Материалдар / „Жол қауіпсіздігі”

„Жол қауіпсіздігі”

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: 1. Көшеде жүру тәртібі туралы білімдерін еске түсіру, жинақтау. 2. Көше тәртібін әрдайым сақтауға құқықтық тәрбие беру. 3. Оқушылардың ой - өрістерін, жан - жақты білімдерін дамыту.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


«І.Есенберлин атындағы №54 жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі






ТӘРБИЕ САҒАТЫ


Тақырыбы:

Жол қауіпсіздігі”






Бастауыш сынып мұғалімі: Б. Жакипова


Тақырыбы: „Жол қауіпсіздігі”


Мақсаты:

1. Көшеде жүру тәртібі туралы білімдерін еске түсіру, жинақтау.

2. Көше тәртібін әрдайым сақтауға құқықтық тәрбие беру.

3. Оқушылардың ой - өрістерін, жан - жақты білімдерін дамыту.


Көрнекілігі: белгілер суреттері, сұрақ - жауап, жол жүру ережелері.


І. Ұйымдастыру.

Сынып, көшеде жүруге байланысты стенд, суреттер, нақыл сөздермен безендірілген.


ІІ. Кіріспе

Бүгінгі сабағымыз „Жол қауіпсіздігі”деген тақырыпта, жолда жүру ережелерін білу өз өмірлеріңіз үшін, балаларымыздың қауіпсіздігі үшін қажеттілігін түсіндіру, көліктің адам өмірінде алатын орнын білдіру мақсатын көздейді.

Мұғалім: 

Бағдаршамсыз жағдайда көшеден өтерде алдымен сол жағыңа, ал көшенің ортасына жеткенде оң жағыңа қара. Жүріп келе жатқан көлік көрсең, оны өткізіп жібергенің дұрыс. Жолдан өтерде ешқашан асықпа, жүгірме.

Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүргіншілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жолды жағалай қозғалуы тиіс.

Тротуарлар, жаяу жүргіншілерге арналған жол немесе жолдың жағалауы болмағанда, сондай-ақ олармен қозғалу мүмкін болмаған жағдайда, жаяу жүргіншілер велосипед жолымен немесе көлік жүретін бөліктің шетімен бір қатарда қозғалуларына болады.

Аялдамада тұрған автобустың сырт жағынан айналып өт, сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны көре аласың.

Жаяу жүргінші жолды жер асты өтпесі, аспалы көпірлер, жол таңбалары салынған немесе «жаяу жүргінші өтпесі» белгісі қойылған жерлер арқылы кесіп өтеді. Жаяу жүргінші өтпесі белгіленбеген жол учаскесінде жолды қиылыстардан жаяу жол жиегі бойымен, ал олардың аралағында – жол жақсы көрінетін жерде тікелей кесіп өтуге рұқсат етіледі;

Балалар тобын тек қана тротуармен және жаяуларға арналған жолмен, ал олар жоқ болған жағдайда — жол жағасымен, бірақ тәуліктің жарық уақытында және ерексектердің бастауымен алып жүруге рұқсат етіледі.

Жаяу жолда жүру тәртібі

Жеке жүрсең:

1. Жаяу жолдың оң жағымен жүр;

2. Жүгірме, асықпай адымда;

3. Жол жиегінен (бордюрден) аттама, оның үстімен жүрме;

4. Жаяу жол үстіндегі кедергілерді көлік жолға шықпай айналып өт;

5. Жаяу жолдың ортасына тұрма, үйлерге жақын барып тұр;

6. Жаяу жол үстінде ойнап, алыспа;

7. Әлдеқандай затыңды көлік жолға түсіріп алсаң, ересектердің бірінен жәрдем сұра;

8. Жолаушылар үшін жасаған қоршаудан қарғыма. Оның астынан өтпе және үстіне асылып отырма.

Б

ағдаршам макетін киген оқушы және бағдаршамның үш көзін ұстаған төрт оқушы ортаға шығып, тақпақтар айтады.

Қызыл көзі

Мен көзімді ашқанда,

Ешқашанда баспа алға.

Орныңда тұр қозғалма

Ереже бұл “Сен тоқта!”



Сары көзі

Мен көзімді ашқанда,

Қ

арап қалма аспанға.

Жүруге әлі болмайды,

Дайындықты сақтайды


Жасыл көзі

Мен көзімді ашқанда,

Көліктер саған тоқтайды.

Ережені білгендер,

Өтуге еш қорықпайды.


Бағдаршам

Жолды кесіп өтерде,

Сол жағыңа қарайла,

Жарты ортаға келгенде

Оң жағыңа қарайла

Білгеніңді басқаға

Үйрете жүр, жарай ма?


Мұғалім:  жол белгілеріне байланысты сұрақ – жауап:

  1. Б

    ағдаршам туралы не білесің?
  2. Жүруге болмайтын белгіні көрсет?

  3. Жаяу адам жүретін белгіні көрсет?

  4. Үйден мектепке дейін қай жолмен барасың?

  5. Машина жүретін жолда ойнауға бола ма?

  6. Үлкен жолдан қалай өтеміз?


Мұғалім: 

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

А) Ескерту белгісі:

Қ

ып - қызыл үшбұрыш

Ескерту белгісі мен болам.

Қауіптен сақ бол деп

Сәт - сапар жолдаған.

Ә) Тыйым салу белгісі:

Қызылмен боялған шеңберім аумақты,

Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге

Қ

ауіп бар бағдарла, көз салып жан - жаққа.

Б) Нұсқау белгісі:

Баратын жерінің бағыты тұрағым,

Үн - түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады,

Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.


Мұғалім: 

Көше тәртібін сақтау- сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығарма!

ЖИ арқылы жасау
02 Ақпан 2022
1667
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі