жолда жүру анықтама.

Тақырып бойынша 19 материал табылды

жолда жүру анықтама.

Материал туралы қысқаша түсінік
жолда жүру анықтама.
Материалдың қысқаша нұсқасы

орта білім беретін мектебінде

2023-2024 оқу жылында «Жол қауіпсіздігі ережелері»

атты өткізілген іс-шаралар бойынша анықтама


Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Соңғы уақытта көшелерде көлік саны көп болғандықтан алуан түрлі жол көлік аппаттарының орын алып жатқандығын, сондай апат салдарынан жас өспірімдердің әртүрлі оқиларға душар болып жатқанын жасыруға болмайды. Осыған орай Жамбыл аулының жалпы орта білім беретін мектебінде әр айға бекітілген жоспар бойынша қыркүйек айындағы «Жол қауіпсіздігі ережелері» атты іс-шаралар жасақталып, өткізілді.

Іс-шараны өткізудегі мақсатымыз оқушыларға жол ережесі туралы мағлұмат беру, жол қатынасы ережелерін меңгерту. Жолда жүрген сәттерде қауіпсіздікті қалыптастыру, жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру; оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға; сақтыққа тәрбиелеу.

Сынып жетекшілер «Жолда жүру ережесін сақтаймыз», «Қауіпсіз жол», «Жол жүру ережесі», «Жол ережесінің қауіпсіздігі», «Жол тәртібін жадыңда ұста!», т.б. тақырыптарда сынып сағаттарын өткізді.

«Жаяу адамдардың міндеттері туралы нені білесіңдер?» тақырыбында оқушылардың жол тәртібі туралы білім деңгейлерін анықтау мақсатында 9-11 сынып оқушыларынан мектеп психологы Р.Уразбекова сауалнама алды. Оқушылардың 80 пайызы автокөлік қақтығысынан қалай сақтану керектігін білетіндігі анықталды.

«Тиым салынатын белгілер» «Жол таңбалары» тақырыбы бойынша 1 сынып оқушыларына жол ережелері туралы видеороликті Г.Меңдібаева көрсетті. Жолда жүру ережелерін көшеде қатаң сақтаңдар, жол белгілерін жаттап алыңдар деп қатаң ескертті.

«Абайла, жаяу жүргінші!» тақырыбында сурет көрмесі 1- 4 сыныптар аралығында ұйымдастырылды.

Мектебіміздің тәлімгері  «Жаяу жүргіншілерге арнау» үнпарақтарын таратты.

«Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік жарақатынан сақтандыру» тақырыбы бойынша  10-11 сынып оқуышларына сынып сағатын Ш.Тұрған мектептің медбикесімен бірге  алғашқы көмек қалай жасау керектігін көрсетті. Естен тану, аяқ-қолдың сынуы,ашық жарақат тағы басқа сол сияқты жағдайларда алғашқы көмек қалай көрсету керектігі жайында оқушыларға түсіндірді.

Оқушылардың жол ережесі туралы білімдерін толықтыру, көшеде жол тәртібін сақтай білуге үйрету, жол белгілерінің түрлерін ажырата білуге баулу мақсатында 8 сынып оқушыларымен А.Имагамбетова «Жол жүру қауіпсіздігі – өміріміздің кепілі!» атты тақырыпта сайыс сабағын  ұйымдастырса, 7 сынып оқушыларымен А.Абилова Ш.Ш. «Жол ережесін есте сақта» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді. Ал 9 сынып оқушыларымен Б.Шыңғуов «Мектепке барар қауіпсіз жол!» тақырыбы бойынша түсіндіру сабағын жүргізді.

         3-6 сыныптарда да «Жол ережесін сақтау-қауіпсіздік кепіліі», «Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік», «Жаяу жүргінші – назар аудар!»  тақырыптары бойынша сынып сағаттары өтті.

Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі»мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті екенін әр сынып жетекші оқушыларға түсіндірді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.08.2024
287
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі