Жол белгілері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жол белгілері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жол белгілері туралы тусінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бауырсақ және жол белгілірі» қуырщақ театры


Сабақтың тақырыбы :  «Бауырсақ және жол белгілері» ертегісі.

Сабақтың мақсаты. Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалрдың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айра білуді үйрету.Жол белгілері жайлы түсінік беру . Қауыпсіздік ережелерін сақтауды үйрету.

Білімділігі: Бауырсақ ертегісінің  қойылымын көрсету арқылы балалардың танымдық белсенділігін  арттыру.

Дамытушылығы: балаларды өнерге бейімдеп, әртістік қабілетін арттыру.

Тәрбиелігі: өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.

Қойылымның кейіпкерлері: Ертекші , шал, кемпір, бауырсақ, қоян , қасқыр , аю, түлкі, жол сақшысы.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, орман, орманды мекендеген аңдар, ағаштар.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

 

Жоғары қар ап күн көрдім

Төмен қарап жер көрдім,

Оңға ,солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

Ертегі- халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі,ауыз әдебиеті. Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бір неше түрге бөлуге болады.

жануарлар жайында (суреті, немесе кітабын көрсету)

қиял-ғажайып ертегілер

шыншыл ертегілер

Ертегіден халқымыздың тұрмыс-салтын, әдеп-ғұрыпын білеміз.

Әуен естіледі (сол кезде балалар бір жерге жиналып, ертегі кейіпкерлеріне айналып кетеді ).

«Бауырсақ және жол белгілірі ертегісінің сахналық қойылымы:

Ертекші:

Құрметті қонақтар! Ертегілер еліне қош келдіңіздер!

Музыка ойнап тұр. « Ертегілер» әні.

 

Автор

Бір кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:

Шал

Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші

Кемпір

-Неден пісірейін? Ұн жоқ қой

Шал

Әй ,кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.

Автор

Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп,терезе алдына суытқалы қояды.

Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды,көгалдан жылжып жолға жетеді.Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса , қарсы алдынан көлік қағып кете жаздайды.Сонда жол сақшысы бауырсаққа жол белгілері туралы түсінік беред.

Бауырсақ өз жолына жүре береді, қоян шыға келеді.

Қоян

Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын !

Бауырсақ

Жоқ ,сен мені жеме, саған қандай өлең айтып берер екем, онан да соны тыңда.

Бауырсақ

Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!

Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.

Автор

Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса ,оның алдынан қасқыр шыға келіп:

Қасқыр

Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын !

Бауырсақ

Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.

Автор

Бауырсақ әндете жөнеледі

Бауырсақ

Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!

Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.

Қояннан да сытылдым,қасқыр,сенен құтылу

Қиын емес бұл маған

Қасқыр

Қасқыр: -жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ сен менің тапсырмамды орында.

Қасқырдың тапсырмасы: Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып  алдық ,енді қасқырдың сұрағына жауап берейік.

берілген сөздерді буынға бөл: алмұрт, бала, машина, қалам.

Автор

Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.

 

 

Аю

Әй ,бауырсақ ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ

Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.

Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!

Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.

Қояннан да сытылдым,қасқырдан да құтылдым,

Маймақ ,сенен құтылу,қиын емес бұл маған !

Аю

 

Аю: Әй, балалар, балалар!

Менде қызық ойын бар,

Ал ықылас қойындар

Кәне, тәртіп сақтайық,

Мен берген тапсырманы,

Бұлжытпай орындайық.

Аюдың тапсырмасы: Ұннан жасалатын тағамдарды ата: Бауырсақ. Нан. Торт. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон өнімдері.

 

Автор

Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.


Түлкі

-Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы!

Автор

Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп,қыбырын білдірмей,бауырымен сырғып, жақындай береді.

Бауырсақ

Әжей қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!

Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.

Қояннан да сытылдым,қасқырдан да құтылдым,

Аюдан да сытылдым,түлкі ,сенен құтылу

Қиын емес бұл маған !

 Түлкі

Түлкі: оңай құтала алмасың, менің тапсырмамды орында

Түлкі : (қолында бір бума қағаз). Онда менің жұмбақтарымды шешіп көріңдер.

Қыста ақ,

Жазда сүр.

(қоян)

 

2.Қорбаң- қорбаң етеді,

Орманда ол жүреді (аю)

 

3.Орманда тұрады, өзі бір қу,

Жүрген жері айқай-шу.

(түлкі).

 

Түлкі бауырсақты бас сап жейіндеп жатқанда, балалар айғайлап жібереді.

Балалар: -жоқ, қу түлкі олай болмайды біз сенің тапсырмаларынды түгел орындадық. Сен бауырсақты жей алмайсың деп бауырсақты алып кетеді.

Түлкі ештене істей алмай жөніне кете береді.

Ал балалар, бауырсақты жетектеп ата мен әжеге келеді.

Автор

Әже келе жатқан Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесіне арнап

20 бауырсақ пісіріп, дастарқан жасап қойыпты.

Әже: Кәне, балалар, қонақтарға да беріңдер бауырсақтан жеңдер,

(отырған қонақтарға бауырсақ ауыз тигізу).




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.05.2021
504
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі