Тақырып бойынша 12 материал табылды

Жолда жүру ережелері 3 сыныпқа арналған қмжлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жолда жүру ережелері 3 сыныпқа арналған қмжлары
Материалдың қысқаша нұсқасы

3-сынып



р/с

Айлар

Тақырыптың атауы

Сағат саны

1.

қыркүйек

Балалардың көшеде, жолда жүру ережелері.

1

2.

қазан

Қай жерлерден жолдан өтуге болады.

1

3.

желтоқсан

Жол жүру белгілері және таңбалары.

1

4.

наурыз

Жарақаттанғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.

1

5.

сәуір

Сен – велосипедші.

1

6.

мамыр

Қорытынды сабақ.

1


Барлығы:

6













































Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Сабақтың тақырыбы

Балалардың көшеде, жолда жүру ережелері.

Сабақтың мақсаты

Балалардың көшеде,жолда жүру қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін пысықтау, өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру.

Танымдық белсенділігін, жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық және көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін, ойын арқылы ойлау қабілетін, тіл байлықтарын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін  арттыру.

Құндылықтарға баулу

Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар  арқылы  ұйымшылдыққа  тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, жаратылыстану

Сабақтың жоспарланған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру бөлімі.

Сәлемдесу.

Шаттық шеңбері:  

Алтын сәуле арайлы.

Бақшамызға тарайды.

Қуанышпен шат күліп,

Қарсы алайық арайды.

Қайырлы таң қонақтар!

-Сәлеметсіздерме?!


Сабақтың ортасы

Балалардың көшеде, жолда жүру ережелері.

-Ережені білеміз,

Көшеде еркін жүреміз.

Біздің ұран осындай,

Сіздерге айтып береміз.

Біз бақшаға барамыз.

Оқу білім аламыз

-Балалар, бүгін біздің сабақта БДПП полиция бөлімінің полиция лейтенанты Аубакиров Рустам Рахадұлы қонақта.

-Көліктер қайда жүреді?   - Жолда.

-Көшедегі жолдар қандай болады екен?  -Ұзын, қысқа, тар-кең

-Көшеде келе жатқан адамдарды кімдер дейді?   -Жаяу жүргіншілер.

 Слайд  көрсету:

«Сақта  жолдың  тәртібін» 

Көшеге шыққаннан кейін, айналамызға абайлап, қарап жүрмесек болмайды.  Себебі  бағдаршамға  бағынып жүру  тәртібін  қатаң  сақтаған  адам  өз  өмірінің қауіпсіздігін де қамтамасыз ете алады.

Үлкен  жолда  доп  ойнауға,  велосипедпен  көшеде жүруге  бола  ма?  .

-Келе жатқан көліктің алдынан өтуге бола ма? 


Ой толғаныс: «Венн диаграммасы»

Ортақ  қасиетін салыстыру.  Ескерту, тыйым  салу, меңзеу (нұсқау) белгілерін орындарына атап қояды.

Жол белгісі суреттері:

-Мына белгі тамақтану орны бар деген белгі.   

- Түсі көк шеңберде адам бейнеленген. (Жаяу жүргіншілер жолы).    -

- Мынау белгі автобус аялдайтын орын. 

- Қызыл шеңберде адам бейнеленіп, үстінен сызылған. Бұл белгіде жаяу жүргіншілер қозғалысына тыйым  салынады дегенді білдіреді.   -

- Бұл белгіде қызыл шеңбердің ішінде велосипед суреті бейнеленген. Велосипедпен қозғалысқа тыйым салынады

Жұмбақ жасырылады:

Үш көзі бар қаз – қатар.

Кезек – кезек ашады.

Үшеуінен  байқасам

Үш  түрл і нұр  шашады.    Бағдаршам


Бағдаршам:

Менің атым бағдаршам,

Мекен жайым тұрақты.

Жақсы білем міндетімді,

Мүдірмеймін ешқашан.

-Балалар, бағдаршам біздің өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз.

Айтыңдаршы, бағдаршамның  көшедегі қызметі қандай?

  - Көшедегі жүру тәртібін сақтайды.

  Ойын: «Сақ  бол!»

Қызыл көзін жағады.   (қозғалмай тұру)
Сары көзін жағады.     (қол шапалақтау)
Жасыл көзін жағады.  (бір орында тұрып жүру).   

-Балалар мына тақтадағы үлкен суреттерге мұқият қарайықшы.  Бұлар нені білдіреді?

  - Бізге жолдан өтуге көмектеседі. Дұрыс айтасыңдар.

«Жаяу жүргіншілер өтпесі»

-Қиылыста, жол шетінде, бұрышта.

Түрлі-түрлі  белгілер бар тұратан.

Жүресің бе?  Жүрмегенің дұрыс па?

Не істеу керек

Жол жүрудің тәртібін

Ережесін білеміз.

Сақтағанда қатерден

Сау саламат жүреміз.      

Бұзба көше тәртібін,

Ұрынарсың апатқа.

Қызықты өтсін әр күнің,

Жақын болма шатаққа.      

Ата – ананың сенімін,
Еске ұстап ақтай біл.
Жолдан өтер жаяудың,
Ережесін сақтай біл!         

Сергіту сәті:

Бұзба көше тәртібін                                 

Ұрынарсың апатқа.

Қызықты өтсін әр күнің,

Жақын болма шатаққа.      

Бірге, жақсы жасады.

-Ендігі кезекті БДПП полиция бөлімінің полиция лейтенанты Аубакиров Рустам Рахадұлына сөз береміз.

«Көшедегі жағдаяттар» ойыны.

- Балалар, көшеде танымайтын, бөтен адаммен сөйлесуге, оның алдағанына көніп, қолынан заттарын алуға  болмайды екен.

Көшеде абай болыңдар?


бағдаршам, венн диаграмма, 

жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер,  

слайд арқылы суреттер

көрсету , жол макеті





Сабақтың соңы

Рефлексия

 «Сұрақ-жауап»  ойыны.

- Бағдаршамның неше түсі бар?   

  Үш:  қызыл, сары, жасыл.

- Қай түс жанғанда машиналар жүреді? 

- жасыл

- Көлік күтетін жерді қалай атайды? 

- Аялдама

 - Көшеде жаяу жүрген адамдарды кімдер дейді? 

- жүргіншілер

- Бағдаршамның «қызыл» көзі не дейді?   «Тоқта!» - дейді.

- Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызықты не дейді? 

- Ақ жолақ немесе зебра жол.

- Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз? 

- Көшенің ортасына келгенде оң жаққа қарайды.

- Жарайсыңдар балалар!

- Көше қауіпсіздігі, жол ережесі, белгілер жайында.

Бүгін бізге қонаққа кім келді?  

Қандай ойындар ойнадық? 

  - «Сақ бол!», белгілерді  орнына қойдық...

Жарайсыңдар, жақсы қатыстыңдар. 

Кері байланыс парағы. « Бағдаршам » әдісі бойынша.


Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға

қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым

күрделі дереккөздермен жұмыс істей

алады.

Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау парақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не

білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.




































































(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Қай жерлерден жолдан өтуге болады?


мақсаты

Балаларға көшенің қозғалыс бөлігінде ойнаудың қаншалықты қауіпті екендігін түсіндіру; жолдағы қауіпсіздік қағидаларын ұстануға машықтандыру.



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

І Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз Құрметпенен сіздерге Сәлем бердік біз Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін.

  • Сәлеметсіздер ме оқушылар! Бүгін бізге қонаққа авто инспекция қызметкері келіп отыр.Сендердің қаншалықты жолда жүру қағидаларын меңгергендеріңді тексеріп көрмекші.

  • Балалар сонымен қатар Шеврон компаниясы бізде қонақта. Шеврон компаниясы еліміздегі үлкен мұнай газ корпорациясы. Бұл корпорация еліміздегі денсаулық сақтау, білім беру, денсаулық сақтау салаларына елеулі үлес қосып отыр.

  • Шеврон компаниясына үлкен алғысымызды білдіреміз!

Топқа бөлу

-Балалар бағдаршамның қанша түсі бар?

Бағдаршам түсіне сәйкес ұшақтарды (өздеріңе ұнаған түсті) таңдап үш топқа бөлінеміз.

1 топ- Тазалық

2 топ – Ұқыптылық

3 топ – Салауаттылық

ІІ Үй тапсырмасы

  • Балалар назарымызды тақтаға аударып топ бойынша сұрақтарға жауап берейік.

Дұрыс жауап берген топ көліктер фишкасын жинайды. Жеңген топ марапатталады.

1 топ- Тазалық

  • Жаяу жүргінші жолдан өтпес бұрын неге назар аударуы тиіс?

  • Бағдаршам деген не? Оның әр түсі не мағына береді?

  • Көшеде жол ережесін білу бізге не үшін қажет? 2 топ – Ұқыптылық

  • Үй мен мектеп арасындағы жолсызба не үшін қажет?

  • Көшеде жол тәртібін кім басқарады?

  • Жолдың жиегіне жақындауға бола ма?

3 топ – Салауаттылық

  • Жиекжол дегеніміз не?

  • Көшеде адамдарға қандай жолмен жүруге рұқсат етілмейді?

  • Қоғамдық көліктерде (автобус, тралейбус, трамвай) адам өзін қалай ұстауы керек?



презентация

Сабақтың ортасы

ІІІ Жаңа сабақ

Бүгін біз балалар сендермен көшенің қай жерінде жүруге болатынын және болмайтынын талқылаймыз.

Әрқайсымыз әртүрлі ойындарды жақсы көреміз. Көптеген адамдар және балалар компьютер ойындарын ұнатады. Кейбір балалар тек көшеде ойнағанды жақсы көреді.

Кейде ойын ойнаған кезде ойынға беріліп кетіп, айналадағы жағдайларды байқамаймыз. Компьютердің алдында отырып та өзімізге зиян келтіреміз. Қалай дейсіңдер ме? Тамақ, сабақ, туғандарға көмектесу, тіпті достар туралы да ұмытамыз. Бір орында отыа береміз. Бұның өзі сендердің денсаулықтарыңа зиян. Осы кезде балалар Абай атамыздың балаларға арнап жырлаған өлеңі еске түседі. Оны өздерің де біліп отырсыңдар.

  • Абай атамыздың айтқан дана сөздерін көңілімізде мәңгі түйіп жүрейік!

  • Ал сендер бос уақыттарыңда немен айнасасыңдар?

  • Қандай пайдалы іспен шұғылданасыңдар?

  • Аулада ойнау пайдалы ма? Таза ауада жиі серуендейсің бе?




Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Есте сақта! Жолда жүру қағидаларын мұқият зерделеп шық. Жолда жүру қауіпсіздік дағдыларын барлық жерде сақта. Өз достарыңды көшелер мен жолдарда теріс қылықтар жасауға жол берме!

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі тапсырмалар талданып, орындалады.

Сергіту сәті

Тазша бала мен Буратино келе жатады.

Тазша бала:Сен білесің бе, астанада бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне арналған салтанатты жиын өтеді. Бірақ оған қатысу үшін жол ережесін өте жақсы білу керек.

Буратино:(сасқалақтап): Ой, ой, мен білмеймін ғой.

Тазша бала:Сен қорықпа. Бар болғаны мына сызбадағы сандар белгіленген жерге жол белгілерін дұрыс орналастыру керек. Дұрыс орындасаң,екеуміз де сол жиынға қатыса аламыз.

Буратино түсіндіре отырып жол белгілерін орналастырады.

1.Еее! Мынау жаяу жүргіншілерге арналған жол өтпесі ғой. Оған мына белгіні қояйын. Мен бағана осыған байланысты бір қате жіберіп едім. (ұялады).

2. Ал бұл жерге мына белгіні қоямын. Бұл белгі, жақын жерде тамақтануға арналған орын бар деген сөз. Бұл ақпараттық белгіге жатады.

3. Мына жерде мектеп бар деген. Ендеше осы белгіні орналастырамын.

4. Ал бұл пойыз жүретін жол екен. Оған мына белгіні қоямын. Бұл-ескертпе белгісі.

5.Мына жерде демалыс орны бар, ендеше бұған мына белгіні қоямын. Бұл да ақпараттық белгілердің бірі.

Мен мектепте мұғалімдерді тыңдап, жол ережелерін біліп жүрсем, мынадай қателіктерге жолықпас ем. Бірақ сендер, балалар, мұғалімдеріңді тыңдап, жол ережесін қатаң сақтаңдар!

Топтық тапсырма «Адасқан әріптер» ойыны

Топтық тапсырма

1 топ- Тазалық тобы жолда жүру ережелері, балаларға қай жерде ойнау қолайлы тақырыбында постер құрастырады.

2 топ – Ұқыптылық тобы бұрын жаттаған тақпақтарын қолдана отырып шағын көрініс қояды

3 топ – Салауаттылық тобы

Бес жолды өлең

............................................. балалар, .............................................жолдан, ............................................. ұмытпа, ............................................ сақта! . ...................................................!

ІV Қорытынды 3 топқа берілген жағдаяттарды талдау

  • Аулада қай жерде ойнауға болады?

  • Қай жерде ойнауға болмайды?

  • Жолдың бойына ойнау не үшін қауіпті?

  • Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну қажет. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман- есен жүруге болады. Көшеде жол тәртібін сақтау сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе ғана қауіп төндіріп қоймай, басқа адамға да зияныңды тигізесің. Сондықтан жолда сақ бол!






  • V Бағалау

Жиналған көлік фишкаларын санап, бағалау

VІ Үй тапсырмасы Сен ауланың қай жерінде ойнайсың?/ әңгімелеу. Жол қағидалары туралы іздену.

Рефлексия Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып «Аралдар» бұрышына ілу





презентация



































Тақырыбы: Жарақаттанғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.

Мектеп:

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП:

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаттары

Оқушыларға алғашқы медициналық көмек туралы түсінік беру. 

Бағалау критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.



Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы


Ресурстар

Басталуы 3минут


Ұйымдастыру кезеңі:

1)Оқушылармен сәлемдесу.

2)Оқушыларды түгелдеу.

3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.

«Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу

Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады.

Топқа парта бойынша бөлу:

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Суреттер, слайд

Бағалау



Ортасы 20 минут

Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.

Алғашқы көмек дегенiмiз – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты.

Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану;

2. Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану;

3. Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану);

4. Әскери қызметшілердің соғыс кезіндегі және бейбіт кездегі жарақаттары болып табылатын әскери жарақаттану;

5. Спортпен айналысқан кездегі спорт жарақаттары.

Алғашқы көмек көрсету түрлері

Күю - жоғары температура ықпалынан (термиялық күйіктер), қышқыл және сілті (химиялық күйіктер), электр тоғы, иондалушы сәулелену салдарынан болады.

Термиялық күйіктер. Үш түрде ажыратылады: жеңіл, орташа және ауыр. Күйіктің жеңіл түрінде күйіп қалған тері қызарады, қатты ауырады. Ауыр түрдегі күйікте тері күлдірейді, беті қызарады және күлдіреген теріде ақ бөліктер пайда болуы мүмкін. Кең көлемді күйіктерде адам естен танып, күйзелісте болғанда аурудан қатты сенделеді, қашуға тырысады, орнын және жағдайды бағдарлай алмайды. Абыржу тежелумен, көңілсіздікпен алмасады. Ыстық ауамен, бумен, түтінмен дем алу тыныс алу жолдарының күюіне, көмейдің ісінуіне, дем алудың бұзылуына әкеп соғады. Бұл гипоксияға әкеледі (организмдегі клеткалар тобына оттегінің жетіспеуі).

Күн өту - күн көзінің бастан өтіп кетуі нәтижесіндегі организмнің ауыр сырқаулы күйі. Зардап шегушіде жүрек айнушылық, лоқсу, мұрыннан қан кету, көзінің көруі бұзылуы мүмкін, тыныс алу және тамырдың жиі соғуы, ессіз қалыптағы жағдайдағы оқиғалар да байқалады, тыныс алу және жүрек қызметінің тоқтауы байқалады.

Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні салқын бөлмеге немесе көлеңкеге әкеліп, үстіндегі киімдерін шешіп, жүрек аумағына және басына суық басып, молырақ тұзды сусын беру қажет. Ауыр түрінде қолдан дем алдыруға және жүрекке массаж жасауға кірісу керек. Қажеттілік болса зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізу қажет.

Суға кету - тыныс алу жолдары сұйықтыққа немесе сұйықтық массасына толады. Суға кету белгілері аузынан көбік ату, тыныс алу және жүрек қызметінің тоқтауы, тері бетінің көгеруі, қарашықтың ұлғаюы болып табылады.

Алғашқы жәрдем. Ауыз қуыстарын тазалау, зардап шегушіні ішімен құтқарушының санына жатқызу керек, зардап шегушінің басы жерге салбырап тұру үшін, жігермен арқасы мен кеудесінен басып, өкпе мен асқазандағы суды шығару қажет, қолдан дем алдыруға кірсу керек (зардап шегушіні жылындыру үшін үйкелеу керек).


Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Аяқталуы 10 минут


Бүгінгі сынып сағатында алғашқы көмек көрсетудің принциптері мен оқыс жағдайда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетудің жолдарымен таныстық. Көп жағдайда зардап шегушінің толық жазылып кетуі немесе өмір бойы мүгедек болып қалуы осы алғашқы көмекке байланысты. Дер кезінде дүрыс көрсетілген алғашқы көмектің арқасында адам өмірін сақтап қалуға өз үлесіңізді қоса аласыз. Әрекет етуден қорықпаңыз, сіз әншейін көмекке шақырып айқайлаған болсаңыз да осының өзі сіздің үлесіңіз.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік

пен қатысқан топты басқа топ оқушылары бағалайды.




Сабақтың соңы

2 мин






Рефлекция « Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Сабақ соңында оқушылар өз ойларын стикерлерге жазады:

- Мен бүгін ........білдім

- Маған .... қызықты болды

- Маған....қиын болды


«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


































Тақырыбы: Велосипедпен жүру

Мектеп:

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП:

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаттары

Велосипедпен жүру кезінде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту.

Бағалау критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.



Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы


Ресурстар

Басталуы 3минут


Ұйымдастыру кезеңі:

1)Оқушылармен сәлемдесу.

2)Оқушыларды түгелдеу.

3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.

«Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу

Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады.

Топқа парта бойынша бөлу:

І топ «Бағдаршам»

ІІ топ «Жүргізуші»

ІІІ топ «Аялдама»

Мұғалім: Мен оқушыларға сұрақ қойғым келіп тұр:

1. Тандем дегеніміз не?

2. Арба жасаушы Майкл Каслер велосипедін неден жасады?

3. Егер адам велосипедпен жүрсе, ол жүргізуші ме, әлде жаяу жүргінші ме?

Барлық сұрақтарға дұрыс жауап бермескеті, бірақ бұл дұрыс, өйткені бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Велосипедпен жүру». Бір-бірімізге белгісіз сұрақтарға жауап табуға көмектесейік.

Суреттер, слайд

Бағалау



Ортасы 20 минут

1-тапсырма. Тест

1. Велосипедтің басқа көліктерден ерекшелігі неде?

1. Дөңгелектер саны.

2. Кез келген қозғалтқыштың болмауы

3. Салмақ

2. Жолдармен жүру кезінде велосипедпен жүруге кем дегенде мына адамдарға рұқсат етіледі:

1. 12 жыл

2. 14 жаста

38 жаста

4. 16 жаста

3. Велосипедті жолда келе жатқан адам жаяу жүргінші ме?

1. Иә

2. Жоқ, ол жүргізуші.

4. Егер бағдаршамның сигналы велосипедшінің сұлбасы түрінде жасалса, онда оның әсері:

1. Тек велосипедшілерге арналған

2. Тек велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған

3. Тек велосипедшілер мен маршруттық көліктерге арналған.

5. Жолаушыларды велосипедпен тасымалдауға болады ма?

1. иә

2. Жоқ

3. Иә, тек 7 жасқа дейінгі балаға қауіпсіз аяқ тіреуіштерімен жабдықталған күшейткіш орындықта.

6. Велосипедшінің оңға бұрылу сигналы мынаған сәйкес келеді:

1. Оң қолды көтеру

2. Оң қолды бүйірге созу немесе сол қолды бүйірге созу және шынтақтан жоғары тік бұрышпен бүгілген.

7. Велосипедшінің тежеу ​​сигналы мынаған сәйкес келеді:

1. Оң қолды бүйірге созу

2. Сол қолды бүйірге созу

3. сол немесе оң қолды көтеру.

Жауабы: 1-2; 2-2; 3-1; 4-1; 5-3; 6-2; 7-3.

2-тапсырма. Сұрақ-жауап

1)Велосипедшілерге арналған жол қозғалысы ережелері - неліктен білу керек?

Жолдың біршама аласапыран жер екенінен бастайық, өйткені көп тонналық металл машиналар ол жерге әртүрлі жылдамдықпен жүгіреді, ал ондағы велосипедші, жұмсақ тілмен айтқанда, жиі орынсыз. Қозғалыс үшін ең жақсы орын - бұл велосипед жолдары, бұл жол қозғалысы ережелерінде де айтылған, бірақ олар барлық жерде жоқ, ал тротуар әрдайым көңілі толмайтын өтіп бара жатқандар мен жылдам велосипедшілерге мүмкіндік бермейді. Сондықтан, кейбір батылдар жолға шығады, бірақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сіз велосипедшінің жолдағы мінез-құлық ережелерін өте жақсы түсініп, барлық қажетті жабдықтар мен құралдарды алуыңыз керек.

2) Жолдағы велосипедшінің ережелері - қалай қозғалу керек?

Велосипедшінің жолда қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай жол қозғалысы ережелері кеңес беретінін талдап көрейік. Алдымен, велосипедші велосипед жолынан басқа барлық жерде қонақ екенін хабарлаймыз, сондықтан тротуарда ол жаяу жүргіншілерді маневрлерімен, ал жол бойындағы автокөлік жүргізушілерін мазаламауы керек. Сондықтан, жолда шек қойылады - 1 м шектен тыс оң жақ жолақта, кедергіні болдырмауды қоспағанда, осы мәннен ары қарай көрінбеу керек. Сонымен қатар, ниетіңізді барлық мүмкін түрде көрсетуді ұмытпаңыз (қол белгісі).




Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Аяқталуы 10 минут


Қорытынды:

Оқушыларға сұрақ:

1. Тандем дегеніміз не? (Велосипед, екі немесе одан да көп орындығы бар)

2. Арба жасаушы Майкл Каслер велосипедін неден жасады? (ағаштан)

3. Егер адам велосипедпен жүрсе, ол жүргізуші ме, әлде жаяу жүргінші ме? (жаяу жүргінші)

қҚалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік

пен қатысқан топты басқа топ оқушылары бағалайды.




Сабақтың соңы

2 мин






Рефлекция « Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Сабақ соңында оқушылар өз ойларын стикерлерге жазады:

- Мен бүгін ........білдім

- Маған .... қызықты болды

- Маған....қиын болды


«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.10.2024
397
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі