Тақырыбы: «Жол тәртібін сақтайық!»
Мақсаты:
- Оқушыларға жол ережесі мен қауіпсіздікті
сақтауға
үйрету;
- Қоғамдық орындарда өздерін алып жүруге баулу;
- Жол белгілерін тани білу және дағдыларын қалыптастыру;
- Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
Мұғалім:
Арманға алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта жүре алатын жас ұланбыз!
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Сабағымыз басталады сәлемменен!
Құрметті ұстаздар,
ата-аналар мен
оқушылар! Бүгінгі «Жол тәртібін сақтайық!» атты тәрбие сағатымызды
бастауға рұқсат етіңіздер!
Бүгінгі тәрбие сағатымызға оқушылар
төрт
топқа бөлініп, қатысып отыр. Бұл топтар жол
ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілерін анықтап,
сіздерді жолда жүру ережелерімен таныстырады.
Бағдаршамның шығу тарихынан.
Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапты, білесіңдер
ме? Алғашқы бағдаршам
теміржол бойында пайда болды. Оны
ойлап тапқан адамның аты тарихта сақталмаған.
Оны көше қиылысына ыңғайлап, қайта жасаған
ағылшын инженер-механигі Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы
парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.
1914жылы Американың үлкен қалаларында электрлі
бағдаршамдар пайда болды. Олар тек екі түсті: қызыл және жасыл
болатын.
1918 жылдан бастап үш түс қолданылатын болды.
Олар: қызыл, сары және жасыл түстер.
Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу
қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын
алды.
Бүгінгі таңда бағдаршамды электронды жүйемен
басқарады. Бағдаршамдар Қазақстанның барлық
қалаларында бар.
Жол белгілерінің шығу
тарихынан.
Көшелер мен жолда жүру ережелерін сақтауға сонау
ат-арба, пәуеске кезінде талпыныс жасалған.
1683 жылы Ресейде патшалар Иоанн және Петр
Алексеевичтердің жеке Жарлығы басылды. Онда атты божымен басқаруға
тыйым салынды.
1730 жылы Жаңа Указ басылып, аттар жүгенделіп,
тәртіп бұзбай жүру керек болды.
1742 жылы кімде-кім тәртіп бұзатын
болса,жазаланатын болды.
1812 жылы Жаңа ереже қабылданды. Оң жақты
қозғалыс, жылдамдықты шектеу, номерлік белгілер
қойылды.
1968 жылы Венада халықаралық конференцияда «Жолда
жүру» туралы конвенция қабылданды. Осы құжат негізінде жолда жүру
ережесі жасалып, 1973 жылы күшіне енді.
І. «Бұл қандай белгі?»
Оқушыларға жол белгілерінің сурттері көрсетіледі. Оқушылар қандай
белгі екендігін анықтау қажет.
ІІ. Үй
тапсырмасы
-
І топ. Жаяу жүргіншілер назар
аудару қажет болатын жол ережелері мен жол
белгілері
-
ІІ топ. Велосипедпен жүргенде
назар аудару қажет болатын жол ережелері мен жол
белгілері
-
ІІІ топ. Қоғамдық көлікпен
(автобуспен) жүргенде назар аудару қажет болатын жол ережелері мен
жол белгілері
-
ІVтоп. Жеңіл көлікпен жүргенде
назар аудару қажет болатын жол ережелері мен жол
белгілері
ІІІ. Кері байланыс
«Бағдаршам»
ІV.
Қорытынды