Жолда жүру ережесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жолда жүру ережесі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жолда жүру ережесі», « Назар сал жаяу адам»

Шаттық шеңбері

Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік.

Ережені жаттайық,

Тәртіпті де сақтайық.

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады гой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарды

Қарсы алайық ілтипат, сәлемменен.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Жаз мезгілінде неше ай бар?

Айларды атап білесіндер ме?

Балалар бүгін біз жолда жүру ережелерімен танысамыз. Біз ол туралы бұрын әңгімелеп айтқанбыз.Сендер бағдаршам туралы не білесіндер?Біз « Қалаға саяхат»ойынын ойнайық. Ойын шарты: мен сендерге сұрақ қоямын, сендер ойланып дұрыс жауап беруге тырысындар.

1.Қалада адамдар қай жермен жүру керек? Жолдың шетімен немесе жер асты өткелімен.

2.Өткел дегеніміз не?-Көшелер қиылысатын жер.

3.Жолаушылар өткелі дегеніміз не?-Көшені қиып өтетін жер.

4.Велосипедті қай жерде тебу керек? Алаңда немесе аулада тебеді.

5.Кішкене балаға көшеге шығуға бола ма?Жоқ адасып, немесе машина қағып кетеді.

6.Егер көліктің терезесі ашық болса, одан басты, қолды шығаруға бола ма?жоқ,қате болуы мүмкін.

7.Допты қай жерде ойнау керек?Спорт алаңында тебеді.

8.Көшеде жолаушылар өткелі қалай белгіленеді?Ақ бояулы жолақтармен белгіленеді.

9.Көше тәртібін бағдаршамнан басқа кім басқарады?Демеуші инпектор басқарады.

10.Оның таяғын көтеру ненің белгісі?Онда көліктер тоқтайды.

11.Ол бізге теріс немесе тура қарап тұрса ол нені білдіреді?Өтуге болмайды деген сөз.

12.Бағдаршамның қай көзі біздің досымыз? Жасыл көзі досымыз.

Сергіту сәті

Бип-бип,бип дейді

Жолдан былай кетпейді.

Алға қарай ұмтылмай,

Машинадан қаш дейді.

1-бала. Сөйлеуді ол білмейді

Бірақ «тоқта», «жүр» дейді.

Балалар сендерге «Бағдаршам» туралы өлең айтып берейін бе?

Менің атым бағдаршам

Мекен жайым тұрақты

Жақсы білем міндетімді

Мүдірмеймін ешқашан.

3-бала

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

4-бала

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

5-бала

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін жасқанба.

Ойын: «Бағдаршам»

Шарты. Қызыл дөңгелек көрсеткенде орнында қозғалмай тұру.

Сары дөңгелек көрсеткенде алақан шапалақтау.

Жасыл дөңгелек көрсеткенде орнымыздан қозғалып жүру.

Бағдаршам түстері қандай?

Неше дөңгелекті жапсырдық?

Қандай ойындар ойнадық?

Бағдаршам белгілері нені білдіреді?

Тәрбиеші:Айналайын, абайла,

Жан-жағыңа қарайла

Жолда жүру ережесін

Есте сақта қалайда.

(Балалар хормен)

Сөзіңізді ақтаймыз

Жол тәртібін сақтаймыз.

Жолда жүру ережесін үнемі сақтау- өміріміздің қауіпсіздігі екендігін ұмытпауымыз қажет.

Тыңдағандарыңызға рахмет.

Тәрбиеші . Ш.Бериккалиева



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.08.2018
691
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі