Материалдар / Жол қиылыстарынан өту. Реттелетін көше қиылыстары. Реттелмейтін көше қиылыстары.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жол қиылыстарынан өту. Реттелетін көше қиылыстары. Реттелмейтін көше қиылыстары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жол қозғалысының ережелері мен қауіпсіздігі пәнінен сабақ жоспары
Авторы:
14 Маусым 2024
542
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Оку агарту министрлігі

Абай облысы Білім басқармасының

«Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Сабақ жоспары № 26

Пән: Жол қозғалысының ережелері мен қауіпсіздігі.

Оқытушы: Кайрханов Д.О. Далбин Т.С.

Топ: 24 ТЭМк

Сабақ тақырыбы: Жол қиылыстарынан өту. Реттелетін көше қиылыстары. Реттелмейтін көше қиылыстары.

Сабақтың мақсаты

- білімділік: Көше қиылыстарынан өту ережелерін білу және орындау.

- дамытушылық: Келешекте кез-келген жағдайда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

- тәрбиелік: ЖЖЕ сақтау..-3 стр. 1я-1ть скручивание шатунаояние верхней и нижней головки шатуна.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекті құралдар: проектор, ПДД тест

Пәндер байланысы: автокөлік құрылысы, автокөліктерді техникалық баптау

Сабақтың құрылысы:

Сабақ құрылысының элементтері

Уақыт

I.

Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасу және олардың сырт пішініне көңіл аудару, аудиторияның тазалығын тексеріп, оқу-құрал жабдықтарын, көрнекті құралдарды дайындау

3 мин

II

Өткен тақырыптан дайындығын тексеру

10 мин

III.

Жаңа тақырыпты түсіндіру

30 мин

IV

Жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар қою

20 мин

V

Үйге тапсырма беру

3 мин

VI

Сабақтың қорытындысы

4 мин

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасу және олардың сырт пішініне көңіл аудару, аудиторияның тазалығын тексеріп, оқу-құрал жабдықтарын, көрнекті құралдарды дайындау.

II. Өткен тақырыптан дайындығын тексеру.

  1. Жүргізуші маневрді бастамас бұрын қандай сигнал беруге міндетті?

Жауабы: Жүргізуші маневрді орындауды бастамас бұрын тиісті мақсаттағы жарық көрсеткіштерімен, егер олар болмаса немесе ақауы болса — қолмен сигнал береді. Бұл ретте маневр қауіпсіздікті сақтай отырып, жүзеге асырылады және жол жүрісіне басқа қатысушыларға кедергі туғызбайды.

  1. Жүргізуші маневр жасаған кезде қандай ереже сақтау, бұзбау керек?

Жауабы: Сол жаққа бұрылудың жарық көрсеткіші не сол жаққа сол қолды созу не жанына созылған тік бұрыш жасап шынтақтан жоғары бүгілген оң қол сол жаққа маневр жасау сигналы болып табылады. Оң жаққа бұрылудың жарық көрсеткіші не жанына созылған оң қол немесе жанына созылған және шынтақтан тік бұрыш жасап жоғары бүгілген сол қол оң жаққа маневр жасау сигналы болып табылады. Тежеу сигналы тоқтау-сигналымен не қолды жоғары көтеру арқылы беріледі. Артқа жүру сигналы артқы жүріс шамын жағу және авариялық сигнал беруді қосу арқылы беріледі

  1. Қай уақытта жүргізушіге маневр жасаған кезде тыйым салынады?

Жауабы: Жүріп келе жатқан көлік құралдары арасында қауіпті арақашықтық туындайтын жағдайда қатар ауыстыруға рұқсат етілмейді

  1. Бұрылуға тиым салынатын жерлерді айтып өтіңіздер?

Жауабы: 1) жаяу жүргіншілердің өткелдерінде және тротуарлардың немесе жол жиектерінің сызығы бойынша жол қиылыстарында;

2) тоннельдерде;

3) көпірлерде, жолөткелдерде, эстакадаларда және олардың астында;

4) теміржол өтпелерінде;

5) жолдың жүру бөлігінің көріну мүмкіндігі бір жүз метрден кем жерлерде;

6) аялдау пункттері орналасқан жерлерде тыйым салынады.

5. Рельссіз көлік құралдарына арналған қозғалыс жолдың қандай жол жолақтарында жүргізіледі?

Жауабы: Солға немесе кері бұрылған кезде рельссіз көлік құралының жүргізушісі қарсы бағытта маңызды бірдей жол бойымен тіке немесе оңға жүріп келе жатқан көлік құралдарына жол береді. Трамвайлардың жүргізушілері де өзара осы қағидаларды басшылыққа алады.

  1. Елді мекеннен тыс және елді мекендерде көлік құралының жол жолағында орналасуы?

Жауабы: Елді мекендерден тыс жерде екі жолағы бар екіжақты жүру жолдарында олар үшін жылдамдыққа шектеу белгіленген көлік құралдарының, сондай-ақ ұзындығы жеті метрден асатын көлік құралдарының (көлік құралдары құрамының) жүргізушілері өз көлігі мен алда кетіп бара жатқан көлік құралының арасында оларды басып озатын көлік құралы бұлар жүріп келе жатқан жол жолағына кедергісіз қатар ауыстыра алатындай аралықты ұстайды. Бұл талап, егер жүргізуші басып озуды орындауға әзірленіп келе жатса, сондай-ақ үдемелі жүріс кезінде және ұйымдасқан көлік легінің кезінде қолданылмайды

  1. Аялдама жасауға тиым салынатын жерлерді айтып өтіңіздер?

Жауабы:

1) егер бұл трамвайлардың жүруіне кедергі келтірсе, трамвай жолдарына тікелей жақын жерде;

2) теміржол өтпелерінде, тоннельдерде;


3) эстакадаларда, көпірлерде, жолөткелдерде (егер осы бағытта жүру үшін жолақ үштен кем болса) және олардың астында (жолақтардың санына қарамастан);

4) егер бұл көлік құралдарының жүруіне кедергі келтірсе, тоқтаған көлік құралы мен тұтас таңбалау сызығы (жолдың жүру бөлігінің шетін белгілейтіннен басқа) немесе жолдың жүру бөлігінің қарсы шеті немесе жолдың жүру бөлігінің қарсы шетінде тұрған көлік құралы арасындағы қашықтық үш метрден кем болатын жерлерде;

5) жаяу жүргіншілер өткелдерінде және олардың алдындағы бес метрден жақын жерде;

6) ең болмағанда бір бағытта жолдың көрінуі бір жүз метрден кем болған кезде қауіпті бұрылысқа және жолдың бойлық қимасының дөңес құлдималарына жақын жолдың жүру бөлігінде;

7) қапталдағы өтпенің қарсысындағы тұтас таңбалау сызығы немесе бөлу жолағы бар үшжақты қиысу (қиылыс) жағын қоспағанда, жолдардың жүру бөліктерінің қиылысында және жолдың қиылысатын жүру бөлігінің шетіне отыз метрден жақын жерде; аялдама алаңдарында және оларға он бес метрден жақын жерде, ал олар болмаған кезде маршруттық көлік құралдары немесе такси аялдамасының нұсқағышынан он бес метрден жақын жерде;

8) көлік құралы басқа жүргізушілерден бағдаршам сигналдарын, жол белгілерін көлегейлейтін немесе басқа көлік құралдарының жүруіне (кіруіне немесе шығуына) мүмкіндік бермейтін немесе басқа көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүруіне кедергі (кептеліс) келтіретін жерлерде;

9) гүлзарларда, көгалдарда, балалар және спорт алаңдарында тоқтауға тыйым салынады.

8. Тұруға тиым салынатын жерлерді айтып отіңізздер?

Жауабы:

1) аялдауға тыйым салынған жерлерде;

2) Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3) эстакадаларда, көпірлерде, жолөткелдерде;

4) елді мекендерден тыс жерлерде 2.1 жол белгісімен белгіленген жолдың жүру бөлігінде;

5) теміржол өтпелеріне елу метрден жақын жерде;

6) егер тұрғындарға қолайсыздық келтіретін болса, елді мекендерде қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған механикалық көлік құралдарының;

7) гүлзарларда, көгалдарда, балалар және спорт алаңдарында тоқтап тұруға тыйым салынады.


III. Жаңа тақырыпты түсіндіру үшін көрнекті презентация көрсетіледі

Жоспар:

Көше қиылыстарынан өту.

Оңға немесе солға бұрылған кезде жүргізуші өзі бұрылатын жолдың жүру бөлігін өзінің жүру бағыты бойынша кесіп өтетін жаяу жүргіншіге, оны велосипед жолымен кесіп өтетін велосипедшіге және осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 5.9 белгісімен белгіленген (осы Қағидалардың 18-тарауы 126-тармағын ескере отырып) жолақ бойымен жүріп келе жатқан маршруттық көлік құралдарына және басқа-да қоғамдық көлікке жол береді.

Егер көлік құралдарының көлденең бағытта жүруіне кедергі келтіре отырып, жүргізушіні тоқтауға мәжбүр ететін кептеліс пайда болса, жол қиылысына немесе жолдың жүру бөліктерінің қиылысына шығуға тыйым салынады.

Жүргізушіге шолуды шектейтін жол-жөнекей бағытта жүріп бара жатқан көлік құралдарының алдына түсуге тыйым салынады.

Егер жол қиылысында немесе оның алдында көлік құралы тоқтаса, онда көршілес жолақпен жүріп бара жатқан басқа көлік құралдарының жүргізушілері мұның қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана жүруді жалғастырады.

Жүру кезектілігі бағдаршамның немесе реттеушінің сигналдарымен айқындалатын жол қиылысы реттелетін болып есептеледі.

Жұмыс істемей тұрған бағдаршамның жыпылықтаған сары сигналы кезінде немесе реттеуші жоқ болса, жол қиылысы реттелмейтін болып есептеледі және жүргізушілер реттелмейтін жол қиылыстарын өту ережелерін және жол қиылысында орнатылған басымдылық белгілерін басшылыққа алады.

Бағдаршамдардың рұқсат ететін сигналдары бойынша солға немесе артқа бұрылған кезде рельссіз көлік құралының жүргізушісі қарсы бағыттан тіке немесе оңға жүретін, оның ішінде осы Қағидалардың 5-тарауы 38-тармағына сәйкес жол қиылысына шығатын көлік құралдарына жол береді. Трамвайлардың жүргізушілері де осындай ережені өзара басшылыққа алады.

Бағдаршамның сары және қызыл сигналдарымен бірдей уақытта қосымша секцияда іске қосылған бағыттаушының бағытында жүрген кезде жүргізуші басқа бағыттардан жүріп келе жатқан көлік құралдарына жол береді.

Егер бағдаршамның немесе реттеушінің сигналы трамвайға және рельссіз көлік құралына бірдей уақытта жүруге рұқсат беретін болса, онда трамвай, оның жүру бағытына қарамастан, артықшылықта болады. Сонымен қатар бағдаршамның сары және қызыл сигналдарымен бірдей уақытта қосымша секцияда іске қосылған бағыттаушының бағытымен жүрген кезде трамвай басқа бағыттардан жүріп келе жатқан көлік құралдарына жол береді.

Бағдаршамның рұқсат беретін сигналы кезінде жол қиылысына кірген жүргізуші жол қиылысынан шығудағы бағдаршам сигналына қарамастан, белгілі бағытқа шығады. Егер жол қиылысында, жүргізушінің бағыт алған жолында орналасқан бағдаршамның алдында тоқтау-сызығы және (немесе) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 5.33 белгісі болған жағдайда, жүргізуші әрбір бағдаршамның сигналын басшылыққа алады.

Бағдаршамның рұқсат беретін сигналы іске қосылғанда жүргізуші жол қиылысы арқылы жүрісін аяқтайтын көлік құралына және осы бағыттағы жолдың жүру бөлігінде өтуді аяқтамаған жаяу жүргіншіге жол береді.

Жүру қосымша секциясы бар бағдаршаммен реттелетін жол қиылысында бұрылыс жасайтын жолақта тұрған жүргізуші, егер оның тоқтауы осы жолақ бойымен оның артынан келе жатқан көлік құралына (көлік құралдарына) кедергі тудыратын болса, іске қосылған бағыттаушы көрсеткен бағытта жүрісін жалғастырады.

Маңызы бірдей емес жолдардың қиылысында екінші дәрежелі жолдың бойымен жүріп келе жатқан көлік құралының жүргізушісі олардың әрі қарай жүру бағытына қарамастан, басты жолмен жақындап қалған, оның ішінде кері бұрылуды жүзеге асыратын көлік құралына жол береді. Бөлу жолағы бар басты жолмен жүріп бара жатқан жүргізуші жол қиылысында кері бұрылуды жүзеге асырмас бұрын, екінші дәрежелі жолмен жол қиылысына жақындаған көлік құралының оған жол беретіндігіне көз жеткізеді.

Жол қиылысында басты жол бағытын өзгерткен жағдайда, басты жолмен жүретін жүргізушілер маңызы бірдей жолдардың қиылысынан жүріп өту қағидаларын өзара басшылыққа алады. Екінші дәрежелі жолмен жүріп келе жатқан жүргізушілер де осы қағидаларды басшылыққа алады.

Маңызы бірдей жолдардың қиылысында рельссіз көлік құралдарының жүргізушісі оң жақтан жақындап қалған көлік құралына жол береді. Трамвайлардың жүргізушілері де өзара осы қағидаларды басшылыққа алады.

Мұндай жол қиылыстарында, оның жүру бағытына қарамастан, рельссіз көлік құралдарының алдында трамвай артықшылыққа ие болады.

Солға немесе кері бұрылған кезде рельссіз көлік құралының жүргізушісі қарсы бағытта маңызды бірдей жол бойымен тіке немесе оңға жүріп келе жатқан көлік құралдарына жол береді. Трамвайлардың жүргізушілері де өзара осы қағидаларды басшылыққа алады.

Жол жабынының бар-жоғын анықтау мүмкін болмаған (тәуліктің қараңғы уақыты, балшық, қар және сол сияқты) және басымдық белгілері жоқ жағдайда, жүргізуші екінші дәрежелі жолдамын деген қағидатты басшылыққа алады.

IV. Жаңа тақырыпты қорытындылауға байланысты онлайн тест сұрақтарға студенттер https://pddtest.kz/ сайтына QR-код арқылы кіріп жауап береді. Барлығы 20 сұрақ.

Бағалау критериі:

18-20 дұрыс жауап – 90-100 балл

14-17 дұрыс жауап –75-89 балл

9-13 дұрыс жауап – 65-74 балл




V. Үйге тапсырма беру

ЖЖЕҚ 13 тарау

VI. Сабақтың қорытындысы

Студенттердің сабаққа қатысуын бағалау, түсініксіз сұрақтарға жауап беру.

Қолданылған негізгі әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасынын Жол Жүру Ережелері Алматы 2015 ж.

2. Қазақстан Республикасынын кодексі.

3 Қазақстан Республикасынын Жол Жүру Ережелерінің түсініктемесі.

Оқытушы: __________ Кайрханов Д.О.

__________ Далбин Т.С.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!