Тақырып бойынша 12 материал табылды

Жолда жүру ережелері 6 сыныпқа арналған қмжлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жолда жүру ережелері 1 сыныпқа арналған қмжлары
Материалдың қысқаша нұсқасы

6-сынып

р/с

Айлар

Тақырыптың атауы

Сағат саны

1.

қыркүйек

Жол жүру ережелері (қайталау).

1

2.

қазан

Көлік құралдарының қозғалысы. Көлік құралдарының аялдама жолдары.

1

3.

қараша

Көлік құралдарының нөмірлік, тану белгілері мен жазбалары.

1

4.

желтоқсан

Жол-көлік оқиғасы уақытындағы оқушылардың мінез-құлқы.

1

5.

қаңтар

Түрлі жарақаттар алған жағдайда алғашқы медициналық көмек.

1

6.

ақпан

Жол қозғалысының қауіпсіздігі.

1

7.

наурыз

Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері.

1

8.

сәуір

жаяу жүргіншілерге арналған жол жүру ережесі. Жол "қақпан".

1

9.

сәуір

Жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтыратын жол жағдайларын зерттеу .

1

10.

мамыр

Қорытынды сабақ.

1

Барлығы:

10

Тақырыбы: ЖЖЕ қорытынды сабақ

Мектеп:

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП:

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаттары

Көшеде жүру тәртібін және көше қатынас ережелерін қайталау. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.Сөздік қорларын байыту.

Бағалау критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы

Ресурстар

Басталуы 3минут

Ұйымдастыру кезеңі:

1)Оқушылармен сәлемдесу.

2)Оқушыларды түгелдеу.

3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.

«Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу

Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады.

Топқа парта бойынша бөлу:

І топ «Бағдаршам»

ІІ топ «Жүргізуші»

ІІІ топ «Аялдама»

Суреттер, слайд

Бағалау

Ортасы 20 минут

Мұғалім түсіндірмесі: Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
Біздің ауылымызда, сол сияқты біздің еліміздің басқа да қала, ауылдарында бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Балалар, сенднр көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.
1-тапсырма. Сұрай айдары

1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.

2.Жиекжол дегеніміз не?
- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.

3.Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

4.Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.

5.Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?
- Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.
6.Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз?
- Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз.Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз.Егер
ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз.

7.Ал жиекжолда қалай жүру керек?
- Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.
8.Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?
- Төрт-бес адам қатар жүруге болмайды

2-тапсырма. Жұмбақ

1.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымына сүйреп, жол жөндейді.
( Трамвай)
2.Арқаным тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
(Жол)
3.Қозғалмасаң құлайды,
Сүйемесең сұлайды.
Құйымшақты ері бар,
Бұл не деген жануар?
(Велосипед)
4. Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.
(Бағдаршам)

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Аяқталуы 10 минут

- Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
Бір оқушы көшеде жүру тәртібін көрсететін бағдаршам суретін көрсетеді.
- (Бағдаршамның қызыл отын көрсетіп) Бағдаршамның қызыл оты жанғанда жүргіншіге де, көліктерге де тоқтап тұру керек.
Сары шам бағдаршам отының ауысуын көрсетеді.Бұдан да жүруге болмайды.
Сарыдан кейін жасыл жарық жанғанда жол ашық, жүруге болады.
- Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әмәнда!
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Тоқта!

Сақтан!

Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!

Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
Бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап, кезегі келгенде көрсетіп тұрады.
қорытындылау

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік

пен қатысқан топты басқа топ оқушылары бағалайды.

Сабақтың соңы

2 мин

Рефлекция « Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Сабақ соңында оқушылар өз ойларын стикерлерге жазады:

- Мен бүгін ........білдім

- Маған .... қызықты болды

- Маған....қиын болды

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Тақырыбы: Көлік құралдарының нөмірлік, тану белгілері мен жазбалары

Мектеп:

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП:

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаттары

Жаңа тіркеу номерлерін ұғыну, талдау

Бағалау критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы

Ресурстар

Басталуы 3минут

Ұйымдастыру кезеңі:

1)Оқушылармен сәлемдесу.

2)Оқушыларды түгелдеу.

3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.

«Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу

Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады.

Топқа парта бойынша бөлу:

І топ «Бағдаршам»

ІІ топ «Жүргізуші»

ІІІ топ «Белгі»

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің үлгісі

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы көлік
құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері

1-үлгі – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы көлік құралдарының алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері.

1-1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы көлік
құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің
сипаттамасы

Мемлекеттік тудың үлгісі бар 1-Үлгі үшін нөмірлік белгілер фоны (артқы түсі) – ақ түсті, символдары (сандары, әріптері)- қара түсті.

2. Жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарының мемлекеттік
тіркеу нөмірлік белгілері

      1-үлгі – заңды тұлғалардың жеңіл автомобильдерінің алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері, заңды тұлғаларға тиесілі жүк автомобильдері мен автобустарының алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

      1А үлгісі – жеке тұлғалардың жеңіл автомобильдерінің алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері, жеке тұлғаларға тиесілі жүк автомобильдері мен автобустарының алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

      2-үлгі – заңды тұлғаларға тиесілі жүк автомобильдері мен автобустарының, сондай-ақ заңды тұлғалардың бекіту орны 1-үлгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін жеңіл автомобильдер үшін артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

      2А-үлгі – жеке тұлғаларға тиесілі жүк автомобильдері мен автобустары, сондай-ақ жеке тұлғалардың бекіту орны 1-үлгідегі нөмірлік белгідегі габариттерге сәйкес келмейтін жеңіл автомобильдері үшін артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

      3-үлгі – мотокөлік құралдары (мотоциклдер, мотороллерлер) үшін.

      5-үлгі – көлік құралдарының тіркемелері мен жартылай тіркемелері үшін.

      7-үлгі – жол қозғалысына қатысуға рұқсат етілген көлік құралдары үшін.

1С-үлгі – жеңіл автомобильдер үшін алдыңғы және артқы және ішкі істер органдарының жүк автомобильдері үшін алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері.

      2С-үлгі – бекіту орны 1С-үлгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін, ішкі істер органдарының жеңіл және жүк автомобильдері үшін артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.

      3C-үлгі – ішкі істер органдарының мотокөлік құралдары үшін.

Суреттер, слайд

Бағалау

Ортасы 20 минут

1-тапсырма.

Оқушыларға кесте ұсыналады, оқушылар кодты табуға тырысады

р/с

Өңірдің атауы

код

1

Астана қаласы

01

2

Алматы қаласы

02

3

Ақмола облысы

03

4

Ақтөбе облысы

04

5

Алматы облысы

05

6

Атырау облысы

06

7

Батыс Қазақстан облысы

07

8

Жамбыл облысы

08

9

Қарағанды облысы

09

10

Қостанай облысы

10

11

Қызылорда облысы

11

12

Маңғыстау облысы

12

13

Оңтүстік Қазақстан облысы

13

14

Павлодар облысы

14

15

Солтүстік Қазақстан облысы

15

16

Шығыс Қазақстан облысы

16

2-тапсырма.Сұрақ айдары

  • Нөмір белгілері неге қажет?

  • Нөмір машиналардың қай жеріне ілінеді?

  • Көшеден өтудің қауіптілігін қалай түсіндіре аласыңдар?

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Аяқталуы 10 минут

Оқушылар білімдерін салыстыра бағалау, мадақтау

Бүгінгі сабағымыз ұнады ма сендерге балалар? Біз бүгін не үйрендік, не білдік?

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік

пен қатысқан топты басқа топ оқушылары бағалайды.

Сабақтың соңы

2 мин

Рефлекция « Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Сабақ соңында оқушылар өз ойларын стикерлерге жазады:

- Мен бүгін ........білдім

- Маған .... қызықты болды

- Маған....қиын болды

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Тақырыбы: Жол-көлік оқиғасы уақытындағы оқушылардың мінез-құлқы

Мектеп:

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП:

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың жол-көлік оқиғасында өзін ұстауды үйрету

Бағалау критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы

Ресурстар

Басталуы 3минут

Ұйымдастыру кезеңі:

1)Оқушылармен сәлемдесу.

2)Оқушыларды түгелдеу.

3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.

«Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу

Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады.

Топқа парта бойынша бөлу:

І топ «Бағдаршам»

ІІ топ «Жүргізуші»

ІІІ топ «Белгі»

Жыл сайын дүние жүзінде 50 миллионнан астам адам жол-көлік оқиғаларының салдарынан қаза табады немесе жарақат алады. Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, жаһандық экономикалық шығын жылына 500 миллиард доллардан асады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жол-көлік оқиғалары барлық жазатайым оқиғалардан болатын өлімнің 30% құрайды. 20 ғасырда автомобильдер 30 миллионға жуық адамның өмірін қиды. Адам. Ресейде жол-көлік оқиғаларымен байланысты шығындар теміржол апаттарынан, өрттерден және басқа да жазатайым оқиғалардан болған шығындардан бірнеше есе жоғары. Жол-көлік оқиғаларының ауқымы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді.

Суреттер, слайд

Бағалау

Ортасы 20 минут

1-тапсырма. Сұрақ-жауап айдары

Мұғалім: Жол-көлік оқиғасы қалай аталады?

Жол-көлік оқиғасы» - көлік құралының жолда жүруі кезінде және оның қатысуымен болған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлік құралдары, құрылыстар, жүктер бүлінген немесе өзге де материалдық залал келтірілген оқиға.

Мұғалім: Кім апатқа ұшырауы мүмкін?

Жол-көлік оқиғасына қатысушыларға көлік құралының жүргізушілері, жаяу жүргіншілер (ересектер мен балалар), жолаушылар, жөндеушілер, велосипедшілер және т.б. кіруі мүмкін. Жол қозғалысы ережелері жүргізушіге оның жолдағы барлық әрекеттері үшін жауапкершілік жүктейді. Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептеріне. - Балалар қайтыс болған және жарақат алатын көлік апаттары туралы бізге үлкен көлік жүргізу тәжірибесі бар жүргізуші (ата-ана) таныстырады:

жол бөлігіне кенеттен шығу;

жақын маңдағы көлік қозғалысының алдынан өту;

жол бойында немесе оның жанында ойнау;

белгіленбеген жерден өту;

тыйым салатын бағдаршам сигналына ауысу.

Жазатайым оқиғаның куәгері болған немесе оған қатысқан адамдар үшін бірнеше міндетті ережелер бар:

- жәбірленушіні ешбір жағдайда көмексіз қалдырмаңыз;

- жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізушінің жол-көлік оқиғасы болған жерден қашуы, сондай-ақ сараптамадан жалтаруы екі жылға дейінгі мерзімге жүргізуші куәлігінен айыруға жазалануы мүмкін;

- оқиға туралы дереу жол полициясына хабарлаңыз (егер апаттан зардап шеккендер болмаса және жүргізушілердің бір-біріне шағымдары болмаса, бұл қажет емес);

- оқиғаның барлық іздерін сақтау (егер айналма жолды ұйымдастыру мүмкін болмаса, жүргізушілер жолдағы барлық заттардың және іздердің орналасқан жерінің сызбасын жасауы, сызбаға куәгерлерден мекенжайлары мен телефондары көрсетілген қол қоюы қажет және тек қана содан кейін көліктерді жолдан шығарыңыз);

Есіңізде болсын: Оқиға орнынан кету арқылы (куәгер бола отырып) сіз тергеуді болған оқиғаны объективті түрде түсіну және апаттың кінәсін анықтау мүмкіндігінен айырасыз.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Аяқталуы 10 минут

Мектеп дәрігерінің қатысуымен «Жол-көлік оқиғаларындағы негізгі жарақаттар және алғашқы медициналық көмек» кеңесі. оларға көмектес»

Алғашқы көмек көрсету кезінде сізге қажет:

1. Дереу дәрігерді, жедел жәрдемді, полицияны шақырыңыз

2. Оқиға болған жерден зардап шегушіні алып тастаңыз.

3. Дененің зақымдалған жерлерін емдеу және қан кетуді тоқтату.

4. Сыну орындарын иммобилизациялаңыз.

Алғашқы көмек көрсету кезінде сіз тез, батыл, бірақ саналы түрде әрекет етуіңіз керек. Жазатайым жағдайда қандай жарақаттар болуы мүмкін деп ойлайсыз?

Травматикалық шок.

Травматикалық шок денеге күшті ауыртпалық әсерге және көп қан жоғалтуға негізделген. Ауырсыну ағзаның өмірлік маңызды функцияларының жүйкелік реттелуін және ең алдымен қан айналымын бұзады. Осы өзгерістердің нәтижесінде қан қысымы төмендеп, қан айналымындағы қан көлемі азаяды.

Қатты қан кету.

Сізге қажет: зақымдалған ыдысты саусағыңызбен қысыңыз; және тізе немесе шынтақ астына мата орамын қойып, жарақаттанған мүшені қатты бүгіңіз; жгутты бір жарым сағаттан артық емес қолданыңыз, содан кейін бұралуды босатыңыз және аяқ-қол қызғылт және қызғылт болған кезде оны қайтадан тартыңыз; Кішігірім қан кетулер үшін жараны майлықпен басып, оны таңыңыз.

Аяқ-қол сүйектерінің сынуы.

Сізге қажет: стандартты шинаны немесе сынықтардан жасалған біреуін жағыңыз; сынған қолды немесе аяқты жоғары позицияға беріңіз; суық компрессті қолданыңыз; ауырсынуды басатын дәрілер беріңіз.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік

пен қатысқан топты басқа топ оқушылары бағалайды.

Сабақтың соңы

2 мин

Рефлекция « Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Сабақ соңында оқушылар өз ойларын стикерлерге жазады:

- Мен бүгін ........білдім

- Маған .... қызықты болды

- Маған....қиын болды

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Тақырыбы: Түрлі жарақаттар алған жағдайда алғашқы медициналық көмек

Мектеп:

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП:

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаттары

Оқушыларға алғашқы медициналық көмек туралы түсінік беру. 

Бағалау критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы

Ресурстар

Басталуы 3минут

Ұйымдастыру кезеңі:

1)Оқушылармен сәлемдесу.

2)Оқушыларды түгелдеу.

3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.

«Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу

Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады.

Топқа парта бойынша бөлу:

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Суреттер, слайд

Бағалау

Ортасы 20 минут

Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.

Алғашқы көмек дегенiмiз – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты.

Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану;

2. Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану;

3. Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану);

4. Әскери қызметшілердің соғыс кезіндегі және бейбіт кездегі жарақаттары болып табылатын әскери жарақаттану;

5. Спортпен айналысқан кездегі спорт жарақаттары.

Алғашқы көмек көрсету түрлері

Күю - жоғары температура ықпалынан (термиялық күйіктер), қышқыл және сілті (химиялық күйіктер), электр тоғы, иондалушы сәулелену салдарынан болады.

Термиялық күйіктер. Үш түрде ажыратылады: жеңіл, орташа және ауыр. Күйіктің жеңіл түрінде күйіп қалған тері қызарады, қатты ауырады. Ауыр түрдегі күйікте тері күлдірейді, беті қызарады және күлдіреген теріде ақ бөліктер пайда болуы мүмкін. Кең көлемді күйіктерде адам естен танып, күйзелісте болғанда аурудан қатты сенделеді, қашуға тырысады, орнын және жағдайды бағдарлай алмайды. Абыржу тежелумен, көңілсіздікпен алмасады. Ыстық ауамен, бумен, түтінмен дем алу тыныс алу жолдарының күюіне, көмейдің ісінуіне, дем алудың бұзылуына әкеп соғады. Бұл гипоксияға әкеледі (организмдегі клеткалар тобына оттегінің жетіспеуі).

Күн өту - күн көзінің бастан өтіп кетуі нәтижесіндегі организмнің ауыр сырқаулы күйі. Зардап шегушіде жүрек айнушылық, лоқсу, мұрыннан қан кету, көзінің көруі бұзылуы мүмкін, тыныс алу және тамырдың жиі соғуы, ессіз қалыптағы жағдайдағы оқиғалар да байқалады, тыныс алу және жүрек қызметінің тоқтауы байқалады.

Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні салқын бөлмеге немесе көлеңкеге әкеліп, үстіндегі киімдерін шешіп, жүрек аумағына және басына суық басып, молырақ тұзды сусын беру қажет. Ауыр түрінде қолдан дем алдыруға және жүрекке массаж жасауға кірісу керек. Қажеттілік болса зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізу қажет.

Суға кету - тыныс алу жолдары сұйықтыққа немесе сұйықтық массасына толады. Суға кету белгілері аузынан көбік ату, тыныс алу және жүрек қызметінің тоқтауы, тері бетінің көгеруі, қарашықтың ұлғаюы болып табылады.

Алғашқы жәрдем. Ауыз қуыстарын тазалау, зардап шегушіні ішімен құтқарушының санына жатқызу керек, зардап шегушінің басы жерге салбырап тұру үшін, жігермен арқасы мен кеудесінен басып, өкпе мен асқазандағы суды шығару қажет, қолдан дем алдыруға кірсу керек (зардап шегушіні жылындыру үшін үйкелеу керек).

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Аяқталуы 10 минут

Бүгінгі сынып сағатында алғашқы көмек көрсетудің принциптері мен оқыс жағдайда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетудің жолдарымен таныстық. Көп жағдайда зардап шегушінің толық жазылып кетуі немесе өмір бойы мүгедек болып қалуы осы алғашқы көмекке байланысты. Дер кезінде дүрыс көрсетілген алғашқы көмектің арқасында адам өмірін сақтап қалуға өз үлесіңізді қоса аласыз. Әрекет етуден қорықпаңыз, сіз әншейін көмекке шақырып айқайлаған болсаңыз да осының өзі сіздің үлесіңіз.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік

пен қатысқан топты басқа топ оқушылары бағалайды.

Сабақтың соңы

2 мин

Рефлекция « Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Сабақ соңында оқушылар өз ойларын стикерлерге жазады:

- Мен бүгін ........білдім

- Маған .... қызықты болды

- Маған....қиын болды

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Тақырыбы: Жол қозғалысының қауіпсіздігі

Мектеп:

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП:

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаттары

Көшеде жүру тәртібін және көше қатынас ережелерін қайталау. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.Сөздік қорларын байыту.

Бағалау критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы

Ресурстар

Басталуы 3минут

Ұйымдастыру кезеңі:

1)Оқушылармен сәлемдесу.

2)Оқушыларды түгелдеу.

3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.

«Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу

Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады.

Топқа парта бойынша бөлу:

І топ «Бағдаршам»

ІІ топ «Жүргізуші»

ІІІ топ «Белгі»

Суреттер, слайд

Бағалау

Ортасы 20 минут

Топтық жұмыс. 1-топ: Мәтіндегі негізгі екі ақпаратты анықтайды. 2-топ: Мәтін бойынша проблемалық сұрақ құрастырады

Мәтінмен жұмыс. Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүгіншілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жолды жағалай қозғалуы тиіс. Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен қозғалған кезде көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруі тиіс. Көлік жүретін бөліктің шетімен двигателі жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан, мотоцикл, мопед, велосипед жүргізуші адамдар көлік құралдары қозғалысының бағытында, жолдың оң жағымен жүруі тиіс. Көлік жүретін бөлікпен қозғалатын ұйымдасқан жаяу жүргіншілер колоннасына көлік құралдарының қозғалысы бағытында оң жақпен, қатарда төрт адамнан артық емес, қозғалуға рұқсат етіледі.

«Адасқан әріптер» әдісі. Оқушылар берілген әріптерден сөздер құрастырады. БАҒДАРШАМАШИНАЙНАСФАЛЬТРОЛЛЕЙБУСОЛҒАВТО БУСИГНАЛ

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Аяқталуы 10 минут

«Бір минут» әдісі арқылы бүгінгі сабақты суретерді көріп,төмендегі сұрақтар негізінде қорытындылайды: 1.Жиек жол деген не? 2. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? 3.Жол белгілері неше топқа бөлінеді?

Тақырыбы: Жаяу жүргіншілерге арналған жол жүру ережесі. Жол қақпан

Мектеп:

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП:

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаттары

  • оқушыларға жаяу жүргіншілерге арналған жол қозғалысы ережелері,жол “ қақпандары”  туралы түсінік беру;

  • оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту;

  • өмірге деген құштарлықтарын арттыру.

Бағалау критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы

Ресурстар

Басталуы 3минут

Ұйымдастыру кезеңі:

1)Оқушылармен сәлемдесу.

2)Оқушыларды түгелдеу.

3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.

«Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу

Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады.

Топқа парта бойынша бөлу:

І топ «Бағдаршам»

ІІ топ «Жүргізуші»

ІІІ топ «Белгі»

Суреттер, слайд

Бағалау

Ортасы 20 минут

Енді, балалар, қаламдарыңды орнына қойып, кеуделеріңді, бастарыңды көтеріп түзу отырыңдар. Мен сендерге жолда жүруге қатысушылардың құқықтары, міндеттері және   жауапкершілігі  туралы айтамын. Зейін қоя қарап, тыңдай отырып, жаңа мағлұматтарды естеріңе сақтай отырыңдар.

Сұрақ-жауап

Жаяу жүргінші жағажолмен қозғалыс кезінде қай жағын ұстануға тиіс?

Жаяу жүргіншілер жағажолмен жүрген кезде оң жақ қапталымен жүруге тиіс.

Жүргіншілерге велосипед жолымен қозғалуға рұқсат беріле ме?

Жағажол немесе жолдың жиегі болмаған жағдайда кез келген жаяу жүргіншіге велосипед жолымен жүруге рұқсат етіледі.

«Автоарна» белгісімен таңбаланған жолда жүргіншіге қозғалуға рұқсат беріле ме?

Мұндай автомагистральдарда жаяу жүргіншілердің жүруіне болмайды.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Аяқталуы 10 минут

Сабақты қорытындылау

Жүргінші тротуармен қозғалыс кезінде қай жағын ұстануға тиіс?

Жүргіншілерге велосипед жолымен қозғалуға рұқсат беріле ме?

«Автоарна» белгісімен таңбаланған жолда жүргіншіге қозғалуға рұқсат беріле ме?

Жүргінші жолды кесіп жүріп өте отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қандай ережені орындауға тиіс?

Жүргіншіге көшені (жолды) егер жүргінші өтпесі жоқ болса, кесіп жүріп өтуге рұқсат беріле ме?

Жол бойында өсіп тұрған бұта несімен қауіпті?

Жүргінші тоқтап тұрған екі автомобильдің арасынан жолды кесіп жүріп өтуді бастағанда қандай сақтық шараларын қабылдауға тиіс?

Автобустан түсісімен жолды қалай қауіпсіз кесіп жүріп өтуге болады?

Егер жүргін бөлікте машина көрінбесе, жолды қалайша дұрыс және қауіпсіз кесіп жүріп өтуге болады?

Жолда қандай «тұрмыстық» дағдылар қауіпті?

Егер жолды кесіп жүріп өтіп бара жатқаныңда қандай да бір затыңды түсіріп алсаң не істеу керек?

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік

пен қатысқан топты басқа топ оқушылары бағалайды.

Сабақтың соңы

2 мин

Рефлекция « Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Сабақ соңында оқушылар өз ойларын стикерлерге жазады:

- Мен бүгін ........білдім

- Маған .... қызықты болды

- Маған....қиын болды

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Тақырыбы: Жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтыратын жол жағдайларын зерттеу

Мектеп:

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП:

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаттары

  • оқушыларға жол-көлік оқиғаларына әкеліп соғатын жол жағдайларын зерделеу туралы түсінік беру;

  • оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту;

  • өмірге деген құштарлықтарын арттыру.

Бағалау критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы

Ресурстар

Басталуы 3минут

Ұйымдастыру кезеңі:

1)Оқушылармен сәлемдесу.

2)Оқушыларды түгелдеу.

3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.

«Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу

Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады.

Топқа парта бойынша бөлу:

І топ «Бағдаршам»

ІІ топ «Жүргізуші»

ІІІ топ «Белгі»

Суреттер, слайд

Бағалау

Ортасы 20 минут

Жеке жүрсең:

Жаяу жолдың оң жағымен жүр;

Жүгірме, асықпай адымда;

Жол жиегінен (бордюрден) аттама, оның үстімен жүрме;

Жаяу жол үстіндегі кедергілерді көлікжолға шықпай айналып өт;

Жаяу жолдың ортасына тұрма, үйлерге жақын барып тұр;

Жаяужол үстінде ойнап, алыспа;

Әлдеқандай затыңды көлікжолға түсіріп алсаң, ересектердің бірінен жәрдем сұра;

8.Жолаушылар үшін жасаған қоршаудан қарғыма. Оның астынан өтпе және үстіне асылып отырма.

Топпен бірге жүрсең:

Қатардан шықпа;

Алысып ойнама;

Жүгірме, секірме, итеріспе;

Шуылдама;

Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас, басқаларға алаңдама;

Әлдеқандай затыңды көлік жолға түсіріп алсаң, жаяу жол үстінде тұрып ересектерден жәрдем сұра.

1-тапсырма Жол ережелері мен жол белгілері туралы мақал-мәтел айту және жол белгісінің қандай белгіні білдіретінін табу.

1-сұрақ: Абайла, балалар!

2-сұрақ: Белгілі-бір жылдамдықтан асырмау!

3-сұрақ: Жаяу жүргіншілер жолы!

4-сұрақ: Тұрақтауға да, тоқтауға да тыйым салынған!

5-сұрақ: Дыбыстық дабылдарға тыйым салынған!

6-сұрақ: Велосипедпен жүруге рұқсат жоқ!

7-сұрақ: Тіке және оңға бұрылуға рұқсат белгісі!

8-сұрақ: Солға бұрылуға рұқсат белгісі!

2-тапсырма. Жұбымен ақылдас. «Жұмбақты шешу»

1-жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. (Жол)

2-жұмбақ: Жалғаған ел ортасын, Жатыр тосып арқасын. (көпір)

3-жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

3-тапсырма. «Кім жылдам» жол белгілеріне байланысты берілген суретті құрастыру және қандай белгі екенін анықтау.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Аяқталуы 10 минут

Сабақты қорытындылау

Қала (кент) бойынша экскурсия.

Көлік пен жүргіншінің қозғалысын, жол полициясының жұмысын бақылау.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік

пен қатысқан топты басқа топ оқушылары бағалайды.

Сабақтың соңы

2 мин

Рефлекция « Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Сабақ соңында оқушылар өз ойларын стикерлерге жазады:

- Мен бүгін ........білдім

- Маған .... қызықты болды

- Маған....қиын болды

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.10.2024
438
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12