Материалдар / Жол тәртібін білейік аман есен жүрейік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жол тәртібін білейік аман есен жүрейік

Материал туралы қысқаша түсінік
Жол ережелері туралы сайыс өткізу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2021
190
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Мақсаты: Жол жүру ережелерін қайталау, бағдаршамның белгілерінің айырмашылығын жолда және
көшедегі қауіпсіздік ережесі, жол белгілері туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды жол жүру
ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Құрал жабдықтар: Жол белгілері, суреттері, бағдаршам, көліктер.
Жүру барысы: Музыка әуенімен балалар топқа кіреді, орындықтарына отырады.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Қайырлы күн, балалар! Бүгінгі «Күншуақ» ортаңғы тобында
өтетін «Тоқта, сақ бол, абайла!» атты ойын-сауық ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Көрініс.
Бағдаршамның қызыл түсі жанды. Машина жүреді. Анасы баласын ертіп жолда келе жатады. Бала
жолдан өтпек болады. Анасы тоқтатады.
- Балам, қызыл түсте өтуге болмайды. Жасыл түс жанғанша күту керек. Есіңде болсын!
- Енді есіме сақтаймын. Жасыл түс жанғанша күтемін.
Бағдаршамның жасыл түсі жанады.
Баласы: Енді өтуге бола ма?
Анасы: Әрине, жасыл түс жанса, өтуге болады.
- Сонымен балалар осы көріністен қандай қорытынды жасадыңдар?
- Балалар өте жақсы, ал енді бағдаршамның көздері жайлы мәлімет тыңдайық. Бірақ мұқият
болыңдар.
Жұмбақ
Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді,
Бір көзім «абайла» дейді,
«Қарап ал маңайға» дейді (Бағдаршам)
Ғажайып сәт: Осы кезде Дымбілмес велосипедпен жол ережесін бұзып келеді.
Жол сақшысы ысқырып тоқтатады да, Дымбілмеске жол ережесін түсіндіреді. Дымбілмес кешірім
сұрап балалардың қасына барады.
Жол сақшысы: Балалар Жолдан өтерде өте сақ болыңыздар. Жаяу жүргіншілерге арналған жолақ
жолдармен өтіңдер. Жолдан өтерде абай болыңдар жарай ма.

Бағдаршам: Мен жол реттеуші бағдаршаммын, менің үш көзім бар, олардың әрқайсысының
атқаратын міндеті бар.
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар.
Біз қай бағдаршамға қараймыз?
Балалар жауабы.
Жүргізуші: Біз жаяу жүргіншілер жолындағы бағдаршамға қараймыз. Қандай түс жанып тұр? Қызыл.
Ендеше көліктерге жол береміз.
Сары түс жанды не істеу керек балалар?
Жүруге дайындаламыз.
Жасыл жанды. Енді жүре беруімізге болады.
Дымбілмес: Балалар сендер маған жол ережесін үйретесіңдер ме?
Жүргізуші: Балалар көмектесеміз бе?
Жүргізуші: Балалар Дымбілмеске бағдаршам туралы тақпағымызды айтып берейік, Дымбілмес
тыңдап отырсын.
Арай
Егер де қызыл түс жанса
Жолдан өту қауіпті
Медина
Сары түс ескерту
Кәусар
Жасыл түс білдіреді
Жол ашық алға дегенді


Page 2

Дымбілмес: Оның бәрін қалай есте сақтайсың?
Жүргізуші: Бағдаршам белгілерін жеңіл ұғып алу үшін “Бағдаршам” ойынын ойнайық.
№1 Ойын: “Бағдаршам”
Жанатын бағдаршам ортаға шығады.
Қызыл көзін жағады. Оқушылар қозғалмай тұрады.
Сары көзін жағады. Балалар қол шапалақтайды.
Жасыл көзін жағады. Балалар орындарында тұрып жүреді.
Айсұлтан
Автобусқа асығып
Жолдан кесіп өтпеймін
Доп тепкендей асырып
Жолды асырып өтпеймін
Радмир
Жол шетіне келгенде
Тоқтай қалып мен демде
Көз саламын арнайы
Белгісі бар жерлерде
Әли
Қауіпті ғой көше тым
Қумай жолдың төтесін
Жолақшаларды іздеймін
Жаяу адам өтетін
Ойын: “Жол белгілерін табу”.
Шарты: Балалар алған жарты белгінің екіншісін тауып құрастырасыздар, сонан кейін атап берулеріңіз
керек.
Жүргізуші: Дымбілмес сен бәрін бүлдірдің?енді қалай балалармен ойын ойнаймыз?
Дымбілмес: Балалар маған көмектеседі
Жүргізуші: Балалар мен сендерге жол ережелерінің белгілерін дайындап койып едім. Бірақ
Дымбілмес басқа суреттермен араластырып жіберді. Ендеше бір-бірлеп шығып жол белгілерін дұрыс
тауып алу керек.
Дымбілмес: Балалар менің кететін уақытым болды. Сендерге үлкен рахмет. Өз ризашылығын
білдіреді.
Жүргізуші: Балалар біз Дымбілмеске жолда жүру ережесін түсіндірдік, үйреттік. Дымбілмеске
өздеріңнің білімдеріңді көрсеттіңдер. Ал, Дымбілмес сендерге алған білімі үшін ризашылығын білдіріп
сыйлығын алып келді.
Жүргізуші: Қорапты ашып тарату.
Жүргізуші: Балалар енді тәттілеріңді алып өз тобымызға барып алайық. Рахмет сендерге балалар
менде қуаныштымын. Сендер біраз білім алыпсыңдар.
Қорытынды. Осымен біздің «Тоқта, сақ бол, абайла!» атты ойын-сауық шарамыз аяқталды.
Балалар шараға белсене қатысқандарыңызға көп рахмет.
Көшеде біз сақ болайық ,
Қаймықпасын ата – ана .
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атқа!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!