“Жолда жүру ережесін білу бәріне міндет”

Тақырып бойынша 26 материал табылды

“Жолда жүру ережесін білу бәріне міндет”

Материал туралы қысқаша түсінік
“Жолда жүру ережесін білу бәріне міндет” МАД тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жол ережесін білу бәріне міндет»



Орысбаева Алтынтөре Қалдыгерейқызы

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылы

ДК Қосуақова Ж.Қ. «Күншуақ» бөбекжай – балабақшасы» жекеменшік мекемесінің тәрбиешісі,

Жоғары білімді, ІІ-санатты.

e-mail: kunshuak2017@mail.ru




Ұйымдастырылған іс-әрекет: Қоршаған ортамен таныстыру.

Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы : «Жол ережесін білу бәріне міндет»

Ұйымдастырылған іс-әрекет мақсаты: Жаяу жүргіншілердің , жолаушылардың және жүргізушілердің жол ережесін нақты білу керектігі туралы балалардың білімдерін бекіту. Көшедегі тәртіп ережесін қатаң сақтауға , жолда зейінді болу дағдыларын бойларына сіңіру.Қоршаған ортаға мән бере қарауға , байқағыштыққа , тәртіптілікке баулу.

Әдіс-тәсіл : Сұрақ-жауап , түсіндіру , көрсету , ойын .

Шаттық шеңбері : Біздер жақсы баламыз ,

Өсті ақыл – санамыз.

Қонақтармен ең алғаш

Амандасып аламыз....

Сәлеметсіздерме!

Сұрақ-жауап

  • Бір жылда неше мезгіл бар .Олар қалай аталады ?

  • Қазір жылдың қай мезгілі ?

  • Күз мезгілінде неше ай бар ?

  • Күз мезгілінде ауа-райында қандай ерекшеліктер болады?

  • Күз туралы кім тақпақ біледі ?


Наурызбек : Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін.





Альфинура:

Жеміс мол теретін ,

Күз дос екен бізбенен .

Бәрін тауып беретін ,

Жомарт екен күз деген .


Аяулым : Сап-сары қылып даланы ,

Бояптығой күз деген ,

Құстар қанат қағады

Қоштасқандай бізбенен .


Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Өте жақсы, Сен күз мезгілі туралы өте жақсы біледі екенсіңдер!Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетіміздің тақырыбы «Жол ережесін білу бәріне міндет»

Тәрбиеші: - Балалар , мұқият қарайықшы , тақтадан не көріп тұрмыз?

Балалар: Көшелер мен көліктер .

Тәрбиеші: - Жолдар қандай болады?

Балалар: тегіс жолдар , кең жолдар , тар жолдар , ұзын жолдар , қысқа жолдар.

- жолдар көліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған жол болып екіге бөлінеді .

Тәрбиеші: - Тротуар дегеніміз не?

Балалар: Тротуар - «Жаяу жүргіншілерге арналған жол»

Тәрбиеші: - Балалар жол бойындағы сызықтар мен белгілерді «Жол белгілері деп атаймыз» Біз үнемі тротуармен жүре бермейміз . Көшеден өтетін кезде қалай өтеміз ? Біз көшеден тек жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өтуіміз керек. Оны «жолақ жол» деп атайды.

Тәрбиеші: - Балалар жолдағы жол белгілері не үшін керек деп ойлайсыңдар?

Балалар : Жол белгілері жолда жүру тәтібін сақтайды. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол апаттарынан сақтауды ескртеді , қайда баруға болады және болмайтындығын көрсетеді .

Тәрбиеші: Жол белгілері 7 топқа бөлінеді .

  • Ескерту белгілері ;

  • Басымдылық белгілері ;

  • Тыйым салу белгілері ;

  • Міндеттеу белгілері ;

  • Ақпараттық көрсеткіш белгілері ;

  • Қызмет көрсету белгілері ;

  • Қосымша тақтайшалар ;

Жалпы жол белгілері :

  • Жолаушылар жол ;

  • Ескерту балалар жүріп бара жатыр ( бұл белгі мектеп , балабақша , сауықтыру лагерлері жанындағы жолдарда тұрады . себебі бала жүгіріп шығып қалу мүмкін дегенді білдіреді.)

  • Аялдама белгісі

  • Ескерту белгісі жолда жөнлеу жұмысы жүріп жатыр ;

  • Велосипед жолы ;

  • Тыйым салу белгісі адам жүруге болмайды .


Тәрбиеші: - Балалар сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр , шешуін тауып көремізбе?

Жұмбақ : Көзіп ашып жұмады ,

Бағыт сілтеп тұрады . (Бағдаршам)





















2 тапсырма

Қайда жерде жүруге болады , қай жерде жүруге болмайды!






3 тапсырма

Не артық ойыны?






Шығармашылық жұмыс .

Мақсаты: Қиылған қағаздардан бағдаршам бейнесін жапсыру.











Қорытынды :

  • Жалпы жол ережесі дегеніміз не?

  • Бағдаршамның 3 көзінің маңынасын айту .

  • Тротуар дегеніміз не?

  • Қай жерде жүруге болады , қай жерде жүруге болмайды

































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2023
381
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі