Жол ережесі тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жол ережесі тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағат жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы: « Жолда жүру ережесін білесің бе?»

Сабақтың мақсаты : Оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру.

Жол қауіпсіздігі ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу.Ой – өрісін дамытып, түсініктерін кеңейту.

Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп – тұруға, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жол белгілері салынған суреттер, бүктеме, жұмбақтар, бағдаршам.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау.

2. Жаңа сабақ:

Мұғалім : Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан – жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде.

Көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Жолда жүру ережесін білесің бе?» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз.Ендеше, қош келдіңіздер!

Жолда жүру ережелеріне арналған сынып сағатымызды Шөмішбай Сариевтің мына өлең жолдарымен бастаймыз :

Арманға алда күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген,

Бүгінгі бізге келген қонақтарға,

Алдымен беріледі сәлем деген.


1 – бөлім : «Жол заңы»

Асылжан: Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жолдың қалыпты қозғалысын көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны салдарынан бұзылады.


Ернұр : Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер қаза тауып немесе жарақат алады.


Дәурен : Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесін» мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті.


Ақтолқын : Қызыл түсінікті, қауіпті,

Сары жанса әзірлен.

Жасыл жарық жол ашық.

Аяна : Біз жиек жолмен жүреміз,

Жол тәртібін бұзбаймыз.

Бағдаршам бізге көмек берер,

Дұрыс бағыт көрсетер.

Даулет : Табамын деп төтені,

Қиып өтпе көшені.

Түсін мұны қатем деп,

Түсін мұны қатер деп.

Жәнібек: Дәл ортаға жеткенше,

Сол жағыңа қарап ал.

Жол ортадан өткенде,

Оң жағыңа қарап ал,

Машиналар жоқ па екен?

Заңғар : Қауіппенен ойнама,

Өтемін деп ойлама.

Шыққаныңда көшеге,

Еріп әке – шешеңе.

Көңілді қой сызыққа.

Үлкен – кіші қала бар,

Ой жүгіртіп қарап ал,

Көше заңы тым қатал,

Сақ болыңдар балалар !

Әсем : Көшеде біз сақ болайық,

Қаймықпасын ата – ана.

Жолда сен бол лайық,

Оқушылар атына.

Көрініс :

2 – бөлім «Ой қозғау» Жұмбақтар шешу.

АЯНА : Ала таяқ ұстаған,

Дол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күдеткен.

Ысқырықпен түзеткен. (Жол полициясы)

Даулет : Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялайды. (Автобус)

Рамазан : Көліктің қаншасын үстінен өткізген,

Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)

Жәнібек : Жоқ көзінде бас та,

Ауызда да, құлақ та.

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

Айару: Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ, «Тоқта! Жүр!» дейді. (Бағдаршам)


Хормен : Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға!

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға!

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін, жасқанба!

Дәурен : Бағдаршам өмірімізді жазмыштан сақтандыратын көмекшіміз. Баршамызға оның сырын біліп, тілін алу керек.


Мұғалім : Бағдаршам – жол элементтерінің ішіндегі ең ерте қолданыла бастағаны.Қазір бағдаршамның жасы жүзден асып кетті.


Заңғар : Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді. Біздің елімізде қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.


Назерке : Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды. Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз. Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек. Жол ережесін жақсы білсек, өзімізді жол апатынан сақтаймыз.


Мұғалім : Ал енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық !


3 – бөлім : «Сұрақ - жауап»

Мұғалім : - Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме ? Ендеше бірнеше сұрақтарға жауап беріп көрейік.


- Жиек жол деген не?

Айару : Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.


  • Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды ?

Ернұр : Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.


  • Жолаушылар дегеніміз кімдер ?

Жансерік : Кез – келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.


  • Ведосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?

Жансерік : Жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.


-Көшеде бағдаршам болмаса не істеу керек?

Ақтолқын: Өз көзіңе сену керек, жол ортасына жеткенше әуелі сол жаққа қарап, ортасынан асқан соң, оң жаққа мойныңды бұр.


-Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді?

Балалар : Жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру машинасы.


-Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді ? (Аялдамада)


-Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті?

Ернұр : Жүргізуші көлікті тоқтата алмай , адам өміріне қауіп төнеді.


-Жолда қай жерден өту керек?

Балалар: Жаяу жүргіншілер өтпесі белгісі қойылған жерден.


-Бағдаршам дегеніміз не ?

Жансерік : Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап, жол қозғалысын реттейді.


4 – бөлім : «Жол белгілері сөйлейді». Жол белгілірінің негізгі топтары:

  1. Ескерту белгілері –(қызыл үшбұрышпен көмкерілген)

  2. Тыйым салу белгілері – (қызыл дөңгелек)

  3. Ақпараттық көрсеткіш белгілері (көк шаршы)

  4. Әр түрлі қызмет көрсету белгілері – (тік төртбұрыш)

  5. Анықтама белгілері - (дөңгелек көк бояу)


Жол белгілері салынған белгілер балаларға көрсетіліп, жауаптар алынады.


Қорытынды : Ал ендеше балалар, бізге әріптерді сауат ашу оқулығынан үйретсе, жолда жүру ережесінің де өз әліппесі бар. Онда әріптер жоқ, онда жол белгілерінің суреттері бар. Біз оларды танып, оқи аламыз және олар туралы айта аламыз. Ал, енді осы ережелерді жанымызда ұстап, орындап , аман болайық, абай болайық!- дей келе ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет !









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2018
690
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі