400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЖОЛДА_ЖУРУ_КМЖ_Өмір_қауіәпсііздігі

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖОЛДА_ЖУРУ_КМЖ_Өмір_қауіәпсііздігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Жол ережесін білеміз бе?»

Күні.


Сынып жетекші:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Білім алушылардың көшеде және жолдарда жүрудің негізгі ережелері

Сабақтың мақсаты:

Балаларға бағдаршам туралы түсінік беру, көшеде жүру ережелерін меңгерту.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың қабылдау процесін арттыру, зейіндерін тұрақтандыру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Жол ережелерін бұлжытпай орындауға, оған немқұрайлы салғырт қарамауға, жол апатынан сақтануға тәрбиелеу.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Бағдаршам, жол белгілері, жол макеттері, жолда жүру ережесіне байланысты суреттер.


Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі


Балалар шеңбер болып тұрады.

- Қане балалар, қолымыздан ұстасып, үлкен шар үрлейікші. Міне, бізде  үлкен шеңбер пайда болды. Енді бір-бірімізге жылы сөз айтып тілек білдірейік. 
-Қайырлы күн ! Бақытты баламыз .                                                        
-Барлығымыз доспыз , бәріміз татумыз .                                                                
- Әр қашан күн сөнбесін, деніміз сау болсын!

Балалар мен сендерге тілерім:

-Егеменді еліміздің дені сау баласы болыңдар !                                                                       
- Бүгінгі күн сендерге сәтті күн болсын!

     Бүгін, біздер көше тәртібі туралы айтамыз. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды  талап етеді.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.







Компьютер


Сабақ басы






























Суреттер мен жұмыстар:

   Жолда жүру ережесіне байланысты.                                              
- Балалар, «ойынның да орны бар» демекші сендер ойын қызығына 
берілген кезде әр түрлі көліктер жүретін үлкен жолға қалай шығып кеткендеріңді өздерің де байқамай қалатын кездерің болады. Мұның соңы қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін. Сондықтан жол жиегінде ойнауға болмайды.


«Болады – болмайды» ойынын ойнату:

Суреттерде бейнеленген балалардың дұрыс, бұрыс жасаған қылықтарына қарай болады, болмайды деген жауаптар алу.

- Ал , енді балалар бағдаршаммен жолда жүру ережесін жақсы түсініп білгендеріңді «Жолдан өте біл !» ойынымен жалғастырамыз .                                            
- Мынау төселіп жатқан не ?                                       
- Ол жолдар , олар қиылысып жатыр.                                                                              
- Ол жол қиылысы.                                               
- Мынау жаяу жүргінші өтетін жол.                                       
- Ал мынау ше?                                                      
- Ол бағдаршам.

      Балаларға жолда жүру ережесі туралы рөлдер бөлініп беріледі. Балалардың бірнешеуі  көлік  жүргізуші,  ал біреуі  жол тәртібін реттеуші бағдаршам рөлінде ойнайды. Ал, қалғандары жаяу жүргіншілер.

















Оқушыларға суреттер беріледі



















Компьютер












Ортасы


Жұмбақтар шешу:

1. Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

2. Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялайды. (Автобус)

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген, Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)

4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

5. Арқаным бар тым ұзын, Ала-алмайсың бір үзім. Табыңдаршы, балалар, Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)

6. Өзі сөйлей білмейді, Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)

3. Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Біздің қаламызда сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.









Компьютер

Соңы


Қорытындылау

1. Топтық тапсырма: Бағдаршамның әр көзінен сұрақтар алып жауап беру.

Ал енді сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.

- Жиек жол (тротуар) деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)

- Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.)

- Көшенің келесі бетіне қай жерден өту керек? (Жаяулар өтетінжолмен /пешеход/ өту керек)

2. Топтық тапсырма: Балалар, бүгінгі сабақтан не ұқтық, алдарыңдағы параққа жазып не сурет салуға болады.

Балалар, деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.Қорыта келе:

Ирек – ирек көшелер, Көше деген мың ирек. Қиындыққа әйтсе де, Үйренесің біртіндеп. Барар жерге асықпа, Бәйге алмайсың бұрын кеп, деп сабағымызды аяқтаймыз.

V. Кері байланыс




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
104
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі