400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

"Жолдау-болашаққа бастар жол!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 5-қазан 2018жылдағы халыққа арналған жолдауы туралы мағұлмат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысы

Қазалы қаласы

№1 «Ақерке» бөбекжай-балабақшасыының

меңгерушісі Қарымсақова Рабиға Көптілеуқызы





«Жолдау-болашаққа бастар жол!»

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған кезекті жаңа жолдауын жария еткен болатын. Елбасының жолдауы әлеуметтік экономикамыздың одан әрі дамуына ықпал берері сөзсіз және үкіметке жүктеген әрбір тың тапсырмалары халқына деген қамқорлығы деп білемін. Айта кететін болсақ ең төменгі жалақыны 1,5 есеге яғни 28 мыңнан 42 мың теңгеге көбейту. Бұл игі іс-шараның шарапатын бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкер көретін болды. Ең алдымен білім мен медицина қызметкерлеріне қатысты болмақ. Адам денсаулығы ең бірінші маңызды денсаулықты сақтау мақсатында ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек деген болатын. 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз цифрлық нұсқада жүргізуге көшу керектігін баса айтып өтті. Сонымен қатар «мұғалім мәртебесі» туралы заң қабылдау керектігін тапсырған болатын. Заң мұғалімдердің мәртебесін арттырып, қиыншылығы мен қызығы қатар жүретін мәртебелі маман иелеріне құрмет деп білемін. Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек деген болатын. Бұл салада біліктілік талаптарын оқыту әдісін тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет екендігін айтып өтті. Спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру секілді міндеттер де айтылып барлық спорт кешендері халық үшін тегін болу керектігін ескерткен болатын. Жыл сайынғы жолдауында Елбасымыз жастарды ұмыт қалдырған емес, былтырғы жолдауында «Дипломмен ауылға»-деп жас мамандарды ауылдық жерлерге жұмыс жасауға шақырса, биылғы жолдауы өте ерекше жастардың барлық санатын қолдауға арналған шаралар платформасын қалыптастыру керектігін айта келе келесі жылды «Жастар жылы»-деп жариялауы жастарға деген сенімі мен жігерлі жастардың рухын көтеру деп есептеймін. Табыс болмай тұрмыс жақсармайтыны белгілі бұл жөнінде Елбасымыз әрбір адам өз кәсібін жаңғыртып ел болашағы үшін қажет бағдарламаларды қолға лып іске асыру керек деген болатын. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында елбасының қолдауымен шағын және орта кәсіп ашам деушілерге қолдау көрсетіліп келеді сонымен қатар бай табиғатымыз бен мәдени әлеуметімізді пайдалану үшін сырттан келетін және ішкі туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет деген болатын. Бұл жөнінде Қазалы қаласындағы мұражай түрлі шараларды ұйымдастырып келеді. Мысалы: Қорқыт баба кесенесіне және көне «Жанкент» қаласына саяхаттар өткізіп келеді. Сонымен қатар Нұр Отан партиясымен бірлесе отырып атқарылып жатқан жұмыстарды айта кетуді жөн санаймын. «Туған жерге тағзым» аясында мекемелер сенбіліктер ұйымдастырып, өз үлестерін қосып келеді. Қазалы қаласындағы БПҰ-ры Нұр Отан партиясының қолдауымен түрлі акциялар ұйымдастырып келеді. Мысалы: Мектептер жыл сайын «мектепке жол» акциясын ұйымдастырса балабақшалар тұрмысы төмен отбасыларына көмек қолын созып келеді. Қорыта келе, Елбасымыздың жақсы сөзімен аяқтағым келеді. «Ынтымақты елдің ырысы мол»-дейді дана халқымыз. Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін аянбайтын асу бағынбайтын белес болмайды деген болатын. Ендеше бірлігіміз бекем, ынтымағымыз жараса еліміздің өркендеуіне ат салысайық.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
290
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі