, орындалу механизмдері жұртшылыққа тіптен түсініксіз – сәби саудасы, шетелдерге жұмысқа жалдану, т.б. адам саудасының кеңінен жайылған түрлері. Өкінішке орай, уақыт сілкінісінен түсініксіз күй кешкен кез келген мемлекет ХХІ ғасырдың құлдығына қарсы тұра алмады. Мұның көрінісін мынадан байқауға болады:
· біріншіден, адам саудалаушылар өздерінің қылмыстық қызметтерін сырт көзге байқалмайтындай етіп, ұйымдастыра алады. · Екіншіден, экономикасы тұрақсыз, әлеуметтік жағдайы төмен елдің халқы құл иеленушілердің құрбандығына бірінші болып шалынады. · Үшіншіден, соғыс өрті тұтанған немесе тұтануға жақын жанжалды аймақ – «қарабазардың» қызған орталығы деуге болады. 6. Зорлықтан, құлдықтан аулақ болу үшін не істеу керек? Лектордың ұсынысы бойынша ол: миграция қызметіне тіркелу, келісім-шарт жасасу, жұмысқа қабылдаушы ұйым мен тұлғалар жайлы хабардар болу, бөтен тұлғаларға ешқашан паспорт және өзге де жеке құжаттарды бермеу. Адам құқықтары бұзылуының әртүрлі нысандары пайда болуда, олар – адамның өмір сүруге құқығының бұзылуынан бастап еркін сөзге құқықтың шектелуіне дейінгі нысандары. Соның ішінде, қазіргі кездегі адам құқықтары бұзылу нысандарының ең қауіптілерінің бірі – адам саудасы.
Адам саудалау, жеңгетайлық, жезөкшелікпен айналысуға тарту, адамдарды ұрлау фактілері күн өткен сайын жиілеп келеді. Адам саудасы криминогендік бизнестің алуан түрлілігі сияқты адамзаттың күрделі проблемаларының бірі болып табылады. Ол әлдеқашан жекелеген мемлекеттерден тысқары шығып, әлемдік ауқымға ие болды. Елімізде өзінің экономикалық және географиялық орналасу жағдайына байланысты, өкінішке қарай, адам саудасы құрбандары азаймай отыр. Әрбір жанашыр тұлға, қоғам мен мемлекет болып осы бағытта күш біріктірген жөн. Сондықтан да жиырма бірінші ғасырдың кеселіне айналып отырған осы өзекті мәселе күн тәртібінен түспеуге тиісті деп есептеленеді. Бүгінгі күні отбасына қатысты мемлекеттік саясаттың бейнесі болатын және оның қызмет аясы мен қорғауының құқықтық кепілдіктерін ұлғайтатын осындай қалыптағы заңдарды қабылдау қажеттілігі туды. Зорлық-зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге қоғамның көзқарсын өзгерту керек. ØБалаларға қамқорлық жасау, Øбаланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті... жолымен денесіне зақым келтіру немесе психолгиялық зақым келтіру негізінде қасақана әрекет ету.
|
|
|
Қоры тынды 10 мин |
- Зомбылықшының әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде квлификацияланады: Øденеге әсер ету, Øкемсіту, сөзбен тиісу, Øүй тыныштығын бұзу, Øазаматтарды сыйламау.
|
|
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Құқықтық сана қауымдық пана»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
|
Сынып жетекшінің аты-жөні |
|
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы |
|
||
|
Тәрбие жұмысының бағыты |
|
||
|
Мақсаты |
1. Оқушылардың құқықтық
білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат
қоя білуге баулу. |

Қазақстан дербес тәуелсіз
мемлекет болды. Жаңа қоғамды ұйымдастыруға бағытталған қызметтер
атқарушы – Президент Әкімшілігі. Парламент, Үкімет, Конституция
Кеңес т.б. құрылды. 1995 жылы тамыз айында бүкілхалықтық дауыс беру
нәтижесінде қабылданған жаңа конституция жаңа мемлекеттік органдары
заңдастырып қана қоймай, сонымен бірге әрбір жеке адам мен
азаматтық кең көлемде демократиялық құқықтары мен бостандықтарын
баянды етті. Сонымен қатар азаматтың міндеттері де айтылды. ҮІІ. бөлім Қорытынды |
|
|
Қоры тынды 10 мин |
тәрбие
сағатымызды қорытындылай
келе, сіздердің
келешекте өз білімдеріңізді
шыңдай, рухани жан
дүниеңізді байыта отырып, өз
құқықтарыңызды жете меңгеріп, еліміздің
жақсы азаматы болуларыңызға
сенім артамыз.
|
|
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Адам құқығы бала құқығы»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
|
Сынып жетекшінің аты-жөні |
|
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы |
|
||
|
Тәрбие жұмысының бағыты |
|
||
|
Мақсаты |
1. Оқушылардың
құқықтық білімдерін тексере отырып, |

а) Мемлекеттік әнұранды
орындау. Асқақтамай желбіреп көк
байрағым, |
|
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
|
Сынып жетекшінің аты-жөні |
|
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы |
|
||
|
Тәрбие жұмысының бағыты |
|
||
|
Мақсаты |
|
||
|
Бағалау критерийлері: |
|||
Тәрбие сағатының барысы
|
Барысы |
Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс
іс-әрекеттер |
Ресурстар |
|
Кіріспе 10 мин Негізгі бөлім 25 мин |
«Жемқорлық – ғасыр дерті» атты сурет иллюстрациясы 2.Кіріспе сөз: Салеметсиздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сыбайлас жемқорлық тақырыбына арналған. сыбайлас жемқорлық жергілікті проблема болудан қалып,ұлт шегінен тысқары құбылысқа айналғаны, оның қоғамды және барлық елдердің экономикасын қамтып отырғаны белгілі. Мектебімізде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттайтын,тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатан «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылған. Клуб сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу бағытында жұмыстарды атқаруда. Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңынна сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу деп түсініктеме берілген. 1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар. «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!!!
2-жүргізуші: тәрбие сағатымыздың мақсаты оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағұлматтар беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. 1 топ: Оң қанат –жақтаушы және 2 топ: Сол қанат-даттаушы пікірталас өткізу. Ең күшті аргументтер келтірген топ жеңіске жетеді. Бейнежазба көрсетіледі Олай болса 2 топқа тапсырма: оң қанат-«Сыбайлас жемқорлықты қоғамда жою мүмкін» сол қанат «Жоқ ,сыбайлас жемқорлықты қоғамда жою мүмкін емес» тақырыбына жақтайтын және даттайтын аргументтер беру тапсырылады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. «Сыбайлас жемқорлық» деген не? “Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік - “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін шыққан. Рим құқығында "corrumpire" түсінік болған, ол “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Сыбайлас жемқорлықтың шығу тарихына тоқтала кетйік: жемқорлық б.з.б. IV-III-мыңжылдықтарда Алдыңғы Азияда Шумерліктерде, Б.з..б. III-II мыңжылдықтарда Мысыр, Өзен аралығы, Үндістан, Қытай, Иудей халықтарында пара алу түсінігі болған. Карфаген, Рим империясы, Византия, Осман империясы секілді өз заманы-ның құдіретті мемлекеттерінің ыдырап, жойылып кетуінің ең басты себептері-нің бірі осы сыбайлас жемқорлық. Өкінішке орай, барлық әлем елдері сияқты «Сыбайлас жемқорлық» Қазақстан Республикасында айналып өткен жоқ. Қылмыстың бұл түрінің біздің қоғамымыздың да барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Ең қауіптісі, ол білім беру, медицина сияқты ізгілікті діттеген салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін бой көрсетіп жүр. Келесі сөзді топ мүшелеріне берейік. 1 оң қанат- жақтаушылар (аргументтерін келтіреді) 2 сол қанат-даттаушылар (аргументтерін келтіреді)
Бейне роликке назар аударайық! (видео ролик көрсетіледі) Топтарға тапсырма: Осы бейне роликті көрген кезде қандай сезімде болдыңдар? Роликтегі адамдардың әрекеті дұрыс па немесе бұрыс па? (2 топ бірден аргумент келтіреді
Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары: - қоғамның бақытты болашағын тежейді; - елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді; - жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.
Республикамызда сыбайлас жемқорлықты реттейтін бірқатар нормативтік құқықтық актілер қабылданған. ҚР 37 мемлекет қабылдаған конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылдады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік –құқықтық актілерде қабылданды оларға «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары жатады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар
жасағаны үшін жазаның түрі мен мөлшері жасалған қылмыстық әрекеттің
қауіптілік деңгейі мен келтірілген залалына байланысты
болады.
ҚР ҚК 366 бабына сәйкес Пара алғаны үшін мүлкі тәркіленіп,белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойынан айрылып, параның 50еселенген мөлшерінде айыппұл салынып, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылу жазалары қолданылады. Келесі сөзді жақтаушы және даттаушы топтардың мүшелеріне берейік. 1 оң қанат- жақтаушылар (аргументтерін келтіреді) 2 сол қанат-даттаушылар (аргументтерін келтіреді)
Келесі тапсырма : жағдаят шешу
1.Азамат Б әрекеті дұрыс
па не бұрыс па? (Топтар талқыға салады) ҚР ҚК 367 бабына сәйкес Пара бергені үшін мүлкі тәркіленіп,белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойынан айрылып, параның 20еселенген мөлшерінде айыппұл салынып, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылу жазалары қолданылады. ҚР ҚК 368 бабына сәйкес Парақорлыққа делдал болғаны үшін мүлкі тәркіленіп,белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойынан айрылып, параның 10еселенген мөлшерінде айыппұл салынып, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылу жазалары қолданылады.
«Ой
жалғау»
2. Өш алғаннан гөрі ...
(кешірген жөн)
6.Хан болсын, ханға лайық ... (Заң
болсын )
6.
Абыз болсын, абыз
сайлау... ( парыз болсын)
Келесі сөзді жақтаушы және даттаушы топтардың мүшелеріне берейік. 1 оң қанат- жақтаушылар (аргументтерін келтіреді) 2 сол қанат-даттаушылар (аргументтерін келтіреді)
Литмонтаж
Тәрбиесіз шоқ жұлдыздың жанама, |
|
|
Қоры тынды 10 мин |
Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, барша әлемге танылдық, мемлекетіміздің тамыры тереңге тарап, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданды, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайымыз түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнымызды айқындадық. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойдық. |
|
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Имандылық тәрбие негізі»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
|
Сынып жетекшінің аты-жөні |
|
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы |
Имандылық тәрбие негізі |
||
|
Тәрбие жұмысының бағыты |
|
||
|
Мақсаты |
Имандылық сөзінің нақты мағынасын түсіну. Оқушылардың білімдерін кеңейте отырып, ой - өрісін, қиялын, қызығушылығын, белсенділігін, құштарлығын, яғни, адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, ата - салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулу. Оқушы бойына имандылық, адамгершілік, қасиеттерді қалыптастыру. Адамгершілік қасиетттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту. Имандылыққа, парасаттылыққа, біліктілікке, адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке, еңбекқорлыққа, достыққа, ерлікке, ізденімпаздыққа, іскерлікке, шеберлікке, ұқыптылыққа, дәлдікке ұлттық педагогика негізде тәрбиелеу. |
||
|
Бағалау критерийлері: |
|
||
Тәрбие сағатының барысы
|
Барысы |
Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс
іс-әрекеттер |
Ресурстар |
|
Кіріспе 10 мин Негізгі бөлім 25 мин |
Имандылық туралы Жиғаныңа сенбе-иманыңа сен. Иманды адам - арлы адам, Имансыз адам- сорлы адам. Үстіңнің кірін - сабын кетіреді, Жаныңның кірін - иман кетіреді. «Имандылық қастерлі қасиет» «Имандылық - инабаттылық айнасы» «Имандылық – ізгілік негізі» Барысы: І Ұйымдастыру. ІІ. Кіріспе ІІІ. Негізгі бөлім. ІV. Қорытынды. Эпиграф: " Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамға ғибадат парыз " Абай Ауызша журнал Кіріспе бөлім. Кіріспе бөлім Мұғалім сөзі: сынып жетекшісі. Армысыздар, қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сынып сағатымыздың
тақырыбы «Имандылық – ізгілік негізі» деп аталады. Бүгінгі сынып
сағатымызға аудандық мешіттің бас имамы - Нұрлан мырза келіп отыр.
Қонағымызды қошеметпен ортаға
шақырайық. Егеменді еліміздің ертеңі
болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули
отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына құю - бүгінгі
білім мен тәрбиенің басты міндеті. Қазіргі кезде ата - анасын
қарттар үйіне өткізген бала, балаларын тірі жетім етіп, жүрген
алаяқтар, маскүнем, ұрылардың көбеюі біздің ұлттық тәрбиемізге сын.
Сондықтан, мектепте имандылық тәрбиесінің берілуі оқушылар бойына
ізгі қасиеттерін сіңіру үшін, өзін мұсылман деп тануға ұлтының озық
дәстүрін, әдет - ғұрпын ұғынуға, ұлтжанды азамат болып өсіп
жетілуіне игі әсер етеді деп
сенеміз. Тренинг: «Жүректен шыққан жылы сөз» оқушылар бір-біріне өздерінің жүректерінен шыққан жылы сөздерін айтады. Түс таңдау: «Қызыл» «Жасыл» Стол үстінде қызыл, жасыл түсті қағаз жатыр, сол түстерді таңдап екі топқа бөлінеміз. І топ: «Қызыл» ІІ топ: «Жасыл» «Топтастыру» стратегиясы І топ: «Имандылық» ІІ топ: «Достық»
Достық Имандылық
Ақ қағаз бетіне адамның бойында кездесетін жақсы және жаман жақтарды жазу. Ән «Дүние керуен» орындайтын Сапашов Диас. Журналдың екінші беті: «Имандылық - жүрекке ұяласа» Мұғалім сөзі: Журналымыздың екінші беті «Имандылық - жүрекке ұяласа» деп аталады. Бүгінгі тақырыпқа сай өз оқушыларымыз діни бағытта қандай ұғымдарды біледі екен, оқушыларға сөз кезегін берейік. Имандылық Мешіт Дін Құран Ислам діні Иман Мұхаммед Пайғамбар Құрбан айт Мұсылман Хадис Бес парыз Ғибадат Намаз Әулие Ораза Адам ата Зекет Хауа ана Қажылық Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көргенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған. Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (ғ.с.): “Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім”, – деу арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, имандылыққа өзі бірінші үлгі болған делінеді. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан: “Алланың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар” (Мұхаммед пайғамбар), – деп уағыздалады. Имандылықтың негізін мұсылмандар Құранда деп біледі. Қазіргі зайырлы өркениетті қоғамда да имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады. Имандылыққа қарама-қарсы жағымсыз сипат – имансыздық Имандылықтың шынайы төріне төрт нәрсе арқылы жетуге болады. 1.Аланың жазуына шүкіршілік; 2. Алла тағалаға шын пейілмен сенушілік; 3. Барлық істе де Аллаға жүгінушілік; 4. Сана сезіміңе кереғар нәрсеге шыдамдылық Иманды адам деп кімді айтамыз? Біріншіден, мінезі сыйымды; Екіншіден, әйелдерге ізет-құрметпен қараған адамды айтамыз.Аллаға иман келтіргеннен кейінгі істің ең абзалы – адамдармен достасу. Алла тағаланың алдындағы қадірлі саналатын іс – жасы үлкен кісіні сыйлау, шын ықыласпен оқылған Құранды тыңдау, әділдікпен, жақсылықпен айқын жол көрсеткен сұлтандарды, халифаларды құрметтеу. Кімде-кім өзінің, не біреудің жетім балаларын ес біліп, етек жиып, өз күнін өзі көретіндей жасқа келгенше бағып-қағып тәрбиелесе, оған пейіштің есігі ашық. Қарапайым киінудің өзі де иманға қатысты әдет. Жақсы мінез-құлықтар туралы ден қойып, әбден ойлану керек. Шариғаттың ақ жолымен жүрмеген ғалымдар да, кәрілер де, жастар да көргенсіз қылықтарға душар болады. Бәрі де өркендеуге емес, халықтың бетімен кетуіне апарып соғады. Теріс қылықтарға қарсы күресудің өзі әділетті іс. Абай атамыз айтқан сияқты ақылды адам екен. Сондықтан кім Аллахты таныса ол ақылды адам. Аллахқа құлшылық етуді имандылық деп айтады. Имандылықтың тармақтары өте көп солардың ең үлкені " Лә Илаһа Илла Аллаһ " - кәлимасы. Ең төмені жолда жатқан тасты адамдарға кедергі болмасын деп алып тастау. Ата-анаңа көмектесуің иманнан,басқада адамдарға көмек беруің иманнан,тіпті интернетте отырыпта басқаларға көмегіңді тигізуің иманнан. Ең бастысы ниеттің дұрыстығы. Имандылық ең басты Адамның Адам болмысын білдіретін үлкен құндылық. Мұғалім сөзі: «Бүгінде бейбітшілік белдеуіне айналған Қазақстанда ислам діні кеңінен қанат жайып келеді» деп ел басымыз атап өткен болатын. Дін дегеніміз сенім-нанымның ұйымдасқан түрдегі жүйесі әрі рухани дәстүр, Сонымен қатар ол жаратушы жайында қалыптасқан жоғары деңгейдегі киелі ұғым. Адамдар арасында өзінің жеке ұғымын, өмір сүру тәсілін, дүниетанымын дін ретінде түсіндірушілерде кездеседі. Алайда ортақ бір мәселе бар: дінге сенетін барлық пенде өзіне әсер ететін белгілі бір құпия күштің бар екендігіне сенеді. Дін — адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы, адамзат танымының дүние мен жаратылысқа деген көзқарасты айқындайтын мифология, философия және ғылымнан ерекше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеум. құбылыс. Діннің басты белгісі — адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау. Діни тұрғыдан, дін — бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды, болмысты толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Діннің шығуы қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша 40 — 50 мың жыл бұрынғы палеолит (тас дәуірі), яғни алғашқы қауымдық қоғамның салыстырмалы түрде жоғары деңгейдегі даму кезеңіне жатқызылып отыр. —
адам өмірін сақтаушы,
денсаулықтың қорғаны, адамның өзін-өзі құртып, бітіруіне тосқауыл
болатын ғажайып нәтижелер жиынтығы.Ислам мемлекеттерінде тұрмыс
жағдайы төмен болса да, қылмыс деңгейі мен ажырасу саны ең аз,
рухани бақыт көрсеткіші мен денсаулық деңгейі әжептәуір жоғары.
Дамыған елдерден қанша төмен тұрса да жоғары деңгейдегі мораль мен
тәртіп сақталған. |
|
|
Қоры тынды 10 мин |
Адамдар бір-біріне жақсылық жасаудан жалықпаса, өмірде сыйластық, қамқорлық, достық, сүйіспеншілік қарым-қатынаста болады, ал қоғамда татулық, бірлік, ынтымақ орнайды. «Түзу бастап, ақ жолды кесе көрме, Иман тонын үстіңнен шеше көрме» - деп түрік ғүламасы Жүсіп Баласағүн айтқандай Алла жолында түзу жүріп,бойымыздан иманымыз кетпесін. Әрдайым имандылық жанымызға серік болсын деген тілекпен бүгінгі ашық тәрбие сағатымды аяқтаймын. Бүтінгі сабақта өз ойларызды айтып, белсене қатысқандарың үшін көп-көп рахмет. Барлыктарьңызға Алланың нұры жауып, шапағаты тисін! |
|
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Адал өмір сүру абзал қасиет»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
|
Сынып жетекшінің аты-жөні |
|
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы |
|
||
|
Тәрбие жұмысының бағыты |
|
||
|
Мақсаты |
оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан,ақылды,шыншыл,қайырымды адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. |

1.Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер? 2. Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады? Оқушылардың ойын әрмен қарай өзім толықтырамын. Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті.Оның негізгі белгілерінің бірі-өзі үшін ғана емес,ел,қоғам үшін өмір сүру,адамдық ар-намысты ардақтау,әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. «Өзің үшін еңбек қылсаң,дейді Абай,-өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. «Досыңа достық-қарыз іс,дұшпаныңа әділ бол».Ақылды,мейірімді адам әруақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді.Арлы адам-ардақты адам.Арымыз таза болса,тарихымыз да таза. Адам атаулының жақсы қасиеттерінің бірі-адалдық,ол өмірде қымбат асыл қасиет,асыл мінез,ашық,шыншыл қарым-қатынас. «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше,шындықтың уын ішіп өлген артық» деген Бауыржан Момышұлы. Адамда асыл қасиеттерімен қатар жағымсыз қасиеттер де болады.Олар-жалқаулық,өзімшілдік,күншілдік,сараңдық,қорқақтық,менмендік,қатыгездік ашу,ызақорлық Сыныптағы оқушылар екі топқа бөлініп отырады.Адамгершілік туралы Ұлы Абайдың «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз»деген өлең жолдарын қалай түсінуге болады? Ол қандай қасиеттер? 1-топқа неден жирену керек?(Өсек,өтірік мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ) 2-топқа Неге үйрену керек?(Талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым) Келесі тапсырма «Өз бойыңда қандай жақсы қасиеттер бар?» Жарқын күн көлбейленіп тұр,күнді біз мейірбан,жан шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек,біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік,ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық. Бірінші бұлт.Жағымды ой ойлауға бір минут уақыт беріледі. Екінші бұлт.рухани адамгершілік қасиет-сүйіспеншілік.Сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер? 1.Отанға деге,ата-анаға деген сүйіспеншілік,досқа деген,туған жерге деген сүйіспеншілік. Үшінші бұлт.Жағдаяттық сұрақтар. 1.Сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы,қарым-қатынас жасағысы келмейді.Тіпті «оны мазақтаңдар»үгіттейді.Ал сен не істер едің? 2.Сенің жан досың «Киноға барайық»деген болатын,ал сенің уақытың болмай жатыр.Не істер едің? 4.Ата-анаңның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытқа келіп қалды делік,сен де оны үзбей қарайсың.Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі,сен қандай шешімге келер едің? Төртінші бұлт.1.Мәдениетті болу дегенді қалай түсінесің? Тамақ ішіп болған соң «рахмет»айт. Телефонға біреуді шақырғанда «рұқсат болса»дегенді ұмытпа. Байқаусызда біреуді қағып кетсең «кешіріңіз»деу керек. Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті:ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек». (Абай) Абай «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар,сонан қашпақ керек»деп үйретеді. «Әуелі надандық,екіншісі-еріншектік,үшіншісі-залымдық.Надандық-білім,ғылымның жоқтығы,дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды.Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны,талапсыздық,ұятсыздық-бәрі осыдан келіп шығады.Залымдық-адам баласының дұшпаны. Ашылған күннің соңындағы кемпірқосаққа көңіл аударайық. 1-түсі.Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар. 2-түсі.Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүріңдер. 3-түсі.Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды,жұбатқаныңда күлдіргеніңді еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көр. 4-түсі.Әнді жиірек тыңдаған дұрыс. 5-түсі.Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын. 6-түсі.Тыныштық сақтай білуге үйрен.Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан. 7-түсі.Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі-жамандыққа жақсылық-ер кісінің ісі»деген сөз жаныңда жүрсін. |
|
|
Қоры тынды 10 мин |
Көк аспан аясында күлімдеген күнімізді түнерген бұлттан қорғадық,артынан жадырап кемпірқосақ керілді,міне осындай әсем табиғат аясына асыл қасиеттерге толы «Адамгершілік ағашын» өсірдік.Осы әсем ағаш алдағы уақытта сіздерге сая болсын,бір-біріңізге деген ықылас сезімдеріңіз еш уақытта жойылмасын,үнемі қайырымды,мейірімді,адал,ақкөңіл,еңбекқор,әділ,ақылды парасатты болыңыздар! Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды,сау болыңыздар! |
|
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Адалдық ардың ісі»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
|
Сынып жетекшінің аты-жөні |
|
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы |
|
||
|
Тәрбие жұмысының бағыты |
|
||
|
Мақсаты |
Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру. |

Шаттық шеңбері Оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен көңіл күйлерін көтеру және олардың мақсат-міндеттерін ұғындыру мақсатында С.Сейітовтің «Шындық шырайы» өлеңін бірге оқып түсіндіру. Мәтінмен жұмыс Сабақты З.Шашкиннің «Темірқазық» әңгімесімен жалғастыру. Әңгімелесу
Тапсырма Оқулықта берілген мәтінді оқу және жүйелеп айтып беру. Тыныштық сәті Баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті» әдіс-тәсілін қолдану. Дәйексөз «Адалдық-ардың ісі» деген халық мақалын түсіндіру арқылы оқушылар жаңа ақпараттан пайымдаған ой пікірлерін жалғастырып,ары таза адал адам мәнді өмір сүретінін тусіндіру мақсатын жүзеге асырады. Жаңа ақпарат Ары таза адал адам мінді өмір сүреді.Оның ішінде Отанына,отбасына,қоғамға адалдық адамның өзіне,өзгеге,болашаққа деген сенімен арттыра түседі. Адалдық әр адамның өзін де,өзгені де сыйлауын көрсетеді. Адалдық бар жерде адам өзіне де,өзгеге де шындықты айтады,оны айту ауыр болғанда да ол тартынбайды.Адал болу тек қана өтірік айтпау емес,шындыққа ешбір қалтықсыз сену. Адалдық біздің жан дүниемізден басталады.Ол адами қарым-қатынастан және іс-әрекетімізден көрінеді.Адал адамға сенім артуға болады,оның қандай жағдайда да күмән келтіруге болмайды.Адалдығы бар адамның рақымы мол болады. Жағдаятты талдау Берілген жағдаят бойынша оқушылардың көзқарастары мен пайымдауларын талдау кезінде,олардың пікірлерін дәйектеуде,оқушылардың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі.Оқушы ойын түйіндеп,бір арнаға тоғыстыру мақсатында мұғалім жағдаят бойынша адал болу,өтірік айтпау,алдамау т.б. ұғымдардың мағынасын ашу. Дәйексөз. «Адалдық деген ашық , шыншыл қарым-қатынас» деген А.Макаренконың сөзін түсіндіру арқылы оқушылар жағдаяттан пайымдаған ой пікірлерін түйіндеу. Жағдаяттарды талдау. Бұл тапсырма жоғарыда айтылған ойларды тереңдете түседі. Оның ерекшелігі – өзгенің сенімін ақтау,адамның жауапкершілікті сезінуін қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты тапсырманы орындау оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Төмендегі жағдаяттарды шешіп,әдептілік тұрғысынан баға беру. Тапсырма берілген ой тұжырымдамамен танысу. Адалдық туралы өз ойымен толықтырып, түйгендерін ортаға салу.
Адалдық:
Жаңа ақпарат Адам өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуі, өзін-өзі тануы, ар-ұятты,алдында жауапкершілікті сезінуі үшін адалдық қажет. Адам өзгелермен қарым-қатынаста, іс-әрекетте адалдық танытуына байланысты оның сенімді достары да көп болады. Адалдық болғанда ғана адамдар шындықпен өмір сүре алады. Адал болудың, өтірік айтпаудың да өзіндік қиындықтары бар. Өйткені өмірде шындықты айту барысында қайырымдылық, төзімділік, басқаның басындағыны түсіне білуі т.с.с. қасиеттерді бойға сіңіруге ұмтылған жөн. Шындықты айтуым қажет деп, тұрпайылық танытқан дұрыс емес. Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады. Осы тұста ұлы тұлғалардың осы тақырып төңірегінде айтқан ой толғамдарын назарларыңызға ұсынғанды жөн санап отырмыз.
Ғұмыр бойы бақытты болғың
келсе – адал адам бол. Т.
Фуллер |
|
|
Қоры тынды 10 мин |
Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» атты айдармен берілген мына сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі:
Тапсырма Оқушыларға оқулықтағы мәтін тапсырма ретінде беріледі. Жүректен жүрекке Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап,шеңбер құрып, «Аман болсын адамдар» әнімен сабақты аяқтаймыз.
|
|
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Ұлттық ойындар халық мұрасы»

Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай – қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары. Бүгінде ойынды адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан – жай емес. Бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ұлт ойындары осылайша атадан – балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырған. Ойын тек адамның дене күш – қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т. б. тәрбиелеп қана қоймай, адамның ақыл – ойының толысуына, есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді. Манашыұлы Тұяқпай жырында: «Балалармен ойнайды, ойнап жүріп ол бала кеудеге ақыл ойлайды» - деп түйіндейді. Бұдан көретініміз ойын тек көңіл көтеру мен ермек үшін жасалмаған, қайта халықтың жазу өнері әлі дамымаған, оқу орны болмаған кезде өз ұрпатарын өмірге әзірлеу мүмкіншіліктерін пайдаланатын іс – әрекет қызметін атқарған. Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және алуан түрлі болып келеді. Ал, балалар кім қандай ұлттық ойын түрлерін біледі? Балалар: көкпар, күрес, теңге алу, жамбы ату, аударыспақ. Мұғалім: Бұл ойындарда қандай мінез –
құлықта болуды қажет етеді деп
ойлайсыңдар? Мұғалім: Олай болса балалар келесі кезекте ойын түрлеріне байланысты жаттаған өлең жолдарына кезек берейік. Әзір титтей бойымыз Қазақтың ұлттық ойындарының көптеген түрлері бар. Бұл ойындар бос уақытты көңілді өткізуге, денсаулықты шыңдай түсуге, халқымыздың әдет – ғұрпын, салт – санасын біліп өсуге, тілді дамытуға көп жәрдемдеседі. Осындай ойын түрлерінің бірі – жұмбақ айту. Бұл ойын – қол бос кездің бәрінде айта беруге болады. Жұмбақ айту ой – өрісті кеңейтуге, сауатты молайтуға үлес қосады. Оның шешуін табуда бала ізденеді, сұрайды, ойланады. Осының бәрі сауатын ашады. Бұл ойынды үлкендер де балаларда айтады. Бұл ойын кішігірім сабақ, дәріс. Кәне, олай болса біз де осы ойынды ойнап көрейік. Жылға дер ем ақпайды |
|
|
Қоры тынды 10 мин |
Қорытынды сөз: Сонымен ұлт ойындары – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор. Ойын адамның алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, өміріне ұштаса береді. Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ, болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған ортаны тану арқлы түсінік алады. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. |
|
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Ұлттық тәрбие ұлт болашағы»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
|
Сынып жетекшінің аты-жөні |
|
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы |
|
||
|
Тәрбие жұмысының бағыты |
|
||
|
Мақсаты |
а) Ата-аналардың үлгісі
негізінде оқушыларды ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге
тәрбиелеу. |

Мұғалім сөзі: |
|
|
Қоры тынды 10 мин |
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші,
балаларымызды бірлесе тәрбиелейік дей келе бүгінгі ата-ана
сағатымызды аяқтаймыз. |
|
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Алдымен сүй ардақта ата анаңды»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
|
Сынып жетекшінің аты-жөні |
|
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы |
|
||
|
Тәрбие жұмысының бағыты |
|
||
|
Мақсаты |
Бала
бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, ата - анасын құрмет
тұтып, адал да |

Қымбатты ата -
ана, ұстаздар! |
|
|
Қоры тынды 10 мин |
Қорытынды.
(оқушылар дайындаған өлең жолдарын оқып
беру) |
|
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Мен отбасымды мақтан тұтамын»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
|
Сынып жетекшінің аты-жөні |
|
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы |
|
||
|
Тәрбие жұмысының бағыты |
|
||
|
Мақсаты |
Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынастың маңыздылығын, отбасындағы құнды дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығын айқындату. |

-Қане, балалар, шаттық шеңберіне тұрып, сабағымызды мына өлең жолдарымен бастасақ. Қайырлы күн деп айтамыз, Мектептен білімді боп қайтамыз. Қайырлы күн, қонақтар, Біз әдепті баламыз. Отбасының гүліміз, Көңілді өтер күніміз. -Ал, балалар, сабағымызға сәттілік тілеймін. 2.-Сендер топқа бөліндіңдер. Топта жұмыс істеудің «Алтын ережесін» еске түсірейік. Топтарыңның аты «Айым», «Күнім», «Жаным» деп неліктен аталған деп ойлайсыңдар? Бұл сөздерді кімдер айтады? - Ендеше бүгінгі сабағымызда отбасы туралы сөз қозғаймыз. ІІ. «Топтастыру» стратегиясы. І топ. Айым. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер? ІІ топ. Күнім. Отбасына қатысты туыстық атауларды жаз. ІІІ топ. Жаным. Отбасындағы жарасым бірін-бірі сыйлайтын, түсінетін, бір-біріне қамқор болу үлкендерге де, кішіге де байланысты екен. Онда осы жарасымды күшейтетін «Отбасы ережесін» құрыңдар. «Айым болып тудың ба?» әні орындалып тұрады. Топ жұмысын қорғайды. Мұғалімнің сөзі: Ертеде ата-бабаларымыз киіз үй ортасында от жағатын, оны ошақ деп атаған. Бүкіл отбасы мүшелері от басына жиналып әңгімелесіп, ас ішіп отыратын. Сол кезден бір үйде тұратын жақын туысқандарды отбасы деп атайды. Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақын туыс адамдар. Оларды отбасы мүшелері дейміз. ІІІ. «Текті білу тегін емес, өзіңді танығың келсе, тегіңді біл» деген халық даналығы тегін айтылмаса керек. Осы мақсатта мен Томириске тапсырма берген болатынмын. («Менің ата-тегім» отбасы ағашын қорғауы.) IV. Мақал – мәтелдің жалғасын тап. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін, оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болуы керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Отбасы туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табыңдар. Ата – асқар тау, Ана – бауырындағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ. Ұлың – қымбат, Немерең – ыстық. Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер Ата – бәйтерек, Бала – жапырақ. Балалы үйдің еңсесі биік. Ұлы бар үйде қуат бар, Қызы бар үйде шуақ бар. V.Поэзия минуты. Әр отбасында ата-ананың орын бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке – шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел –отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу - әйел – ананың тікелей міндеті. Балалардың отбасы туралы жыр шумақтарын оқуы. -Қандай жыр жолдарын арнағыларың келеді? «Ана» өлеңі Ана – аяулы жан. Ана – сабырлылығымен, кешірімділігімен, сыпайылығымен үй ішіне береке әкеліп, шаңырақ бақытын орнататын адам. «Әке» өлеңі Әке деген-биік шыңы адамның, Әке деген-тірегі ғой ғаламның. Әке деген-бойыңда аққан қаның да, Шыққан тегің, ол-негізің, жаның да. Не десеңде әке жолы бір бөлек, Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп. «Әке – асқар тау» деген сөз тектен-текке айтылмаған. Әке – отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. VI. Оқушылар шығармашылығынан тұратын «Менің отбасымның тарихы» тақырыбындағы шығармаларын оқу. -Балалар, мен сендерге үйге тапсырма берген болатынмын. Шығарма жазып келдіңдер. Солардан оқып берсем. VII. Ойын: «Біз екеуміз бірге…» Бұл ойында бала ата-анасымен бірге үнемі не істейтіндерін жазуы тиіс. Мысалы: біз екеуміз бірге сабақ оқимыз, біз екеуміз бірге сурет саламыз, біз екеуміз бірге ойнаймыз т.б. VIII. Оқушыларға арналған жағдайларды талдау: Ата-анаңды мектепке шақырса үнемі келмейді, сол үшін ұстазың саған ренжиді. Осындай жағдайда сен не істейсің? Сенің досың – шамалы бұзықтау бала. Бұған ата-анаң «Досына қарап өзін таны» деп, мына жолдасың маған ұнамайды, онымен бірге жүруді қой деді. Не істер едің? Анаң жұмысқа кетер алдында «Балам, менің бүгін жұмыстағы ең ауыр күнім, кешігіп келемін. Ал сен мен келгенше үйді жинастырып, шай тамағымды дайындап қой.»– деп кетті. Сен болсаң кешке дейін далада ойнап, дәл анаң келер уақыттан 15 минут бұрын ғана үйге кірдің. Ешнәрсеге үлгере алмадың. Осы кезде есіктің қоңырауы соғылды. Не істейсің? IХ. «Менің отбасымдағы дәстүрлер» топтастыру. Бауырласқан жанымыз Бұзылмаған салтымыз. Кең даланың ежелгі Қазақ деген халқымыз. Өзге ұлттай біздің де Бар дәстүр мен салтымыз, - дегендей әр отбасында жақсы дәстүрлер сақталған. Соларды топтастырып жазсаңдар |
|
|
Қоры тынды 10 мин |
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрдің сақтаушысы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Тақтадағы алтын түстес ағашқа әр оқушы отбасы туралы түйін сөздерін немесе отбасын қалай жақсы көретіндіктерін, отбасын қалай құрметтейтіндіктерін бір-бір сөз арқылы алтын жапырақтарға жазып іледі. Яғни, «Отбасы – алтын діңгек» екенін дәлелдейді. Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы, алтын діңгегі. Топтарға қошемет көрсету.
|
|
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Еңбек өмір мәні»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
|
Сынып жетекшінің аты-жөні |
|
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы |
|
||
|
Тәрбие жұмысының бағыты |
|
||
|
Мақсаты |
Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып,ерінбей еңбек етуге,еңбектің адамның табиғи қажеті екендігін ұғындыру. Еңбексүйгіштікке,еңбек адамын құрметтеуге,сыйлауға тәрбиелеу. |

оқушылармен сәлемдесу. - оқушыларды түгендеу. 1. Қайырлы күн, оқушылар! Бүгінгі күндеріңізге сәттілік! Бүгін «Еңбек – өмір мәні» атты тақырыпта тәрбие сағаты өткізіледі. Ассосация құру.
Ендеше, шыбын сияқты босқа ұшып жүрмей, ара сияқты еңбек етіп, пайдалы болып, жемісін көрейік. Бүгінгі сабақта адамның өміріндегі еңбектің рөлі, адам еңбек ету үшін бойында қандай қасиеттер болу керек, «еңбекқорлық», «еңбексүйгіштік» және еңбектің нәтижесіне қалай жетеміз және осы өмірде еңбекқорлық қасиеті, еңбексүйгіштік қасиеті арман-мақсаттарымызға, алдыға қойған тілектеріміздің орындалуына қалай ықпал етеді, сол туралы мәселелерді қарастырамыз. Енді баршамызға аян барлық адам бақытты, жақсы өмір сүргісі келеді. Қалай ойлайсыздар адамдар жақсы, бақытты өмірге қалай қол жеткізеді? Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. 2. Бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі: «Адал сол – таза еңбекпен күнін көріп, жаны үшін адамшылық ар сатпайды» деген Шәкәрім Құдайбердиевтің ойы. Осы дәйексөзді қалай түсінесіздер? Бұл – адал еңбек ету, адал өмір сүру деген мағынаны береді. 3. Енді осы дәйексөзімізді тереңірек түсіну үшін Қазақстанның 50 алдыңғы қатарлы бизнесмендерінің қатарына кіретін меценант, халықтың жанашыры, қазақ миллионері Бауыржан Оспанов туралы бейнебаянды тамашалаңыздар. 4. Бейнебаянды қарап болсақ, талқылайық.
Осы бейнебаянды және сұхбатын интернеттен толық нұсқасын оқып, қарауға болады. 5. Үй тапсырмасы. «Адал еңбек иесі» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізіңіздер. Өздеріңіз білетін еңбек адамдарымен сұхбаттасып, олар (ата-аналарыңыз, туысқандарыңыз, ұстаздарыңыз, таныстарыңыз, достарыңыз, белгілі адамдар және т.б.) туралы слайд әзірлеңіздер. |
|
|
Қоры тынды 10 мин |
Бүгінгі сабағымызда адал еңбек ету адамды қандай игіліктерге жеткізетінін өздеріңізбен бірге жауап іздедік деп ойлаймын. Өмірдің мәні қалаған ісіңді істеу емес, сол істеген ісіңді зор махаббатпен, адалдықпен атқару екенін ұғынғандаймыз. Сабағымыздың соңында Жүсіп Баласағұнидің «Түгел алғың келсе өмірдің ырысын, таза болсын сөзің, ойың, әр ісің» деген сөзімен аяқтағым келеді.
|
|
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Мамандық менің болашағымның таңдауы»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
|
Сынып жетекшінің аты-жөні |
|
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы |
|
||
|
Тәрбие жұмысының бағыты |
|
||
|
Мақсаты |
- мамандық туралы түсінік беру, оқушыларға қолдау
көрсету, жоспарларын анықтау, мамандық таңдаудың қыр - сырларын
меңгеру; |

Құрметті Қазақстанның жарқын болашақтары! |
|
|
Қоры тынды 10 мин |
«Жағдаяттық сұрақтар»
|
|
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Мамандық менің болашағымның таңдауы»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
|
Сынып жетекшінің аты-жөні |
|
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы |
|
||
|
Тәрбие жұмысының бағыты |
|
||
|
Мақсаты |
Еңбек етудің маңызын ашып, экономикалық сауаттылыққа дағдыландыру |

Адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келеді. Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған. Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді. Еңбектің арқасында табиғат заттарын еңбек құралы етіп, отты сөндірмей пайдаланды, топтасып аң аулады, бір-біріне көмектесті.Ф. Энгельс айтқандай «Адамды адам еткен- еңбек» . Демек Адамның еңбегі- саналы еңбек. Сонымен тіршілік үшін ауадай қажет, онсыз бір күн де өмір сүруге болмайды. Заттың бәрін адам баласы өз қолы, өз еңбегімен жасайды. Адам өз қолымен жасайтын еңбегі әрі сарқылмас жігерімен құдіретті. Еңбектің арқасында адам жетіліп дами бермек. Еңбек адамның денесін шынықтырып, мінез-құлқын қалыптастырады. Еңбек ету адам баласынан тапсырылған іске деген табандылық пен ынта-жігерді, құндылықты, тындырымдылық пен жауапкершілікті талап етеді. Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді. Топқа бөлу Видеоролик. «Әркім өз игілігіне еңбек етсін, сонда мемлекеттіңде игілігі артады» деп Елбасымыз айтқандай.Енді оқушылар өз отбасындағы мамандықтар мен өзінің болашақ мамандығын ортаға салсын. Маржан « Менің отбасымдағы мамандықтан тәжірибе» Гүлдана «Менің болашақ мамандығым – ауылымның болашағы» «Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М.Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Сергіту сәті
Профессия- латын сөзінен шыққан
, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді
білдіреді.
|
|
|
Қоры тынды 10 мин |
Еңбек және Әмірші флипчарт қорғау
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Өмір еңбексіз ештеңе бермейді. Яғни бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы «Әлемнің әміршісі - еңбек.»
Енді оқушыларымыз мамандық түрлері туралы қаншалықты білетінін тексеру үшін «Ең, нағыз..» деп аталатын ойын ойнап көрейік. Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелері ұсынылатын болады, ал сендер берілген мінездемеге барынша сәйкес келеді деген мамандықтарды атауыңыз керек. Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін-өзі қалай дайындау керек деп есептейсіз? 2. Өзіңізді еңбекқормын деп санайсыз ба? Еңбекқорлық адамды қандай қасиеттерге баулиды? 3. «Адал еңбек» деген ұғым нені білдіреді? 4. «Еңбектің жемісі» дегеніміз не? 5. Адамның бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады? 6. Қандай мамандық таңдауға кеңес берер |
|
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Кибербуллингтің зардаптары»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
|
Сынып жетекшінің аты-жөні |
|
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы |
|
||
|
Тәрбие жұмысының бағыты |
|
||
|
Мақсаты |
«Буллинг»
сөзінің мағынасын ашу, таныту; |

||||
|
Кіріспе 10 мин Негізгі бөлім 25 мин |
|
|
||||
|
Қоры тынды 10 мин |
|
|
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Әлеуметтік желіні дұрыс пайдалана білейік»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
|
Сынып жетекшінің аты-жөні |
|
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы |
|
||
|
Тәрбие жұмысының бағыты |
|
||
|
Мақсаты |
Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру; |

Топ мүшелермен және сарапшылармен таныстыру Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сарапшыларымыз: ІІ. Тақырыппен жұмыс
1.Жүргізуші ашық пікір-таластың ойын-шарттарымен таныстырады: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар,оқушылар сіздерге 9-10 сынып оқушылары арасындағы «Интернеттің пайдасы мен зияны» атты пікір-таласты ашық деп жариялаймын.
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа Табылғандай танымда,жат дауыста. Біреу озып келеді қатарынан, Біреу қалып жатады асығыста. Ойын толқын жатқанда асып,тасып, Біреу ығым,біреулер шалыс басып. Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар, Жеңсеңде, жеңілсеңде қалма жасып. Көрермен жиналған бұл тамашаға, Құр қарап жай отыру жараса ма? Туыс, досқа,сыныптас, танысқа емес Соқ қолыңды білімді таланттар Пікірталас шарттары: 1./ екі топ өз ойларын ортаға салады, онда (регламент сақтау,) 3 мин 2/ сұрақ жауап кезеңі 3/ спикерлердің қорытындысы 4.әділқазылардың қорытынды сөзі Армысыздар құрметті көрермен,менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы өте зор. Алдымен интернетке анықтама берейік. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі .
Интернет ұғымы ХХ ғасырдың
аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай
жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік
ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті
дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған
бір сала болса, ол — бүкілғаламдық желі — Интернет деп санар
едім. Сәлем бердік қауымға! Біздің қарсыластарымыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр.Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады. Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн.Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі.Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына,адам психологиясына да әсер етеді.Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады. Интернетке жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады.Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы.Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап,уақытын тиімсіз өткізудің зардабы. Тыңдағандарыңызға рахмет. Сәлем бердік қауымға! Интернеттің жеке-дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады 1.Алысты жақындату 2.Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру. 3.Сана-сезімді жоғарылату. 4.Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру. 5.Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру. 6.Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу. 7.Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу. 8.Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.
қабылдап алуға не керісінше
жіберуге болады; . Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ,әрине алға баспаймыз.Керісінше біртіндеп құлдырай береміз.Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек.Компьютерде отыру денсаулыққа зиян.Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар.Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп.Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін.Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор Назарларыңызға рахмет. Скрыть объявление
Интернетті дұрыс мақсатқа
пайдалансаң, ісің де оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады. Ал
егер теріс бағытқа, пайдакүнемдікке, қарау ойлы мақсатқа, т.с.с.
жасөспірімдерді аздыруға қолдансаң, оның жайы бір басқа. Яғни
терроршылдық, экстремистік, дінбұзарлық, қоғамға жат сананы
насихаттау секілді әрекеттер үшін Интернетке цензура енгізу
қажет-ау деп ойлайсың… Бірақ ең демократияның орнаған саласы — осы
ғаламтор екенін Интернетті қолданушылар жақсы түсінеді. Өйткені,
мұнда қандай ой, пікір айтсаң да, қалай айтсаң да, тек өзіңе,
адамгершілік арыңа сын. Интернет — тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері. Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді.. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр түрлі қызықты ойындар ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан-жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші. Тыңдағандарыңызға рахмет! Сәлем бердік көрерменге! Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа?Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар.Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін. Құлақ қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Сәлем бердік қауымға Күн сайын теледидар қарап отырып не бір түрлі келеңсіз жағдайларға кезігесің.Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге бару.Қорлық-зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер.Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады.Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді.Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ.Небір түрлі қырғын атыс-шабыс ойынын, өзгелермен танысу,ұятты көріністер қарайды.Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз-қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық-зорлық көбейеді.Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? Әр нәрсе өз нормасынан асқан соң, жаманға айналады. «Сақтансаң сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не қылады», демекші Шәкәрім атамыздың мына сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім: Сақтық-деген әрқашан байқап жүрмек, Пайда не залал ма ескерілмек, Көргенің естігенін есепке алса, Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек. Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, интернетті білмеген заман көшінен қалды деп,таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті.Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп,жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп,ал зиянынан сақтанайық демекпін. Тыңдағандарыңызға рахмет! Армысыздар пікір-сайыс дегенде ішкен асын жерге қоятын көрермен қауым. мен Ғаламшар» тобының спикері Бөлекбаева Жарқын Иә,балық сүйексіз,адам қатесіз болмайды демекші, бүгінгі біздің топтың қатесі болса,кешірім сұраймын. Көтеріліп отырған мәселе әлемдік деңгейде қаралып отыр. Жаста болсақ, біз осы мәселеге үлесімізді қосып, қосымша мағұлматтармен жұмыс жасадық. Бүгінгі біз ұсынып отырған қарар өзекті. Жер халқының келешегі жас буын, яғни біз! Олардың мәселесі шешілмесе келешектен қандай үміт күтеміз!Сондықтан мен «Мұрагер» тобының ұсынып отырған мәселесі өзекті деп айтамын. |
|
|
Қоры тынды 10 мин |
Асыл тастан, өнер жастан-демекші, осылай жас-ұрпаққа интернетпен жұмыс жасауға, қажет мәселерін алуға жағдай жасалып отыр. Сондықтан қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді,интернеттен юар керек мағұлматын жинап, Қазақстанға өз үлесін қосатын сауаты мол ұрпақ керек! Сондықтан интернет кімге де болсын өте қажет,оның пайдасы өте зор.! Сонымен іске сәт,жұмыстарыңыз табысты болсын! |
|
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Адам әдептілігімен әдемі»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
|
Сынып жетекшінің аты-жөні |
|
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы |
Адам әдептілігімен әдемі |
||
|
Тәрбие жұмысының бағыты |
|
||
|
Мақсаты |
оқушыларды кішіпейілдікке,
үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп,
ұнамсыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы әдеп әліппесін
бойларына дарыту.Оқушыларға бала құқықтары жайлы декларацияның
кейбір баптары туралы түсінік беру. Ол баптардың мазмұнын көрініс
арқылы ұғындыру.Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге, құқықтық
сауаттылыққа тәрбиелеу. |

Біз осындай жаман қылықтан жиіркеніп, өнегелі,
тәртіпті, Сонымен әдептілік дегеніміз -
ізет, инабат, сыйласым, құрмет, |
|
|
Қоры тынды 10 мин |
- Қымбатты оқушылар! |
|
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Ғарыш қырандары»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
|
Сынып жетекшінің аты-жөні |
|
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы |
Ғарыш қырандары |
||
|
Тәрбие жұмысының бағыты |
|
||
|
Мақсаты |
оқушыларға ғарышкерлер мейрамы туралы түсінік беру, Отанымызға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар мен Талғаттың ерекшеліктерін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу; балалардың ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, оқушыларға патриоттық тәрбие беру. |

Мұғалім: Құрметті оқушылар! Ғарышкерлер мерекесіне арналған "Ғарышқа түрен салған қыран - қазақ!" атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Бүгін Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. Осыдан тура 55 жыл бұрын алғаш жер серігі де, бірінші адам да әлем бойынша қазақ жерінен, Байқоңырдан ғарышқа аттанған болатын. Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет әлем бойынша ғарышқа жол салған Юрий Гагарин болды. Араға 30 жыл салып, қазақтың атын шығарып ғарышкер Тоқтар Әубәкіров те көкке самғады. Осылайша Қазақстан ғарыш кіндігіне айналды. I кезең: "Ғарышқа түрен салған қыран -қазақ!" Мұғалім: Алпыс бірдің сәуірі адамзат баласын шырт ұйқысынан оятқан кеш болды. Оның алдында ғана әлі зерттелмей келген ғарыш кеңістігіне жердің жасанды серігі ұшырылған болатын. Енді, міне, аспанға адам ұшты. Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің есімі бір сәтте жер бетіндегі адамдардың аузында жатталып қалды. Сол кезден бастап жер бетінде ғарышкер болғысы келетін балдырғандар қатары күрт көбейе түскен еді. Аспанға ғарышкер ұшқан сайын "Ғарышкерлер қалашығы", "Жұлдызды қалашық" деген сөздер жиі естілетін, жанның бәрі шын жүректен құмартатын. "Байқоңыр" дегеннің қайда екенін Кеңес Одағының азаматтары жөнді біле де бермейтін, бәрі де жабық есік жағдайында, аса құпия түрде болды. Жасырын нысанның үстінен керек десеңіз құс та ұшыра алмайтынды. Расында да "Миллиондаған жанның асқақ арманына айналған Байқоңыр қандай мекен өзі?" деген орынды сұрақ туындайды. Ал, шын мәнісінде, Байқоңырға барсаңыз, Төретамда болсаңыз, әсіресе жаз айында төбеңіз көкке екі елі тимей тұрғандай әсерге бөленетініңіз анық. Бұл туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың былай дегені бар: "Қазіргі ғарыш айлағы орналасқан жерді сонау VII ғасырда түркінің даңқты философы, ақын әрі сазгер Қорқыт ата "жердің кіндігі" деп атаған. Сол сияқты ерте замандарда талай-талай керуен жолдары өткен киелі өңір. Сондықтан ғарышқа тұңғыш адамның дәл осы жерден ұшуы тегіннен-тегін емес!" Расында да кезінде Циолковскийдің сұқ саусағы дәл осы жерге бекер шұқшиған жоқ. Әйтпесе Ресей Федерациясының ұланғайыр кең даласында осындай жер табылмады дейсің бе? Былайғы жұртқа ішкі сырын аша бермейтін Владимир Путиннің өзі де 2006 жылы Байкоңыр ғарыш айлағында болғанда "Әлемдік тарихтың ең бір ұлы кездері - жасанды жер серігінің, тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуы, ашық ғарыш кеңістігіне шығу тәрізді қайталанбас оқиғалар осы жерден бастау алды" деп тебіреніп кеткен кезі бар. Қазіргі уақытта жер жүзінде отызға тарта ғарыш айлағы бар. Байқоңыр соның бірі және бірегейі! Соңғы он бес жылда Қазақстан мен Ресей арасында ғарыш айлағы қызметінің барлық саласын реттейтін әрі дамытатын отыздан астам келісімшартқа қол қойылды. 2005 жылы Қазақстан Президенті Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанада "Байқоңыр" кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге және "Байқоңыр" кешенінің қызмет етуін қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты ықпалдастықты одан әрі дамыту туралы меморандумдарға қол қойды. "Байқоңыр" кешенін Ресейге жалға беру 2050 жылға дейін ұзартылды. Бірақ қазақстандықтар бұдан былай қарапайым жал-ға берушінің рөлін ойнағысы келмеді. Ол жөнінде сол жылы Қазақстанның Сыртқы істер министрі болып Қасым-Жомарт Тоқаев та мәлімдеген еді. Қазіргі кезде жер спутниктерін басқаруға Қазақстанның ғарыш саласындағы өз азаматтары тартылып отыр. Ғарыштық байланыс және навигация, баллистика, бағдарламалау және телеметрия саласы бойынша ең үздік деген мыңға жуық білікті маманның ішінен сен тұр, мен айтайын дерлік 35 адам іріктеліп алынды. Олар Ресейде оқып-үйрену курсынан өтуде. Қазірдің өзінде отандық операторлар соңынан от бүркіген зымырандарды басқару ісіне машықтанып үлгерді. Жер серіктерін ұшырып, оның жұмысын басқаруға казақтың маңдайы жарқыраған жігіттері сақадай сай отыр. Бұған қалайша қуанбайсың, қалайша марқаймайсың! Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың қатары толығатын күн де қашық емес. Қазірде Ресейдің ғарышкерлер даярлайтын орталықтарында Айдын Айымбетов пен Мұхтар Аймаханов деген екі қазақ азаматы дайындықтан өту үстінде. «Бұйырса, сол екеуінің бірі аспанға ұшып қалуы мүмкін»- деп 4 жыл бұрын айтылған еді. Иә, Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ғарышкерлерінің ұшуы 2013 жылдың күзіне жоспарланған. Қазақстандық М. Аймаханов пен А. Айымбетов оқуды 2003 жылдың маусымында Ю.Гагарин атындағы ғарышкерлер дайындау орталығында бастады. 2005 жылдың шілдесінде екеуі де "ғарышкер-сынақшы" мамандығын алып, қазір ғарышқа ұшқан қазақ ұлдарының қатарын көбейтуге толықтай әзір. Осыған қарап қазақтың аз уақытта ғарыштық кеңістікке ғаламат құштарлықпен қадам жасауға ұмтылуда ұлтымызды жаңа сапалық белеске көтере түскенін еріксіз мойындайсыз. Бүгінгі таңда өркендеп өсудің жаңа бағыттарын ойластырған елдердің біразы ғарышқа көз тігіп отырғаны бар. Бұл ретте біздің де ғарыштық ғылыми зерттеулерді жетілдіруге бет бұруымыз дұрысақ. Мұның өзі мемлекетіміздің қандай да болмасын күрделі міндеттерді шеше алуға қарымы да, қуаты да жетуге айналғанын айқын көрсетпек. Өкінішке қарай, еліміздің «Каz-Sat» атты тұңғыш жер серігінің ұшырылуы аса сәтті бола қойған жоқ. Алайда "Жаңаның бәрі найзаның ұшында" дегендей, бұл аталмыш саладағы ғалым мамандарының алдағы зерттеулеріне сабақ болады әрі жігерлерінің туын еш жықпайды деп үміттенеміз. Мемлекет басшысы алға қойып отырған бәсекелестікке қабілетті елу елдің қатарына қосылу үшін ғылымымыз қарышты дамуы керек. Ғарыш біле білсек ең күрделі ғылымдардың бірі болып табылады. Бұл бағытта Үкіметіміздің де атқарып отырған жұмыстарын ескергеніміз жөн. Сол азаматтардың көмегімен шетелдерде оқып білім алып жатқан болашақ кадрларымыздың бар екендігін ескерсек, бізде алдыңғы күнге деген үмітіміз молая түсетіні рас. II кезең: "Біз - ниеті ғарыштағы елміз" 1991 жылдың 2-қазаны әлі есімізде. Ел болып толқыған күн еді. Қазір қазақ ұлы ғарышқа ұшады. Тоқтар Әубәкіров! 5-сыныптағы 6 ұлдың 5-еуі осыдан кейін ғарышкер болуға бел байлаған. Байқоңырдан көк жүзіне сіңіп кеткен "Союз ТМ-13" кемесінің ізіне сағынышпен қара-а-а-а-ап қалған едік. Құлағымыз ғарыш жаққа тігулі жүрді. Теледидардан жарқ ете қалған Тоқтар ағамыздың жүзіне қызыға қараймыз. Экранды сипап тілеуін тілейміз. Тоқтар ағамыздың ғарышта да көңілі көтеріңкі. Өзі талай құлағында ойнаған ұшақтың кішкентай макетін ауасыз кеңістікке жібере салып, соңынан күле қарайды. Енді бір сәтте борттағы басқа ғарышкерлермен әлденеге мәз болып, алақандарын шарт еткізе қағады. Әй, ырза болғанымыз-ай! Шынын айтқанда, сол күндері ғарышта Тоқтар ағамызбен бірге барлық қазақ жүрген еді. 8 күннен кейін қазақ ұлы ғарыштан аман-есен оралды! Кешкі жаңалықтардан көріп отырмыз; әуелі аспаннан формасы белгісіз бір зат көрінді де, жерге жақындағанда парашюті кенет жазылып қалықтай жөнелді! Ендігі бір кадр ғарышкерлерді көрсетті. Тоқтар ағамыздың жүзінде қатты шаршау бар, бірақ көзі!.. Иә, көзінде бақыт оты адаулап тұр! Оң қолын әнтек көтереді. Қаумалап, кабинадан түсіріп алып жатқандарға әлде ерекше ырзашылықпен, әлде Жер-Анаға табаны қайта тиетініне көңілі сенбейтіндей қимастықпен қарайды. Аяғы өзіне бағынар емес, Екі жағынан көтеріп әкеліп, қазақтың сайын даласына қойылған кресло-орындыққа отырғыза шыққан жаққа мойын бұрып әдемі жымиды! Біз теледидар алдында тұрып қол соқтық! Апаларымыз көзіне жас алды. Содан бері 25 жыл өте шығыпты. Біз содан кейін де ғарышқа бірнеше рет жол салдық. Адам баласының қиялы жетпейтін биіктен өзі сонша қорғансыз, бірақ адамзатқа сонша қорған Жер-Анаға қазақ көзімен қарадық. Қазақ көңілі түскен жанға "Биіктен көрін" дейді. 25 жылда ел ретінде ғарышқа самғай алдық па? Биіктен көріне алдық па? Міне, әңгіме осында. Ұлттың ұлт екенін, елдің ел екенін танытатын атаулы күндер болады. Соның бірі - осы 2-қазан. Ғарышқа топырлатып қыран ұшырып жатқан ел емеспіз. Сондықтан сенатор Ғани Қасымовтың көтерген бастамасын, яғни 2-қазанды «Қазакстанның ғарыш күні» деп атауға толық қосыламыз. Ш кезең: "Арманы айға ұшырған азамат" Біз қазақтан тұңғыш шыққан ғарышкер туралы не білеміз? 27-шілде 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Май ауылында дүниеге келген Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровты ұшқыш болады деп ешкім ойламаған еді. Жасқа толмай жатып әкесі өмірден озды. Ол он жасында-ақ винтовка жасап, бесінші сыныпта сүңгір қайық жасауға әрекеттенеді. Қалайда әкесінің атына жаман сөз ергізуді қаламаған бала Тоқтар өзіне талапты қатаң қоятын. Авиация туралы оқулықтарды көп оқып, қолдан ұшатын модельдер жасаған еді. Тоқтардың ұшқыш-сынақшы мектебінен дәріс алуына Дінмұхамед Қонаев атамыз өз үлесін қосты. Сөйтіп, авиация өнеркәсібі министрлігіне ауысты. Бірақ Тоқтар оны да місе тұтпады. 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет әуеде жүріп ұшаққа екі рет май құйдыру арқылы Солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен аяқтады. Кеңес Одағының Батыры атанды. Кеме жер төңірегіндегі "Мир" кешенімен түйісті. Онда бірге ұшқан ғарышкерлермен биотехнология, металлургия, медицина салалары бойынша және Арал аймағына ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болуы, оның зияндыларының ғарыштық суреттері алынды, атмосфераны және жер бетін зерттеу жүргізілді, жұлдызды аспанға бақылау жасалды. Осы зерттеулер арқылы ғалымдар, мамандар түрлі болжамдар жасады. Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың ізбасарлары Мұхтар Аймаханов пен Айдын Айымбетов бүгінде Мәскеудегі Жұлдызды қалашықта дайындық үстінде. Алғашқы ғарышкерлердің де, болашақ ғарышкерлердің де бала күнгі арманы өмірлік мақсатына айналса деген тілек білдіреміз. IV кезең: "Ғарышты игерудің пайдасы бар ма?" Қазір адамзат өмірін ғарышсыз елестете алмайды. 1961 жылдың 12-сәуірінде Ю. Гагарин алғаш ұшқанда ешкім де дәл бүгінгідей бәрі мобильді, бәрін де ғарыштан бақылауға болатын заманға жететінін ойламаған болар. Ғарыш өмірдің барлық саласына жаңалық әкелді. Мәселен, ауыл шаруашылығын дамыту керек дейік. Ол үшін ауа райының құбылысы, мал жайылымы, ауыз судың жеткіліктілігі бақылануға тиіс. Ал оны бақылау тек ғарыш арқылы жүзеге асады. Бұл пікірді мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтың сөзімен түйіндесек: "Чехияда іссапарда болдым. Олардың бос жатқан жерін көріп, неге игермейтінін сұрадым. Сонда олар "Біздер, Еуропа елдері, белгілі бір дақыл түрлерін ғана отырғызамыз деген келісімшартқа отырдық. Бұл жер - игерілмеуге тиіс жер, сол үшін де ақы төлейді" деді. Қызық көріп: "Сіздерді қайдан біледі? Берген ақшаны алып, қосымша неге пайда таппасқа?" деп сұрағанымда: "Бәрі ғарыштан бақыланады" деді. Демек, дамыған елдер бір-бірімен бәсекелес болмас үшін шектеу қойған. Егер еккен өнім өтпей қалса, ысырап болады. "Міне, ғарыштың пайдасы" дейді М.Әбенов. Жалпы Жердің жасанды серіктері елдің географиялық жағдайын, геофизикалық өзгерісін, атмосферасын зерттейді. Жер шарына қаупі бар апаттардың алдын алады. V кезең: "Жадыңда жүрсін"
|
|
|
Қоры тынды 10 мин |
Отандық жер серігі туралы не айтамыз? Жақында Ұлттық Ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев баспасөз қызметкерлерімен өткізген жиында не деген екен? Жер серігі байланыс жүйесі өте тиімді. Алдағы жылы 100 миллион, одан кейінгі 200 миллиондай АҚШ доллары игерілмекші. Мұндай қомақты қаржының бөлінуі қазақстандық Ұлттық Ғарыш агенттігін әлемдегі ғарыш кеңістігін игеруші ондықтың қатарына қосады. |
|
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ қолында»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
|
Сынып жетекшінің аты-жөні |
|
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы |
Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ қолында |
||
|
Тәрбие жұмысының бағыты |
|
||
|
Мақсаты |
оқушыларға білімнің қажеттілігін, күшін түсіндіру және олардың білімге деген құштарлықтарын арттыру. |

І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Кіріспе Бұл кезеңде Әнұран орындалады, қазақ халқының символы болатын ұлттық брендтер әкелінеді, қазақша би биленеді. Мұғалім: «Білім – күш» дедік. Шын
мәнінде білім бар болғаны кілт қана, оның орнын тауып қолдана
білсең ғана күш - қайратқа ие боласың. Құр оқи білгенмен, ештеңе шықпайды, әлсін - әлсін ойыңды қозғап қой, пайдаланылмай қалған ақылды тот басады. Көп адам өзінің не тындырып
жүргенін, өзінің ақыл – қабілетінің қай деңгейде екенін біледі. Көп
білген сайын адам білім – танымға тойымсыз келеді. Мұхаммед
пайғамбар мен дана Шәкәрімді тау - тас кездіріп ойландырған – сол
білім – танымға асықтық. Осыған керісінше ,кейбір адам аз білген
сайын, өзіне - өзі риза болады, көңілге тоқ
келеді. Бүгін біз 9а-сыныбының топ басшысы, яғни Президенті ұсынған 2017-жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын талқылап, басылым шығармақпыз. Ол үшін бізге БАҚ өкілдері және Президентіміздің жолдауына өз пікірлерін білдіру үшін қонақтар келіп отыр. Олай болса біз пресс-конференциямызды бастаймыз. Сыныптың топ басшысы – Президент: Саламатсыздар ма, құрметті жолдастар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін 9а-сынып – 2017: Қазақстан болашағы – білімді ұрпағында даму стратегиялық жоспарымды ұсынамын. Неге мен 2017-жылды алдым? Себебі, дәл осы жылы Қазақстан үшін алтын тарих беттері ашылмақ. Осы жылы бүкіләлемдік ЕКСПО-2017 көрмесі Астанада өтеді. Тақырыбы да үлкен ізденіс пен білімді қажет ететін «Болашақ энергиясы» тақырыбы. Қазақстанға 100-ден аса қатысушы мемлекеттерден 5млн-дай қонақ келеді екен. Сол қонақтарға қазақ жастарының білімділігі мен мәдениеттілігін, көрегнділігін паш етуіміз керек. Құдай қаласа, біздер ол кезде студенттер болады екенбіз. Сол мақсатымызға жету үшін біз үш бағытта өз-өзімізді қарқынды дамытуымыз керек:
Енді осы үш бағытта даму нәтижесінде өзіміз қалаған мамандықты игеру үшін грант иегері-студент атанамыз, әрі еліміздің болашағына өз үлесімізді қосамыз. Әрбір бағыттағы жасалатын жұмыстар жайлы менің көмекшілерім сөз алады. Оқу секторы:
БАҚ өкілі: Білім туралы, ардақты ұстазымыз, сіз не айтасыз? Қазіргі оқушылардың білім деңгейіне көңіліңіз толады ма? (Ұстаз өз ойын айтады) БАҚ өкілі: Білім туралы дінде не айтылады? Дін
өкілі: ҮІІ ғасырда өмір сүрген
мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі - Әзірет Әлінің
ілімнің қақпасы аталып кеткенін сынау мақсатында жерлестері оған 10
адамды кезекпен жібермек болған, олардың бәрі Әзірет Әліге «Білім
артық па, байлық артық па? »- деген сауал қоятын болып келісті.
Егер осы сұраққа жауап берсе ғана, Әзірет Әліні мойындамақ болыпты.
Сонда Әзірет Әлінің берген жауабы: БАҚ өкілі: екінші бағыттағы жұмыстар жайлы сөз етсеңіздер? Тәртіп секторы: Халқымыз өскелең ұрпақ тәрбиесінде ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани мұралар сабақтастығын сақтауды мақсат тұтқан. Қазақ зиялыларының бірі Міржақып Дулатов: «Мектептің мақсаты – құрғақ білім үйрету ғана емес, біліммен бірге тәрбиені қоса беру»,– деп жазады.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген Мұхтар Әуезовтің сөзінде қаншалықты ұлттық тәрбие, болашақты болжаған көрегенділік жатыр. Ұлт боламыз десек, тәрбие ана сүтімен беріліп, ана тілімізбен қалыптасып, тал бесіктен сіңірілуі шарт. Олай болмаса, қаһарман атамыз Бауыржан Момышұлы айтқан дүдамал ұрпақ өсіп шығады. «Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндер азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені, бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын...» деген екен батыр атамыз. БАҚ өкілі: бүгінгі жастардың тәрбиесі туралы не айтасыз? (әжеміз өз ойын айтады) Мүлікке жауапты көмекші:
БАҚ өкілі: Білім сені бағады деген сөзді оқушыларға қалай түсіндірер едіңіз? Өз біліміңіздің жемісі туралы айтыңызшы? (қонақ сөз сөйлейді) Басылымның бас редакторы: Құрметті қауым! 9а сыныбының 2017-жылға арналған стратегиялық даму жоспарын және бүгінгі конференциямыздың қонақтарының пікілерін біздің «Жастар» атты журналымыздан оқи аласыздар. (Журналдарды қонақтарға ұсынады).
|
|
|
Қоры тынды 10 мин |
Мұғалім: «Білген адам өкінбейді, мейірбан адам – мазасызданбайды, батыр адам қорықпайды», - дейді Конфуций. қараңғылық бар бәленің бастауы, тасырлық та, тоғышарлық та содан қараңғылықтың бұғауы мен надандықтың кісенінен азат ететін жалғыз күш – оқу. Әрқашанда «Ұлт болашағы білімдінің қолында» екенін ұмытпағандарыңыз жөн. «Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз» ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңдар! (Патриоттық ән
орындалады) |
|
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Зиянды әдеттен сақтан»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
|
Сынып жетекшінің аты-жөні |
|
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы |
Зиянды әдеттен сақтан |

Өркениетті елдің азаматының денсаулығы мықты, зиянды әдеттерден аулақ болу керек екенін түсіндіре отырып, шылымның адам өміріне зиянын ұғындыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдануға ықпал ету. Өз өмірін, денсаулығын сақтап, қорғай білуге тәрбиелеу. |

1. Денсаулық-ол шыныққан, барлық дене мүшесі, Денсаулық-ол тыныққан, жүйке‑тамыр мүшесі. 2. «Денсаулық-әркімнің жеке байлығы болса, дені сау адам-қоғам байлығы» Шара бағдарламасы: 1. Кіріспе сөз 2. «Уланбасын өмірің» 3. Қорытындылау. Шараның жүру барысы:
1. Кіріспе сөз. Құрметті бүгінгі шарамыздың қонақтары! Адамның жастығы дегеніміз тамаша, сәулетті көктем,ол өмірде бір ақ рет беріліп және қайтып келмейтін адам баласының естен кетпес балауса бақытты шағы.Ата‑бабаларымыз «Денсаулық‑зор байлық» деген сөзін тегін айтпаған. Денсаулық-әрбір адамның жеке байлығы болса, дені сау адам қоғам байлығы. Ал қоғам жеке адамнан құралады. Осыған орай, бүгінгі ұйымдастырылып жатқан шара мақсаты өркениетті еліміздің сіздердей азаматын, зиянды әдеттерден, яғни ішімдіктен, нашақорлықтан, шылым шегуден аулақ болуға бағыттау, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануды көздейді, әрбір оқушының өз денсаулығын сақтап, қорғай білуіне ықпал ету
Ертеде ауа тазавлығы бұзылмай, қоршаған орта ластанбай тұрғанда, адамдар аз ауырған. Ен даланы еншілеп, қыста қыстауда, жазда жайлауға көшіп-қонып күн кешкен ата‑бабаларымыздың дені сау, ұрпақтары әлжуаз болмаған. Себебі, ішкендері жылқының қымызы мен түйенің шұбаты, қазақтың ағы айраны мен сүті болған, ежелден негіздеген қазақ жолы-сара жол, мал ағымен сусындаған адал жол болған. Ал қазір ше? Қазір қоғамымызда жайлап бара жатқан зиянды әдеттердің бәрі темекі шегуден басталады екен. 2. «Уланбасын өмірің»
Ал тек қана бір рет темекі тартқаннан бастап, адам данасінде мынадай басты өзгеріс болады: Медбике: Оспан Айдана сөз алады. Яғни, тек қана бір рет темекі тартқаннан бастап, адам данесінде: 1. Миға баратын қан азаяды, ми аз жұмыс жасайды 2. Жүрек соғу ритмі артады, жүрек ұстамасы болады 3. Тыныс алу жиілейді 4. Уақыт ұзай келе асқазанда қабыну және жара болады 5. Тамырлар жиырылады, қан қысымы жоғарлайды 6. Бүтін органдарға баратын қан азайып, әрбір органның жұмыс жасауы нашарлайды. 7. Адам денесіне 1,5-2 мг никотин сіңеді Ал никотин-жүйке жүйесіне, ас қорыту және жүрек-қан тамырлар жүйесіне әсер ететін ерекше у.
2-оқушы (Бисенбай): М. Жұмабаев «У ішемін өлемін»
3-оқушы (Еламан): Темекі тартып, никотин уына уалбаңыз, темекі тарту арқылы тек өзіңізді ғана емес, бірге жүретін достарыңызды, отбасыңызды темекі түтінімен улап зұлымдық жасайтыныңызды естен шығармаңыз
халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі үш бағытты атап көрсетті. 1. Темекі шегуді тоқтату 2. Нашақорлыққа қарсы күрес 3. Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес Сондықтан мен сіздерді елбасы үмітін ақтап салауатты өмір сүруге және спортпен шұғылдануға шақырамын. қоңырау Жас өмірің ерте солсын демесең, Ей, адамзат! Пешенеге жазылған ғұмырыңның, Өмір керек саған да, маған да, оған да, Тамырын ерте балта шапсын демесең, Есіңе сақта, осыны, Есіңде ұста. Темекіден аулақ жүргін бөлектен.
«Басты байлық-денсаулық» Бабаң айтқан даналық. Сақта жолын сен тауып, Осы шақтан балалық, Ол үшін көп қозғалып, Таза ауа жұт көбірек. Спортты да қолға алып, Тамақтанған төрт рет.
Табиғаттың сиқыр күшін, Ойла да, сезінші, оны түсін. Жалаң аяқ жерді басып, қарды кешшең, Сүйсінесің, сезесің, оның күшін. Достасасың, Бұл өмірде не керек? Дұрыс жүріп, дұрыс сөйлеу керек. Денемізді шынықтыру керек, Ерте тұрып, кеш жатып, Есірткіге еліктемей, Ерінбей еңбек ету керек, Бәрінен де салауатты өмір сүру керек. |
|
|
Қоры тынды 10 мин |
6. Қорытындылау. «Зиянды әдеттерден сақ болайық» атты тақырыпта сурет салудан конкурс өткізіледі. Сурет иесі марапатталады. |
|
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Денсаулық зор байлық»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
|
Сынып жетекшінің аты-жөні |
|
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы |
Денсаулық зор байлық |
||
|
Тәрбие жұмысының бағыты |
|
||
|
Мақсаты |
Оқушыларға денсаулық, салауатты өмір салты қағидалары туралы түсінік беру. Оқушылар бойына гигиеналық талаптарды және салауатты өмір салтын ұстануды, оны насихаттауды қалыптастыру, зиянды дағдылардан бойларын аластату. Оқушыларды тазалыққа, жанашырлыққа, белсенділікке, дене тәрбиесіне баулу. |

Бүгінгі тәрбие сағатымыз көңілді өту үшін көңіл- күйімізді көтеретін жаттығудан бастайық. (Жағымды баяу музыканың ырғағымен) 1- кезең. Денемізді бос ұстап ыңғайлы отырамыз. 2- кезең. Көзді жұмып, тыныштанып бүкіл денемізді ойша шоламыз. 3- кезең.Денемізді бос ұстап, өз- өзімізді жағымды және көңілді сезініп, өмірдегі барлық жақсы сәттерді еске аламыз. 4 -кезең. Өзімізді әлі күлтелері ашылмаған гүл деп сезінейік. Сол гүл күлтелері баяу ашылып, күнге қарай ұмтылуда. Денемізді бос ұстап жоғары көтерілеміз, көзімізді ашып қолымызды сілкілейміз. Балалар, ыңғайлы отырып, бір- бірімізге қарап, әдемі жымиып, күлейік . Енді, бүгінгі тәрбие сағатымызды осындай көтеріңкі көңіл-күймен өткізейік. Денсаулық – ол әрбір адамның бойындағы ерекше бір күтімді қажет ететін өзіндік бір ерекше нәрсе. Жер бетіне шыр етіп келгенде Жаратқан Иеміз деңізді сау, мүшеңізді аман етіп жаратады. Сол Жаратқан Иеміздің аманатына қиянат қылмай, тәніңе жара салмай, денсаулығыңызды сау қылып ұстау өз қолдарыңызда. Ол қалай? Ес біліп, етек жиған уақыттан бастап, ең алдымен, денеңізді суықтан қорғап, спортпен айналыссаңыздар, бір жағы денеңіз мығым, шымыр, бір жағы денсаулығыңыз мінсіз таза болады. Денсаулығыңның бір қалыпты болғаны деген сөз, ол жарқын болашағыңның айнасы деген сөз. Егер сіздер өз денсаулықтарыңызды күтіп ұстай алмасаңдар, болашақ – деп алға ұмтылғаннан не шара, бәрібір денсаулығың сыр беріп, артқа тарта береді. Мінеки, құрметті оқушылар, сондықтан да денсаулықтарыңызға дәл бүгіннен бастап үлкен мән берейік. Өйткені, мынау келер өмірдің иесі тек қана – біздер! Қазіргі таңда көптеген жастарымыз өз өміріне, өз денсаулығы мен жарқын болашағына өз қолымен балта шауып жүр. Ол қалай деуіңіз мүмкін. Ендеше мында қараңыз. Арақ ішіп, шылым шеккен жастарымыз осының дәлелі емес деп кім айта алады. Біреулер қызық көріп, шегіп көрейінші деп бастап алады да, соңынан қоймай жүреді. Ал біреулер өмірден түңілдім деп ішімдіктің соңына салынып жүргені. Алға ұмтылудың орнына,құдай маған оң көзбен қарамады деп керісінше, Жаратқан Иемізге нала айтып жүргені. Сонда, олар өмірден түңілдім деп, өз денсаулығына мән бермей жүре берсе, оған қайдағы біреу барып, сақадай-сай денсаулығын әкеліп бермейді ғой. Жаратқан Иеміз айтпай ма «Сақтанғанды сақтаймын», деп. «Бақыт» деп жатамыз. Ал, сол бақыт деген не өз?! Меніңше, бақыт деген – сенің денсаудығың. Денсаулығыңның бәрі ойдағыдай болатын болса, қалған бақытты да, байлықты да өз қолыңмен жасауға болады. Қол-аяғың сау, көзің көріп, құлағың естиді. Бойыңда қаның жүріп, жүрегің жұлқынып тұр. Ендігісі бәріне белгілі. Біліп алып, қызмет қыл. Басыңа баспа ал, астыңа көлік мін, міне, саған байлық. Ата-анаңды қадірлеп, сыйлап, тума-туыс, бауыр, жолдастарыңның жанында аман-есен жүрсең, оларға көмектессең, міне, саған бақыт
Оқушыларға бейне-баян көрсету https://youtu.be/by8NcRAsRAE ) Жұмбақ: Дымқылдап күнде сен, қолыңа сүйкесең. Кетіп кір-ласың, Тап-тазаболасың. (Сабын)
Шомылған баланы, Аймалап алады. Сүртеді қолын да, Сүртеді жонын да. (Сүлгі)
Аузыжоқ, көзіжоқ, Тіліжоқ, өзіжоқ. Бірақ та тісі бар, Басыңмен ісі бар. (Тарақ)
Бізедік, бізедік, Отыз екі қыз едік. қатар-қатар тізілдік, Кезек-кезек үзілдік. (Тіс)
“Мені жалғастыр” ойыны 1. Зиянды заттардан ертең емес бүгін ... 2. Арақ - ... 3. ... – зор байлық. 4. ... саудың – жаны сау. 5. ...- бар байлықтан қымбат. 6. Ауырып ем іздегенше, ... ауырмайтын ем ізде. 7. Демі бардың ... Бар. 8. ... тартқан сабазын, көрер талай азабын. 9. Тас болу - өз еркіңмен ... |
|
|
Қоры тынды 10 мин |
.Денсаулық дегенді қалай
түсінесіңдер? Күн тәртібін бұзу, жеке бас
гигенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу Ол әлуметтік тұрмысты
жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және
нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу. Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс.Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі.Өмір сүру үшін тамақтанамыз. Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Сау болыңдар! ! |
|
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Ғасырдың қасіретті індеті ЖТҚБ»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
|
Сынып жетекшінің аты-жөні |
|
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы |
|
||
|
Тәрбие жұмысының бағыты |
|
||
|
Мақсаты |
Оқушыларға ЖҚТБ - ның қазіргі таңдағы адамзаттың
басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр
дертіне айналып отырған |

АҚТҚ - адамның қорғаныш тапшылығьның қоздырғышы
(АҚТҚ) (Ауру) |
|
|
Қоры тынды 10 мин |
Денсаулық – шексіз бақыт, халқым менің |
|
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Судағы қауіпсіздік»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
|
Сынып жетекшінің аты-жөні |
|
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы |
Судағы қауіпсіздік |
||
|
Тәрбие жұмысының бағыты |
|
||
|
Мақсаты |
1) Жаз мезгілінде табиғат апаты болғанда адам өміріне қауіпті жағдайда өз өмірін сақтап қалуға және қасындағы адамдарға көмек көрсете білуге, жанашырлық пен табандылыққатәрбиелеу; 2) Білім алушылардың жаз мезгілінде табиғат апаты жағдайында болатын қауіпсіздік шаралары туралы ой- өрісін кеңейтіп білімін дамытып тереңдету |

Шаттық алаңында сұхбат алу Тренинг: Су - беті мен қолын жууды бейнелеу; Күн - басын алақанымен жабу; Өрт - шелекпен су құюды бейнелеу; Электр тогы - киіммен орамалмен қасындағы оң жағындағы көршісін сол қолынан ұстау. Шаттық алаңында сұхбат сұрақтарына жауап береді және тренингін орындайды. Негізгі бөлім 1) Миға шабуыл Бейнекөрсетілім: "Жаз мезгілінде төтенше жағдайдалардан сақтану жолдары мен қауіпсіздік ережелері туралы" Бейнекөрсетілім туралы не айта аласыз? Не ой түйдіңіз? Балалар өз ойларын айтады. Мұғалім; Суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шаралары Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың және дұшпаның». Жас балалардың суға шомыла білмеуі,
адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны
толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай
келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, төмендегі ережелерді
орындаған жөн: II. Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар
мен шалшық суларда шомылудың
қауіптері III. Аяқ-қол тырысуы (судорога) болғанда
сіздің іс-әрекетіңіз IV. Су иірімінен шығудың
тәсілдері V. Суда қатты шаршаған кездегі
іс-әрекет VI. Суық судың
қауіптілігі Тұщы суға батқан адам 1-3 минутта, ал теңіз суында 7-8 минутта қайтыс болады. Сондықтан суық суда әрбір секунд қымбат. VII. Судағы қатерге ұшыраған адамға
алғашқы көмек |
|
|
Қоры тынды 10 мин |
Есте сақтаңыздар! Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау. Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды. |
|
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Дені сау ұрпақ жарқын болашақ»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
|
Сынып жетекшінің аты-жөні |
|
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сынып сағатының тақырыбы |
Дені сау ұрпақ жарқын болашақ |
||
|
Тәрбие жұмысының бағыты |
|
||
|
Мақсаты |
1. Оқушыларға өз денсаулығын өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру , өз денсаулықтарына, тазалықтарына ұқыпты қарауға тәрбиелеу. 2. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту. 3. Топпен шығармашылық жұмыс істеуге тәрбиелеу. |

Денсаулық - біздің емес , мыңның байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық. Денсаулық өмірдің басқа игіліктеріне қарағанда әлдеқайда құнды. Ел аузындағы « ауру патшадан дені сау қайыршы артық» деген сөз текке айтылмаған. Денсаулық –көтеріңкі көңіл күй , үлкен бостандық, сергек қимыл. « Тәні саудың –жаны сау» . Таңертең дене шынықтырумен айналысып, қимыл қозғалысы ширақ, жүріс-тұрысы өнегелі, бос сенделуден аулақ жүретін адамның организмі еш ауруға бой бермейді. Бой сергіту, таза ауа, таза су, таза тамақ көпшілік назарында болуы тиіс. 2. Қызығушылықты ояту «Жалғасын тап» 1. Көзің ауырса қолыңды....... 2.... қайда, сұлулық сонда. 3. Денсаулық -... байлық. 4 Бірінші... – денсаулық 5. .... адам – кіршіл 6. Ыдыс таза болса,... дәмді. 7. .... түбі – дерт. 8. Денім сау болсын десең - ...... . 9. Әркім өз денсаулығының нашарлауына ....... . 10. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның ..... . 3. Мағынаны тану Топпен жұмыс «Ойлан, жұптас, пікірлес» стратегиясы ІІ топқа: Тазалық, денсаулық туралы мақал - мәтелдер 1) Тазалық – саулық негізі Саулық – байлық негізі. 2) Тәні сау тасты да шайнар 3) Денсаулықтың жаңасын Ақшаға қайдан аласың. 4) Ыдыс таза болса, асы дәмді. 5) Саулық қайда, сұлулық сонда. 6) Монша тәнді сауықтырады. Жақсы сөз жанды сауықтырады. 4.Жұмбақ жасыру. Ертемен күнде сен Шомылған соң баланы Қолыңды сүйкесең Аймалап алады. Кетіп кір, ласың Сүртеді қолын да, Тап - таза боласың! Сүртеді жонын да. Бұл не? Бұл не? (сабын) (сүлгі) Аузы жоқ, көзі жоқ Иілсең иіліп, Тілі жоқ, сөзі жоқ Түйілсең түйіліп. Бірақта тісі бар Қарайды ол кісіге Басыңмен ісі бар. Сүйсіне ұқыпты ісіне. Бұл не? Бұл не? (тарақ) (айна) 5. ІІ- топқа сұрақтар қойылады. 1. Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді сақтау қажет? (жеке бас гигиенасын сақтау, күн тәртібін орындау ,дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану ) 2. Дұрыс демалуға қандай жағдайлар жатады ? (серуендеу, жатып тынығу, сүйікті әуен тыңдау,ұйықтау, спортпен айналысу, жеңіл қол еңбегімен айналысу) 3. Деніңнің саулығы неге байланысты ? ( 20%-қоршаған ортадан, 20% -тұқым қуалаушылық, 10%- медициналық қызметтен, 50%- салауатты өмір салтына байланысты.) 4. Денсаулыққа зиянды заттарды қалай атайды ?( тұз, қант,ащы заттар, қуырылған тамақ, тәтті, кофе, шай, газды сусын.) 5. Гигиена нешеге бөлінеді ? ( жеке бас гигиенасы және мектеп гигиенасы») 6. Негізгі қоректік заттарға не жатады? ( су,көмірсу, ақуыз, май, витамин, минералды тұздар) 7. Салауатты өмір дегеніміз не ? ( жеке бас гигиенасын сақтау, дене тәрбиесі және спорт, зиянды дағдыларға әуестенбеу, әлеуметтік ортамен байланыс , қоршаған ортаның тазалығы, тиімді демалыс) 8. Темекінің құрамында қанша улы заттар бар ? ( 200 улы зат бар) 9. Темекінің әр талы адам өмірін қанша уақытқа қысқартады ? ( 15 минутқа) 10. Витаминдер қандай қызмет атқарады ? (А-көздің көруін,В- ұйқының жақсаруын, С- тістің жақсы өсуін, Д- сүйектің қатаюын |
|
|
Қоры тынды 10 мин |
Қорытынды. Денсаулық – адам өміріндегі баға жетпейтін ең бағалы дуние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Ауруды ағзаларға жолатпау- адамдардың өз қолында. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол – салауатты өмір салты екенін ұмытпайық.
|
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жоғары буын тәрбие сағаты

шағым қалдыра аласыз