Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жолда жүру жұмыс жоспары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«БЕКІТЕМІН»
ЖШС «Дана-2009» бөбекжай
балабакшасынын
меңгерушісі Шадибекова Э М ___________-------------
«_____»_________________2023ж
ЖШС «Дана-2009» бөбекжай балабакшасы
балаларының жолда жүру қауіпсіздігіне бағытталған
"Жол ережесінің қауіпсіздігі" атты
2023-2024 оқу жылына арналған іс – шаралар жоспары
№ |
Іс – шара атауы |
Орындалу мерзімі |
Жауапты мамандар
|
Өткізілетін топтар |
1 |
«Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік!» тақырыбында сурет байқауы Ересек топтар арасында |
Қыркүйек |
Ересек топ тәрбиешілері |
Ересек топ |
2 |
«Көшедегі қауіпсіздік» тақырыбында ашық көрсетілім |
Қараша |
Ортаңғы топ тәрбиешілері |
Ортаңғы топ |
3 |
«Көлік түрлері» тақырыбында байқау ұйымдастыру |
Желтоқсан |
Ересек тәрбиешілері |
Мектепалды топ |
4 |
«Жолда жүру ережесін білеміз бе?» атты тәжірибелік (практикалық) сабақ |
Қаңтар |
ересек топ тәрбиешілері |
Мектепалды, ересек топ |
5 |
Жол полициясы қызметкерлерімен кездесу өткізу |
Ақпан |
Жергілікті полиция қызметкері |
Барлық топтар |
6 |
Балалардың жолда жүру ережелерінің сақталу жағдайын қадағалау |
Тұрақты түрде |
Балабақша басшысы |
Барлық топтар |
7 |
«Көшеде жүру ережесінің» жүргізілуін қадағалау |
Тұрақты түрде |
Балабақша басшысы |
Барлық топтар |
8 |
Жолда жүру ережесіне байланысты бейнефильмдер көрсету |
Мамыр |
ересек, ортаңғы топ тәрбиешілері |
Мектепалды, ересек, ортаңғы топ |
9 |
Атқарылған іс – шараларды әлеуметтік желіге тұрақты түрде жариялап отыру |
Тұрақты түрде |
Арнайы маман |
Барлық топтар |
«БЕКІТЕМІН»
ЖШС «Дана-2009» бөбекжай
балабакшасы
меңгерушісі___________-------------
«_____»_________________2023ж
Тақырыбы:
«Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік!»
Қатысушы: Ересек Лидер тобы
2023-2024жж
Тақырыбы: Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік
Бастаушы: Балалар бүгін бізде ерекше күн. Біз қазір орманға саяхатқа барамыз. Жол алыс сондықтан, көлікпен баруымыз керек. Мен жұмбақ айтам, соның шешуін тапсаңдар, біз сол көлікпен саяхатқа шығамыз.
Бұл тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Киіп ап төрт дөңгелек дөңгелейді .
Бастаушы: Енді жол ережелерін есімізге түсірейік. Өйткені, жолда түрлі жол белгілері кездеседі.
(кеуделеріне белгі ілген 5 бала ортаға шығады: бағдаршам, ескерту, тыйым, анықтама, көрсеткіш белгілері)
Бағдаршам: Менің атым – Бағдаршам!
Бар әдемі үш көзім,
Алдамаймын, аңғарсаң,
Ақылдымын тіпті өзім.
Ескерту белгісі: Қызыл шеңбер ішінде
Үшбұрыш боп тұрамын
Қателеспес үшін де,
Көз сал маған, шырағым!
Құрар үйде сауықты,
Жолдан аман келсе адам-
Жолда күткен қауіпті
Ескертемін мен оған.
Тыйым салу Болмау үшін қиын күн,
белгісі: Қажеті бар тыйымның.
Қызыл шеңбер ішінен
«Болмайды!» деп бұйырдым.
Тұрады әркез сапта аман-
Сол тыйымды сақтаған.
Тыйым көрсең, тұра қал-
Әрі қарай аттама!
Анықтама Түнде, күндіз, кеште де
белгісі: Жөн сілтеймін жолға сай-
Аңғармайсың ештеңе
Анықтама болмаса.
Ой-шұңқырды алдағы,
Қалай өту керегін,
Жылдамдықты, ал, кәне,
Анық айтып берейін!
Көрсеткіш Жол созылмақ қаншаға,
белгісі: Қайда асхана, монша бар,
Қонақүй бар қай жерде,
Қайда музей, қай көрме...-
Көрсетемін саған дәл,
Не көрсетсем, соған бар!
Арнұр: Шофер біткен бүгінде
Жол тәртібін біледі.
Бағдаршамның түбінде
Ережемен жүреді.
Бастаушы: Ал балалар, қане атобусқа жайғасайық. Ал қозғалдық. Сәт сапар! Біз казір қаланың көшесімен келе жатырмыз. Көше қиылыстарының бәрінде бағдаршам тұр екен. Бағдаршамның қай түсі жанғанда біздің автобусымыз жүру керек?
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ, үш сөзін:
-Тоқта!
-Сақтан!
-Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Бастаушы: Балалар, жүргізүші неге жүрісін баяулатты?
Асемгуль: Бұл жерде «Абайла» деген белгісі тұр.
Бастаушы: Ол белгінің ішінде неге жануардың суреті тұр?
Мухамбетжан: Бұл «Абайла! Жануарлар!» деген белгі. Жүргізуші байқап жүрмесе, жануарды басып мүмкін.
Бастаушы: Ондай белгіні қалада қай жерлереде көруге болады.
Аида: Мектептердің жанындағы көшеде балалардың суреті салынған белгі тұрады. Көзі көрмейтін зағип адамдар өтетін жерде көзілдіріктің суреті салынған белгі тұрады.
Бастаушы: Ендеше «Жануарлар» деген ескерту белгісі тұрса, біз орманға да келіп қалған болдық қой. Әне, қараңдар, Аю мен Қонжық кетіп бара жатыр.
Көрініс «Аю мен Қонжық»
Аю: Көшеден өтереде әуелі сол жаққа, содан соң оң жағына қарау керек. Әйтпесе, машина басып кетеді.
Қонжық: Жоқ, мен оңға да, солға қараймын. Апай бізге көшеден өткенде тура бағдаршамға қараңдар деген.
Аю: Ақымағым-ау, ормандағы жолда қандай бағдаршам болуы мүмкін? Бағдаршам тек қала көшелерінде болады.
Бастаушы: Біз тоқтап, Қонжыққа бағдаршам жоқ жерде жолдан қалай өту керек екенін түсіндірейік. Қонжық сен бері кел. Бағдаршам жоқ кезде мынадай белгі салынған жерден өту керек. Бұны «Зебра» - яғни, жолақты белгі салынған жер дейді.
Дінмұхаммед: Әуелі жолдан өтерде сол жағыңа қарайсың. Жолдың ортасын келгесін, оң жаққа қараймыз. Бұндай белгі бар жерде машиналар жаяуға жол береді.
Қонжық: Рахмет, енді түсіндім.
Аю: Балалар, қонжығыма көмектескендерің үшін сендерге рахмет! Жолдарың болсын!
Бастаушы: Ал біз әрі қарай кеттік, жол қысқару үшін біз орман ішінде дыбыстарды тыңдап, айналамызға назар аударайық. Қараңдаршы, орман іші қандай әдемі, түрлі гүлдер өскен, құстар сайрап, қөбелектер гүлден гүлге қонады. (Жаралы түлкі мен қоянды көріп қалады.)
Түлкі: Мына қыли қоянның кесірі. Мені велигіне отырғызып, алдымыздан машина шыға келгенде, рульді бура алмай, құлатып тастады.
Қоян: Ой! Суайт! Қалай өтірік
айтасын. Өзің емес пе, «мен күшті-і тебем, мен күшті тебем» деп мақтанып, рульге отырған. Неге маған бале жабасың?
Бастаушы: Жарайды, дауласпаңдар. Кел, автобусқа отыра қойыңдар. Жолда сендерді Айболитке апарамыз. Балалар байқадыңдар ма, мына жерде қандай белгі тұр?
Балалар: «Велосипед тебуге болмайды!»-деген белгі.
Бастаушы: Мына қасқырға не болған, бұл неге жылап келе жатыр? Ау, Қасеке, саған не болған, бетің көгеріп, аяқ-қолың жара болыпты. Біреу ренжітті ме?
Қасқыр: Жоқ, мені кім ренжітуші еді. Бір машина үстіне қой мен ешкі тиеп кетіп бара жатыр екен. Соның біреуін алып қалайыншы деп, машинаның артына жабысып едім, құлап түсіп, аяқ-қолымды жаралап алдым.
Бастаушы: Балалар, жүріп бара жатқан машинаға жабысу дұрыс па? Жарайды, Қасеке, автобусқа кіріп, ана түлкі мен қояның жанына отыр, Айболитке барасың.
- Балалар сендер Айболиттің кім екенін білесіңдер ғой?
Айдана: Айболит атамыз, бәрін де емдейді.
Ауырса адамды, аңды да емдейді.
Қадірлі, мейрімді, Айболит атамыз.
Айтыңдар, қанекей, оған кім келмейді.
Бастаушы: Балалар, Айболит атаны қалай табуға болады?
Айболит: Мына қасқырға не болған, бұл неге жылап отыр?
Қасқыр: Айтайын мен сізге шынымды жасырмай,
Жармасып малы бар машина артына
Домалап түстім де,
Шыңғырдым құлындай.
Айболит: Бір сәтке тойып жер мал үшін
Тәртіпті бұзыпсың.
Қарынның қамы үшін міне, енді
Еңіреп тұрғаның ұят-ай,
Аяқты сындырып, басынды жарыпсың.
Аңдар:- Айболит ата, енді «жолда жүру ережесін» үйренеміз.
- Машинаға жабыспайтын боламын.
- Рахмет, Айболит ата.
Дастан: Апай, ана жерде кафе бар екен, міне, белгі тұр.
Бастаушы: Балалар, онда кафеде тамақ ішу үшін бірнеше жұмбақты тамақтар туралы жасырайын:
Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас. (нан)
Алыстан қарасам аппақ
Татып қарасам тәтті-ақ (қант)
Айдалада ақ отау,
Аузы,мұрны жоқ отау,
Отыз күнде сол отау,
Айдалада жоқ отау. (жұмыртқа)
Сылдыр сүйық,су емес,
Ішсең сусын қанады,
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады? (сүт)
Бастаушы: Балалар, енді бақшаға ораламыз. Қане автобусқа отырайық.
Ән: «Бағдаршам»
(«Байқа! Балалар!» белгісі көрінеді). Мынау қандай белгі, балалар?
Балалар: Бұл «байқа, бұл жермен балалар жүреді» деген белгі.
Бастаушы: міне, біздер бақшаға да келіп қалдық. Саяхат ұнады ма сендерге? Бүкіл саяхат барысында біз сендермен қанша жол ережесін есімізге түсірдік, білімімізді толықтырдық.
Шуақты өміріміз күндей куліп,
Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт,
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
«БЕКІТЕМІН»
ЖШС «Дана-2009» бөбекжай
балабакшасы
басшысысы ___________-------------
«_____»_________________2023ж
Тақырыбы:
«Көшедегі қауіпсіздік!»
Қатысушы: Ортаңғы Балапан тобы
Тәрбиеші:Әбдибек Ә
2023-2024жж
Тақырыбы: «Көшедегі қауіпсіздік»
Мақсаты:
Білімділік: Көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін пысықтау, балаларды өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру.
Дамытушылық: Танымдық белсенділігін, жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық және көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін, ойын арқылы ойлау қабілетін, ән, тақпақ арқылы тіл байлықтарын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: бағдаршам, аудио дыбыстар, венн диаграмма, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер, теледидардан слайд арқылы суреттер көрсету, мультфильм, жол макеті, әуендер.
Сөздік жұмыс: тыйым салынатын белгілер.
Методикалық әдіс – тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, ойын, ән, қайталау, көркем сөздер, сұрақ-жауап.
Билингвальды компонент: қауіпсіздік - безопасность, бағдаршам - светофор, жаяу жүргіншілер өтпесі – пешеходный переход, тыйым салатын белгілер – запрещающие знаки.
Инклюзивтік әлеумет: Тілді жетік түсінбейтін бала аңғарымдылығын арттыру, ұялшақ балаға көмек беру.
(Аудио дыбыстар естіледі, көше, көліктердің)
Шаттық шеңбері: (балалар бірге айтады)
Алтын сәуле арайлы.
Бақшамызға тарайды.
Қуанышпен шат күліп,
Қарсы алайық арайды.
Қайырлы таң қонақтар!
-Сәлеметсіздерме?!
Тәрбиеші: Біздің тобымыз:
Ұранымыз:
-Ережені білеміз,
Көшеде еркін жүреміз.
Біздің ұран осындай,
Сіздерге айтып береміз.
Біз бақшаға барамыз.
Оқу білім аламыз.
Тәрбиешінің айтқанын,
Есте сақтап аламыз
- Айтыңдаршы балалар, біз автобуспен қайда саяхат жасадық?
Көшеге саяхат жасадық
-Көліктер қайда жүреді? - Жолда.
-Көшедегі жолдар қандай болады екен? -Ұзын, қысқа, тар-кең
-Көшеде келе жатқан адамдарды кімдер дейді? -Жаяу жүргіншілер.
Қазір қай мезгіл? -Күз мезгілі.
Күздің қандай аттарын білесіңдер? - Қоңыр күз, маужыраған күз, алтын күз,берекелі күз, жемісті күз, салқын күз.қара күз.
Ендеше теледидарға қарайық. Слайд көрсетіледі
Өлең оқу:
Жапырақтар ұшады,
Айналады дөңгелеп.
Жапырақтар түседі,
Желмен бірге желбіреп.
Күзде дала жаурайды,
Көкте бұлттар ойнайды,
Бұтағынан үзіліп,
Жапырақтар саулайды.
Қане, күз мезгілінің ерекшелігін айтып жіберейікші.
Жапырақтар сарғайып, жел тұрады, жаңбыр жауады, күн суытады.
-Қандай дыбыстарды естідіңдер?
-Ш-ш-ш-ш—жапырақтардың шулағанын.
Тырс-тыр жаңбыр жауғанын, желдің гуілдегенін, у-у-у-у. (Балаларлың жауаптары).
Күзді орысша не дейміз? - Осень
Тәрбиеші:
Балалар, біз бүгін сендермен «Қоршаған ортамен таныстыру» іс-әрекетінде көше қауіпсіздігі жайында айтамыз.
Айтыңдаршы, балалар!
Жол қозғалыс ережелерінің мақсаты не?
-Бізді қауіптен қорғау.
Слайд: «Сақта жолдың тәртібін» (жәй әуеннің дауысы естіліп тұрады).
Тәрбиеші:
Көшеге шыққаннан кейін, айналамызға абайлап, қарап жүрмесек болмайды. Себебі бағдаршамға бағынып жүру тәртібін қатаң сақтаған адам өз өмірінің қауіпсіздігін де қамтамасыз ете алады.
Сұрақ- жауап алу.
Үлкен жолда доп ойнауға, велосипедпен көшеде жүруге бола ма? Балалардың жауаптары.
-Келе жатқан көліктің алдынан өтуге бола ма?
Ой толғаныс: «Венн диаграмма»
Ортақ қасиетін салыстыру. Ескерту, тыйым салу, меңзеу (нұсқау) белгілерін орындарына атап қояды.
Балалар белгілерді дұрыс қойып, қызыға ойнады.
Билингвальды компонент: қауіпсіздік-безопастность, бағдаршам-светофор, жаяу жүргіншілер өтпесі-пешеходный переход, тыйым салатын белгілер-запрещающие знаки. Дұрыс,жақсы айтты.
Ерасыл:
Ерасыл деген баламын,
Мектепке енді барамын.
Жүруді де үйрендім,
Көшесінде қаланың.
Жол шетіне келгенде,
Тоқтай қалып мен демде.
Көз саламын арнайы
Белгісі бар жерлерге.
Жол белгісі суреттерімен балалар ортаға шығады.
-Мына белгі тамақтану орны бар деген белгі
- Түсі көк шеңберде адам бейнеленген. (Жаяу жүргіншілер жолы).
- Мынау белгі автобус аялдайтын орын
- Қызыл шеңберде адам бейнеленіп, үстінен сызылған. Бұл белгіде жаяу жүргіншілер қозғалысына тыйым салынады дегенді білдіреді.
- Бұл белгіде қызыл шеңбердің ішінде велосипед суреті бейнеленген. Велосипедпен қозғалысқа тыйым салынады .
Жұмбақ жасырылады:
Үш көзі бар қаз – қатар.
Кезек – кезек ашады.
Үшеуінен байқасам
Үш түрл і нұр шашады. Бағдаршам
Қызықтыру сәті: (әдемі көңілді әуенге бағдаршам келеді). Балалар амандасады.
Бағдаршам:
Менің атым бағдаршам,
Мекен жайым тұрақты.
Жақсы білем міндетімді,
Мүдірмеймін ешқашан.
Тәрбиеші: Қош келдің, бағдаршам!
Балалар, бағдаршам біздің өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз.
Айтыңдаршы, бағдаршамның көшедегі қызметі қандай? - Көшедегі жүру тәртібін сақтайды.
Бағдаршам ойын ойнатады: Ойын: «Сақ бол!»
Қызыл көзін жағады. (қозғалмай тұру)
Сары көзін жағады. (қол шапалақтау)
Жасыл көзін жағады. (бір орында тұрып жүру). Балалар ойынды қызыға ойнады.
(Әдемі әуенге жол сақшысы келеді)
Жұмбақ жасыру»
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. Жол сақшысы
Жол сақшысы:
Армысыңдар жас достарым! Балалар, мен сендерге жәй келген жоқпын, білімдеріңді көрейік деп келдім, Әкелген ойын, тапсырмаларым бар, сендерге мултьфильм әкелдім.
(Әуен естіледі)
Бұзық бала велосипедімен жол ережесін бұзады.
Жол сақшысы ысқырығымен сықырады.
-Балақай,сен неге жол ережесін бұзасың?
-Кешіріңіз, мен онысын білмедім.
(екі бала ортаға шығып)
Бағдаршамға қара. Біз саған қазір жол ережесін түсіндіреміз.
Бұзық бала: -Жарайды!
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда
Сабыр сақта, баспа алға!
-Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін жасқанба!
Тәрбиеші:
Балалар мына тақтадағы үлкен суреттерге мұқият қарайықшы. Бұлар нені білдіреді?
Балалар: - Бізге жолдан өтуге көмектеседі. Дұрыс айтасыңдар.
Бұлар «Көрсеткіш белгілер», яғни оларды «Жаяу жүргіншілер өтпесі» деп атайды.
Иә, балалар! Бұл белгілер біздің достарымыз, ал достарын ұмытуға болмайды.
-Қиылыста, жол шетінде, бұрышта.
Түрлі-түрлі белгілер бар тұратан.
Жүресің бе? Жүрмегенің дұрыс па?
Не істеу керек? Бұл белгіні неліктен «зебра» деп айтады? Кім біледі?
-1, 2, 3, 4, 5 шықты зебра көшеге,
Қыдырады ол неге?
Сен бұлай шауып жүре берме,
Одан да жат мына жерге.
-Қауіпті ғой көше тым.
Қумай жолдың төтесін.
Жолақтарды іздеймін,
Жаяу адам өтетін.
--Асықпаймын аптығып.
Алдым мұны жақсы ұғып.
Күйсандықтың тіліндей,
Қатар – қатар ақ сызық.
- Ортасында тұра қап,
Оңға – солға бір қарап.
Жолдың арғы шетіне,
Жетіп алам жылдам – ақ.
Жол сақшысы:
Жарайсыңдар, балалар! Сендер өте ақылды, білгір, сауатты жолаушылар болатындарыңа мен сенемін.
Мына мултьфильмді арнайы сендерге әкелдім.
Мултьфильм көрсетіледі.
Жол сақшысы.
Егер жол ережесін бұзсақ, тек қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зиянымызды келтіреміз. Сондықтан жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығармаңдар.
Ән: «Бағдаршам»
Бағдаршам мен жол сақшысы қоштасып шығып кетеді.
Тәрбиеші:
Балалар енді жол тәртібі, көше тәртібі жайлы кім тақпақ біледі?
Тақпақтар:
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтағанда қатерден
Сау саламат жүреміз.
Бұзба көше тәртібін,
Ұрынарсың апатқа.
Қызықты өтсін әр күнің,
Жақын болма шатаққа.
Ата – ананың сенімін,
Еске ұстап ақтай біл.
Жолдан өтер жаяудың,
Ережесін сақтай біл!
Сергіту сәті:
Бұзба көше тәртібін
Ұрынарсың апатқа.
Қызықты өтсін әр күнің,
Жақын болма шатаққа. Бірге, жақсы жасады.
«Көшедегі жағдаяттар» ойыны.
3 – 4 баланы ортаға шақырады, өзі «Бөтен адам» болып келеді. (Киімі қалпақ, көзілдірік)
Балаларға жақын келіп, оларды мақтап, телефон, кәмпит, ойыншық көрсетіп, басқа жаққа алып кететін сынай танытады.
Тәрбиеші:
Ойын аяқталған соң талқыланады. Дұрыс және қате іс-әрекеттер қорытындыланады.
Балалар, көшеде танымайтын, бөтен адаммен сөйлесуге, оның алдағанына көніп, қолынан заттарын алуға болмайды екен. Көшеде абай болыңдар?
Балалар, біз қазір сендермен екі орталыққа бөлініп, жұмыс жасаймыз. Балалар мұқият тыңдады.
Өнер орталығында ұжыммен, түрлі-түсті бояулармен суретті бояймыз.
Балаларғ түсіндіріледі. Балалар мұқият тыңдайды.
Жұмыс жасау реті: қылқаламның түгін суға малып аламыз, қажетті бояуды жағып алып ұқыпты, таза жұмыс жасауға кірісеміз. Бояп болған соң қылқаламды тұғырға қойып қоямыз.
Ал, үстел үсті ойындар орталығында жолдың макетіне тиісті жол белгілерін қоямыз.
Балалар мұқият тыңдады. Балаларға көмек көрсетіледі.
Рефлексиялық түзетушілік: Қорытынды сұрақтар қойылады.
«Сұрақ-жауап» ойыны.
- Бағдаршамның неше түсі бар? Үш: қызыл, сары, жасыл.
- Қай түс жанғанда машиналар жүреді? - жасыл
- Көлік күтетін жерді қалай атайды? - аялдама
- Көшеде жаяу жүрген адамдарды кімдер дейді? - жүргішілер
- Бағдаршамның «қызыл» көзі не дейді? «Тоқта!» - дейді.
- Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызықты не дейді? - Ақ жолақ немесе зебра жол.
- Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз? - Көшенің ортасына келгенде оң жаққа қарайды.
- Жарайсыңдар балалар! Жақсы, дұрыс жауап бердіңдер.
Бүгінгі оқу іс – әрекетінде не жайында айтық? - Көше қауіпсіздігі, жол ережесі, белгілер жайында.
Бүгін бізге қонаққа кімдер келді? -Бағдаршам, жол сақшысы
Қандай ойындар ойнадық? - «Сақ бол!», белгілерді орнына қойдық...
Жарайсыңдар, жақсы қатыстыңдар. Мақтау , мадақтау.
Дұрыс жауап берген балалар жұлдызшаларға ие болады.
Тәрбиеші: Жол тәртібін сақтап аман – есен жүрейік.
Балалар қонақтармен қоштасады
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: көше қауіпсіздік ережелерін үнемі есте сақтауды.
Түсінеді: көшеде қауіпсіздік ережелерін сақтап, оларды дұрыс орындау дағдыларын.
Қолданады: қоғамдық жерлерде өзін – өзі ұстау дағдыларын.
«БЕКІТЕМІН»
ЖШС «Дана-2009» бөбекжай
балабакшасы
басшысы ___________-------------
«_____»_________________2023ж
Тақырыбы:
«Көлік түрлері!»
Қатысушы: Ересек Лидер тобы
2023-2024жж
Тақырыбы: Көлік түрлері.
Мақсаты: Білімділік :
Көліктерді ажырата білуге, не үшін керек екендігі туралы түсінік
беру. Көлік туралы жұмбақтарды шешу арқылы балаларға көлік
түрлерінің ерекшіліктерін тереңірек түсіндіру. Өзін-өзі
қоршаған ортада мәдениетті ұстауға, әдепті, әдемі болуға
үйрету.
Дамытушылық: Балалардың сөйлеу,ойлау, есте сақтау қабілеттерін
дамыту, сөздік қорын жетілдіру.
Тәрбиелік: Достық пен сыйластыққа тәрбиелеу.
Әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Тақтада тақырыпқа сай
суреттер іліп қоямыз.
Шаттық шеңбер.
Қуаншаттан, қуаншаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң,қайырлы күн
Күліп шықты күн бүгін
Сәлеметсыз ба, апайлар!
Сәлеметсыз ба,
қонақтар!
Балалар тәрбиеші мен бірге қимылдарын жасайды.
Іздену-ұйымдастырушы -Балалар қазір жылдың
қай мезгілі?
-Күз мезгілінің қай айы?
Күз мезгілінің ерекшіліктерін
атаңдаршы?
Балалар, бүгінгі іс-әрекетімізде біздер көлік туралы
әңімелесеміз. Қазір сендермен көлік деген сөздіңт өңірегінде әңгіме
жүргіземіз, сұрақтарға
жауап беріп жұмбақтар шешеміз. Сонымен көлік дегеніміз не?
-Ол адамға не үшін керек?
-Ал, сендер балабақшаға немен келесіңдер?
-Өте жақсы, енді мен көліктің шығу тарихымен таныстырайын.
Ертеде адамдар бар ауыр жүкті өздері арқаларына салып баратын
жерлеріне жаяу барған. Содан адамдар көлік ретінде ең алғаш үй
жануарларын пайдаланған. Қазақ халқы ат, түйені көлік қылып мінсе,
үндістер пілді, ал кейбір шығыс халқы есек, бұқаларды көлік қылған
екен. Содан кейін адамдар ең алғаш көлікті ойлап тапқан оған
күйме-оны мен адамдар баратын жерлеріне барған, ат арбамен адамдар
шөп, ауыр жүк тасыған. Қазіргі таңда бұл көліктердің маңызы
төмендеді.
Қазір көліктердің түрлері өте көп оларды бірнеше топқа бөлуге
болады мысалы:суда жүзетін, жерде жүретін, әуеде ұшатын және жер
асты көліктері.
Жерде жүретін көліктерге:
Жеңіл көлік,велосипед, пойыз,
автобус,троллейбус, жүккөлігі.
Әуеде ұшатын көлік түрлеріне:
Ұшақ, тікұшақ, зымыран.
Суда жүзетін көлік түрлеріне:
Кеме,қайық жатады.
Жер асты көліктеріне: метро.
Тосын сәт.(Дымбілмес кіреді)
Балалар, сәлеметсізбе!
Дымбілмес : Мен Сіздерден көмек сұрауға келдім. Сендер маған
көмек бере аласызба? Менің достарым Машақыз бен қонжық
баларасына кетіп еді бірақ әлі күнге дейін көптеген
кедергілерден өте алмай жолда тұрған
көрнеді?
Тәрбиеші: Балалар, көмек беремізбе?
Ендеше жолғашығайық. Балалар біз биік-биік тауға келіп
тоқтадық бұл таудан қандай көлік түрімен өтеміз?
Қане жауабын қарайықшы өте дұрыс айтыңдар ұшақ, тікұшақ арқылы алыс
жерлерге , көлік жүрмейтін жерлермен адамдарды, жүктерді әуемен
тасымалдайды екен.
-Ал енді әрі қарай жолға шығайық алдымыздан үлкен әрі терең теңіз
шықты. Ал бұл теңізден қандай көлік түрлерімен өтуге
болады?
-Өте дүрыс теңіз, мұхит, көл арқылы адамдар өздерінің баратын
жерлеріне, апаратын ауыр жүктерін осы кеме, қайықтармен жеткізеді
екен. Балықшылар қайықпен балықаулайды.
-Ал, қазір, бойымызды сергітіп алайық қане мойнымызға мына
вагондарды іліп алып қатар- қатар пойызды құрайық
СЕРГІТУЖАТТЫҒУЫ.
Өтежақсыендіорнымызғажайғасамызбалаларкөліктердіңпайдалыдазияндыжақтарыбар.
Пайдалы жағы:
адамдар баратын жерлеріне осы көлікпен жетіп қалады.Ауыр жүктерін
осы көліктермен тиеп апарады. Ауырған жағдайда біз жедел жәрдем
көлігін шақырамыз, өрт шыққан кезде өрт сөндіру көлігін
шақырамыз.
Зиянды жағы:
көліктерден шыққан түтін, улыгаздар қоршаған ортаның
ауасын ластайды,
адамдардың ағзасына яғни денсаулығына кері әсерін
тигізеді. ,сондықтан да жолдан откенде абай болып өткен жөн.
Үлкен қалаларға барғанда бағдаршамға қарап өту керек.
–Балаларжолаушыларжүретінкөліктердеөзережелерібар:
1.
Автобус,пойыз,троллейбусқамінгенде міндеттітүрдежолақысынтөлеу
керек.
2. Үлкен адамдарға орын беру керек.
3. Қатты сөйлеуге, жүруге болмайды.
4. Отырған жерлеріңді таза ұстауларың керек.
Балалармен жұмбақ жасырайын сендер сол жұмбақтардың шешуін
табыңдар.
1-Төбесінде күндегі
Жалғанған желігі
Қабырғада күндегі
Нұр шашақан төрінде
2.-Әкемнің тортайы
Май жалап су ішкен
Тоқтамай жортады.
3.-Құстанау майды
Көкте зулайды.
4. Екі аяқты жануар
жаны жоқ басқан
ізібар?
Балалар, қазір біз дидактикалық ойын ойнаймыз: «Қай көліктің
дауысын естіптұрсың?».
Сендер көліктің даусын мұқият тыңдап тауып
айту керексіңдер.
(Балаларды мадақтау)
Келесі дидактикалық ойынымыз :
«Бұл қайк өлік?».(балалардың жеке жұмысы)
Алдарыңдағы көлік түрлері бейнеленген суретті
аламыз. Мен сендерге суда жүзетін көлік деген десендер сол көлікті
тауып белгілейсіңдер. Егерде дұрыс жауап берген жағдайда,
ғаламтордан сол көліктің дауысы шығады. Жақсы жауап берген балаға
жұлдызша беремін
Дымбілмес: Балалар, рахмет ,сіздерге , сендер менің достарыма көмек беріп баларалығына жеткіздіңдер.Мына сыйлықты менен қабылалыңдар.
Салқын, жел, жаңбыр жауады,жапырақтар жерге түседі, құстаржылыжаққаұшады.
Машина,такси
Міну үшін.
Машинамен
Ия
Ұшақ, тікүшақ.
Кеме,қайық
жоқ
Метро
Жеңіл көлік, автобус,поезд
Балалар тәрбиешіге қосылып сергіту жаттығуын жасайды.
-Ия
-Ойнаймыз
-троллейбус
-жеңілкөлік
-Ұшақ
-Велосипед
Балалардың жұмысы
Бүгінгі ұйымдастырылған
іс-әрекетімізге өте
жақсы қатыстыңдар.
Күтілетіннәтиже:
Білуі керек: көліктің шығу тарихын, пайдалы, зиянды жақтарын
атқаратын қызметі туралы, жүретін ортасына қарай топтастыра, көлік
ішіндегі ережелер туралы білулері керек.
Болуы керек: Көліктердің қолдануы және адам өміріндегі
тигізетін пайдасы жайлы түсінік болуы керек.
Баланың қолынан келуі: Сұраққа жауап беру, жұмбақ шешу қолдарынан
келулері керек.
«БЕКІТЕМІН»
ЖШС «Дана-2009» бөбекжай
балабакшасы
басшысы__________
«_____»_________________2023ж
Тақырыбы:
«Жолда жүру ережесін білеміз бе?!»
Қатысушы: ересек Лидер тобы
2023-2024жж
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Тақырыбы: Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Мақсаты: Жолда жүру ережесін дұрыс
түсініп оны пайдалана білуге үйрету.
Оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай
сақтауға тәрбиелеу. Балаларға жол белгілерін қайталату арқылы, есте
сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта,
бағдаршамның суреті, әр түрлі жол белгілерінің
суреттері.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Жұмбақ. Көзін ашып жұмады
Бағыт сілтеп тұрады. / бағдаршам/
Оқушылар жұмбақтың жауабын шешкеннен соң бағдаршам туралы өлеңдері
оқылады.
Бағдаршам қамқорыңдай жанашыр,
Деп тұрғандай:
«Адамдарға жол ашық!»
Кезек ашып, жұмғанында үш көзің
Қалт жібермей, орында дәл, тос өзін.
2. Қызыл көзі жанғанда,
Сары көзі жанғанда,
Сақ абай бол барынша.
Жасыл жарық жол ашық,
Жүгіре бер бел асып.
Бас аяқты ойлап,
Бол ұқыпты жолда
Топпен
жұмыс. Әр топқа сұрақтар беріледі.
сол сұрақтарға дұрыс жауап беру.
1 сұрақ: Бағдаршам дегеніміз не? Оның адам өмірі үшін қандай
пайдасы бар?
2 сұрақ: Жолдағы қозғалыс бағдаршамның басқа қандай белгілермен
реттеледі?
3 сұрақ. Жүргіншілерге қай жолмен жүру керек?
4 сұрақ. Жиек жол болмағанда ше?
5 сұрақ Жолдың қай жағынан жүру керек?
6 сұрақ. Ата - аналарға барғанда қоғамдық көлікке қай жерден
отырасыз?
Бағдаршам
ойыны:
Барлық оқушы айнала билеп
жүреді. Қызыл жанғанда тоқтап қалады. Жасыл жанғанда билеп жүреді.
Сары жанғанда 1 аяғын көтеріп, екі қолын жайып тұра қалады. Шартты
бұзғандар ойыннан шығып қалады.
Ән: Біз жолаушы баламыз.
Жолда жүру ережесі туралы
ережелерді еске түсіреміз.Топтарға тапсырмалар
беру.
Әр топ өздеріне берілген
мәтінмен танысып, әуелі жұпта, содан соң топта талқылап, бір-біріне
түсіндіреді. Жол белгілерінің суреттерін
көрсету.
1. Сен көшеге шықтың. Жүріп
келе жатқан адамдарға бөгет жасамау үшін әуелі сол жағыңа, содан
кейін оң жағыңа қара.
2. Мектепке барар жолды, не көшені барынша аз қиындықпен өтетін ең
қауіпсіз жолды таңдап ал.
3. Қала көшесімен келе жатқанда абай бол! Асықпа! Тек тротуармен
немесе жол жиегімен ғана жүр.
4. Көшеде келе жатып қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең
күте тұр. Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда “Жаяу жүргіншіге
арналған жол”дегенді білдіреді.
Тротуарда жүру тәртібі.
Жеке жүрсең:
1.Тротуардың оң жағын ала
жүр.
2.Жүгірме,асықпай адымда.
3.Жол жиегін аттама,оның үстімен жүрме.
4.Тротуар үстіндегі кедергілерді жүргін бөлікке шықпай айналып
өт.
5.Тротуардың ортасына тұрма,үйлерге жақын қапталына қарай барып
тұр.
6.Тротуар үстінде ойнап,алыспа.
7.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң,ересектердің
бірінен жәрдем сұра.
8.Жолаушылар қоршауынан асып өтпе. Оның астынан өтпе және үстіне
асылып отырма.
Топпен бірге
жүрсең:
1.Қатардан шықпа.
2.Алысып, ойнама.
3.Жүгірме, секірме, итеріспе.
4.Шуылдама.
5.Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас, басқаларға алаңдама.
6.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң, тротуар үстінде
тұрып ересектерден көмек сұра.
Жол
жиегі
Жол жиегі-жол жиегі мен мен
тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал.Оны
кейде бордюр деп атайды. Бордюр француз тілінде “бір нәрсені
жиектеуге арналған жолақ”деген сөз. Балалар кейде жол жиегінің
үстімен жүгіріп ойнағанды ұнатады. Ал егер әлдеқандай бір көлік жол
жиегіне тақау жүріп жүрген баланы қағып кетуі де мүмкін ғой. Ондай
жағдайдың ақыры қайғылы оқиға соқтырмауына кім
кепіл.
Қоршаулар
Аса қауіпті жерлерде арнайы
қоршаулар қоюға тура келеді.Олар жолаушылардың жүргін бөлікке
кенеттен шығып кетуіне бөгет жасайды.Қоршаулар көбінесе көліктердің
ерсілі-қарсылы қозғалысы көп жолдарда, мектептер маңында және жаяу
жүргіншілердің топ- талған тұстарында жанына қойылады. Жол
қозғалысы ережелерін, нағыз қасақана бұзу-шылар қоршаулардың
үстінен секіріп немесе оның астынан өтушілер.Бұл ереже бұзудың ең
қауіпті түрі. Қоршау қойылған жерлерде көлік жүргізушілер жаяу
жүргіншінің болмай- тынына әрқашан сенімді.Сондықтан оның алдынан
жаяу жүргінші шыға келгенде жүргі-зуші аса қиын жағдайға тап
болады.
Қорытынды
Ой
толғаныс
Жол ережесіне байланысты
жұмбақ, өлеңдер құрастыру.
«БЕКІТЕМІН»
ЖШС «Дана-2009» бөбекжай
балабақшасы
басшысы___________
«_____»_________________2024ж
Тақырыбы:
«Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»
Қатысушы: барлық топтар
2023-2024жж
Жол полициясы қызметкерлерімен кездесу өткізу
Тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»
Мақсаты:
1. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру.
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің
белгілерімен таныстыру.
3. Балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, жолақ сызықты жол, буклет.
Ұйымдастырушы - қозғаушы қызмет:
«Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп бара жатқан көлікке жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кету салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер көліктің дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір бала « Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр ұйымдастырылған іс әрекетінен қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті бала көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
Ұйымдастырушы - ізденушілік қызмет:
Жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған. (Полиция қызметкері)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып, аялайды. (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш козі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала - алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)
Тәрбиеші: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп алу баршамызға керек.
- Біздің қаламызда, сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық жүргізушілер, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
- Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесің дер ме екен, көрейік. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
- Жиек жол деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)
- Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді).
(Тақтада)
Қызыл – тоқта!
Сары - сақтан!
Жасыл - жол ашық!
1 -: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
2 -: сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
3 -: Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
(Балалар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап, кезегі келгенде көрсетіп тұрады).
Өлең шумақтары:
Көшеде біз сақ болайық,
Қаймықпасын ата - ана.
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атқа
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман!
Жолда жүру әліппесін,
Білген жөн бес саусақтай,
Сонда ғана жүре аласың,
Сен өзіңді сау сақтап.
Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»
[b]Инспектор:[/b]
Медбике апамыз бәрімізді емдейді,
Ауырса адамды, аңды да емдейді.
Отырған мынау Медбике апаға,
Айтыңдаршы қане кімдер келмейді?
(Осы кезде басын ақ шүберекпен таңған, сыртынан қан шып - шып шыққан аю өкіріп келе жатады)
Инспектор:
Апа, қараңыз мына сұмдықты,
Маймақты кім қынжылтты?
Медбике:
Маймағым, не болған өзіңе,
Көкпеңбек ісінген бас - көзіңе?
Аю:
Айтайын мен жасырмай шынымды - ай,
Сақтап қал, апа жанымды шыбындай.
Жармасып бал тасыр машина үстіне,
Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.
Медбике:
Бір асар тәтті бал үшін,
Тәртіпті бұздың қарының қамы үшін.
Міне енді тұрғаның ұят - ақ,
Тәртіп керек, біліп ал, жан үшін!
Аю:
Медбике апа, инспектор жолдас, енді тәртіпті бұзбаймын. Кешіріңіздер мені!
Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше, сол орында күте тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.
Инспектор:
Көреген, дәу қырағы.
Көшемізде тұрады.
Оның аты - бағдаршам,
Жол сілтейді әрқашан.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әмәнда.
Бағдаршам:
Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп, ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
Бағдаршам:
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
«Тоқта, сақтан, жол ашық!»
Жүрме жолға таласып.
1 - бала:
Төрт топтан құралған,
Белгілер туыстай.
Жол сілтеп тұрады,
У - шусыз ұрыспай.
Сақтандыру, ескерту белгісі:
Қып - қызыл үшбұрыш,
Қауіптен сақ бол деп сәт - сапар жолдаған.
Аман - сау жүреді жаяу да, көлік те,
Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.
Тиым салу белгісі:
Қызылмен боялған, шеңбермін аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар, бағдарла көз салып жан - жақты.
Міндеттеу белгісі:
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс, әйтсе де қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол, шартыңды міндетті орында!
Нұсқау белгісі:
Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,
Үн - түнсіз жол сілтеп, жол нұқап тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.
Тәрбиеші:
Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.
Рефлексивті - түзетушілік қызмет:
Бүгінгі сабағымызды қорыта келе «Жасдәуреннің балалары» әнін айтайықшы. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман - есен жүрелік.
Ирек - ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: балалар жол тәртібі ережелерін есек түсіреді.
Түсінеді: жол белгілері түрлерін ажыратады.
Қолданады: рөлге бөлініп, ойнау арқылы қауіпсіздік ережелерін